Ферменттердің арнайылықтары
Түсінік
Ферменттер тек белгілі бір субстратқа (субстраттық арнайлық) әсер етеді және белгілі бір химиялық реакцияны (әсер ету арнайлығы) ғана тездетеді.
Субстраттық арнайлық
Субстраттық арнайылық: абсолюттік, салыстырмалы, стереохимиялық болып бөлінеді.
Абсолюттік (жеке) арнайылық – ферменттің бір ғана субстратқа әсер етуі. Мысалы, аргиназа тек аргининге әсер етіп, оны мочевина мен орнитинге дейін ыдыратады. Салыстырмалы (топтық) арнайлық – ферменттер құрылымдық жағынан ұқсас, байланыс түрі бірдей заттардың тобына әсер етеді. Мысалы, пепсин өсімдік пен жануарлар организмінде кездесетін барлық белоктардың пептидтік байланыстарын үзе алады. Стереохимиялық арнайылық оптикалық немесе геометриялық изомерлері бар болуымен байланысты. Мысалы, фумараза тек фумар қышқылының (транс-изомер), өзгеру реакциясын катализдейді, ал фумар қышқылының цис изомері болып табылатын малеин қышқылына әсер етпейді.
Әсер ету арнайылығы
Әсер ету арнайылығы – бұл ферменттердің субстратпен мүмкін болатын реакциялардың ішінен тек бір ғана химиялық өзгеріске ұшырауы. Ферменттер бірнеше субстраттарға әсер ете алады, бірақ тек белгілі бір реакцияны ғана кализдейді.
Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар
1. СУБСТРАТҚА АБСОЛЮТТІ АРНАЙЫЛЫҚ КӨРСЕТЕТІН ФЕРМЕНТ
липаза
пепсин
амилаза
сахараза
аргиназа
2. БІР СУБСТРАТТЫҢ ӨЗГЕРУІН КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТКЕ КЕЛЕСІ АРНАЙЫЛЫҚ ТӘН
топтық
абсолюттік
салыстырмалы
өзіндік
стереолық
3. ӘРТҮЛІ МОЛЕКУЛАЛАРДАҒЫ БІР БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ЫДЫРАУЫН КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕРГЕ КЕЛЕСІ АРНАЙЫЛЫҚ ТӘН:
топтық
абсолюттік
салыстырмалы
өзіндік
стереолық
4. ТЕК ҚАНА БІР ОПТИКАЛЫҚ ИЗОМЕРДІҢ ӨЗГЕРУІН КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТТЕРГЕ КЕЛЕСІ АРНАЙЫЛЫҚ ТӘН:
топтық
абсолюттік
салыстырмалы
өзіндік
стереолық
Толықтырыңыз:
5. ФЕРМЕНТТЕР ӘСЕР ЕТУ АРНАЙЫЛЫҒЫ ОЛАРДЫҢ БІРНЕШЕ СУБСТРАТТАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІНІМЕН, БІРАҚ __________________ КӨРІНЕДІ.
6. ФЕРМЕНТТІҢ АБСОЛЮТТІ АРНАЙЛЫҒЫ_________________________ ӘСЕР ЕТЕТІНІМЕН БАЙҚАЛАДЫ.
7. ФЕРМЕНТТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ АРНАЙЛЫҒЫ_________________________ ӘСЕР ЕТЕТІНІМЕН БАЙҚАЛАДЫ.
8. БЕЛОКТАРДАҒЫ ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТЫ ФЕРМЕНТ ___________________ ЫДЫРАТАДЫ.
9. ФУМАР ЖӘНЕ МАЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ИЗОМЕРЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, СОНДЫҚТАН ОЛАРҒА ___________ АРНАЙЛЫҚ ТӘН.
10. ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТЫ ЫДЫРАТАТЫН ПЕПСИН ФЕРМЕНТІ _____________________________ АРНАЙЛЫҚҚА ИЕ.
№ 5 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Достарыңызбен бөлісу: |