Казақстан республикасының денсаулық сақтау


ФЕРМЕНТТЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ



бет28/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
2.11. ФЕРМЕНТТЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ


Энзимодиагностика мен энзимотерапия
Медициналық тәжірибеде ферменттер диагностикалық (энзимодиаг-ностика) және терапевтік (энзимотерапия) әдістер ретінде кең қолданылады. Сонымен қатар, ферменттер белгілі бірқатар метаболиттерді анықтауда арнайы реактивтер ретінде қолданылады. Мысалы, глюкооксидаза ферментін қанда және зәрде глюкозаның сандық мөлшерін анықтауға қолданады; уреаза ферментін биологиялық сұйықтықтарда мочевинаның мөлшерін анықтауға; әртүрлі дегидрогеназалар көмегімен сәйкес субстраттардың барлығын, мысалы, пируватты, лактатты, этил спиртін және т.б. анықтауға қолданады.






2.11.1.  ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА
Энзимодиагностика- адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтардағы ферменттердің белсенділігін анықтау негізінде аурудың (белгісін) диагнозын қою.
Энзимодиагностиканың принциптері келесі заңдылықтарға негізделген:
-қан сарысуында қалыпты жағдайда арнайы қызмет атқаратын ферменттер бар, мысалы, қан жүйесінің ұюына қатысатын. Жасушалық ферменттер зақымданбаған жасушалардан қанға өтпейді. Жасушалық кейбір ферменттер қанда аз мөлшерде анықталуы мүмкін;
-жасуша мембранасы зақымданғанда  (қабыну, некроз) қанда немесе басқа биологиялық сұйықтықтарда (мысалы, зәрде) зақымданған жасушалардың ферменттерінің мөлшері артады, олардың белсенділігін арнайы биохимиялық тестілермен анықтауға болады;
- энзимодиагностикада белгілі бір мүшелерде жинақталған ферменттерді пайдаланады (мүшеліарнайылық);
- бөлінген ферменттің мөлшері тіннің зақымдану дәрежесіне сәйкес және белсенділігін анықтауға жеткілікті болуы керек;
- биологиялық сұйықтықтардағы жасуша зақымданғанда анықталатын фермент белсенділігі қалыпты мөлшерден өзгеше болуы керек және ұзақ уақыт ішінде тұрақтылығын сақтауы керек (тәулік бойы);
қан плазмасында тек қана цитозольде орналасқан ферменттің пайда болуы қабыну процесінін көрсетеді; митохондриялық немесе ядролық ферменттердің пайда болуы жасушаның тереңірек зақымдануын көрсетеді, мысалы некрозды.
Бірдей химиялық реакцияны катализдейтін, бірақ белоктық біріншілік құрылымы әртүрлі ферменттерді – изоферменттер деп атайды. Олар бір-бірінен кинетикалық параметрлерімен, активтену жағдайларымен, апофермент пен кофермент байланыстарымен ерекшеленеді. Изоферменттердің түзілу табиғаты әртүрлі болады. Бірақ көбінесе түзілу табиғаты осы изоферменттерді немесе олардың суббірліктерін шифрлайтын гем құрылысындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі. Изоферменттерді анықтау әдістері олардың физико-химиялық ерекшеліктеріне негізделген. Изоферменттер көбінесе мүшеліарнайылықты болады, өйткені бір тіндерде изоферменттің бір түрі ғана болады.Сондықтан мүше зақымданғанда қанда изоферменттің оған сәйкес түрі пайда болады. Ферменттердің белгілі изоферменттік формаларын анықтау арқылы аурудың диагнозын қоюға болады.
Мысалы, лактатдегидрогеназа (ЛДГ) лактаттың (сүт қышқылының) пируватқа дейін (пирожүзім қышқылы) қайтымды тотығу реакциясын катализдейді (2.23 сур.Северин,Биохимия,240б). Лактатдегидрогеназа – олигомерлі белок, мол. массасы - 134 000, екі түрлі төрт суббірліктен тұрады - М (ағылш. muscle – бұлшық ет) және Н (ағылш. heart - жүрек). Бұл суббірліктердің қисындастырылуы арқылы лактатдегидрогеназаның бес изоформасын құрастыруға болады (2.24 сур. Северин,Биохимия,240б, А). ЛДГ1 және ЛДГ2 жүрек бұлшық етінде және бүйректе активті, , ЛДГ4 және ЛДГ5–қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда. ЛДГ изоформалары бір-бірінен электрофоретикалық қозғалғыш-тықтарымен ерекшелінеді, ол ЛДГ изоформаларының тіндік орналасуын көрсетеді (2.24 сурет, Б). Жүрек, бауыр және бұлшық ет ауруларының диагнозын қою үшін қан плазмасында электрофорез әдісімен ЛДГ-нің изоформаларын анықтау қажет. 2.24 суреттің В-сында электрофореграммалар көрсетілген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет