КазақстанРеспубликасы Білім және Ғылым министрлігі
1.2. Курстың қысқаша мінездемесі: Осы типтік оқу бағдарламасы "Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының" күрамдас белігі ретінде "5В020700 -Аударма ісі" бойынша бакалавр мамандығы біліктілігі дипломы бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге арналған. Жалпы және арнайы кәсіби шетел тілдері бойынша бағдарлама базалық негізгі шетел тілінің оқу бағдарламасының логикалық жалғасы болып габылады және жоғары оқу орындарының аударма факультеттерінің 3-4 оқу жылдарына арналған. Осы бағдарламада шетел тіліндегі білім, білім беруді халықаралық стандарт талаптарына жақындастыру мақсатында, базалық тілге оқытудың тұжырымдылық қағидаларын, үлттық білім берудің ережелерін барынша ескере отырып, болашақ аудармашыны шетелдік, кәсіби-тереңдетілген жағдайда дайындаудың мақсаттары, міндеттері мен мазмүны анықталған. 4-ші оқу жылында шетел тілін меңгерудің халықаралық-стандарттың жалпыеуропалық с2 деңгейлеріне жақын, жоғары операциялық меңгеру қалыптасады. Жалпы және арнайы шетел тілдеріне оқыту окудың 4 жылында студенттердің коммуникативтік-мәдениетаралық компетенциясын дамыту және кәсіби аудармашылық компетенциясын қалыптастыру болып табылады. Шетел тіліне арнайы мақсатта оқытуда студенттердің мамандық срекшеліктеріне сөйкес оқытылып отырған тілге деген қажеттілігі есксріледі. Осыдан оның базалық негізгі шетел тіліне оқытудан айырмашылығын көруге болады. Коммуникативтік-мәдениетаралық компетенция әрі қарай коммуникативтік іскерліктерді қалыптастырумен, сондай-ақ басқа социомәдениет әлем суретін түсінумен, мағыналық бағдарламаларын танумен, қарым-қатынастағы екі мәдениет ұқсастыктары мен .іиі.ірмашылықтарын кере білумен және оларды мәдениетаралық қарым-қатынас контекстінде қолданумен байланысты. Осы білім беру кезеңінде тілдік материал студенттер тілінің идиомалылығы жоғарылауы арқылы, түркі білімдері мен мамандық метатілі тереңдеуі арқылы, және де |студенттердің жалпы кәсіби мәденитанушылық, елтанушылық ой-өрісінің кеңеюі арқылы, дамытылады, мүның бәрі оқыту мазмұнының жалпы мәдени және кәсіби бағдарлы бөлігі және коммуникативтік іскерліктер аясында іске асырылып отыр. Студенттерінің кәсіби (аудармашылық) компетенциясы аударма ісі маманын дайындау процесінің негізгі бөлігі бола отырып, студснттерге кәсіби бағдарлы білімдермен қамтамасыз ететін • қарым-қатынастың жалпы кәсіби және арнайы кәсіби аукымындағы еочдің пәндік мазмүны арқылы;
кәсіби бағдарлы қарым-қатынас жағдаяттарында прагаатикалық кәсіби тапсырмалар орындай отырып кәсіби бағдарлылық іскерлігін қалыптастыру арқылы; әртүрлі жанрдағы мәтіндік материалмен жұмыс істеудің кәсіби бағдарлы іскерліктерін, аударманың әртүрлі стратегияларын жасау іскерліктерін қалыптастыру арқылы (бұл іскерліктер тізімі 1-4 оқу жылдарының оқу бағдарламарында анықталған және бөлінген) қамтамасыз етіледі. Оқыту мақсаттарын тиімді түрде іске асыру үшін, арнайы мақсаттағы тіл сабақтарының бейдәстүрлік түрлері мен тәсілдері (ток-шоу, пресс- конференция,топтық сөзжарыс,пікірталас,интервью т.б.), оқу аударма жаттығулары, сондай-ақ оқытудың диологтың технологиялары видео, фономатериалдарды,компьютер техникасын қолдана отырып іскерлік және ролдік ойындар, жоба жүмысы қолданылулары тиіс. Бұл бағдарламада көрсетілген тілдік деңгей бойынша студенттер білімінің мазмұны мен деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген, қарым-қатынастық қоғамдык-саяси, жалпы кәсіби және арнайы кәсіби ауқымдарындағы сөз тақырыбы берілген, сөз әрекеті түрлері мен меңгерілетін компетенциялар бойынша қойылатын талаптар тізімі берілген, олардың қалыптасуының тексеру критериилері, кәсіби-бағдарлы іскерліктер тізімі, сондай-ақ корытынды тексеру түрлері мен қолданылған әдебиет тізімі ұсынылған. Арнайы кәсіби шетел тілі (төртінші оқу жылы, С2 денгейі) 4-ші оқу жылының басты міндеті арнайы кәсіби мақсаттағы шетел тіліндегі қарым-қатынас іскерліктерін дамыту. Курста экономика, саясат, юриспруденция, ғылым мен медицина тақырыптары қамтылған. Оқу материалдары ретінде әртүрлі жанрлардан аутентивті мәтіндер, радио және телехабардың аудио және видеожазбалары алынған. Арнайы кәсіби курс ерекшілігі оқытудың мәдениетаралық, ғылыми-кәсіби және прагматикалық бағыттылығының терендетілуін, арнайы кәсіби қарым-қатынас ауқымында және сөз тақырыбы бойынша студенттердің кәсіби маңызды іскерліктерінің қалыптасуын қарастырады. Мемлекеттік Білім Беру Стандартына сәйкес аудармашыларда жалпыеуропалық талаптар деңгейіне сәйкес сөз әрекетінің барлық түрлері бойынша мәдениетаралық коммуникативтік компетенцияны дамытуға қажетті бай сездік қор, терең білім болуы қажет. Студенттің арнайы кәсіби қарым-қатынасын қамтамасыз ететін активті сөздік қоры 1200 лексикалық бірлікке дейін көбейеді. 1.3.Курстың мақсаты: Сөйлеу 4 курста диалогтік сөйлеу түріне оқытудың басты мақсаты идиоматикалық айтылымдарды дүрыс қолдана отырып, болашақ мамандық контексінде пікірталас, интервью, әңгіме жүргізуге қажетті дәлелдік-сөз жарыс іскерліктерін әрі қарай қалыптастырады. Монологтік сөйлеуде диалог, полилог кезінде монологтік айтылымдар қүру іскерліктерін дамытумен қатар, кәсіби бағдарлы және ғылыми мәселелер бойынша, монологтік сөздің коммуникативтік түрлерін және коммуникативтік ниетке сай дискурс (бағалау, шолу, интерпретация, резюме т.б.) түрлерін қолдана отырып, кеңінен және дәлелді сөйлеу іскерліктерін қалыптастырады. Жазба сөз Жазба сөзге оқытуда студенттердің өз ойларын кәсіби максатта әртүрлі композициялық сөз түрлерінде (талқылауды жиірек қолдана отырып) және жазба дискурс түрлерінде (пікір, эссе, баяндама, есеп, контракт, мазмүндама т.б.) шығармашылықпен жеткізуіне назар аударылады. Тыңдап-түсіну 4 курста тыңдап-түсінуге оқыту мақсаты кабылданған ақпаратты қолдануға аудиоматериалды детальды және сыни түсіну жатады. 1. Адам және заң (тілі оқытылатын елде және Қазақстан Республикасында). Мемлекеттік Қүрылым Негізгі Заң Конституциялық органдары Құқық тәртібі. Азаматтық және қылмыстық қүқықтар Халықаралық терроризм Жағдаяттар: Студенттер тілі оқытылып жатқан ел мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымындағы айырмашылықтарды талқылайды. Парламент депутаттары адамдардың құқықтық нормаларын, құқықтық | мемлекет принциптерін, тілі оқытылатын ел мен Қазақстандағы азаматтарды қорғауды, сондай-ақ халықаралық терроризм мәселелерін талқылайды. Пікірсайыс клубы: "Өлім жазасына кесуді тоқтату"талқыланады. Семинар тақырыбы: "Азаматтардың құқықтары мен міндеттері (тілі оқытылатын елде және Қазақстан Республикасында)", "Тұтынушылардың құқық қорғау шаралары туралы (ОТЕ және Қазақстан Республикасында) Жағдаяттар: Студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары мен қоғам омі техникалық прогрестің рөлін талқылайды. Конференция тақырыбы: "Инвестицияларды ғылым мен жаңа техі дамуына енгізу туралы. Дөңгелек үстел. Мынадай мәселелер талқыланады: а) Аудармашы және ақпараттық технология. б) Компьютер аудармашыны ауыстыра ала ма? в) Шетел тілін компьютердің көмегімен үйренуге бола ма? • Ондірістік практика женіндегі қорытынды конференцияда сту мынадай мәселені талқылайды: Аудармашы аса қызық әрі жоғар мамандық деген тұжырым дұрыс па? 4. Медицина саласындағы жаңа жетістіктер (ОТЕ және Қі Республикасында) Германия, Англия, Франция, және Қазақстанның денсаулық сақтау» Медицинаны дамытудағы ғылымдар мен дәрігерлердің үлесі Осы елдердегі медициналық қауіпсіздендіру, ғасыр дерті, оларды смі Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (жетістіктер мен кемшіліктер) Жағдаяттар: Халықаралық ғылыми конференция қатысушылары салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы мәселені талқылайды. Симпозиум тақырыбы: "Ағзаны ауыстырудың моральдык әлеуметтік аспектілері: Клондауды жақтау және қарсы болу". Дөңгелек үстел: ОТЕ және Қазақстан Республикасында демографиялық жағдаяттар ерекшеліктері талқыланады. Конференция тақырыбы: "Медицина саласындағы ғылыми жобаларды қаржыландыру". 1.4.Қатысымдық қызметтің продуктивті түрлерін оқытуға қойылатын галаптар: Айтылым: А. Екеуара сейлесу Екеуара (және полилогикалық) қатынас жасаудың функционалды түрлері. Баяндамаларды, хабарларды, сентенцияларды, талқылаудағы пікірталас (топтық полемика) Сұхбат Еркін әңгіме - Студенттер мынадай қатысымдық әрекетті жүзеге асырады: полилогикалық қатынастың әртүрлі формаларына қатысу, идиомалық тіркестерді түрақты тіркестерді олардың коннотациялық пәндерін есепке ала отырып пайдалану, ойды білдірудің әртүрлі тәслдерін пайдалана отырып, соз мағынасын дәл жеткізу; - қатысымның жеке, қоғамдық және кәсіби аясында тілдік шекараны ссзбестен әңгіме жүргізу; - тілдік қүралдарды пайдаланғанда қиыншылықтар туа қалса, өз ойын тез басқа жаққа бүру. Қатысуқызметінесәйкесстуденттерістейалады: Танымдық: - көтерілетін мәселенің өзектілігі мен анықтау; - оның жаңалығын, танымдық және тәрбиелік қуатын анықтау; - даулы мәселелерді, қарама-қайшылықтарды өздігінен айыра білу; Регулятивті: - пікірталас барысын жоспарлау; - әңгімелесушілердің қатысымдық белсенділігін арттыру жолдарын таңдау; - олардың жауап беруін (оппоненттердің контраргументін) болжау; - топтың өзара әсерін басқару; пікірталас барысын реттеу; - әңгіме тақырыбын шебер ауыстыру, - сендіру, дәлелдеу, әріптестерді жағымды қатынасқа ақыру; - жеке әрекетті (ойласуды) ояту; Бағалы - бағдарлық: - мәселені қалыптастыру және дәлелдеу; - өз көзқарасын қарасын жақтау; - жан-жақты талдауға, дереккөздерге сілтемеге, белсенді адамдарға т.б. сүйеме дәлелдеу; - ұсыныс айту, түпнұсқа ойлар; - оқиғаларға, қүбылыстарға, пәндерге жан-жақты баға беру; - пікірсайыс қорытындысын шығару; - таңқалу, сенім білдіру; - Этикетті қатынастың ресми, ресми емес нормаларын, идиомалог тіркестерді кең пайдалану арқылы сейлеу мәдениетін сақтау. (Осы деңгейде студенттердің әрі қарай сол тіл сөйлеушілермен қатынас қүралдар қарастырылады: қатысымдық мәнді қимылдар, ымдар т.б.) Екеүара сейлеу шеберлігін қалыптастыру деңгейін бағалау әлшемі: Мазмұндық материалды және оны талқылаудың әртүрлі формалаларын еркін және кәсіби-бағдарлы жүргізу. Әріптестердің өз қатысымдық ниеттерін адекватты жүзеге асыруы. Сөйлеудің аяқ астынан пайда болуы және өрбуі суырып салу қабілеті, рольдік ауысуы, жағдаят өзгерісті және әріптестің тілдік мінез-қүлқын болжау. Сөйлеудің бейнелігі және әсері (хезитациялық және қыстырма сөздерді, бақылау сұрақтары, қатынастық вербалды емес қүралдары, эмоционалды қанықтылығы) 4. Жағдаятты стиль регистріндегі катысымдық интенцияның адекватты жасалуына қажетті тілдік қүралдарды игеру. Б. Жеке сөйлеу.Композициялық-тілдік типтер: баяндау; суреттеу; хабарлау; пайымдау (соңғысы басым дискурс түрлері); сыншыл талдау; түсіндіру; шолу; түсінік беру; түйіндеме; - полемика-дәлелдеу және олардың түйісуі. Студенттер істей алады: ресми және ресми емес қатынастың кең ауқымды тілдік құралдарын пайдалана отырып тез әрі еркін сөйлеу; логикалық құрылымы тыңдаушыларға маңызды кезеңдерді аңғаруға және еске түсіруге көмектесетін сөйлемдер құру; мағыналы аса дәл беретін логикалық екпін мен интонацияны пайдаланып, тез ері қиындықсыз хабарлама жасау; олардың балалық кәсіби қызметімен байланысты мәселелер жөнінде баяндамалар, хабарламалар жасау; таңдаған кәсіби саладағы аса өзекті мәселелер бойынша толық дәлелдер келтіру және ұсыну; таңдаған кәсіби қызмет аясын дамытудағы қазіргі инновациялық технологиялардың рөлі туралы айту: тандаған кәсіби қызмет аясын дамыту; перспективалары мен оның қазіргі жағдайын анықтайтын факторларды түсіндіру; жалпымәдени тақырып пен кәсіби қызметке байланысты әртүрлі фактілерге түсінік беру; болашақ кәсіби қызметке және жалпымәдени тақырыптарға байланысты мәселелер женіндегі әңгімелерде немесе пікірталаста өз қөзқарасын толық және дәл дәлелдеу (екеуара сөйлесудегі және полиглоттағы монолог); жалпылау, цитата, талдау, аргументация, түсіндіру көмегімен естіген, көрген, оқығандардың танымдылығы, эстетикалығы, тәрбиелілігі арқылы қорытынды жасау. Нормативтер: Сөйлеу көлемі - 19 мин. (екеуара және жеке сөйлеу) Жеке сөйлеу шеберлігін қалыптастыру деңгейін бағалау өлшемі: Құрымдық дұрыстық және аяқтау (таңцаған композициялық-тілдік сөйлеу формаларына байланысты) Сөйлеу әсері: Модалдық-бағалау жөне кәсіби-бағдарлық түсіндірудің болуы Сөйлеудің тілдік дұрыстығы Айтылымның мазмұны: тақырыпқа қатысымдық ниетке, сәйкестігі айтылым көлемі, кәсіби ойлау Жазба тіл Композициялық-тілдік типтер: суреттеу; хабарлау; баяндау; пайымдау. Тілдік шыгарма түрлері: реферат; аннотация; пікір; баяндама; эссе (қоғамдық-саяси, педагогикалық және елтану тақырыбына, сондай-ақ сентенцияға, мақалаға, цитатаға сүйене отырып); есен; бизнес-жоспар; келісім-шарт; проспект, түристік брошюралар, жарнама мәтіндері; ресми хаттар; ұсыныстар мен пікірлер тезистері. Студенттер істей алады: қажет стильдегі айқын, құрылған мәтін жазу; анық әрі айқын құрылымды мақалалар мен эссе, күрделі түрдегі хаттар, баяндамалар жазу; - негізгі ойларын /пікірін/ орынды пайдалану, оларды жүйелеу, жалпылау, мәтіннің бөлігін көрсетілген әсерінен мағыналық қатынастарды белгілеу; / реферат жазу, реферат түйіндеме құру, реферат-конспект, шолу рефераты, бизнесжоспар проспектілер, жарнама мәтіндерін, Арнайы кәсіби шетел тілінен қорытынды емтихан 2 бөлімнен тұрады: Емтиханның жазбаша бәлімі 1. Икемділіктердің күлыптасқанын тексеруге арналған тесттер: тыңдап түсіну (тапсырманы орындаумен қоса 25 минут); оқу (тапсырманы орындаумен қоса 1 сағат 30 минут); жазбаша сөйлеу (эссе-ойлау) (1 сағат). Емтиханнын ауызша бәлімі 2. Сөйлеу: берілген жағдаяттар бойынша ақпаратты қолдана отырып, проблемалық сипаттағы әңгіме жүргізу (оның ішіде - сурет көру негізінде) (студент -студент - экзаменатор) (уақыты - 8 минут); проблемалық тапсырмаларды шешуді қосып отырып монолог тү-рде сөйлеу (уақыты - 4 минут). 1.6. Пәннің пререквизиті: Базалық шет тілі / А1,А2, В1,В2, С1 / 1.7. Пәннің постреквизиті: Мәдениетаралық коммуникация 2. ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ
3. Пәнді үйренуге қажет әдістемелік нұсқаулар Кәсібилік. Студент болған күннен бастап кәсіби маман ретінде ойлап, соған сәйкес жұмыс істеуге дағдылан. Сабаққа уақытында кел. Үнемі сабаққа дайын бол. Кәсіби маманға тән іс - әрекет ет. Сабақ барысында өтілетін тақырыптарға сәйкес өз ойыңды білдіруге әбден құқығың бар. Өз ойыңды білдіруге тырыс. Зерттеулер, фактілер негізінде өз ойыңды дәлелдеуге дайын бол. Сабаққа қатысу. Барлық студенттер сабақтан қалмауы тиіс. 5 реттен артық сабақ босатқан студент оқудан шығарылады. 1семестрде 3 рет сабақты босатуға болады. Оқу жоспарында көрсетілген талаптарды физикалық немесе басқа жағынан орындай алмаған жағдайда курстың алғашқы 2 аптасында бұл туралы оқытушы құлағдар болуы тиіс. Бақылау жұмыстары. 1 семестр барысында 7 және 14 апталарда жазбаша ағымдық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл бақылау жұмыстарына едәуір мөлшерде балл бөлінетіндіктен студенттердің бәрі бақылау жұмыстарына қатысуы тиіс. Қарыздар. Сабақ 15 желтоқсанда аяқталады. Бұл күннен кейін сессияны аяқтаймын, қысқы сессиядан өтемін дейтін студенттерден ешқандай қарыздар қабылданбайды, сондықтан барлық қарыздар осы күнге дейін тапсырылуы тиіс. 4.ФОРМАТ КУРС САЯСАТЫ Сабаққа қатысу. Машықтану сабағына қатысу міндетті. Егер де белгілі бір себеппен сабаққа қатыса алмаған жағдайда оқушы сабақта алынған тапсырма үшін жауапты болады. Тәртібі. сабақ кезінде тәртіпті бұзғаны үшін оқушы сабақтан босатылады немесе F бағасы қайылады. Межелік аттестация. Семестр бойы екі межелік бақылау жұмысы өткізіледі. Бақылау жұмысының бағасы төмен болған жағдайда қосымша тапсырма берілмейді.Сонымен қатар ешқандай қайта тапсыру болмайды. Бақылау жұмысы кезінде кітап және конспект қолдануға болмайды. Емтихан. Қорытынды емтиханда екі семестр байы өтілген тақырыптардың барлығы қамьылады. Көшіру. Кез-келген көшіру қатаң жазаланады: оқушы сабақтан босатылады немесе F бағасы қойылады. Сабақ барысында ұялы телефондарды міндетті түрде өшіру керек. 6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Мәлімет: Машықтану сабағы - 30 ОСӨЖ - 30 Межелік бақылау - 1 1. Машықтану сабағы Сабаққа қатысу: 1б. * 30 сабақ – 30 б. 2. ОСӨЖ Үй тапсырмаларына берілетін жаттығулар: 1 б. *30 сағат -30 б. Барлығы: 30б. 4. Межелік бақылау: 1 «Арнаулы кәсіби шет тілі I» пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі
«Арнаулы кәсіби шет тілі II» пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі
7.Әдебиеттер: Негізгі әдебиет Jacky Newbrook, Judith Wilson New proficiency Gold Course book New proficiency Gold Exam maximiser Қосымша әдебиет: В.Аракин. Практический курс английского языка. 4 курс. Москва «Владос» 2004г. жүктеу/скачать 52,55 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |