Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет32/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

сурет 

 
Жазарман-оқырман қатынасы
Осыған орай, жазу жүйесінің ерекшелігін көрсететін оқу
және жазу процесін түсіндірудің маңызы бар.
Оқу дегеніміз
жазылған не басылған мәтінді,
 
графикалық
таңбалар жүйесін дыбыстық тілге кодтау арқылы немесе бірден
ішкі сөйлеуге кодтау арқылы мазмұнын ойға жеткізетін жазба
тілдің бір актісі. Оқу сатысы әріптерді дыбыстап, бір-біріне тір-
кестіре айтудан, ежіктеп оқудан басталатыны белгілі. Адам са-
насында әріптер тіркесі емес, сөз, сөз тіркестерінің
графикалық
портреті 
орналасқанша,
 
осындай ежіктеп оқу сатысы жүреді.
 
Бір
бейнені немесе типтік бейнені қайталап көре берген көз сол
образды “суретке түсіріп”, санаға елес ретінде салып қояды.
Келесі оқығанда санадағы типтік елес – портрет пен мәтіндегі
бейне ассоциацияланып, екі бейне беттесіп, адам ежіктеп оқудан
құтылады. Сөйтіп, автоматты оқу кезеңі келеді, бұл іштей көзбен
қармап оқуға жеткізеді. Көзбен оқуда оқу темпі ауызша сөйлеу
темпімен бірдей болады.
Оқу өрісі
4-6 сөзден бірнеше жолдарға
дейін көре алады.
Қосымша оқу өрісі
сөйлем аяғын, азатжолдың
басталуы мен аяқталуын, келесі азатжолдың басталуын көреді.
Оқу сатысының едәуір жетілген түрі
динамикалық оқу
деп
аталады. Бұл аялық білім арқылы мәтінді тұтас қармап көру
негізінде ойды табу үшін негізгі еместерін тастап оқу, мәтінді
бұрынғы оқылған мәтіндермен байланыстыра отырып, бір көз
жүгірткеннен түсіну, сөйтіп, мәтіннің бүкіл мазмұн әлемін елес-
тетіп оқу болып табылады. Оқу процесі санадағы 
графикалық
ойлау жүйесін
қалыптастырады.
 
Қазіргі заманның адамы
тыңдауға қарағанда оқуға көп уақытын арнайды. Бұл жазба тіл
арқылы ойын сыртқа шығару жүйесінің жетілуіне көмектеседі.
Сондықтан көп оқыған адамның
жазу машығы
да тез жетілетіні
белгілі. Біз жазба тілді пайдаланғанда оқу процесі нәтижесінде
қалыптасқан графикалық ойлау жүйесін қолданамыз.
Оқу процесі графикалық таңбаларды қабылдаудан; оны ішкі
тілге аударудан; оны ойдағы таңба эталондар арқылы ойлау
жүйесіне апарудан тұрады. Оқығанды түсіну ойлау кодын, бей-
нелер мен ұғымдар кодын туғызады. Ғалымдар жазба тілдің ал-
дында ауызша тіл емес, ішкі ойлау тілі жүреді дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет