Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар – кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі



бет14/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
тарих

Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар – кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі.

  • Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғысқа тек қазақ жерінен ғана аттанған 350 мың қазақ қайтып еліне оралмады. Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді. Нәтижесінде 500 қазақстандық жауынгер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атанды. Олардың 98-і қазақ ұлтының өкілдері. Осы соғыста жан-алысып, жан беріскен Отанының жолында жанын құрбан еткен есіл ерлердің ерлік істері мәңгілік халық жадында сақталары сөзсіз. Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ. Қайта керісінше, осы соғыспен байланысты бұрын бұрмаланып келген немесе тиісті деректердің жоқтығынан мүлдем кереғар түсінік қалыптастырып келген көптеген фактілердің беті ашылып, көптеген жауынгер азаматтардың еленбей келген ерліктері тарихтан лайықты орнын алды. Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана. Уақыт өте келе сұрапыл соғыстың бізге беймәлім жақтары ашыла бастаған сайын, қазақ батырларының саны әлі де арта түсер деген үміт те жоқ емес әрине.
  • Жалпы қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Кеңестік жүйенің шовинистік сұрқия саясатының кесірінен ерлігі мұндаға дейін дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі - Рақымжан Қошқарбаев. Ұлы Отан соғысында рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істері өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді. Ал шындығында халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаев соғыста қандай ерлік жасаған еді?
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 497, кейбір деректерде 520 қазақстандық азамат «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған. Оның ішіндегі 103-і – қазақтар. «Кеңес Одағының Батыры» атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д.Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер, осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептеліп келген Бақтыораз Бейсекбаевқа «Ресей Федерациясының Батыры» атағы 1996 жылы берілсе, «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы» атағы 1998 жылы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет