Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Қазақстандықтар – партизан қозғалысына дем беруі



бет11/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
тарих

Қазақстандықтар – партизан қозғалысына дем беруі

  • Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі, сыртқы саясатында ынтымақтастық, бейбітсүйгіш бағытын ұстанып келеді. Бүгінгі таңдағы əлемнің бірқатар елдерінде саяси, əскери келіспеушіліктер мен қақтығыстардың орын алуы кез келген елде қауіпсіздік, елдің біртұтастығы мəселесін алдыңғы қатарға шығарады. Бұл үшін өскелең ұрпақтың, жалпы ел азаматтарының отан қорғау қабілетін, патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады.
  • Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аталып өткен кезеңде Қазақстан тарих ғылымында соғыс жылдарындағы республика тарихына қатысты мəселелердің зерттелуі маңызды болып отыр. Ұлы Жеңістің кеңес халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің партизандар қозғалысына қатысуы мəселесі əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
  • 1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды .
  • Кеңес адамдарының асқан патриотизмінің көрінісі болып неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкілхалықтық күресі болды. Тіптен басып алынған территориялардағы көпшілік кеңес азаматтары өлім қауіпін сепкен қатаң террор жағдайында да басқыншыларға мойынсұнбады, неміс билігінің экономикалық жəне саяси шараларын бұзу мен бүліктер ұйымдастыруға қатысты, олардың полицайларын жазалады. 1941 жылдың жаз-күзінде уақытша басып алынған аудандарда жасырын партизандық астыртын жұмыс жүргізушілер, комсомолдық ұйымдар жұмыс жасады. 1943 жылдың аяғында миллионнан астам кеңес халқы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет