Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- Қазақстанда лауазымды қызметтегі тұлғалардан ашаршылыққа қарсы шыққандар болды ма?



бет7/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
- Қазақстанда лауазымды қызметтегі тұлғалардан ашаршылыққа қарсы шыққандар болды ма?
- Қарсы шыққанда аз емес. Мысалы, 1991 жылғы комиссияның құрамында болған Мұрат Баймахановтың туған әкесі Зейнолла Төреғожин 1937 жылы ұсталып, келесі жылы атылды. Әуелде ол Сауда және жабдықтау халық комиссариатының бөлім бастығы болған. 1931 жылы Ф.Голощекин өткізген жиында «Егер біз осындай қарқынмен қазақтардың малын тартып ала берсек, халық жаппай аштыққа ұшырайды» деп қарсы сөйлеген. Осы сөзі үшін оны даттап, «оппортунист, партия саясатына қарсы» деген уәжбен қызметтен алады, баспасөз бетіне жазып, партия ұйымдарында тәртібін талқылатып, өздерінше масқаралаған. Голощекин кеткеннен кейін қайтадан қызметіне оралды. Кеңшарлар халық комиссарының орынбасары боп жүргенде ұсталып, ату жазасына кесілді.
- Ашаршылықты тоқтату үшін КСРО басшылығы тарапынан қандай іс-шаралар қабылданды?
- Кеңестік билік Қазақстанда аштық болып жатқанын білді. 1932 жылы 17 қыркүйекте Мәскеуде Сталиннің қатысуымен Большевиктер партиясы Саяси бюросының мәжілісі өтіп, «Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы жөнінде» деген қаулы қабылданады. Қаулының көлемі бір жарым-ақ бет, ішінде ашаршылық туралы бір де бір сөз жоқ. Тек азық-түлік тапшылығы болып жатқаны ғана айтылады. Осы Қаулының өзін орындауға жарты жылдан соң ғана басталды. 1932 жыл – ашаршылықтың ең шегіне жеткен жылы, адам етін жеу фактілері болды. Бұл жөнінде жоғары жаққа түскен арыздардың бәрінде жазылған. Бірақ қаулыда айтылмайды. Кеңес Одағының ең жоғары органы – Саяси бюро мәжілісінде бұндай мәселені қарап, қаулы қабылдау үшін белгілі бір құжаттық негіз болуы керек, мен осындай негіздемені іздестірдім. Сөйтсек, қаулы қабылдауға негіз болған материалдар арнайы құпия сақтауға жіберілсін деген нұсқау болған екен. Саяси бюроның өзі құпия мекеме, сонда құпиядан құпия жасалып отыр ғой. Сол себепті Мәскеу архивтерінен мұндай құжатты табу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет