Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті



бет17/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
start-me-up, e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1), ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
Ашаршылықтың басты себептері
Қазақстандағы халықтың ашы­ғуына байланысты тарихи әдебиетте әртүрлі көзқарастар орын алып келеді. Шетелдік зерттеушілер мұның басты себептердің бірі ретінде Қазақстанда осы жылдары болған табиғи құрғақшылықты және оның нәтижесінде орын алған жұтты алға тартады. Айта кетер бір нәрсе, осы жылдары егіннің шықпай қалуы және жұттың орын алуы туралы көзқарастың бастауында Ф.Голощекиннің өзі тұр. Ол қазақ ауылында орын алған ашаршылықтың басты себебін осылардан іздеген болатын. Сонымен бірге жұқпалы аурулардың таралуын да ашаршылықтың басты себептерінің бірі ретінде көрсететіндер бар.
Қазақстандық тарихшылардың көпшілігі жалпылама түрде, 1930-1933 жылдардағы ашаршылыққа күштеп ұжымдастыру науқанын кінәлайды. Мұндайда күштеп ұжымдастырудың бүкіл елде орын алғанын, алайда ашаршылықтың Қазақстан, Украина, Еділ бойы тәрізді жекелеген аймақтарда ғана орын алғанын ұмытпаған жөн. Ұлт зиялыларының арасында мұрағат қойнауларындағы деректермен терең таныспай, үстірт пікірлер айтатындар да бар.
Жекелеген саяси – шаруашылық науқандарды да ашаршылықтың бас­ты себебі ретінде ұсынып жүргендер бар. Біз бұларға қарсы тұжырымдар айтудан аулақпыз. Бір ғана газет мақаласында бұл айтылғандардың негізділігін немесе негізсіздігін дәлелдеп шығу мүмкін емес. Десек те, мұрағат қойнауындағы нақты құжаттарға жүгінер болсақ, қа­зақтың аштан қырылуының негізгі және басты себебі – дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі болып табылатынын айқын байқаймыз. Дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуді 1930 жылдан басталған қазақтарды жаппай жоспарлы оты­рық­шыландыру саясаты өрші­тіп жіберді. Жоспар бойынша Қазақстанда барлығы – 400 мың көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар отырықшыландырылуы керек еді. Бірақ ашаршылықтың бас­талуы бұл науқанды сәтсіздікке ұшыратты және отырықшыландыру науқаны 1932 жылдан бас­тап шын мәнінде босқындарды шаруа­шылықтық орналастыру науқа­нына айналып кетті. Дегенмен де, 1930-1932 жылдары Қазақстанда 264 мың шаруа қожалықтары оты­рықшы­ландырылды.
Отырықшыландыру барысында негізінен адамдарды емес, малды «отырықшыландыруға» баса көңіл бөлінді. Сондықтан да алғаш тұрғын үйлер емес, мал қоралары салынды. Ф.Голощекиннің логикасы бойынша бұрын өз аяғымен еркін жайылған малды қораларда қамап ұстаған жағдайда көшпелі немесе жартылай көшпелі қазақ шаруасы амалсыздан мал қораларының жанына қоныстануға, яғни отырықшылануға мәжбүр болатын еді. Бірақ мұндай әрекет дәстүрлі мал шаруашылығын күйретіп қана қоймай, малдың арасында жұқпалы аурулардың жандана түсуіне жол ашты. Ветеринарлық көмек әлі жолға қойылмаған ауыл шаруашылығында мұның өзі малдың ғана емес, халықтың да әртүрлі ауру-сырқауға шалдығуын күшейтіп жіберді.
Мал шаруашылығы қазақтар үшін халық шаруашылығының бас­ты желісі болып табылатын еді. 1925 жылдың өзінде-ақ респуб­лика халқының 75 пайызы мал шаруашылығымен айналысып, ол халық шаруашылығындағы барлық өнімнің 50 пайызын берді. Қазақтардың 90 пайызы мал шаруашылығымен айналысты, яғни мал шаруашылығы Қазақстан үшін ұлттық мәселе еді. 1928 жылғы қазақ байларын тәркілеу қарсаңында мал шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 66,6 пайызын, ал тауарлы өнімнің 70,5 пайызын берген болатын. Қазақстанның мал шаруашылығының тауарлы өнімдері Одақтың өнеркәсіпті аудандарын, астаналар – Мәскеу мен Ленинградты, Орта Азияның мақта өсіруші аудандарын етпен асырады. Қазақстанның мал өнімдері Қиыр Шығысқа да жөнелтіліп отырды. Егер де 1926 жылы Қазақстанда 25 млн. 729 мың бас мал болса, ол көрсеткіш 1933 жылы – 37 млн. 327 мыңға, 1936 жылы – 44 млн. 347 мың басқа, ал 1941 жылы – 61 млн. 871 мың басқа артады деп жоспарланды. Алайда 1928 жылдан бастап мал басының кемуі орын ала бастады.
1930 жылы қазақ қожалықтарын жоспарлы түрде жаппай отырық­шыландыру және бай-кулактарды тап ретінде жою науқандары мал басының күрт құлдырауына жол ашты. 1930 жылдың көктемінде Ораз Исаев бастаған мемлекеттік комиссия мал басының 30 пайызға кемігенін анықтады. 1929-1930 жылдары бай-кулактар малының 40 па­йызына жуығын колхоз-совхоздар­дың тартып алуы, мал басының кемуіне тікелей себепкер болды. Осылайша, социалистік секторды (колхоздар мен совхоздарды) жекешелердегі мал басын қысқарту есебінен өркендету мал шаруашылығын апатты жағдайға алып келді. Нәтижесінде, Қазақстандағы мал басы 1929 және 1933 жылдар аралығында 16 есеге азайып кетті. Совхоздардағы малды есепке алмағанда Қазақстандағы мал басы 1929 жылы – 39 млн. 394,1мың бас болса, ал 1933 жылы – 2 млн. 428,2 мың басты ғана құрады. Жалпы алғанда Қазақстанда 40 миллионға жуық малдан 1933 жылдың ақпан айында 4 млн. бас қана мал қалды.
Мал басының қысқаруына 1929 жылдан бастап күшейген Қазақ­стандағы ет дайындау науқан­дары жағымсыз әсер ет­ті. Алай­да алдын-ала айта кетер нәрсе, Қазақстанды басқарған Ф.Голо­щекин мал басының қысқаруының негізгі себебін – «мал­ды жыртқыш­тықпен қырудан және кулактар мен байлардың оны сатып жіберулерінен» іздестірді. Мұндай дәлелдің қисынсыздығын ресми деректерден байқау қиын емес.
Қазақстанда ет дайындау нау­қанының өршіп кетуіне 1929 жылы 20 желтоқсанда Мәскеудегі Партияның Орталық комитетінің «Ет проблемасын шешеуге байланысты шаралар» атты Қаулысы шешуші ықпал жасады. Онда «жекеше кедейлер мен орташалар шаруашылығының ет дайындаудағы тауарлылығының төмендігі және олардың болашағының жоқ» екендігі атап көрсетілді. Осы Қаулыны басшылыққа алған Бүкілодақтық «Союзмясопродукты» акционерлік қоғамы 1929 жылы 25 маусымда ірі қалаларды, оның ішінде Мәскеуді, Ленинградты, тағы да басқа өндіріс орталықтарын етпен қамтамасыз етуді Қазақстан басшылығынан үзілді-кесілді талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет