Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш түсінігін еңгізу, сондай-ақ түзулер арасындағы бұрыштарды табу үшін оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру



бет1/2
Дата08.05.2023
өлшемі210,73 Kb.
#176241
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1 Қысқа мерзімді жоспар 1





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
10.2А
Кеңістіктегі бұрыштар. Кеңістіктегіқашықтықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 2-сабақ




Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6 кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыштың анықтамасын білу;

Сабақ мақсаттары

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш түсінігін еңгізу, сондай-ақ түзулер арасындағы бұрыштарды табу үшін оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:
1. кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі;
2. сызбасын дұрыс жасайды;
3. кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады.
Бөлім бойынша лексика мен терминология
- нүкте;
- түзу;
- жазықтық;
- кеңістік;
- бұрыш;
- параллель түзулер.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болады, себебі ... .
Нүкте ..... жазықтықта жатыр.
Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

Құндылықтарды
дарыту

Жағдаятты талдау, жаңа жағдаяттарға бейімделу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау, топпен жұмыс істеу, топпен жұмыс дағдыларын игеру

Пәнаралық
байланыстар

Сызу, архитектура

АКТ қолдану
дағдылары

Презентациямен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Бастапқы білім



Тікбұрышты үшбұрышжәне оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин



1.Оқушылармен амандасу.
2.Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айқындау.
3.Бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация
1-4

Сабақтың ортасы

3 мин


5 мин

5 мин


10 мин

10 мин



5 мин

4.Өткен білімді қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындалу.

  • Талқылауға арналған сұрақтар:

- Кеңістікте түзулер қалай орналасады? (өмірден мысалдар келтіру)
Көпір кабельдері

Горизонталь орналасқан шатыр мен вертикаль орналасқан қабырға

Бірі эстакада бойымен өтеді, ал екіншісі эстакададан төмен бойымен өтеді



- Кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрышты қалай анықтауға болады?
- Кеңістікте екі түзудің қиылысуынан қанша бұрыш пайда болады? (ауызша талдау)


5.Жаңа материалды түсіндіру.
Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш
1. Параллель түзулер
Егер кеңістіктегі түзулер параллель болса, онда олардың арасындағы бұрыш 0° тең.
2. Перпендикуляр түзулер
Кеңістіктегі екі түзу перпендикуляр болса, онда олардың арасындағы бұрыш 900 тең.
3. Қиылысатын түзулер
Қиылысатын екі түзудің арасындағы бұрыш деп олар
анықтайтын бұрыштардың шама жағынан кішісін айтады.
4. Айқас түзулер
Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп осы айқас түзулерге параллель қиылысатын түзулер арасындағы бұрышты айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет