бастамасы болуда.
Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі
әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге
оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер
ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар
жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие
беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие
берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының
мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-
аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне
тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан жұмыстармен, кейбір заң
актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін
көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу,
педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға
адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру,
адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен
бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке
кездесулерінің пайдасы көп. Кезбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын, құпия,
басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай
әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу
оңай болады.
Достарыңызбен бөлісу: