Келесі ұғымдардың мәнін түсіндіріңіз: 1) адамды тәрбиелеу; 2) тұлғаны тәрбиелеу; 3) тұлғаны әлеуметтендіру; 4) педагогикалық процесс.



Pdf көрінісі
бет71/71
Дата15.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#143401
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Тәрбие экзамен ответы

 
3ответ 
Тұлғаның құ
рылымды
қ компоненттері үш бөліктен тұрады.
 
Біріншіден

оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық 
өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-
әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны 
тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді. 
Жеке 
тұлғаны әлеуметтендіру
 
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау 
және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар 
арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне 
мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін 
қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды 
мақсат ететін 
болғандықтан
, ол-психологиялық процесс. 
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны 
дамытуда шешуші рол атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары 
баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың 
жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің 
белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет 
белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене 
шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік 


тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі 
жақты байланыс арқылы жүзеге асады. 
Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың 
қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, 
тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске 
асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, 
тәрбиеленушінің жауабы

іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік 
үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері 
байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғұрлым көп болса, тәрбиелік 
ықпалдың соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. 
Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-
қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. 
Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі-оқушының сабақ үстіндегі көрінісінен 
байқалады. 
Тәрбиелік 
қызмет неғұрлым қарқынды
, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің 
сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы 
көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай 
білуі қажет. Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және шығармашылық 
көзқарастың маңызы. Тәрбие үрдісінде ізгілік маңызды рол атқарады. 
Тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі 
идеяларын, жеке басты дамыту идеясын, өзара ынтымақтастық идеяны 
жүзеге асыруға толық мүмкіндік тумайды. Тәрбие ісі күштеумен жүргізілетін 
болса, онда бала да, мұғалім де адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты 
адамгершілік қасиеттердің толық сақталуына нұқсан келуі мүмкін. Бала өз 
ойын ұстазына іркілмей толық және ашық жеткізуі үшін оған еркіндік беру 
керек. Бала мұғалім алдында өзін неғұрлым, 
еркін сезінсе
, ойын соғұрлым 
ашық айта алатын болады. Тәрбиеші баланың білімге қызығушылығына, ой-
қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше 
әрекет етуге 
тырысушылығына
, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана 
тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог 
баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік «мәнін» 
саналы түрде көрсетуіне мүмкіндік береді. Бала өзінің іс-әрекетін ой елегінен 
өткізіп, өзіне-өзінің баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзімен қарауға, 
үлкендермен қарым-қатынастық мінез-құлықты бағалай білуге үйренетін 
болады. Баланы еркіндікке тәрбиелеу мұғалім 
тарапынан қатаң бұйрықсыз

сыпайы қарым-қатынастың болуын қажет етеді. Сол арқылы педагог пен 
оқушының өзара қарым-қатынас әдебі күшейе түседі, өзара түсінушілік, тең 
адамша сөйлесу олардың араласу стилі мен мәдени байланысының үлгілерін 
оқу-тәрбие жүйесіне енгізуге мүмкіндік туғызып, бір-біріне жақындастыра 
түседі. 
Отбасы тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Отбасы 
тәрбиесі жеке тұлғаның рухани өміріне, сана-сезіміне ұлттық психологиялық 


белгілерді ендірудің жолдары мен тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Ұлттық 
салт-дәстүрлердің деңгейін, олардың сан жағынан әр ұлттағы аз немесе 
көптігінен емес, жеке тұлғаның қалыптастыру процесіндегі 
атқаратын 
қызметімен
, келер ұрпаққа тигізер әсерімен айқындауға болады. 

Document Outline

  • Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана бі...
  • Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана бі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет