ӘОЖ 37.037.1:781.62:793.327
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ЫРҒАҚ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
С.С.Нурманова, аға оқытушы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Шығыстың данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарынызды айтып берейін» деген екен. Ел болашағы - жастар. «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деген елбасы, бірақ білімге көп көңіл бөліп баланың саулығына, дене бітімінің қалыптасуына әліде мән беруіміз жеткіліксіз. Ырғақ сабағының мұғалімі және хореография маманы ретінде он жеті жыл білім саласында қызметте жүріп, байқағаным Қызылорда қаласын алатын болсақ, мыңға жуық оқушылары бар кейбір мектептерде ырғақ сабағы жоқ, би үйірмесінің мұғалімдері 0,5 жүктемемен ғана жүреді. Мектепке берілетін вариативті сағаттарды сыныптан тыс үйірме жұмыстарына арнамай, оқушылардың негізгі пәндерге дайындауына қосымша сағат ретінде беріледі. Оқушы денешынықтыру сабағы болмайтын кезде сыныпта 5-7 сағат қозғалыссыз отырады, сабақтан шығып үйінде мұғалімнің үй тапсырмасын орындайды, компьютердың алдында тағы біраз уақытын өткізеді. Міне осындай тіршіліктен кейін біз өзіміз, балалардан жеке тұлға емес сұраққа жауап іздейтін робот тәріздес адам дайындаймыз деген ойға келіп отырмын. Менің ойымша, барлық бала бірдей емес, әрқайсысының ой-өрісі, қызығушылығы, берілген тапсырманы қабылдау қабілеті бес саусақ тәріздес әр-түрлі.
Көп жылдардан бері мектепте, би үйірмесінің жетекшісі және ырғақ пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін, сонымен қатар «Хореорафия» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарамын. Осы қызметтерде жүріп біраз педагогикалық тәжірибе жинақтап, жас баланың денесін қалыптастыруда ырғақ сабағының қажеттілігі және маңыздылығын атап өткім келеді. Балабақшадағы бүлдіршіннің немесе бастауыш сыныптағы оқушының денесін тек дене шынықтыру сабағында жүгірту, сікірту немесе қозғалмалы ойын ойнату ғана емес, ырғақ сабағында гимнастикалық қимылдар жасаумен қалыптастыруға болады. «Ырғақ» пәні – спорттық би түріне жатады. Өйткені барлық қимылдар гимнастикалық жаттығулардан тұрады және дененің саулығына арналған. Қазір жоспар бойынша әр бастауыш сыныпта аптасына бір рет 1 оқу сағаты, яғни 45 минут өтеді. Балалар сабақты асыға күтіп, жақсы көнілмен ынталана катысады. Ата- аналарда балаларын бірінші сыныпқа әкелгенде осы мектепте ырғақ сабағы мен би үйірмесі бар болғасын келдік деген әнгімелерді де көп естідім. Бұндай қажеттілікке жағдай жасап отырған Ж.Кизатов атындағы № 23 мектеп лицейінің әкімшілігі қазіргі таңда директоры Л.А.Кожаниязова, бұрынғы басшылар – Р.А. Қарсақбаева және Н.В Жумадильдаеваға үлкен алғысымды айтамын. Баланы жан-жақты дамыту үшін тек білім ғана емес, ән, би, қолөнер, сурет үйірмелері керектігін қазір ата-ана жақсы түсінеді. Осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психологиясы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды.
«Ырғақ» сабағының құрылымын алатын болсақ, сабақтың ұйымдастыру кезеңі зал ортасында дененің бұлшық еттерін қыздыруға арналған спорттық және би қимылдарының қосындысынан тұратын жаттығулар. Ол жүйелі түрде жай қимылдардан күрделі қимылдарға көшу принциптерімен құрастырылған. Негізгі бөлімінде арнайы төсеніш төселген еденде партерлік гимнастика қимылдары жасалады.
Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өзін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ырғақ сабағында би элементтерімен гимнастикалық қимылдардың қосындысынан шағын би этюдтер қойылып, ой-өрістері дамиды. Гимнастикалық қимылдардың оқушыға пайдасы бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра, есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Қазіргі заманда жасөспірімдер арасындағы жалпақ табандылық пен омыртқаның қисаюы сияқты түрлі аурулар кең тараған. Осы ауырулардың алдын алу үшін ырғақ сабағында еденде жасалатын гимнастикалық қимылдар буындардың иілімдігін жақсартады, бұлшық еттерді өсіреді, тұла бойды түзеп, дененің шынығуына ықпал жасайды. Сабақ өткізу барысында мектеп тәжірибесінен ойландыратын бір сәт есімде қалды. Оқу жылының басы 4-інші сынып оқушылары орындарына тұрғаннан кейін, мен оларды танымай қалдым жартысынан көбі қарындары шығып кеткен, қызара ырсылдап, қозғалыстары қиындаған,ауыр салмақты штангистер тәрізді, оның жартысы қыздар. Би маманы ретінде 5 минуттік әнгіме жүргіздім, салмақтың ұлғаюы қандай ауыруға әкелетінін айтып түсіндірдім және үй тапсырмасы ретінде күнделікті жасайтын гимнастикалық жаттығуларды үйреттім, сынып жетекшісіне ата-аналарымен сөйлесіп, балаларының дұрыс тамақтануын қадағалап тұруын сұрадым. Ырғақ сабағының ең басты мақсаты оқу-тәрбие беру процессінде балалардың денсаулығын нығайту болып табылады. Балаларды түрлі аурулардың алдын алуда күн бойғы әрекетінде денесін шынықтыру және сауықтыру шаралары жүзеге асырылу қажет. Ал, оның ішінде музыкалық ырғақты би сабағы осы өскелең ағзаның толық дұрыс дамуында көп ықпал тигізетініанық.
Ырғақ сабағында қолданылатын замануи қозғалыстар арқылы кейде бала өз сезімін, эмоциясын бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен, көңілді динамикасымен балаларға жақын. Гимнастикалық қимылдарды ырғақ сабағында қолданудың тиімділігі, балалардың бойындағы кемшіліктерін түзеп, денені тік ұстап, жүріс-тұрысын сымбатты, сұлуы болына көмектеседі. Сабақ топпен өтетіндіктен қимылды орындау барысында бірлестікке, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа үйретеді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Яғни музыкалық ырғақты сабақтарда әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.
Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни баланың өз-өзіне сенімділігімен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөль атқарады. Ырғақ сабақтары балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің балалардың мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса, ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң да болады, дәл осындай балалармен ырғақты би сабағында олардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады.
Дене мүсінін қалыптастыру мақсатында орындалатын түрлі үйлесімді жаттығулар мен би қимылдары балаларды жаттықтырады, бір-біріне жақындатады, жан-жағындағыларды таңдандырады. Бірақ оның қалыптасуы балалардан көптеген еңбек талап ететін ұзақ құбылыс. Сондықтан егер біз келешегімізден үлкен үміт күтетін болсақ, ол қазіргі бүлдіршіндерді тәрбиелеуде ырғақ сабағыныңда қосар үлесі көп. Меніңше жоспар бойынша барлық мектептерде бастауыш сыныптардан бастап орта, жоғары буындарда да ырғақ сабақтары өту керек, және де басқа елдердегідей мысалы Ресейде орта, жоғары буын оқушылары: ұлдар бөлек, кыздар бөлек сабақ өтеді. Орындайтын тапсырмаларыда өздеріне сай беріледі ұлдар бұлшық еттерін шынықтырады, ал қыздар дененің иілгіштігіне арналған жаттығулар жасайды. Білім министрлігінің қызметкерлері осы мәселеге көңіл аударып аптасына үш рет өтетін денешынықтыру сабағын қайта қарастырып, денешынықтыруға екі сағат, ырғақ сабағына бір сағат берілсе оқушылардың дене бітімін қалыптатыруда пайдасы молырақ болар еді. Жас жігіт немесе қыздың дене мүсіні әдемі, сымбатты болса, жүріс, тұрысы, билеген биі жарасымды болады. Жас жігіт немесе қыздың дене мүсіні әдемі, сымбатты болса, жүріс, тұрысы, билеген биі жарасымды болады. Заманымыздың болашағы –жас ұрпақтың ой-өрісін, рухани байлығы, ырғақты би арқылы балалардың ден саулығын нығайтып әсемдікке және де би қозғалыстарын көркем мәнерлі орындауы мен эстетикалық құндылыққа тәрбиелеу, жылдан-жылға жандандыру би жетекшілернің абройлы міндеті деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі:
«Детская психология». Теория, факты, проблемы. Обухова Л.Ф.
«Способности наших детей». Н.П. Линькова, Е.А. Шумилина Просвещение 1969 г.
«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны». 2014.
«Детский танец». Н.И. Шарова.
«Учите детей танцевать». М. «Владос» ПуртоваТ.В. Беликова А.Н. Кветная О.В.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үдерісінің дамуы». Нигмежанова Г.К. 2014 г.
«Детские танцы из классических балетов с нотным приложением. 2014г.
«Классический танец для начинающих» Александрова Н.А. Малашевская Е.А. 2014 г.
Резюме
Значение и необходимость прохождения уроков ритмики в средней школе для формирования личностных качеств у детей
Уроки ритмики необходимы для развития подрастающего организма. Занятия ритмикой развивают музыкальный слух и память, чувство ритма, активизируют восприятие музыки. В процессе работы над движениями, формируется художественный вкус детей, развиваются их творческие способности, чувство прекрасного, способствует повышению работоспособности, а также оздоровлению и активному отдыху. Несмотря на полезность и необходимость этих занятий, многие средние школы Кызылординской области обучая тысяча с лишним учеников не нуждаются в профессиональных хореографах, которые если и работают в средних школах, то только на 0,5 нагрузки от вариативных часов. В статье приводятся примеры из школьной жизни, из детской физиологии. Пример ставятся российские школы, где уроки ритмики проходят для мальчиков и для девочек раздельно. Хотелось бы обратить внимание работников министерство образования, чтобы они пересмотрели нагрузки часов физической культуру которые проходят три раза в неделю, вместо этого проводить физкультуру два раза, а 1 час оставить для урока ритмики.
Summaru
Importance and necessity of dance education in schools
Dance is the story telling through movement. It is a highly physical activity, and pupils who take regular dance lessons should expect to see an important improvement in their overall physical health. Participating in dance classes can increase pupil’s flexibility, physical strength, range of motion and stamina. Besides, it reduces stress levels and leads to improved relaxation. Over time, pupils build their skills and deepen their conception of rhytm and song. Also, they will understand that there will always be new steps to learn that build one another. Pupils are inspired to try new things once they took possession of what they learned and master skills during dance sessions. These advantages enhance learning skills at home, in school, and in other activities. However, despite of huge significance and necessity of taking dance lessons many schools in Qyzylorda do not need professional choreography teachers. Even if school has some professional educators in dance field they work only for 0.5 of a full-time equivalent post. In the article Russian schools with mandatory dance lessons separate for males and females are written as an example of effective way of learning. The aim of this article is to draw attention of the employees of the Ministry of Education, so that they looked again on workload hours given to physical education in schools, which takes place 3 times per week. It it suggested to take PE lessons 2 hours per week, instead of 3 hours and one 1 hour leave for regular dance lessons.
Достарыңызбен бөлісу: |