«Келісемін» «Бекітемін» тәрбие жұмысы жөнінде мектеп директоры


Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі32,53 Kb.
#87715
1   2   3
Байланысты:
5 сынып Алгуатов

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1) Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;


2) Рухани – адамгершілік тәрбие;
3) Ұлттық тәрбие;
4) Отбасы тәрбиесі;
5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6) Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие;
7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты;

Мінездеме


2019/2020 оқу жылының басында 4 – сыныбында 10 оқушы болды. Соның ішінде 6 қыз бала және 4 ұл бала. Жыл бойы сабақтарының нәтижесінде сыныпта 3 үздік, 4 екпінді, 3 қанағаттанарлық оқушылар шықты.


2020/2021 оқу жылына 5 – сыныбына 9 оқушы келді, 1 оқушы Дәулетбек Дарина «ШОД» мектебіне ауысып кетті. Сынып оқушыларының оқуға деген қабілеттері мен ынталары әртүрлі. Балалар әр тәрбиелік іс – шараларға өте белсенді қатысады. Оларды ұқыптылыққа және төзімділікке баулитын және кішіпейілдікке, сыпайлыққа тәрбиелеуге тырысамын. Жаңа оқу жылдың басында қойылған мақсатым: нақты сабақтарға мән беру, тиімді тәсілдерді қолданып оқушыларды шығармашылдыққа және мектеп программасындағы пәндерге қызығушылдықтарын ояту, тәртіптеріне үлкен мән беру. Оқушылардың басқа сыныптармен қарым – қатынасы жақсы, өзара жақсы қатынаста, барлық іс – шараларға барлығы бірігіп қатысады. Оқушылардың отбасылық жағдайлары жаман емес, аз қамтылған отбасыда бар. Оқушылардың басым бөлігі «үздік» және «жақсы» деген бағаларға оқиды. Барлық қоғамдық істерге қатысады. Оқушылар себепсіз сабақты қалдырмайды. Әр баланың өз таңдауы бойынша бос уақытында кітапханалар мен қызықты істермен айналысады.
Мектепте әр бейсенбі сайын өткізілетін сенбіліктерге қатысады, апта аяқталысымен сынып тазалығына кіріседі. Ата – аналармен жұмыс жиі жүргізіледі, ата – аналары мен балаларының арасында тығыз қарым – қатынас орнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет