Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолдары:
Жаңа әдістерді пайдаланып, оқушылардың қабілетілік, таланттылық, шығармашылық қасиеттерін неғұрлым толығырақ ашуға, олардың өзара қарым – қатынас жасауға қажетті ықпал ету.
Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу.
Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістерді пайдалану.
Оқушылардың дербестігін қолдану, өз көзқарасын еркін айтуға және ойын бейнелі, көркем айшықты де шешен оралымды пайдалана отырып жеткізуге баулу.
Жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеруге, қорытынды шығарып, өз ойларын толық және жүйелі айта білуге баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |