4.5.Оқу-тәрбие үрдісінде техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын
жүзеге асыру
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
Күтілетін нәтиже
|
1
|
Кабинеттердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы акт құрастыру.
|
15.08.
|
Кәсіподақ, завхоз
|
Кабинеттердің дайындығы
|
2
|
Техника қауіпсізк пен еңбекті қорғауға жауапты адамды тағайындау
|
Қыркүйек
|
Директор
|
Жауапты адам тағайындалады
|
3
|
Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуы
|
09.
|
Кәсіподақ
|
Ережелері сақталады
|
4
|
Медосмотр өтуін ұйымдастыру
|
08-09.
|
Кәсіподақ
Медбике
|
Денсаулықты сақтау
|
5
|
Жаңадан жұмысқа келген жұмыскерлермен ТҚ пен ЕҚ бойынша әңгіме жүргізу
|
08.-09.
|
Директор, ЕҚ инспекторы
|
Нұсқау жүргізіледі
|
6
|
Кабинеттерде қауіпсіздік ережелеріне байланысты бұрыш құру
|
09.
|
ЕҚ инспекторы
|
ҚЕ бұрышы құрылады
|
7
|
Мемлекеттік мекеменің барлық мүшелерін ЕҚ мен ҚЕ ережелерін оқыту
|
09.
|
ЕҚ инспекторы
|
ҚЕ ЕҚ сақталады
|
8
|
Мектеп жұмыскерлері мен оқушыларға ЕҚ мен ҚЕ байланысты журнал жүргізу
|
үнемі
|
Кәсіподақ, әкімшілік
|
Журнал жүргізу
|
9
|
Мектепте кезекшілік ұйымдастыру
|
үнемі
|
Кәсіподақ, әкімшілік
|
Еңбек тәртібі орындалады
|
10
|
Керек жұмыскерлерді арнайы киіммен және қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.
|
1.09.дейін
|
директор
|
|
11
|
Техперсоналды жуу құралдарымен қамту
|
Қажет уақытында
|
директор
|
Тазалық сақталады
|
4.6. Мектептің даму бағдарламасының жүзеге асырылуы
12 жылдық білімге көшуге дайындықтын іс-шаралар
жоспары
р/с
|
Іс-шаралар
|
Жауапты
|
Мерзімі
|
Ескерту
|
1
|
12 жылдық білім беруге мұғалім құзыреттілігін арттыру мақсатында курстарға бару
|
Тусутаева Д.К.
|
Үнемі
|
|
2
|
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы курстарды енгізу
|
Тусутаева Д.К.
|
2013-2014
|
еңгізілді
|
3
|
«Жаңа форматты ұстаз» ІІІ деңгейлік курстан өту
|
Жумабекова М.О.
|
2012-2013
|
ІІІ деңгейден
өтті
|
|
«Жаңа форматты ұстаз» І-ІІІ деңгейлік курстан өту
|
Шалабаева Н.А. Тусутаева Д.К.
Набиуллина З.М.
Мукатаева Ж.Т.
|
2014-2015
|
|
4
|
«Мәшһүртану» курсын үш тілде жүргізілуін енгізу
|
Тусутаева Д.К.
|
2012-2013
|
еңгізілді
|
5
|
«Мәшһүртану» оқушыларға арналған шағын ғылыми-зерттеу кабинетін ашу
|
Мектеп директоры, тіл мамандары
|
2012-2013
|
Ашылды
2013 қаңтар
|
6
|
Оқушыларды ғылыми жұмыстарға бейімдеу
|
Пән мұғалімдер
|
Үнемі
|
|
7
|
Математика пәнін тереңдетіліп оқыту
|
Пән мұғалімі
|
2011-2012
|
еңгізілді
|
8
|
Биология пәні тереңдетіп оқыту
|
Пән мұғалімі
|
2013-2014
|
еңгізілді
|
9
|
Жаратылыстану-математикалық бағытына көшу
|
Мектеп директоры
|
2013-2014
|
еңгізілді
|
10
|
Мұғалімдердің пән олимпиадасына, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, сайыстарға қатысуын ұйымдастыру
|
Тусутаева Д.К.
|
Үнемі
|
|
11
|
Кітапхана қорын дамыту
|
Мектеп директоры, кітапханашы
|
Жылда
|
|
12
|
Ағылшын тілі, ИЕТ кабинеттерін жабдықтау
|
Мектеп директоры
|
Қаржы жоспарына сәйкес
|
|
13
|
Медициналық кабинетті жабдықтау
|
Мектеп директоры
|
Қаржы жоспарына сәйкес
|
|
14
|
Спорт инвентарын жетілдіру
|
Мектеп директоры
|
Қаржы жоспарына сәйкес
|
|
15
|
Мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандыру
|
Мектеп директоры
|
Үнемі
|
100% ыстық тамақпен қамтылған
|
16
|
Ағылшын тілін 1 сыныптан оқыту
|
Мектеп директоры
|
2013-2014
|
еңгізілді
|
Мұғалімдердің сапалық құрамы
Мектепте 19 мұғалім еңбек етеді. 1 жоғары санатты педагог- психолог, 1 тәрбиеші жұмыс істейді. Мұғалімдердің сапалық құрамы:
Жыл
|
Мұғалімдер саны
|
Санаты
|
Санатсыз
|
Пайыз бойынша
|
Сант-сыз
|
жоғары
|
бірінші
|
екінші
|
жоғары
|
І
|
ІІ
|
2015-
2016
|
18+1
|
5
|
6
|
5
|
3
|
26%
|
31 %
|
26 %
|
15 %
|
Оның 16-і жоғары, 3-і арнаулы орта білімді.
Білімі
|
2013-2014
|
2014-2015
|
2014-2015
|
Жоғары
|
16-84%
|
18-85%
|
16-84%
|
Арнаулы орта
|
3-15%
|
3-14%
|
3-15%
|
Жоғары кестеге қарасақ жылдан-жылға жоғары білімді ұстаздардың саны көбеюде. Арнаулы орта білімді үш мұғалім. Оның 2 –уі жоғары оқу орында сырттай оқып жатыр (ПМПИ).
5 блок
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуына бағытталған оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыру,
мектептік білім біруді
жетілдіру
5.1. Оқу жоспары
Түсінік хат
2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқу процесін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшелері туралы» әдістемелік-нұсқау хаты.-Астана, 2015 пайдаланылды.
Биылғы оқу жылында «Шетел тілі» пәні1,2,3-сыныптарда жүргізіледі
«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің аясында іске асырылады, сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары есебінен іске асырылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.
«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіру арқылы оқытылады.
«Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен бастауыш сынып мұғалімі Сейтказина М.Ж. (1-ші және 2-ші,3,4 сыныптарда) және педагог-психолог Ыбрай А.С. жүргізеді.Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген 2,3,4,5,6,9,10 және11 сыныптарда 27 қыркүйек №400 бұйрығымен өзгерістер енгізу туралы, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсан №515 бұйрығымен,ал1,7,8 сынып оқу басылымдары ҚР Білім және Ғылым министірінің 2013 жылы 18 қарашадағы № 460 бұйрығымен анықталған.
Мектепте жалпы сыныптар саны –11. 9 класс-комплект бар.Бастауыш сатысында бала саны аздығынан 2 және 3 сыныптарда дене шынықтыру және бейнелеу пәндері біріктіріліп оқытылады.
Орта буында 7 және 8 сыныптар біріктірілгендіктен,технология және дене шынықтыру пәндері біріктіріліп ,1,4-сынып оқушылары жеке оқытылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағат, 2-сыныпта – 25 сағат, 3-сыныпта – 28 сағат, 4-сыныпта – 29 сағатты құрайды.
Жалпы бастауыш сыныптарда инварианттық оқу жүктемесі 93 сағат .
Достарыңызбен бөлісу: |