Бастауыш сатыда вариативті компоненттегі сағаттары төмендегідей ретпен бөлінді: мектеп компоненті жүктемесінен таңдау сабақтары 1-ші сыныпта математика пәнінен 1 сағаттық «Сандар әлемі» факультативі, бейнелеу өнері пәнінен «Түрлі түсті әлем» 1 сағат үйірме сабағы және оқушы компонентінің есебінен 1 сағаттық «Қуыршақ театры» үйірме сабағы іске асырылуда. 2-ші сыныпта қазақ тілінен «Сөздер сөйлейді» факультативі 1 сағат, дүниетану пәнінен «Туған өлке» факультативі 1 сағат және оқушы компонентінің есебінен аптасына 1 сағаттық «Ертегі еліне саяхат» үйірмесі жалғасуда.
3- сыныпта және 4-ші сыныпта аптасына 1 сағаттық математика пәнінен таңдау сабақтары іске асырылуда. Мақсаты: математиканың бастауыш курсының негізгі мазмұнын кеңейту,оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қазақ тілі пәннің мазмұнын толықтыруға, оқушының пән бойынша білімін арттыруға
3 -сыныпта «Қызықты грамматика»,4 -сыныпта «Мәтін және грамматика» таңдау сабақтары жүргізіледі.Танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,салауатты өмір сүруге бағытталған 3-сыныпта валеология факультативі енгізілді.
4-ші сыныпта «Туған өлкенің табиғаты» үйірме сабағы және оқушы компонентінің есебінен аптасына 1 сағаттық «Шебер қол» үйірме енгізілді. Барлығы бастауыш сыныптағы вариативтік оқу жүктемесі 13 сағатты құрайды.
Негізгі орта буын оқушыларының апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағатты құрайды.
5-сыныпта вариативтік жүктемесі 5 сағат . Оның ішінде «Мәшһүртану» арнаулы курсы осы оқу жылында жалғастырылады. Қазақ тіліне 0,5 сағ., орыс тілі 0,5 сағ., ағылшын тіліне 0,5 сағаттан бөлінді. Оқушылардың дамыту сипатында «Нұр шашу» музыкалық үйірмесі,аптасына 1 сағат, «Жас технолог» 1 сағат курсы енгізілді. Оқушы компонентінен «Шахмат» курсына аптасына1 сағат, валеология ға 0,5 сағат берілді..6-шы сыныптың вариативтік оқу жүктемесі 2 сағат құрайды. Оның 1,5 сағаты биология пәнін тереңдетіп оқытуға берілді,ал 0,5 сағаты информатика пәніне ауыспалы оқу бағдарламасын іске асыру мақсатында берілді.
7-сыныпқа 4 сағат бөлінген. Жаратылыстану-математикалық бағытына көшуді ескере отырып «Өлкетану» 1 сағ. курсы еңгізілді. Оқушылардың дамытуу мақсатында, аптасына 1 сағаттық музыкалық үйірме «Ән арман» және оқушы компонентінен «Мүсін өнері» үйірме сабағына 1 сағат берілді. 0,5 сағаты информатика пәніне ауыспалы оқу бағдарламасын іске асыру мақсатында берілді.
8 сыныптың вариативтік оқу жүктемесі 4 сағатты құрайды. Оның 1 сағаты «Сөйлеу мәдениеті» курсына, 1 сағаты «Радиотехника негіздері» курсына берілді.
Оқушы компонентінің есебінен 1 сағат «Шахмат» үйірмесі биылғы оқу жылында жалғасады. «Қазақстан құқығы» курсына 0,5 сағат берілді және 0,5 сағаты информатика пәніне ауыспалы оқу бағдарламасын іске асыру мақсатында берілді.
Биылғы оқу жылында 9 сыныпта алгебра пәнін тереңдетіп оқыту жалғасын табады.Аптасына 2 сағат, оқу жоспарының вариативтік бөлігінен алынды. Вариативті компоненттен 9-сынып үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме берілді. «Дінтану негіздері» курсын тарих пән маманы жүргізеді.Оқушы компонентінің есебінен «Абайтану» арнайы курсы аптасына 1 сағат жүргізіледі .Жалпы вариативтік оқу жүктемесі 4 сағат .
Мектеп оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып 10-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыт, 11-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдап алды. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 10-сыныпта – 39 сағаты, 11-сыныпта – 39 сағаты құрайды. Жоғары сатыда
вариативті компоненттегі сағаттарды төмендегідей ретпен бөлінді.
10-сыныпқа 6 сағат қолданбалы курс және 1 сағат таңдау курсы енгізілді.
«Микробиология» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Шалгымбаева А.Н. жоғары білімді, ІІ санатты биология пәнінің маманы;
«Химия өнеркәсіпте» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Айгожин А.Б. білімі жоғары, химия мен биология пәнінің мұғалімі;
«Flash –тегі анимация» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Жумабекова М.О. білімі жоғары, ІІ санатты, информатика пәнінің мұғалімі.
«Физика және экология» аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, жетекшісі Темирғалиева А.Е. физика және математика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, ІІ санатты;
«Стандартты емес есептерді шешу әдістері» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Дюсенова А.Ж. математика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, ІІ санатты;
Оқушы компонентінің есебінен «Радиотехника және электр негіздері» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат курс еңгізілді, жетекшісі Ибраев А.Е. білімі жоғары, еңбек пәнінің мұғалімі.
« Абайтану», таңдау курсы, аптасына 1 сағат,жылына 34 сағат. Жетекшісі Шалабаева Н.А.
11-сыныпта оқыту қоғамдық-гуманитарлық бағыттың тарихи-филологиялық бағдары бойынша оқытылады.
Оқу жоспарының вариативтік оқу жүктемесінен 7 сағат қолданбалы және таңдау курстарына бөлінді:
«Сопоставительная грамматика», жетекшісі Мукатаева Ж.Т. жоғары білімді, жоғары санаты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
«Ресми тіл», жетекшісі Темиргалиева Ж.А., білімі жоғары, І санатты, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
«Қазіргі әлемдегі қоғамдық саяси ағымдары», жетекшісі Сатыбалдинов Б.Р., білімі жоғары, тарих пәнінң мұғалімі;
«Қазақстан халқының тарихы» жетекшісі Сатыбалдинов Б.Р., білімі жоғары, тарих пәнінің мұғалімі;
Оқушылар сұранысы бойынша аптасына 1 сағаттан химия және биология пәндерінен курстары еңгізілді:
«Химия және қоршаған ортаны қорғау», жетекшісі Айгожин А.Б., білімі жоғары, биология және химия пәнінің мұғалімі;
«Адам және табиғат», жетекшісі Шалгымбаева А.Н. білімі жоғары, ІІ санатты, биология пәнінің мұғалімі;
- Оқушы компонентінің есебінен «Программалау негіздері» таңдау курсы аптасына 1 сағат, барлығы 34, жетекшісі Жумабекова М.О. білімі жоғары, ІІ санатты, информатика пәнінің мұғалімі.
Пән мұғалімдері аталған курстарға арнайы авторлық бағдарлама құрастырып жұмыс жасайды.