«келісілген» Қазақстан Республикасының



бет1/5
Дата10.06.2017
өлшемі0,81 Mb.
#18450
  1   2   3   4   5
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

______________ Е. Сағадиев

2017 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

______________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы « » __________

№ ______бұйрығымен бекiтiлген



«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 145 бабына, 144 бабының 6 тармақшасына және 7-1 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру объектілерін орналастыруға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, білім беру, тұру, тамақтандыруды ұйымдастыру, жеке гигиенасы жағдайларына, ведомстволық қарастылыққа жату және меншік түріне қарамастан білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен тұратын орындарымен, білім беру ұйымдарының объектілерімен, тамақтандырумен, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарымен (бұдан әрі – объектілер) байланысты заңды және жеке тұлғалар осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

2. Осы Санитариялық қағидалар келесі қызметті іске асыратын объектілерге қатысты:

1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын объектілер – мектептер, гимназиялар, лицейлер;

техникалық және кәсіптік оқыту, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын объектілер – кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер (бұдан әрі - ТжКБ);

жоғары кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ЖОО) бағдарламаларын іске асыратын объектілер – университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер);

арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын объектілер;

2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру - жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, интернат ұйымдарының барлық түрлері мен типтері, жастар үйлері, пансионаттар, рухани (діни) білім беру ұйымдары, жетімханалар және басқалары;

3) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, дене тәрбиесін және шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыру (қосымша білім беру объектілері) – балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркем сурет мектептері, жасөспірім балалар орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттары және басқа да мектептен тыс ұйымдар);

4) ведомстволық қарастылыққа жату және меншік түріне қарамастан, оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын барлық түрдегі және типтегі объектілер.

3. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы жүзеге асырады.

4. Кодекстің 90 бабының 4 тармағына сай өндірістік бақылауды жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздерінің іске асыратын қызметтеріне сәйкес жүзеге асырады.

5. Объектілерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі.

6. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:



1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға (балаларға) жалпы оқыту және білім беру бағдарламаларын меңгеруге жағдай жасайтын, арнайы оқыту бағдарламалары мен әдістері енгізілген, техникалық және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, сонымен қоса медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары.

Арнайы ұйымдардың негізгі міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі; балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып кешенді емдеу, түзету және әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту жағдайларын қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке дамуын кешенді түзету арқылы сүйемелдеу; балалардың физикалық, психикалық дамуын түзету; әлеуметтік бейімделуге және интеграциялануға мүмкіндік беретін компенсаторлық қызмет тәсілдерін қалыптастыру болып табылады;

2) балаларға қосымша білім беру ұйымдары – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және кәсібін өзі белгілеуге, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс объектілер;

3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштері бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;

4) білім беру ұйымдарына - заңды тұлғалар, сонымен қоса меншік түріне және ұйымдық құқықтық түріне қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) оқушылар мен тәрбиеленушілерге тәрбие беруді және асырауды қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға ретінде ұйымдастырылмаған жеке кәсіпкерлер жатады;

5) гимназия – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын және оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігіне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және оқытудың өзге де бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген оқытуды қамтамасыз ететін білім берудің қосымша оқыту бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

6) дене тәрбиесі – адам денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;



7) жалпы бiлiм беру мектебі – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, тәрбиеленуі мен білім алуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын ұйым;

9) жиынтық оқу жүктемесі – Типтік оқу жоспарының тұрақты және өзгермелі бөлігіндегі жалпы сағаттар саны ;

10) интернат ұйымдары – тұратын орын бере отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

11) кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі – КББО) – ата-аналарын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау үшін 3-18 жас аралығындағы қараусыз және қадағалаусыз қалған балаларды, уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-ананың немесе оларды ауыстыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, балалардың өміріне не денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде қамқорлық жасау және қайырымдылық көрсету органы ата-анадан (олардың біреуінен) немесе қамқорлығында болған басқа адамдардан алған балаларды, арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген балаларды, сондай-ақ қатыгез қарағандықтан әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривацияға әкелетін, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды және уақытша күтіп бағуды қамтамасыз ететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

12) қажу – организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша төмендеу жағдайы, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;

13) лицей – оқушылардың бейiмділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес, оқушыларға кеңейтілген және тереңдетiлген табиғи-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

14) магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің бұйрығымен тірек мектепке (ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақталған мектеп;



15) мамандандырылған білім беру ұйымдары – ғылым, мәдениет, өнер, спорт және әскери істің негіздерін тереңдетіп меңгертуге, олардың шығармашылық мүмкіндіктері мен зейіндерін дамытуға бағытталған, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген, негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

16) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларға тегін бір жылдық міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

17) өндірістік бақылау – адамның және өмір сүру ортасының қауіпсіздігін және (немесе) залалсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, жеке кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен орындалатын іс-шаралар кешені, оның ішінде өндірілетін өнімдерге, жұмыстар мен қызметтерге жүргізілетін лабораториялық зерттеулер мен сынаулар.

18) оқу жүктемесі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық-эпидемиологиялық талаптары, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсыныстарының негізінде әзірленген, білім беру ұйымдарының ережелерімен анықталған оқушылар мен тәрбиеленушілердің сабақтарының режимі;



19) оқу сағаты – сабақтың немесе дәрiстiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;

20) оңтайлы микроклиматтық жағдай – микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлестігі, олар балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылы жағдайын сақтауды қамтамасыз етеді;



21) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

22) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді дайындайтын кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

23) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана;

24) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

25) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстары және мәдени бос уақытты ұйымдастыру және іске асырумен байланысты ұйымдар;

26) сыныптардың толықтырылуы – сыныптардың толықтырылуы – сыныптағы оқушылардың, тәрбиеленушілердің мөлшерлі саны;



27) тірек мектеп (ресурстық орталық) – шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға қысқа мерзімді сессия сабақтарын өткізу, аралық және қорытынды аттестациядан өткізу үшін, жақын жерде орналасқан шағын жинақталған мектептердің білімдік ресурстарын базасында шоғырландыратын орта білім беру ұйымы;

28) ұтымды тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңдестірілген тамақтандыру;

29) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз (5 адамнан бастап), біріккен сынып-топтамалары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрі ерекше жалпы білім беру мектебі.

30) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;

31) жеке медициналық кітапша – бекітілген түрдегі міндетті медициналық тексеріп - қараудың нәтижелері енгізілетін тұрғындардың декреттелген тобының өкіліне берілетін дербес құжат.



Тарау 2. Объектілердің аумағына қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
7. Орналастыру, жер учаскелерінің ауданы және жер участкелерін аймақтау Қазақстан Республикасының № 3.02-25-2004 «Жалпы білім беретін мекемелер», № 3.02-31-2005 «Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар» қолданыстағы құрылыс салу нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес нормаланады.

Объектінің профиліне байланысты аумаққа қосымша аймақтауды қарастыруға жол беріледі.

8. Обектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

9. Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалану объектінің тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болған кезде жүзеге асырылады.

10. Эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметін (пайдалануға беру) объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысынсыз іске асырады.

Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңымен белгіленген тәртібінде тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік мекемені эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметін бастағаны (пайдалануға беру) немесе қызметін тоқтатқаны туралы хабарлайды және қызметін бастағанға дейін объектіні осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестікке келтіреді.

11. Білім беру объектілерінің жер учаскесі барлық периметрі бойынша қоршалады. Қоршау зақымдалмаған болуы қажет.

12. Объектінің аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру жабдығы болуы тиіс, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларды да жасанды жарықтандыру қажет.



13. Объектінің аумағы, спорттық, ойын жабдықтары және шағын архитектуралық кескіндер жұмыс жағдайында және таза ұсталады.

Объекті аумағында олармен функционалдық байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

14. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

15. Объектінің учаскесіне кiру және одан шығу жолдары, көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.

16. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, үш жағынан қоршалған шаруашылық аймақтағы тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл су өткізбейтін жабындысы бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) уақтылы тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғыштарын немесе контейнерлерін пайдаланады.

17. Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы қажет, зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.

18. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады, оларды брезентпен немесе резеңкемен қаптайды.

Жүгіру жолдарының қатты, жақсы құрғатылатын, үстіңгі қабаты нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабындысы болуы тиіс.



Тарау 3. Объектілерді жиынтықтауға, жөндеуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
19. Объектілер дербес ғимаратқа немесе бірнеше жекелеген ғимараттарға орналастырылуы тиіс. Жалпы білім беретін объектілерді, ТжКБ және ЖОО-ларды бейімделген ғимараттарда; мектептен тыс мекемелерді, білім беру орталықтарын бейімделген ғимараттарда, ішіне – жапсарлас салынған үй-жайларда, сондай-ақ тұрғын үйлердің 1-қабатында орналастыруға жол беріледі.

20. Білім беру объектілері жанындағы мамандандырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттер, шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу-өндірістік шеберханалар, тамақтану объектілері Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

21. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болады.



22. Объекті үй-жайларының алаңы мен жиынтығы жобалау тапсырмалары және (немесе) қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларына сай анықталады.

23. Жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың аралас түрі (жаппай және топтасып) кезінде оқу сыныптарының және үй-жайлардың ауданы 1 оқушыға 2,5 м2, мамандандырылған үй-жайлар мен жаратылыс тану ғылымдарының зертханаларында 1 оқушыға 2,25 м2, технология және еңбекке баулу шеберханаларында, сонымен қоса бағыттар бойынша саралап оқыту үшін мамандандырылған шеберханалардың ауданы 1 оқушыға – 3,75 м2 алынады.

24. Балалардың саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Қашықтықтан оқыту түрі бойынша оқитындардың саны жалпы санға енгізілмейді. Жалпы білім беру ұйымын ыңғайластырылған ғимаратқа орналастырған кезінде оқыту үй-жайының сиымдылық есебі 1 оқушыға бөлінетін аудан (м2) нормасы есебімен анықталады.



25. Оқудың екі ауысымдық режимін ұйымдастыруға әрбір ауысымда 1 оқушыға бөлінетін орын нормалары сақталған жағдайда және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда жол беріледі.

26. Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және балалардың алаңдауын тудыруы мүмкін, педагогикалық, медициналық немесе әкімшілік аппараттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін үй-жайларды (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшелерімен салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық, оқу-өндірістік шеберханалары және т.б.) ұйықтау бөлмелерімен, оқу, емдеу-диагностикалық үй-жайларға көршілес, астында немесе үстінде орналастыруға жол берілмейді.



27. Білім беретін ұйымдарда спорт залы қарастырылады. Арнайы білім беру ұйымдарында қосымша емдік дене шынықтыру кабинеттері немесе залдары көзделеді.

28. Спорт мектептерінде алғашқы медициналық көмек көрсетілетін медициналық пункт, себезгі және санитариялық торап қарастырылады.

29. Спорт залдарының киім ауыстыратын бөлмелері шкафтар немесе киім ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.

30. Барлық интернат ұйымдарында оқушылардың жеке сабағы үшін 20 м2 кем емес бөлме көзделеді.

31. Жалпы білім беру объектісі кешенінде құрылымдық бөлімшесі ретінде мектеп жанындағы интернат және мектепке дейінгі шағын орталық қарастырылады.

Шағын орталық объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы аумағындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілеріне қойылатын нормативтік құқықтық актілер талаптары қолданылады.

32. Спорт залының едені ағаштан немесе арнайы жабыны болуы керек. Батареялар терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады. Терезелерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылары көзделуі тиіс.

Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді материалдан жасалуы керек; химия кабинеттері мен зертханалық кабинеттерде химиялық реагенттерге төзімді болуы тиіс.

Оқыту үй-жайларының, бөлмелердің және рекреациялардың еденінде тақтай, паркет, плиткалы жабыны немесе линолеум болуы керек. Плиткалы жабын қолданған кезде оның үсті сырғуға жол бермейтін күңгірт және кедір-бұдырлы болуы қажет.

Барлық үй жайлардың еденінің үсті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымдалусыз болуы керек.

33. Балалар мен жасөспірімдер болатын үй-жайларды, медициналық мақсаттағы бөлмелерді жертөле және цокольдық қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.

34. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады.

35. Вестибюльдерде, холлдарда, рекреацияларда, акт және мәжіліс-залдарында, әкімшілік үй-жайларда әртүрлі конструкциялық аспалы төбелерді қолдануға жол беріледі.

36. Барлық үй жайлардың қабырғалары мен төбесі тегіс, саңылауы, жарықшақсы, деформациясы, зең саңырауқұлақтарының зақымдау белгілері болмауы керек.

37. Қалыпты режимде пайдаланылатын медициналық үй-жайда қабырғалардың, еденнің және жабдықтың үсті жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды әдіспен тазалауға ыңғайлы тегіс, күңгірт болуы тиіс.

Ылғалды режимде жұмыс жасайтын үй-жайларда (ас блогы, санитариялық тораптар, себезгі бөлмелері, кір жуатын, жуынатын бөлмелер және басқалары) қабырғаларды 1,8 метрден (бұдан әрі – м) кем емес биіктікте жылтыр плиткамен немесе ылғалға төзімді басқа да материалдармен қаптайды, еденге төсеу үшін ылғал өтпейтін материалдар немесе еден плиткалары қолданылады.

Тарау 4. Объектілерді жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
38. Жиһаздар мен жабдықтар, ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, балалар мен жасөспірімдердің бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Жабдықтың үстінің су өткізбейтін жабыны бар, үшкір шығыңқы жері және ақауы болмауы қажет.

39. Оқу жиhазын оқушылардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес топтайды. Оқу жиҺазының негізгі өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларлардың 2-қосымшасында көрсетілген.

40. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, жуынатын қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған аспаптар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Оқушыларға арналған унитаздарды жабық кабиналарда орналастыру қажет, мектеп алды сыныптары білім беру объектілерінде балаларға арналған унитаздар қойылады.

Студенттер мен ТжКО тәлімгерлерінің жатақханаларында 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қолжуғыш және 1 унитаз, 50 адамға 1 биде орналастырылады. Әйелдерге арналған жеке гигиена кабинасы 50 адамға 1 кабина есебімен қарастырылады және унитаз, себезгі және қолжуғышпен жабдықталады.

41. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен және арқалығы бар орындықтармен жабдықталады. Есту қабілеті бұзылған балалар алдыңғы қатардағы орындықтарға;

көру қабілеті бұзылған балалар сынып тақтасына жақын;

жиі суық тиіп ауыратын балалар сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады.

42. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.



43. Демонстрациялық реагенттер және оқу зертханалық үстелдер қолданатын зертханалық жұмыстар жүргізу үшін физика кабинетіне электр энергиясын жүргізу, химия кабинетіне (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде) су және кәріз жүргізу көзделеді. Химия кабинетін сорып-шығаратын шкафпен жабдықтайды.

44. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді таңбалайды және жауапты адамның бақылауындағы арнайы бөлінген сейфте сақтайды.

45. Спорттық төсеніштердің ылғалды әдіспен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін жеңіл жабыны болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет