Келісім шарт № Кәсіби практиканы ұйымдастыру туралы Алматы қ



бет1/9
Дата17.11.2023
өлшемі39,91 Kb.
#191747
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3 сторонний договор со школой (копия)


КЕЛІСІМ ШАРТ №______
Кәсіби практиканы ұйымдастыру туралы

Алматы қ. «___» _____ 20__ жыл
Бұдан әрі – «Университет» деп аталатын «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2021 жылдың 21 шілдедегі № 270 бұйрығы негізінде әрекет етуші, Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор Жуманкулова Е.Н., бір жағынан, және бұдан әрі «Мектеп» деп аталатын Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі ММ «Ә.Ахметов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Жарғы негізінде әрекет етуші директор А.А. Ламбеков тұлғасында, үшінші жағынан, және азаматша Құрышпанбет Бибіжан Еділқызы, бұдан әрі «Білім алушы» деп аталатын үшінші жақтан бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төмендегілер туралы осы Білім алушылардың кәсіби практиканы ұйымдастыру туралы Келісім-шартты жасады.
1.Келісім-шарттың мәні
1.1. Университет 6В01705 – «Шет тілі екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Білім алушыны оқу үрдісінің кестесіне сәйкес кәсіби практикадан өту үшін тізімге сәйкес Мектепке жолдайды.
1.2.Мектеп Білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіби практиканың (бұдан әрі – Практика) базасымен қамтамасыз етеді.
2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Университет құқылы:
2.1.1.Келісім-шартқа, Университеттің жарғысы- на, Университеттің ішкі тәртіп қағидаларына және Университет қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
2.2.Университет өзіне мынадай міндеттемелер алады:
2.2.1.Білім алушыны осы Келісім-шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
2.2.2.Практиканың бағдарламасын және практикадан өтудің күнтізбелік кестесін Мектеппен бірге әзірлеу және келісу;
2.2.3. Мектепке практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
2.2.4.Университеттің тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасынан практика жетекшілерін Университет басшысының бұйрығымен бекіту;
2.2.5. Мектеп қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін Білім алушымен сақталуын қамтамасыз ету;
2.2.6.Білім беру бағдарламасы мен оқу процесінің тізбесіне сәйкес Білім алушының практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
2.2.7.Мектептің қызметкерлеріне білім алушылардың практиканы ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
2.2.8.Қажеттілігіне қарай Мектепке Білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
2.2.9. Егер олар практикадан өту барысында Білім алушының қатысуымен жазатайым оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;
2.2.10. Университет таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда Мектепті хабардар ету және басқа Университетте білім алуды жалғастыру үшін Білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет