Келісім шарт № Кәсіби практиканы ұйымдастыру туралы Алматы қ



бет3/9
Дата17.11.2023
өлшемі39,91 Kb.
#191747
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3 сторонний договор со школой (копия)

2.5. Білім алушының құқықтары:
2.5.1.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына кірісуге;
2.5.2.Мектепте бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
2.5.3.Өндірістік оқыту мен практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;
2.6. Білім алушының міндеттері:
2.6.1.Өндірістік оқыту және практика орнында Мектептің қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;
2.6.2.Мектептің жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
2.6.3.Өндірістік оқыту және практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
2.6.4. Өндірістік оқыту және практикадан өту үшін белгіленген мерзімде Мектептің қарауына келуге;
2.6.5.Өндірістік оқыту және практикадан өту барысында және аяқтаған соң Мектеп туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
2.6.6.Өндірістік оқытуды және практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге орындаған жұмыс туралы есеп беруге;
2.6.7.Мектепке оқу орнындағы сабаққа келмеген жағдайда бұл туралы Мектепке, оқу орнына себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анықтаманы жіберуге міндетті.

  1. Тараптардың жауапкершілігі

3.1. Тараптарға Келісім-шартта қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және Келісім-Шартта көрсетілген жауапкершілік жүктеледі.

  1. Дауларды шешудің тәртібі

4.1. Келісім-шартты орындау үдерісінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.
4.2. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Форс-Мажор
5.1. Су тасқыны, өрт, басқа да дүлей зілзалалар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар сияқты форс- мажорлық мән-жайлар кезінде, сондай-ақ Тараптардың бақылауына ақылға қонымды шекте тәуелді емес және Келісім-шарт жасалғаннан кейін туындаған кез келген басқа да мән-жайлар кезінде, Тараптардың жауапкершілігі туындамайды. Алайда, бұл ереже, форс-мажорлық мән-жайларға ұшыраған Тарап, дәлелдемелерді ұсынған және бұл туралы екінші Тарапқа форс-мажор басталған сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірмей хабарлаған жағдайда ғана қолданылады.
5.2. Билік және басқару органдарының актілері шығуына байланысты, Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін жағдайлар, Тараптардың бақылауына байланысты емес мән-жайлар деп танылады.
5.3.Форс-мажорлық мән-жайлар уақытында, Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауы, Тараптармен тиісті түрде ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет