Келісім шарт № Кәсіби практиканы ұйымдастыру туралы Алматы қ



бет2/9
Дата17.11.2023
өлшемі39,91 Kb.
#191747
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3 сторонний договор со школой (копия)

2.3. Мектеп құқылы:
2.3.1.Жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2.3.2.Білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
2.3.3.Білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;
2.3.4.Университеттен жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.
2.4. Мектеп өзіне мынадай міндеттемелер алады:
2.4.1.Білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының қауіпсіз еңбекті әдістеріне оқытуды жүргізу;
2.4.2.Тиісті қызметтің бос орны бар болған кезде алған мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін түлектің кандидатурасын қарастыру;
2.4.3. Келісім-шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтар бойынша практикаға жолдамаға сай білім алушыны қабылдау;
2.4.4.Практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және Білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
2.4.5.Бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) Білім алушының практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуді қамтамасыз ету;
2.4.6.Білім алушының еңбек тәртібін және Мектептің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша, өндірістік оқыту немесе практика бағдарламалары бойынша үлгірмеуі, сонымен қатар физикалық және психологиялық жағдайдың сәйкес келмеуі барлық оқиғалар туралы Университетті хабардар ету;
2.4.7.Білім алушының практиканың бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарында қажетті жағдай жасау;
2.4.8.Практика аяқталған соң Білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және педагогикалық практикадан өту сапасын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет