Кембриджского университета center of excellence aeo «nazarbayev intellectual schools» faculty of education university of cambridge 3 2


Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching



Pdf көрінісі
бет24/117
Дата14.12.2021
өлшемі12,15 Mb.
#127174
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Байланысты:
Glossarii

Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching

 

-

 мұғалімнің оқу 

материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі 

мақсатында  оқу  материалын  дайындаудың  және  баяндаушы  әңгіме  жүргізудің 

нақтылы  реттеуші  ережелерін  ескере  отырып  құрылған  оқыту  мен  оқу  тәсілі. 

Оқушыларды  мәселені  (проблеманы)  анықтап,  оны  шешуге  итермелейді  және 

олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Д



15

14

Дивергентті ойлау / Дивергентное мышление / Divergent thinking

 

бір мәселенің 

(проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында қолданылатын шығармашылық 

ойлаудың түрі.



Дислексия / Дислексия / Dyslexia 

(көне грек. δυσ- сөздің оң мағынасын теріске 

шығаратын  қосымша  және  λέξις  –  сөз,  сөйлеу)  –  оқуға  жалпы  қабілеттіліктің 

сақталуы жағдайында оқу дағдыларын меңгеру қабілетінің ішінара неврологиялық 

бұзылуы.  Ол  сөздерді  жылдам  және  дұрыс  тану,  қайта  код  беру,  дұрыс  жазу 

дағдыларын  игеруге  қабілетсіздігімен  сипатталады. 



Дислексия

  кезінде  бала  іс-

әрекеттердің  басқа  да  көптеген  салаларында  асқан  қабілеттер  көрсетуі  мүмкін: 

спортта, сурет өнерінде, музыкада, математикада немесе физикада. 



Дислексияның

 

негізгі белгілері: сөздерді баяу буындап немесе әріптеп оқу, болжап оқу, оқу кезінде 



әріптерді ауыстыру және алмастыру сияқты қателіктер жіберу; оқылған дүниенің 

мән-мағынасын түсінудің бұзылуы.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет