Кері байланыс / Обратная связь / Feedback -
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны
түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе
оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.
Когнитивті психология / Когнитивная психология / Cognitive psychology -
адам сана-сезімінің танымдық үдерістерін зерттейтін, адамның мінез-құлық
әрекеттеріне емес, ең алдымен ойлау қызметіне басымдық беруге негізделген
психология бөлімі. Когнитивті психологтер адам санасында белгілі бір материалды
түсінгені не болмаса түсінбегені жөнінде болып жатқан үдерістерге қатысты
мәселелерді зерттейді
Достарыңызбен бөлісу: |