Коуч
/ Коуч / Coach
-
әріптестеріне нақты тақырыптар тұрғысынан өзінің кәсіби
білімін, білігін және дағдыларын жақсартып, жетілдіруге көмектесетін тренер,
маман, сарапшы. Бұл үшін
коуч
білім алушы не істеу керектігін түсініп, қалаулы
нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін тәсілдерді өз бетінше анықтауға жағдай
жасайды.
Коучинг / Коучинг / Сoaching
-
сөзбе-сөз
дайындау, жаттықтыру
; әріптестердің
құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында
қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу,
коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының
жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары
сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |