Лейбл / Лейбл / Label -
тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы. Қазақстан
Республикасында лейбл ретінде 1-ден (немесе 0-ден) 5-ке дейінгі бағалар ұсынылады.
Дегенмен лейбл ретінде «үздік», «озық», «жеткілікті», «толықтырылмаған»,
«толықтыруды қажет етеді» деген сипаттамалар да қолданылуы мүмкін.
Маслоу қажеттіліктер пирамидасы / Пирамида потребностей
Маслоу / Maslow’s hierachy of Needs -
адам қажеттіліктерінің
иерархиялық моделі. Америкалық психолог
А. Маслоу
ұсынған
идеялардың қарапайым түрде баяндалуы. Аталған модель кең
тараған әрі танымал
уәж
теорияларының бірі – қажеттіліктер
иерархиясы теориясын көрсетеді. Ол теорияға сәйкес сатының
ең төменгі деңгейінен биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер орын алса,
жоғары сатысында өзін-өзі таныта білу орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |