Құрылымдалмай бөлінген топтардағы топтық жұмыс / Групповая работа с
неструктурированным делением на группы / Unstructured group work - топтық
жұмысты
ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушылардың қабілеттерін,
көшбасшылық қасиеттерін ескермей, кездейсоқ таңдау әдісімен топқа бөледі.
Құрылымдалып бөлінген топтардағы топтық жұмыс / Групповая работа со
структурированным делением на группы / Structured group work - топтық
жұмысты
ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушыларды шағын топтарға
бөлуді бүкіл топтың, сондай-ақ жекелеген білім алушылардың ерекшеліктерін
(мысалы, оқу үлгерімі, аталған пәнді оқуға деген қабілеті, көшбасшылық қасиеттері,
қарым-қатынас жасау қабілетінің деңгейі) ескере отырып, алдын ала жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |