қадағалау объектісімен
байланысты деректерді
интерпретациялау
жүргізіледі. Оның
нәтижесінде
қорытынды
жасалады.
• Қадағалау объектісі / Объект наблюдения / Object of observation
–
қадағаланатын адам, үдеріс, құбылыс, зат немесе т.б.
• Интерпретация / Интерпретация / Interpretation
(лат.
interpretatio
–
мағынасын жеткізу, түсіндіру) – қандай да бір құбылыс, оқиға, үдеріс не-
месе мәтіннің мәнін ашып, мағынасын ажырату, түсіндіру және мағынасын
жеткізу дегенді білдіретін ойлау жұмысы.
• Қорытынды / Заключение / Conclusion
- бір нәрсенің негізінде жасалған
қорытынды немесе бір нәрседен туындаған салдар болып табылатын пай-
ымдау, ой-пікір, тұжырым.
«Қара жәшік» / «Черный ящик» / The Black Box
-
ғылым мен техника саласынан
алынған метафора, онда «
қара жәшік
» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе
білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу,
шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не
объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты)
«қара жәшік»
деп
атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы.
Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа
қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды
меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |