скаффолдинг
», «
коучинг
», «
менторинг
» және т.б.) Қазақстан
Республикасының педагог қауымы үшін жаңа болып табылады.
Батыс елдерінде және Жапонияда өздерінің жоғары нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретіндігін дәлелдеген және бүкіл әлемге танылып отырған
Action
Research (сөзбе-сөз – Іс-әрекеттегі зерттеу)
және
Lesson Study (сөзбе-сөз –
Сабақты зерттеу)
сияқты педагогикалық тәсілдер әдейі аударылмай, Глосса-
рийде түпнұсқа тілде беріліп отыр. Себебі осы басылым авторларының пікірінше,
этимологиялық тұрғыдан мұқият талдау жасап, қазақстандық білім беру жүйесіне
бейімделетіндігін ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде барабар балама табу-
ды қажет етеді.
Осы Глоссарий (лат.
glossarium
– сөздер, тіркестер жинағы) Бағдарламаның
оқу-әдістемелік кешендерінде қолданылатын мамандандырылған ұғымдар мен са-
наттар жүйесі болып табылады. Глоссарий екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда
Бағдарламаның ұғымдары мен санаттары қамтылған. Олар әліпби ретінде орнала-
стырылып, сөзбе-сөз аудармасы, этимологиялық тарихы, түсініктемелері, үлгілері,
орыс және ағылшын тілдеріндегі баламалары берілген.
Глоссарийдің
екінші тарауы
– Бағдарламаның есімнамасы осы Бағдарламаға
негіз етіп алынған теориялар мен тәжірибелік зерттеулердің авторлары, ғалымдар
туралы қысқаша ақпарат берілген.
Авторлар ұжымы осы басылымда ұсынылған ұғымдар мен санаттардың тізімін
және мазмұндық сипатын жетілдіру жөніндегі сындарлы сын мен ұсыныстарды
қабылдауға дайын.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының электронды адресіне (info@cpm.kz)
жіберуді сұраймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |