Оқудың әлеуметтік-сындарлылық теориясындағы
негізгі мәселе
«білім» ұғымы әлеуметпен үйлесімді қарым-қатынас құра алуды да қамтитындығы
болып табылады.
Оқытудың сындарлы теориясы / Конструктивистская теория обучения /
Constructivist theory of education
-
оқушылардың ойлауын дамыту олардың
бұрынғы алған білімдері немесе сыныпта түрлі дереккөздерден (мұғалім,
оқулықтар, құрбылары) алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген
тұжырымға негізделген теория.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы
PISA / Международная программа по оценке образовательных достижений
учащихся PISA / Programme for International Student Assessment - Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы
(ЭЫДҰ) жүзеге асыратын бағдарлама.
PISA
зерттеулері үш жылдық циклмен өткізіледі.
PISA
зерттеулерінің негізгі мақсаты
он бес жасар оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалау болып табылады.
Зерттеудің басты сұрағы – «жалпыға міндетті білім алған он бес жасар оқушылар
қоғамда толық қызмет жасауға қажетті білімдер мен біліктерді игерді ме? Зерттеу
мектеп бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушының мектепте
алған білімі мен білігін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу қабілеттерін бағалауға
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |