Атырау қаласы, Дамбы селосы
Амангелді атындағы орта мектеп
Математика пәні мұғалімі
Шайдаева Роза Мойнаққызы
Тақырыбы: "Рационал сандарды бөлу"
тақырыбына есептер шығару. 6 сынып
Сабақтың мақсаты: рационал сандарды бөлу ережелерін есептеулерде пайдалануға, белгісіз көбейткіші, бөлгіші немесе бөлінгіші бар теңдеулерді шеше білуге үйрету.
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;
Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: бекіту сабағы.
Сабақтың типі: ойын - сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика.
Сабақтың құрал – жабдықтары: тест, слайд.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Алғашқы қадам» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 5 ұпай)
2. «Топтастыру стратегиясы»
3. Тірек схемасы
ІІІ. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
ІV.«Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
V. «Шешуші сәт» (семантикалық карта, тест тапсырмалары)
VI.Үйге тапсырма
VII. Бағалау.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:
І-кезең. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Алғашқы қадам» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 5 ұпай)
2. «Топтастыру стратегиясы»
3. Тірек схемасы
ІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
ІІІ-кезең.«Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
ІV-кезең. «Шешуші сәт» (семантикалық карта, тест тапсырмалары)
Достарыңызбен бөлісу: |