14. 03. 2012 Математика
Сабақтың тақырыбы: «Функция» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімдерін есептер шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау.
дамытушылығы: Алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру, дарындылығын анықтау.
тәрбиелілігі: Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Әдісі: Топтық.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, парақшалар.
Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты үш топқа бөлемін.
«Тапқырлар», «Алғырлар», «Ойшылдар».
Сабақты төрт деңгейлік құрылымға бөлемін
Танымдық деңгей (ауызша сұрақтар)
Алгоритмдік деңгей
Эвристикалық деңгей
Шығармашылық деңгей.
І. Танымдық деңгей.
Тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қоямын.
Функция дегеніміз не?
Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?
Функция графигінің анықтамасын айтып беріңдер.
Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?
y=kx+l функциясының графигі қалай салынады?
y=3x+5 функциясының графигінен l –дің мәні неге тең?
ІІ. Алгоритмдік деңгей.
Тест тапсырмалары
f (x) = x- l l -?
f (-7) = - 5,9 l -?
а) 2,9 ә) -2,9 б) 3 в) -3
f (2) = l -?
а) ә) - б) в) -1
f (-2,8) = - 2 l -?
f (x) = x- l l -?
а) -0,8 ә)1,2 б) 0,8 в) 3
Дұрыс жауаптар:
А 2. Б 3. Б
ІІІ. Эвристикалық деңгей. Кітап бойынша № 1413
“Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. “Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигінің есімін табу үшін тапсырмалар орындаймыз. ( Готфрид Вильгельм Лейбниц).
f (2) = 6 6= 2 k k=3 Л
f (7) = -35 -35 = 7 k k= -5 Е
f (3) = 27 27 = 3 k k=9 Й
f (0,5) = 4 4= 0,5 k k=8 Б
f (5) = 1 = 5 k k= Н
f (4) = -32 -32 = 4 k k=-8 И
f (5) = 25 25= 5 k k=5 Ц
IV. Шығармашылық деңгей
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
№ 1409 № 1414 № 1417
Үйге тапсырма: № 1424, 1425 Бағалау. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |