Кенесары туралы тарихи жырлар


Ш.Уәлихановтың халық өлеңдерін жіктеу



бет10/16
Дата27.01.2022
өлшемі38,81 Kb.
#129973
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
БАНУ ХАӘ
Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры!
1. Ш.Уәлихановтың халық өлеңдерін жіктеу

Қазақ халқының дарынды ғалымы Ш.Уәлихановтың рухани мұраны жинау, жариялау, зерттеу ісімен айналысқаны мәлім. Соның ішінде халық поэзиясын алғаш рет жүйелеп, тектер мен түрлерге бөліп, жекелей анықтама жасаушы екендігі ғалымдар тарапынан орынды бағаланған. Ғалымның «өлең» атауына қатысты пікірі былайша түйінделген. «Өлең» сөзінің қазақ даласына қолданылуға кіргеніне елу-алпыс жылдан көп аса қойған жоқ», - дейді.

Шоқанның кейінгі зерттеушілер «Қазақтың халық поэзиясының түрлері» деген атпен бастырып жүрген еңбегі қазақ ауыз әдебиетін зерттеудегі бағалы еңбек болып саналады. Мұнда Шоқан халық поэзиясында әбден орныққан түр, үлгілерді жанрлық ерекшелігі жағынан саралап айтып беруді мақсат етеді. Зерттеуші өзі көріп-білген, сол кездегі ел арасындағы әнші-жыршылардың өнерінен өзі байқап таныған жайлар туралы жазады. Ол ауыз әдебиетіндегі үлгілердің бәрін толық қамтымай, басты-бастыларын ғана айтқан.

Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең.

Шоқан халықтық поэзияда ең көп тараған түрлері ретінде жыр, жоқтау, өлең, қайым өлең, қара өлеңді жеке-жеке алып сипаттайды. Ең бастысы поэзия түрін жыр және өлең деп ажыратып, жырмен құрылысы, өлшемі тұрғысынан ұқсас болғанмен, жанрлық қалпы басқаша жоқтауды бөлек алып қарайды. Ал өлеңнің ішінде қайым өлең мен қара өлеңді бөліп алып қарастырады. Зерттеуші жырды халық туғызған поэзиялық үлгілердің ішіндегі ең көне, байырғы түрі дейді де, мазмұныдық жағынан батырлардың өмірін суреттейді деген пікір білдіреді. Осы тұжырымын қорытып, өлең мен жырды салыстыра келіп, өлең түріндегі шығармалар халық поэзиясында кейінгі жылдары орын алған дейді. «Ер Көкше-Ер Қосай», «Орақ батыр», «Едіге» жырларына түсінік беріп, олардың тарихилығына мән береді. Шоқан әсіресе «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына ерекше мән береді. Ол осы жырдың Орта Азияның барлық татар және моңғол тайпаларында бар екенін атап өтіп, бірақ мазмұнының әрқилы түрде айтылатынын жазады. Сондай-ақ жырдың ырғақ-өлшемі туралы пікір айтады. Шоқанның «Қазақтың халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегі қазақ ауыз әдебиетін құрылымдық, тарихилығы жағынан сипаттаған алғашқы еңбектердің бірі және кейінгі ғылымға нұсқаушы бастама болғандығымен маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет