Кенжәлиев Д. И. l Аспан механикасы


Ай тұтылуы дегеніміз Айдың Жер көлеңкесіне кіріп, көрінбей кетуі



бет17/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,32 Mb.
#41651
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ай тұтылуы дегеніміз Айдың Жер көлеңкесіне кіріп, көрінбей кетуі. Жердің көлеңкесі де конус тәрізді болады. Ай орбитасының маңындағы конус диаметрі Ай диаметрінен 2,5 есе үлкен болады. Ай тұтылуы кезінде Айдың бетіне күн сәулесі түспейді. Сондықтан толық ай тұтылуын Жердің теріс жағындағы барлық халық көре алады. Ай толық көлеңкеленсе (2 сағатқа дейін) – толық тұтылу, жартылай болса – шала тұтылу деп аталады. Тұтылулар болуы үшін Ай толық фазасына жақын болу керек.

Тұтылу шарттарына келер болсақ, ең басты шарт: жаңа ай не толық ай кезінде Ай эклиптика жазықтығында болуы керек. Ай мен Жер орбиталарының жазықтығы бір-бірімен беттескенде тұтылулар ай сайын болатын еді. Ай орбитасы эклиптика жазықтығымен 5009| бұрыш жасайды; Екеуі бір-біріне көлбеу болғандықтан, бұндай моменттер сиректеу болады.

Айдың және Күннің дискілерінің бұрыштық диаметрлері бірдейге жуық және 00, 5. Бұл 50,2 тан кем. Айдың жұлдызды аспандағы жолы эклиптикамен 2 нүктеде қиылысады. Оларды шарықтау немесе құлдырау түйіні деп атайды. Күн тұтылуы болу үшін Ай өзінін түйінің маңында ең көп дегенде 160 қашықтықта (шала Күн тұтылуы үшін) немесе тіпті 110 қашықтықта (толық Күн тұтылуы үшін) болуы тиіс. Ертеде адамдар Ай тұтылуын бақылай отырып, шырақты Айдаһар жейтін болар деп ойлаған. Сондықтан болар шарықтау түйінінің белгісі: b.

Сонымен Ай мен Күн түйіндердің маңында 2 зонада (ұзындығы 320 немесе 220 болатын) орналасқан жағдайда ғана Күн тұтылуы мүмкін. 1 тәулік ішінде Ай түйіндері Күннің жылдық қозғалысына қарсы бағытты 00,053-қа, ал 32 тәулікте 10,5-қа орын ауыстырады. Сол себепті Күн тұтылулар зонасын 320: 10-32 тәулікте емес, 30 тәулікте өтеді. Осы аралықта кем дегенде бір рет жаңа ай туады, ал сол кезде Күн тұтылады. Бірақ кейбір жағдайда 2 ретте жаңа ай болуы мүмкін, өйткені синодтық айдың ұзақтығы 29,53 тәулік. Сондықтан Күн тұтылулар бір жылда ең азы 2 рет, ең көбі 4 не 5 рет болады (бұл соңғы рет 1935 жылы болса, келесіде 2206 жылы болады).

Ай тұтылуларының болу шарты қатаңдау: 110- шала, 50-толық ай тұтылулары үшін зонанын үлкендігі 220. Ал Ай осы зонаны синодтық айдан әлдеқайда аз уақыт аралығында өтеді. Айдың осы зонада Жер көлеңкесімен кездесу ықтималдығы өте төмен, сондықтан кейбір жылдарда Ай тұтылу болмайды. Ең көп дегенде жылына 2 тұтылу болуы мүмкін (әрбір зонада бір- бірден) немесе тіпті 3 болған мезгіл де болған (1973 ж). Шала ай тұтылуларын ескергенде 4 ай тұтылуы болатын. Ай өз орбитасының бір түйініне қайтып келуінің уақыт аралығы дракондық айға тең. (1 тәулікте Ай аспан сферасында 130,2-қа шығысқа орын ауыстырса, ай түйіндері Айға қарсы бағытта 10,5-қа орын ауыстырады).

Ертеде адамдар тұтылулардың себептерін білмейтіндіктен, Күн мен Айдың түрлерінің өзгергенін көргенде, зәреқұты қалмайтын. Адамдар аспанды бейне бір алапат күштері айқасып жатыр деп есептейтін. Абыздар, астрологтар аспанды ұзақ бақылау жасап жүргендіктен тұтылулардың қайталанатындығын білуі тиіс еді. Бірақ бұл білімдерін олар жария етпей, өздері қызмет еткен билеушілердің билігін күшейту үшін және өздерінің қадірін жоғарылату үшін пайдаланды. Жылнамаларда талай Күн және Ай тұтылулар жайында хабар сақталған. Бұл хабарды тарихшылар да, астрономдар да кейбір маңызды тарихи оқиғалардың мезгілдерін аңықтау үшін пайдаланады, әртүрлі календарлық жылсанауларды салыстыруға, Күн және Айдың қозғалысын дәлірек анықтауға қолданады.

Тұтылуларды есептеу әдістері жақсы дамыған: біздің дәуірге дейінгі бірнеше мың жыл бұрын болған тұтылуларды қазір минут-секундына дейінгі дәлдікпен анықтай алады, 3000-шы жылға дейінгі болашақ тұтылулардың кестесімен таныстыра алады.

Тұтылулардың болуының белгілі бір реттілігі бар. Бұған негізі 242 дракондық ай 223 синодтық айға ұзақтығы бойынша тең. 242 дракондық ай – 223 синодтық айға тең

2235=223*24,53тәулік = 6585,32тәулік = 18 жыл 11,3 тәулік

2425др= 242*27,21тәулік=6585,35тәулік = 18 жыл 11,3 тәулік

Сонымен, 18 жыл 11,3 тәуліктен кейін тұтылулар бұрыңғы ретімен қайталанып тұрады. Тәуліктің саны бүтін болмағандықтан тұтылулардың шарттары осы аралықтан кейін өзгереді. Осы уақыт аралығы б.д. дейінгі VI – ғасырда-ақ белгілі болған. Ежелгі мысырлықтар оны сарос деп атаған. Әрбір сарос ішінде 43 күн және 28 ай тұтылулары болады. Тұтылулардың қайталануынын басқа да көпшілік біле бермейтін циклдері бар.

Күн және Ай тұтылуларын бақылау - ғылыми зерттеулер жасау үшін қажет. Мысалы, Күннің толық тұтылуларын бақылай отырып, тұтылу мезетінде күн дискісі толық жабылған кезінде, Күн атмосферасын және Күн тәжін бақылауға, зерттеуге өте ыңғайлы жағдай пайда болады. Ғалымдар бұндай мүмкіншілікті жібермеуге тырысады. Мысалы: 20-ғасырдың басында Күн тұтылуын пайдаланып, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының дәлелі болып табылатын фактіге,- Күн маңында жарық сәулесінің қисық жолмен таралатындығына көз жеткізген. Тұтылу мәселелері жөнінде [3,4-9] кітаптарында сипаттама берілген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет