Кенжәлиев Д. И. l Аспан механикасы


§7. Жұлдыздар аберрациясы және жылдық параллаксы



бет11/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,32 Mb.
#41651
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
§7. Жұлдыздар аберрациясы және жылдық параллаксы

Жердің орбита бойымен қозғалысы жұлдыздардың координаталарында периодты өзгеріс туғызады. Бұның себебі, Жер орбита бойымен қозғалғанда, жақын жұлдызға дейінгі бағыт өзгеріп, нәтижесінде жұлдыз аспанда бір жылда эллипс сызғандай болып көрінеді.

Бұл эллипстің өлшемдері жұлдыздың жақын-алыстығына байланысты. Өте алыс жұлдыздар үшін білінбейді. Жұлдыз эклиптика жазықтығына неғұрлым жақын болса, соғұрлым эллипс сығылған болады. Ал эклиптика жазықтығындағы жұлдыз үшін параллакстық эллипс сызықшаға айналады. Параллакстық эллипстің үлкен диаметрі 0,"76- тан аспайды.



Жердің орбита бойымен қозғалысы салдарынан жұлдыздың көрінерлік қалпының эллипстік траектория бойымен көрінерлік орын ауыстыруы жылдық параллакс деп аталады.

Жердің орбиталық қозғалысына байланысты жұлдыздардың орналасуындағы өзгерістер басқа да себеппен болады. Бұл- Жердің жылдамдығына тәуелді болатын аберрациялық ығысулар. Телескоппен жұлдызды бақылайтын астроном Жермен бірге қозғала отырып vt қашықтыққа орын ауыстырғанда, окулярға түскен сәуле s бағытта көрінгенімен басқа бағыттан (s|) келген сәуле болып табылады. Яғни s бағыттағы жұлдыз s| бағыттан табылады.



13-суретте σ-аберрациялық бұрыш. синустар теоремасына сәйкес: , бұдан , мұнда: σ- өте кішкентай бұрыш болғандықтан,- σ = 206265"sinθ , мұнда:

V=29,78 км/с -Жердің орбита бойымен қозғалыс жылдамдығы, ал с=299792 км/с -жарық жылдамдығы екенін ескерсек: σ=20",496sinθ20",50sinθ екендігі шығады. Мұнда θ - шырақтың жорымал орнына жүргізілген бағыт пен бақылаушының қозғалыс бағытының арасындағы бұрыш. Сонымен,

Бақылаушының қозғалыс жылдамдығының әсерінен жұлдыздардың көрінерлік орындарының ығысу құбылысы астрономиялық аберрация деп аталады.
Бақылаушы екі қозғалысқа қатысатындықтан, аберрация- тәуліктік және жылдық деп екі түрлі болады. Жылдық параллакстың салдарынан Жердің қозғалыс бағыты үнемі өзгеріп тұратындықтан, жұлдыз аспанда шын қалпының маңында аберрациялық эллипс бойымен орын ауыстырған сияқты болады. Эллипстің жарты осьтері 20",50 және 20",50sinb, мұндағы b - жұлдыздың эклиптикалық ендігі. Эклиптика полюсындағы жұлдыз үшін аберрациялық эллипс шеңберге айналады: өйткені b=900, ал sinb=1, ал эклиптика жазықтығындағы жұлдыз үшін – ұзындығы 20",50 * 2 = 41",00 сызыққа айналады, өйткені - b=0, sinb=0. Бұл эллипстің үлкендігі Жердің орбиталық жылдамдығына ғана байланысты, бірақ жұлдыздың алыс- жақындығына тәуелді емес.

Космостың ұшулар іске асырылғанға шейін астрономиялық аберрация және жылдық параллакс Жердің орбиталық қозғалысының дәлелі болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет