астрономиялық бірліктің мәнін а0=149597870 ±10 км деп бекітті. Ал Күн параллаксы Рок=8″,794 тең деп есептеледі.
Күн жүйесіндегі денелеріне дейінгі қашықтықтар астрономиялық бірліктермен өлшенеді.
Осы әдіс жұлдыздарға дейінгі қашықтарды анықтау үшін де қолданылады. Бірақ негіз болып Жер радиусы қабылдана алмайды, бұл өте кіші шама болып табылады. Бұндай қашықтықтарды анықтау үшін негіз болып Жердін орбитасының орташа радиусы, яғни астрономиялық бірлік а – алынады. p - Күн центрінен және Жер орбитасынан жұлдызға жүргізілген жүргізілген бағыттардын арасындағы бұрыштын ең үлкен мәні. Бұл бұрыш жылдық параллакс деп аталады,немесе Жер орбитасының орташа радиусының жұлдыздан өлшегендігі бұрыштық өлшемі болып табылады. 10- суреттен:
(6.8)
Жұлдыздарға дейін қашықтықтарды анықтағанда- жылдық параллакс шамасы қолданылады. Осыдан шыққан жұлдыздарға дейінгі қашықтықтың өлшем бірлігі – парсек (қысқартылған «параллакс – секунда»), яғни бұл- жылдық параллаксы 1" болатындай жұлдыздың қашықтығы (1пк). Сонымен, келтірілген әдістердің көмегімен Күн жүйесіндегі барлық үлкенді -кішілі денелерге дейінгі және жақын жұлдыздарға дейінгі қашықтықтар өлшенді.
Күн жүйесі денелерінің өлшемдерін анықтау.
Жерден әртүрлі аспан денелері үлкен, кіші болып көрінеді. Бұл аспан денесінін өзіндік өлшемдеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге оның бақылаушыдан қашықтығына тәуелді. Шырақ дискісінің Жерден көріну бұрышы шырақтың бұрыштық диаметрі деп аталады. Кейбір аспан денелерінің бұрыштық диаметрлерін тікелей бақылаудан анықтауға болады. Ең үлкен бұрыштық диаметр Күн мен Айда » 32" қа жуық. Планеталардікі бұдан кіші, яғни 1"-тан кіші.Жұлдыздардың бұрыштық диаметрі 0-ге жуық деп есептеуге болады, өйткені өте күшті телескоптармен бақылағанда жұлдыздар жарық нүкте болып көрінеді. Біздің қарастыратынымыз, жақын, яғни Күн жүйесі денелерінің, бұрыштық өлшемдерін анықтау. Сол аспан денесінің Жерге дейінгі қашықтығы белгілі болса, оның диаметрін сызықтық өлшемдермен анықтауға болады.
1 1-сурет. Аспан денесінің диаметрін өлшеу.
Суретте: r - М шырақтын бұрыштық радиусы, D - шыраққа дейінгі қашықтық
Ро – шырақтың горизонттық экваторлық параллаксы, Rо және r– Жердің және М шырақтың сызықтық радиустары белгіленген. Суреттен r =Dsinr және Rо =Dsin Ро , ал r = Rо екендігі көрінеді, ал бұрыштардың кішілігін ескеріп: r =Rо
Денелердін дискілерінің әр бағыттағы диаметрлерін өлшеп, дұрыс пішініп анықтауға болады. Аспан денелерінің сығылғандығының немесе созылғандығының салдарынан дененің бір диаметрі басқа диаметрлерінен артық немесе кіші болуы мүмкін. Сол арқылы аспан денесінің дұрыс пішінін анықтауға болады. Жасалған өлшеулердің нәтижесінде Жер тәрізді Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планеталардың пішіні де бір диаметрінен жалпайтылған шар болатындығы анықталған. Бұрыштың диаметрін өлшеуге болмайтын жағдайда (өте қашық болса) денелердін сызықтық өлшемдерін арнайы әдістемелермен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |