Кенжәлиев Д. И. l Аспан механикасы


§5 Коперник ілімінің таралуы



бет7/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,32 Mb.
#41651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
§5 Коперник ілімінің таралуы
Коперник теориясының ғылым дамуындағы маңызы жоғары болған. Бұл ілімнің маңызы планеталардың қозғалысын анықтап беруінде ғана емес. Ең басты жетістігі – шіркеудегі авторитетін шайқалтуы болып отыр. Христиан шіркеуі дәулетінің шарықтаған шегі болатын. Христиан діні үшін Птолемейдің әлемдік жүйесі негізгі фундаменттік ілім болды. Жердің орны әлемнің центрінде, құдайға да бұл жүйеде орын табылады: барлық сфералардың сыртында. Сол заманда шіркеудің көзқарасына қайшы келетін көзқарасты білдіру құдайдың бар болуына күмән келтірумен бірдей болды. "Ғылым діни ұстанымдарды дәлелдеу үшін ғана керек",- дейтін пікірді ұстанған шіркеу инквизициясы мүшелері шіркеуге қарсы шыққандарды қуғынға ұшыратқан заман болды.

Коперник ілімі орныққаннан кейін ғылым діннің салған бұғауынан босап шығып, өзіндік екпінімен дамыды. Христиан дін абыздары сол кезден бері Коперник ілімін жоққа шығаруды мақсат қылып, барын салып отыр. Бастапқы кезде дін басшылығы Коперник ілімін практикалық қажеттікті өтейтін пайдалы модель санап, қош қарсы алды. Кейін іліммен танысқан кейбір адамдар діннің ұстанған бағытына кереғар қарсы қорытындыға келетін болғандықтан, инквизиция кітапқа тыйым салып, сондай адамдарды қуғынға ұшыратып, қолға түсіргендерді зәбірлеп, көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр еткен. Бұл адамдар өз еңбектерімен Коперник ілімін дамытып, кемшіліктерін түзетіп, ілімнің дұрыстығын дәлелдейтін мәліметтер тапқан. Сондай адамның бірі- Джордано Бруно еді. Оның қызметі Коперник ілімін Европаға таратып уағыздауы ғана емес, сонымен бірге- әрбір жұлдыздың жеке дара Күн жүйесі болып табылатындығы жөніндегі болжамды айтуы еді. Ал Күн жүйесі әлемдегі көп жүйенің бірі болса, онда Жер тәрізді планеталар да, ақыл иесі - адам баласы да әлемде жалғыз емес. Осы көзқарасты Европаға таратқаны үшін Бруно ұсталып, шіркеу инквизициясының үкімі бойынша өлім жазасына кесіліп отқа өртелінді [42].



Коперник іліміне қосымша дәлелдерді тапқан адамның бірі- Галилео Галилей. Ол өзінің механикадан, астрономиядан терең ойлы тәжірибелері мен еңбектерінен белгілі болған еді. Бірақ астрономиядан басты жаңалықтарын көру трубасын аспанға бағыттаған кезде ашты. Ең алғашқы болып телескопты жасап, соның көмегімен Ай бетіндегі тауларды, Күн бетіндегі дақтарды, Шолпан фазаларын бақылаған, Юпитердің маныңда төрт серігі қозғалатындығын ашты. Атмосфералық құбылыс деп есептеліп жүрген Құс жолының әлсіз жұлдыздардан құралғанын анықтады. Бұл жаңалықтар Коперниктік модельді дәлелдей түскендей болды. Өйткені, Шолпан фазаларының болуы: мұның Күнді айналатындығын дәлелі болса, Ай бетіндегі кедір-бұдырлардың болуы Айдың Жер сияқты аспан денесі екендігінің дәлелі еді. Ал Юпитер планетасы серіктерімен қоса Күн жүйесі тәрізді жүйені құрауы бұл жүйенің әлемде жалғыз еместігін көрсетеді. Галилей инквизицияның қолына түсіп, жәбірленіп, көзқарасынан бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ бұндай шаралар Коперник ілімінің таралуын тоқтата алмады. Сонымен Коперник ілімінің пайда болуы ғылымның, адамзаттың дамуында ерекше маңызды меже болды. Бұл жаңалықтан кейін астрономия ғылымы қарыштап алға дамып кетті. Бұдан кейін Күн жүйесі тереңірек зерттеліп, мәліметтер жинақталып, толықтырылды. Жаңа планеталар ашылып, планеталарға дейінгі қашықтықтар, планеталардың массалары анықталды.
§6 Күн жүйесіндегі геометриялық қатынастар
Күн жүйесі денелеріне дейінгі қашықтықты анықтаудың екі әдісі белгілі:

  1. Тригонометриялық әдіс- шырақтың горизонттық экваторлық параллаксын өлшеуге негізделген.

  2. Радиолокациялық әдіс- планетаға қуатты электромагниттік толқын жіберіліп, планетаға барып қайту уақыты өлшенеді.

(6.1)

Аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтаудың тригонометрия-лық әдісі триангуляция әдісіне ұқсайды. Мысалы, Жер бетіндегі үлкен қашықтықтарды өлшеу әдісін қарастырайық. А нүктесінен алыстағы S нүктесіне (6-сурет) дейінгі қашықтықты анықтау үшін АВ базисінің ұзындығы өлшеніп, бұл нүктелердегі α және β бұрыштары өлшенеді. Бақылаушы А нүктесінен В нүктесіне көшкенде S денесі де оның аржағындағы денелер фонында орны өзгеретіндей болып көрінеді. Бұл ығысу берілген АВ базисі үшін π бұрышына тең. π - АВ базисі үшін параллакс деп аталады. АВ базисі мен параллакс берілген болса, онда S денесіне дейінгі қашықтық оңай табылады.

Жер центрінен және Жер бетіндегі бір нүктеден кез келген S1шыраққа шейін бағыттардың арасындағы бұрыш: (р)- тәуліктік параллакс деп аталады (7-сурет). Ол тәулік бойы өзгерісте болады. Шырақ горизонттан көрінген кезде параллакс ең үлкен мәнге ие болады және горизонттық параллакс0) деп аталады. Шырақтың горизонттық параллаксын табу үшін, бізге шырақ- S1 –дің зениттік қашықтығы z белгілі болуы керек. z=1 үшбұрыштарынан синустар теоремасына сәйкес:



(6.2).

және ; (6.3).

бұдан:

R мен Р0 шамаларын анықтап аспан денесіне дейінгі қашықтықты анықтауға болады. Күн жүйесі денелерінің Айдан басқасының параллаксы секундпен өлшенеді, сол себепті жуықтап:



деп алуға болады. Ал қашықтық (6.3) формуласынан анықталады:





8-сурет. Қашықтықтарды анықтаудың параллакстік әдісі.


Ай параллаксы: π

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет