горизонттық экваторлық параллакс деп аталады. Сонымен, тригонометриялық әдістің негізгі идеясы: шырақтың горизонттық экваторлық параллаксын анықтау болып табылады. Осы кезде тригонометриялық әдіс алыс планеталардың, астероидтардың, кометалардың қашықтықтарын анықтау үшін қолданылады.
Сонымен, горизонттық экваторлық параллакс дегеніміз аспан денесінен өлшенген Жердін бұрыштық радиусы болып табылады. Планетааралық қашықтықтарды өлшегенде бірлік етіп метрлік жүйені пайдалану ыңғайсыз, Жердің радиусы да бұндай қашықтықтарды өлшеу үшін өте кішкентай болып тұр. Бұл орайда ыңғайлы ұзындық: Жердің Күннен орташа қашықтығы болып табылады. Бұл ұзындық астрономиялық бірлік(а.б.) деп аталады.
Радиолокациялық әдіс жақын орналасқан денелерге дейінгі қашықтықтарды анықтау үшін қолданылады. 1946 жылдан Айға, 1957-63 жж. Күнге, Меркурийге, Шолпанға, Марсқа, Юпитерге радиоимпульстер жіберіледі. Сигналдың шығар моменті t1, және қайту моменті t2 өте жоғары дәлдікпен өлшенеді, (10-6 c). Сонда сигналдың зерттелінетін денеге барып жетуіне және шағылған сигналдың қайтып келуіне бірдей уақыт аралығы кетеді деп есептеп,
, (6.6)
- формуласын пайдаланып, аспан денесіне дейінгі қашықтықты өлшеуге болады. c- вакуумде радиотолқындардын жылдамдығы. (c = 299792,5 км/с.)
Астрономиялық бірлікті өлшеу үшін Күн радиолокациясы тиімсіз, өйткені радиосәуленің Күн атмосферасының қай қабатынан шағылатыны белгісіз. Күнді бақылайтын қондырғылар тез қызып, қате көрсеткіштер бере бастайды. Сондықтан, бұндай зерттеулер жүргізілгеннің өзінде де, нәтиженің қаншалықты дұрыс екендігіне күмән туады. Аристарх пен Гиппарх Күнге дейінгі қашықтықты өлшеп көрген. Бұл нәтиже қазіргі қабылданған мәнінен 20 есе кіші. XVII ғасырда Кассини бұл қашықтықты Марс параллаксі бойынша тапты.
Күнге дейінгі қашықтықты анықтау Күн жүйесіндегі басқа өлшемдерін анықтау үшін де манызды. Қазіргі қабылданған мәндер Күнге жақын келген планетаның параллаксын өлшеу
арқылы табылады. Бұл үшін бұрын Меркурий, Шолпан, Марс, кейін 23 млн. км жақындап келетін Эрос астероиды (радиусы 20 км) қолданылған [9].
Осы әдісті талдап қарастырайық (9-сурет):
Рор – планетаның, Рок –Күннің параллакстары, а – Жердің Күннен қашықтығы, ар – планетанын Күннен қашықтығы. R - Жер радиусы.
sinРокРок= ; бірақ sinРор = Рор екенін ескерсек ; Рок= Рор= Рор( -1)
Кеплердің 3 заңына сүйеніп, табатынымыз:
Рок =Рор (6.7)
Сөйтіп, қандай да бір планетаның немесе астероидтың Күнге қатысты қозғалыс сипаттамаларын анықтай отырып, Жердің Күнге дейінгі қашықтығын анықтауға болады. Соның бірі: Эрос 1930-31 жылдары Жерге жақындап келді Бұл кезде өлшенген параллакс Pok=8″,790±0″,001. (Эрос (немесе Эрот) астероиды 1898 ж табылған. Ерекшелігі 37 жыл сайын қарама-қарсы тұруы кезінде Жерге өте жақын келеді. Әсіресе ұлы қарама- қарсы тұрулары кезінде Марспен салыстырғанда Жерге 2,5 есе жақын келетін көрінеді. 1931 жылы оның Жерден ең жақын қашықтығы 0,15 а.б., ал параллаксы 60″ болған). Астрономиялық бірлікті ең дәл анықтаулар: СССР мен АҚШ-та - Меркурий, Шолпан мен Марс радиолокациясы арқылы жасалды. 1976 жылдан Халықаралық астрономдар Одағы
Достарыңызбен бөлісу: |