Ақша — айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кез келген тауар.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар: 1) құн өлшемі және басқа масштабы; 2) айналыс құралы; 3) төлем құралы; 4) қорлану және қор жинау құралы; 5) дүниежүзілік ақша
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі.
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар: ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар: ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотиваця) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатын білдіреді;
Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.