Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет10/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
*ЕРТЕГІЛЕР


Достық


Көк аспан. Айдынды шалқар теңіз. Дүниедегі ғажайыптың бәрі осы жерде, теңіз жағалауында сияқты. Бірақ арғы беттегі жағалауды қанша көргің келгенімен көре алмайсың, аспан мен теңіз жалғасып тұрғандай. Айнала көк аспан. Жағалай жүріп қай тұсына барсаң да толқын келіп ұрады. Сенімен күрескісі келгендей.
Иә, көк толқын сынбайды, асығып тынбайды. Бір сәт...
– Рахмет! –деп сыбырлайды Жағалау. Маған берерің бар ма, Толқын, деп сұрады. Толқын, сол сәтте-ақ өзінің ақ толқындарын лақтырады.
– Ұста! –дейді Жағалау, жарқыраған әппәқ тыйынды Толқынға лақтырып.
Толқын ұяла сырғып келіп, тыйынды тереңіне әкетеді де, қайтадан ақ көбігін атқылайды.
– Сен білесің бе? Мен өмір сүретін теңізде неше түрлі алтын, күміс, түрлі заттар, өте әдемі тыйындар бар. Көбі ең тереңінде жатыр, ал кейбір асылдары сандықта жатыр. Мұның бәрін ғажайып алып Жайын бақылап, күзетеді. Қандай жақсы болды. Енді менің өз қазынам болады.
Ия, менде де мұндай заттар көп, себебі мен сенен үлкенмін ғой, - деді Жағалау.
Мәссаған, оны кім айтты, сені менен үлкен деп? Толқын ренжіп қалды.
Дәл осы кезде олардың үстінен ашулы Жел ұшып өтті. Екеуінің тәжікелесуін Жел арқылы естіген Қамыстар да сыбырласып, сыпсыңдай қалды.
Дәл осы кезде олардың үстінен ашулы Жел ұшып өтті. Екеуінің тәжікелесуін Жел арқылы естіген Қамыстар да сыбырласып, сыпсыңдай қалды.
Су өзінің бойында көптеген жайларды жасырып сақтайды, ол данышпан және үлкен,- деді Толқын.
Бұлардың бәсекеге тәжілесуін естіп Күн сығалап қарады да: «Қалай ұялмайсыңдар, деді ашуланып.
Сендердің достықтарыңның көптен бері екенін білмейсіндер ме?
Күн шұғыласының бір ұшымен Жердің шетінен ұстады да, ренжіскен достарды татуластыра бастады.
Баяғыда, ерте-ерте, ертеде, суда әлі балықтар болмағанда, Жағалауда адамдар да, андар да болмаған кезде, тек екеуің - Толқын мен Жағалау болғансыңдар.
Қалайша ол естеріңде жоқ деп, таңданды Күн.
Жан-жақтарыңа қараңдаршы. Қазір жер бетінде барлығы достасуды біледі және дос болуы да керек.
Әсіресе бұл достық Адамдар үшін аса қажет.
Балаларға қараңдаршы, қандай тамаша, адал көңілдерімен достасады. Олар бір-бірімен бір тәттісін бөлісіп, бір-біріне ойыншықтарын береді. Ал кейде есе келе нағыз достықтың не екенін ұмытып кететіндер де бар.
Қиналғанда нагыз достан көмек сұрасаң, ол ойланбастан қолдайды.Нағыз дос үлкен жетістікке жетуіңді тілейді.
Үлкен өміріңді жайсаң жақсылыққа апаруға көмек болатын, тек, нағыз достар ғана. Олар үлкен қателік жібермеуіңе көмектеседі. Дос достан айнымауы керек.
Әлемдегі бір бағалы дүние - Достық!
Толқын мен Жағалау қатты ұялып, бір-бірінен кешірім сұрады. Толқын мен Жағалау шын достар!
Егер сенбесең, Күн бүлдірген түске бояла, қызара мүлгіген кезде, олардың нағыз мықты достықта екепін көресіңдер. Бірақ міндетті түрде өзің мен бірге сен де досыңды Жағалауға алып кел. ЕкеуіңЖағалаудың жылы кұмында отырып, Толқын мен Жағалаудың сылқылдай күліп, сыбырласқанын естисің,түсінесің. Осыны бір бақылап көріңдерші.



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет