Жеті қазынаның бірі - жылқы. Қазақ қалқының даласында сан ғасырлар бойы еткен жаугершілік заманда, басына сан мәрте һауіп тенгенде, батыр азаматтарды құс қанатты пырақтары аман алып қалған кездер көп болған. Ол заманда жылқысыз жаяу болса, жаяу адамның қолынан не келер еді. Сондықтан, қазақ жылқыны ер қанаты дегі, жанындай жақсы көрген. Ат дүбірі естілсе, бойдағы қаны тулайтын қазақ, атты бәйгіге қосып, көкпарға салады, күнделікті шаруаға баппен пайдаланады, жай күйіне қарап, баптап ұстайды. Қазіргі кезде екінің бірі ат ұстамайтын кездің өзінде, ежелгі дәстүр ат жарыстарын, атпен шынығу сайыстарының түрлерін жандандырып, қайта жаңғыртуда.
Жылқы малын қалық қазынасының бірі етіп санауында үлкен философиялық мән жатыр. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алмас қылыш, берен мылтық, ұшқыр тазы жігіттің бес қаруы болып есептеледі. Соның ец басында жан-жануардың ең ақылдысы, адамға жақыны - жылқы.
Қалықтың жылқы туралы ертегілері, аңыздары, мақал-мәтелдері, өте көп. Оның басты ссбебі. жылқы мінсе көлік, сатса бұйым. ішсе ас. Қазақ малып баға да, бағалай да білген. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жақсы аттарды, дүлдүл жүйріктерді, ақылды жануарларды Ертарғынның Тарланынан, Қобландының Тайбурылынан, Ақанның Құлагерінен көзге елестегіп, түсінік табамыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», - деген нақыл бұның дәлелі. Тайбурылды Құртқа баптап, алты жасқа дейін қараңғыда, құлағын тығындап ұстап, Қобландыға мінгізеді.
Қазақ жылқыны түріне, түсіне қарап түгендеген. Өз иелігіндегі малына иелік ету үшін, тек түсіне қарап емес, ен, таңба да сала білген.
Жылқы түсіне байланысты әдет-ғұрыптар да, жөн жоралғылар да, көне замандарда қалыптасқан және ете қызықты, тарихи оқиғалармен астасып жатыр. Мәселен боз түсті жылқыларды қадірлеу ғұрпы боз биенің сүтіне шомылса, адам бойындағы ауру-сырқау, қайғы-қасірет кетеді деп ырымдайды.Әлі күнге дейін балаға анасының алдындағы өтелмес парызы барын айтқанда «Осы шешеңді боз биенің сүтіне шомылдыратын жөнің бар ғой»,— деген сөздің барын естуге болады.
Ел, жер тағдыры сынға түскен шешуші ұрыстар алдында билер ақбоз атты құрбандыққа шалып, әскерге ақ жол тілеген.
Екі ел арасындағы соғыс тоқталып, бітімге келген жағдайда ақбоз бие сойылып, қанына екі жақтың елшілері сұқ саусақтарын матырып, енді ешқашан алакөз болмаймыз, — деп анттасқан. Ақбоз ат сойып, ант беріп. куә болу қазақ салтында, хх-ғасырдың басына дейін жеткен. Жеңістің қабарын білдіру үшін ақбоз атты ал жеңілістің қабарын білдіруге баран атты( қара атты)жаушы жіберілген. Бұл салт-дәстүр О.Сүлейменовтың «Ақжаушы мен қара жаушы» өлеңінде жақсы келтірілген. Ақбоз атты адам айбынды керінеді, ақбоз түс жеңіетің символын
білдіреді. Ақбоз атты қүрбандыққа шалу көптен көріспеген туысы келгенде, түрлі жаугершілікте жоғалып кеткен туған-туысы табылса, жеті атадан соң қыз алысқанда, наурыз мейрамы басталғанда, немесе жылқы шығынға ұшыраған жағыдайда орындалады.
Сондай-ақ қазақта атақты адамдар жайында «ол қара көктің тұқымынан ғой»,- деген де сөз бар. Мысалы Құнанбай «Біз қаракөктің тұқымымыз»,-дейді екен. Қызыл тілді шешен, ақындарды «қаракөк шешен», «қаракек ақын»,- деп, мадақ- таған. Байлар ерекше көрінуі үшін қаракөк түсті құлынның терісінен тон тігіп киген. Сондай-ақ, тек, байлықты көрсету үшін емес, сәннің де, серіліктің де, ғұрыптың да жоғары деңгейі десе де болар бай ұлы құлынжарғақ киген (құлынжарғақ - бие ішіндегі құлын бес-алты айлық болған кезде жарып алынып, тігілген мәуіті-мақпал масатыдай жұмсақ, жұлдыздай құбылып тұратын жұқа, жарғақ тон).
Ат қасиет иесі, деген сенімге байланысты көптеген ырымдар бар: Бала туғанда, ұлдың кіндігін шүберекке орап, айғырдың жалына байлап қоятын болған, себебі ұлдарының төрт түлікті өргізген дәулетті адам болғанын тілегені. Шебер, оң қолынан өнер тамған ісмер болсын,- деген тілекпен қыздың кіндігін сандыққа салған. Қырқынан шыққан соң баланы атақты адамдардың, қаракөк ақындардың, қызыл тілді шешендердің, баһадүр батырлардың үзеңгісінен өткізген. Жүйрік тұяғының таңбасы қалған жерді «періштенің ізі»деп атаған. Мұндай жерден бір уыс топырақ алып, шүберекке орап, бала жастығының астына салған, немесе суға қосып, баланы шомылдырған. Жылқының жал-құйрығының қылы адамды жын-шайтаннан, бәле-жаладан, қауіп-қатерден қорғайды, деген ырым бар.
Жылқының жалынан, кекілінен қыл алып, бала мойнына тұмар жасап таққан, бесікке жал, құйрығының қылын байлап қойған.
Мұның бәрі адамға зияны жоқ, таза тілекпен туындаған дәруіштей даналықтар болса керек.