Пырақ сөзін білеміз бе? Қазақ ауыз әдебиетінде батыр бабаларымыздың мінген аттарына асыл сөз теңеуін қолданып, «арғымақ», «тұлпар», «сәйгүлік», «дүлдүл», «пырақ» дегсн ұғымдар жиі айтылған.
Қалқымыз «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», — деген. Иәки «тұлпар, асқан жүйрік», -- деген мағына береді. Ал «пырақ» (арабша Бурақ), «дүлділ» (арабша Дүл-дүл) сөздері тілімізге ислам дінінің келуімен келген, әрі де араб тілінен енген,- дейді ғұламалар. Бурақ Мүһаммед пайғамбар ғ.с. «Мирадж» түні жеті қат аспанға көтеріліп, Аллаһ тағаланың алдына барғанда және қасиетті Иерусалимге сапар шеккенде мінген қанатты жануары. Діни аңыздар бойынша бұл қасиетті жануар оған дейін басқа пайғамбарға қызмет қылған екен. Пырақты Аллаһ тағала пайғамбарларға әдейілеп аспаннан түсіріп отырады екен. Алғашқы мұсылман дәстүрінде Бурақ - ақ, не шулан түсті, денесі жылқыға ұқсас, адам басты, алдыңғы аяқтарында қанаттары бар жануар түрінде сипатталған. Ғылыми еңбектерде «Бурақ» сөзі түрлі ереже өзгерістеріне қарай «пырақ» болып өзгеріске енген деп, тұжырымдайды.
Дүлдүл һазірет Әлінің талай шайқасқа мінген жүйрігі. Ерлігімен аты шығып, мұсылман арасында әулие саналатын һазірет Әлінің мінген қасиетті аты да қасиетті сипатқа ие болып, тұлпардың символына —рәмізіне айналды.
Сөйтіп, пырақ, дүлдүл сөздері жүйріктің (символы) рәмізі, батырдың аттарының теңеулері (эпитеті) болып қалыптасқан.
Тұлпарға тағзым Македония патшасы Филип керемет арғымақ Буцефальды әкелгенде Ескендір 12 жасқа жаңа толған кезі екен. Жалына қол апартпайтын шу асауды үйретіп, тақымға басу туралы ой, ешкімге келе қоймаған болатын.
Жасынан зерек, болашақ жаһангер Ескендір Буцефальдің өз көлеңкесінен үркетінін аңғарады. Сөйтіп, атты күнге қарсы бұрып қойып еді, жануардың үркектігі сап басыла қалады.
Ескендір кәнігі жылқышылардың көмегімен атты ерттеп мініп, бастықтырады. Буцефаль Зұлқарнайынның ең сүйікті тұлпарына айналады. Ол әбден қартайып өлген шақта Ескендір оның құрметіне тұтас бір қала салдырып, Буцефальдің атын
береді. Міне,тұлпарға тағзым осындай - ақ болар.
Ақылды мал. Жылқы — ақылды мал. Шекарадағы әскерлердің аттары бетен кісіні жанына жолатпайды. Мұндай аттардың кейбіреуі жасырынған жауларды исінен сезеді. Олардың тығылып жат-қанжеріне шекарашыларды өздері бастап апаратыны да болған.
Жылқы - ерекше күшті мал. Ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Қазақстанның көп жерлерінде жылқы қыс бойы далада жайылады. Жылқы қасқыр сиякты жауынан да қорғана біледі.
Қасқырды айғырлар теуіп, тістеп маңайына жолатпайды. Олар үйірінен қасқырға бірде бір жылқы бермейді.