Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет15/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
Дыбыс әлемі
Баяғы заманда Дыбыстар елінде қаһарлы Қатал атты патша болыпты. Ол өз қарамағына бірнеше Дыбысты алып, өзгелеріне әлімжеттік көрсетеді. Осы жәйттен соң дыбыстар жан-жаққа бөлініп кетіпті. Еркіндікті ұнататын әнші Дыбыстар бір бөлек, Таңбалар бір бөлек тарап кетіпті. Бір күні Қатал патша ашуланып, қол астындағы Дыбыстарды «Тастөбе зынданына қамап, сиқырлап тастапты», - деген суық қабар жетті. Ұялшақ бауырлары. «Ұямыз бір бауырымыз еді ғой, қиындықта іздеп көмектеспесек ұят қой», - деп жолға шығыпты. Сегіз түйені жолға жабдықтап, сегіз батыр да шығыпты.
Керуен Күн бата жолға шығып, Таң ата құр сүлдері жүрген, үндемейтін екі батырға жолығады.Олардың тағы үш бауыры бар екен, сөйлей қалса, қос дыбыс айтады екен. Керуен екі тәуліктей жүріп бір ауылға келеді. Бұл ауылда он екі әнші бар екен. Оның біреуі тілді еркін меңгермеген, шеттен келген әнші екен. Жергілікті он бір әншінің дауыстары әртүрлі естіледі екен. Ішінде өте бір қу Дыбыстар бар екен. Неге дауыстары әртүрлі деп ойласақ, ішінде жуан,жіңішке сөйлейтіндер бар екен. Әлгі қу Дыбыс, өзі нағыз қу екен. Жуан да, жіңішке дауыспен, дауыстап та, дауыссыз да үн қата алады екен.
Демін алған керуен дереу жолға шықты. Ұзақ жол бұларды белгісіз өлкедегі ауылға әкеп тіреді. Ондағы елдің үні қызық екен. Біреулері ырылдап,біреулері ыңылдап, біреулері ымдап, (біреулері өкіріп сөйлеседі. Тұрғындардың жалпы саны жетеу екен, әйтеуір үндері бар. Жөн сұрасып, жағыдайды айтып, бұлар осы маңда ысылдап, пысылдап, ышқынып, күрсініп жататын он бір тас төбешік барын естіп, бел шешіп, дем алмастан, тас төбелерді бетке ұстай қозғалды. Тас төбелерге келген соң, әркім өз бауырының атын атап, дауыстайды, шақырды.
Сөйтсе, сиқырды жеңудің басты шарты Мейірім ананы келтіру керек екен. Осыдан кейін Мейірім ана әр Дыбыс балаларының жүрегінен орын алып, бауырларды бір-бірімен табыстырды.
Қуанысып, қауышып табысқан бауырлар бұдан кейін өте тату тұрыпты. Сөйтіп, балалар сурет салады, ән айтады, тақпақ оқиды, өлең жазады. Бәрі бірігіп Сөз ауылын, Сөйлем ауылын аралайды. Ол ауылдағы Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш деген ғұлама қариялармен танысады. Қариялардың әрқайсы өз сипатына, іліміне сай қызмет жасауда екен.
Бастауыш ақсақал мінбеге көтеріліп Сөзге бастау айтты Баяндауыш басқа Дыбыстарға жағыдайды түсіндіріп, баяндады, оған ілесіп Толықтауыш та, әңгімені толықтырып тұрды. Пысықтауыш соңында келе жатқан Анықтауыш деген бәйбішеге бірдеңені айтып пысықтап жатты. Анықтауыш бәйбіше мінбедегі Бастауыштан алысырақ жерде тұрса да Дыбыс балаларының Дыбыс туыстарын танығанын, Сөзді тыңдап, Сөйлемнің айтқанын ұғып, меңгергенін анық көріп тұрды.
Барлық Дыбыстар қуанышқа бөленіп, әрқайсысы өз міндеттерін атқарып, жұмысқа белсене кірісті.
Міне, балалар, осы Дыбыстар елінен үлгі алып, үйреніп, жақсы оқыңдар. Білімді, әрі ұйымшыл болсаңдар, сонда ешбір қиындық сендерді жеңе алмайды.
Әліпби
(өлең ертегі)
Ерте, ерте, ертеде
Аспан мен Жердей көлемде
Сия, - деген өзенде
Ғұлама қалық табысқан.
Жағасы толы гүл, құрақ,
Тауларда шырша, тал, қайың,
Баурайы аққан мың бұлақ
Елге қоныс сол тұрақ.
Сол Сия өзен қасында
Қала бопты гүлденген,
Үйлері биік, көлемді.
Сәнді, мәнді, өлеңді.
Бірі дөңгелек, дәлізді,
Бірі-қиғаш, доғалдау,
Балға, терек секілді,
Тағы басқа түрліше,
Құрлыстары өзгеше.
Тұрғындары қаланың
Қаласын сұлу сүйігіті,
Ыстық - суығына күйіпті.
Бірде данышпандарын
Түгелдей, дерлік, жиыпты.
«Әліпби», - деп, аталар
Ат беріпті қалаға.
Тұрғын қалқы сұлу,
Ақылды да, алғыр,
Бауырмал да, батыр
Тұз дәмдері жарасқан
Еңбекшіл де, еркін,
Адамдар екен ерен.
Әкімдері әділ,


Ақындары айбын,
Батыр да, бағбан,
Гүлзары гүлжиһазды,
Ғұлама ғажап ғалымы,
Домбырашы, дарымшы,
Етікші мен егінші,
Жезші менен жиһангер,
Зәкші, заңгер, зейнеткер
Инабатты, иманды
Күзетшісі, күйшісі,
Лагылшы мен лаукесі.
Мысшы, мерген, мұнайшы,
Наубайшы, наушы, нәлшісі,
Орманшы, оюшы, оташы
Өзгеше өздері өмірлі.
Палуаны патшадай,
Рауан руһы райлы.
Суретші, сұлу саятшы,
Тақымгер және тариһшы
Уайымсыз, уағдашыл
Ұлағатты ұрпақты
Үміттері үлкен үлесте.
Фәлсәфашысы фәрішта,
Қаһарманы қажырлы,
Шежірелі шіліңгір
Ырызықты да ырымды.
Еңбгіне аты сай,
Әліпбиі сөзге бай,
Тұлғасына қалқы сай,
Құсқауырсын қаламы.
Сиямен бояп түр түске
Тәптіштеп жазар сыры бар
Заманда заңғар заты бар,


Әлемде әбүйір аты бар
Болашақ тариһқа қаты бар
Ұлы қазақ қаны бар
Кең жайлауы сыңсыған
Төрт түлік толы малы бар.
Даласы толы аң, құсқа
Жазира жайсаң жаһұтта
Адамдары арлы,
Жәйлау, қыстауы сәнді.
Әліпбиі қисынды қилы ой
Даласы тұнған нақыл - ой
Парасат етіп данасы,
Саналы, саңлақ баласы,
Шындықпен толды бағасы
Нұрсұлтандай патшасы.
Осындай Ұлы Отанды
Қазақелі, - деп атапы.
Қабыл боп баба батасы
Мемлекет болып бірікті,
Қаласы, елі іргелі
Өзгеге оның үлгі ісі.
Қазақша ойлап арманын
Орысша да оқып, жазады.
Ағылшын тілін меңгерген,
Компьютерді еңсерген.
Осындай қазақ даласы,
Әліпби - көркем қаласы,
Мен, Сен, Ол- Барлық
Қазақел баласы.
Сол ғажап ел шаһарда
Сәнді тұрмыс құрады.


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет