Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет14/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110
Бұл, әлде, маһаббат па?!
Жайлау. Жаймашуақ жадыраған жаз. Ақтөс тазы орнынан тұрды да дүр, сілкініп,бір жұмысы ұмыт қалғандай, керіле басып, екі аттады да, танауын көтеріп, батыс жақты иіскегендей болды. Бұрыла басып тұрды да, алысқа көзі талғанша қарады. Сол алыста сәл-пәл уақытта күн ұясына кірмек. Ақтөстің тезірек дыбыстағысы келді. Бірақ Күн шұғыласы көзін қарықтыр-
ғандай болды. Көзін шағылысғырған Күн көзінен көз ұясы жасаурап кетті. Көзі шылауланған сәтте Күн үлкейіп, жарық сәулесі кемпір қосақтай түр-түске бөленді, ондай түстерді Ақтөс білген де емес кой. Алғашқыда түсіне алмай алдыңғы аяғын соза керіліп, аузын ашып, ернін жалады. Сол сол-ақ екен үріп қалды да, артынша қатты-қатты үрді.Қатты үргені сонша асқа тойып, керіле ұйқыда жатқан мысық Мішімай қорқып, ыршып түсті де, мына тәртіпсіздікті тыймақ оймен Ақтөске жақындады, «Қойсаңшы, дәл қазір қатты үрудің қажеті жоқ қой, күн ұясына асықпай кірсін»... Ақтөс күтпеген қонағына қарады да, оның өзіне қараған көзінен ойсыз абыржып, жүрегі қатты соғып-соғып кетті. Бұл ішкі сезім «Мүмкін, сен оны сүйіп қалған шығасың?- дегендей болды. Бұл қалай? Бұл жақсы ма, әлде жаман ба деп, ойланды Ақтөс. Иә, бұған бірдеңе деуім керек шығар. Сөйтті де күмілжіп: «Сен кімсің? — деді.
Мына сөзден, ойламаған жерде, Мішімай құлап қала жаздады. Ол басқа бір сөзді күтіп тұрған еді.
«Білмеймін, сен кімсің? Бірақ, сен сондай, йә, сондай»...деп, Ақтөс ойлана айтты.
«Оу, сен не, айтатын ойың бұл емес еді ғой, ойыңды дұрыс айтпадың»...деп, ерекше бір күшпен ішкі дауыс айқайлады. Осы ойы кеудесінен шығып кетпесін дегендей кеудесін тарта қысып, айтты: «Сен сондай, сондай жақсы...» (ол табанымен де, сосын көзімен де көрсетпек ойда болды) ақыры сөзін «Мен сені сүйемін!» — деп аяқтады. Мішімай бұрынғыдан бетер қысылды, көзі айнала жүгірді, аузы аңқиа ашылды. Ол өзінің түсінбегенін ескертпек болды. Мішімай Актөстің бұл жағыдайын сенімділікпен өзіне деген сезім деп қабылдады.Ақтөс оған қандай да бір нәзік сезімін білдіріп, рақметін айтқысы, сыйлағысы келді. Сол үшін үйшігіндегі сүйекке ұмтылды. Сол сәтте көзіндегі жас ыршып жерге түсті.
Сүйекті алып келіп, олай-бұлай қарап, әлгі бейтанысты көп іздеді. Таба алмай Мішімай жаққа бұрылды. Сен осы жерден көрмедің бе, әлгі нағыз, нағыз...
Мішімай, «бұл жерде менен басқа ешкім, еш бейтаныс болған жоқ, сен, тек, менімен ғана сөйлестің, Ақтөс»,-деп, айтпақ еді, бірақ сол сәтте оған көп нәрселер түсініксіз болды. Ол Ақтөсті мазаламас үшін көп сұрақтар бермей, бұрылды да жүре берді. Ал Ақтөс болса, оның ойынша, ғажайып бейтаныстың жол алған жағы Күннің батысына қарай ұзақ-ұзақ қараумен болды.
Сол кезде ақырындап Ай да көтерілген еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет