Тасбақа, Піл және Керен Ерте, ерге, ертеде, уәдесіз бір кезенде, Піл Тасбақаны кездестіреді. Піл арқырап, кеңсірігін дүрілдете дірілдетіп «Жолдан былай кет, әлсіз жәндік, мен сені басып кетуім мүмкін»,-дейді.Тасбақа қорықпай таскереңдей үнсіз, орнынан қозғалмайды.Сондықтан да піл үстінен басып өтті, бірақ езіп кете алмады.
«Піл мырза, мақтанба, мен де сендей күштінің бірімін», -дейді Тасбақа. Піл шегі қатқанша күледі. СондаТасбақа тұрып, ертең таңертең, күш сынаспаққа төбешікте кездесейік деп, ұсыныс жасады. Ертеңінде Күн көтерілмей тұрғандаТасбақа төбешіктен өзенге түсіп, суға бара жатқан Керенге кездеседі.
«Керен мырза, күш сынассақ қайтеді. Бәсім бар, сізден кем түспеймін», - дейді Тасбақа.
Керен де аузын керендей ашып, мына келеңсіздеу ойға қызыққандай болды да, келісті. Тасбақа мына ұзын арқан жіптің бір ұшын «әуп!»— деп айқайлағанша тістеп тұруды ұсынды да, өзі Піл тосатын төбешікке жетуге асықты. Пілге барып, мен «әуп!», —деп айқайлағанда арқанды тартатын бол, көрейік қайсымыздың мықты екенімізді,- дейді. Піл мен Керен екі жақта «әуп!», — деген бұйрық бойынша арқанды тартты-ай кеп, тартты-ай. Бірақ, бірін-бірі тартып әкете алмады, күштері тең түсті. Олардың әрқайсысы Тасбақаның күші өзімен тең
деп ойлады.
Өсиет: Өзіңнің күшің жетпейтін, сенің орныңа басқа біреу атқаратын
жұмысқа әсте барма. «Әліңді білмей әлек болма»,— дегенді есте ұстаған жөн Ал қулығы жеткен Тасбақа, өзі үшін жұмысшы басқаға атқартып,
жақсы атын өзі иеленді. Ұят — ай!