I ғажайып: Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенсі. Самарқанның әміршісі, есімі әлемге аян жауынгер - қолбасшы Ақсақ Темір 1397 жылы салдырған. Бұл кесене күллі Орта Азиядағы аса құнды тариһи ескерткіштердің бірі. Биіктігі 40 метр жоғары, көлемі 3 мың шаршы метрден көбірек. Үлкенді-кішілі бөлмелер саны — 314, ал орталық күмбездің диаметрі 12метрден асады. Бұл кесенеде қасиетті бабалар жерленген.
II ғажайып:Самарқан аймағын ертеден мекендеген қалықтардың бірі - қазақтар. Нұрата, Қаттақорған елді қоныстарында кандастарымыз қазірде баршылық көрінеді. Қазақтар Самарқанның Регистан алаңындағы дүние жүзіне әйгілі (архитектуралық) сәулетті Ансамбльді тұрғызуға да ат салысқан. Алшын Жалаңтөс батырдың басшылығымен салынған айшықты, зәулім ғимараттар өлмес - өшпес тариһи ескерткіштерге айналған.
III ғажайып:сол XV ғасырдың басында салынған тағы бір Орта Азиялық ғаламат архитектуралық (сәулет) ескерткіш - Гур-Эмир кесенесі,атақты Әмір-Темір мен оның немересі, ұлы ағартушы, философ және астроном Ұлықбек жерленген. ХV-ғасырда (6 ғасыр бұрын) тұрғызылған, кейіннен Ұлықбек медресесідеп аталған Регистан ғимаратының бейнесі өте ғажап дүние екен, Ұлықбек обсерваториясы делінген.