VI ғажайып: Эйфель мұнарасы.1889жылы француз революциясының жүз жылдығына орай қалықаралық көрме ұйымдастырылып, соған орай Эйфель Александр Густав деген инженер биіктігі 300 метрлік мұнара тұрғызуды жоспарлаған. Мұнара бой көтергенде көптеген белгілі мамандар мен ғалымдар Эйфельдің математикалық есебіне күмән келтіріп, ұзамай құлайды деп сәуегейсіген. Олар тап мұндай мұнараның керегі не, түк пайдасы жоқ дескен. Алайда сәуегейсымақтардың айтқаны келмей, Эйфельдің мақсаты орындалып, осынау ғаламат мұнара қазірде әлемдік құрылыс өнерінің шырқау шыңы болып қана қоймай, ғылым мен техника дамыған дәуірде радио мен телевидение үшін тамаша антенна қызметін атқаруда. Париж қаласының көркіне айналған мұнара Эйфельдің есімімен аталады. Эйфель мұнарасы он градустық аяз кезінде 17 сантиметрге қысқарады екен Бұл суықтың әсерінен болатын құбылыс. Мұндайда тура, есептеу ғажабы болады екен-ау. Эйфель мұнара мүсініне жылқының құйымшақ сүйегін негізге алған деген де ой артық емес сияқты. Жапондықтар жылқы қазысын емге пайдалана білген.
Бір ерек ғажайып:Әлемге әйгілі болған, қажылықтың негізін салауаттандыратын Мекке,аспаннан түскен Көк тас жайын айтсақ, бұл да бір ғажайып емес пе?! Өлмес өшпес естелік дүние ғой.