VII ғажайып: «Алтын адам».Ол сақтардың б.д.д. V-VI ғасыр кезеңіндегі жасы 17-18-дер шамасындағы, жас жауынгерінің киімі, өзі жойылса да өте қымбат асыл тастардан жасалған киімі - біздің «Алтын ғасырымызға» жетіп отыр. «Алтын адам» Қазақстанның Есік қаласындағы обадан табылған. Төбесі шошақ, биік бас киімнің ернеуі 200-ден артық алтын зерлі заттармен әшекейленген. Иір мүйізді, қанатты екі аттың мүсіні маңдайында тұр. Алтын киімдерінің әр бөлігі барыс, арһар, жылқы, тауешкі және құстың алтын жапырақтарынан жасалған кесінділермен өрнектелген. Мойнына бұрап жасалған алтыннан алқа таққан. Алқада жолбарыстың басы бейнеленген. Үстіне қызыл былғары бешпент киген, оның жағасы, өңірі, етегіне жолбарыстың тұмсығын бейнелеген. Етігінің қонышында бармақтай кесек алтын әшекейлер жапсырылған. Қайыс белбеу өрнегі де кесек алтыннан, бұланның бас бейнесі құйылған. Белдіктің оң жағында семсер, сол жағында қанжар ілінген. Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетіне қолына қыран ұстаған алтын адам басы бейнеленген. Бұл жүзік -мөр. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған асыл бұйымдардың- дүниежүзілік маңызы зор жаңалық, мәңгі өшпес табыс.
Осы Есік обасынан біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларға тән төрт мыңнан артық бұйым табылған. Қазақ: «Құдай-бір, пайғамбар-һақ», - дейді, ал политеизмнің-бұрын көп құдай болған да шығар дегенін айтсаңыз, қазақтың төбе шашы тік тұрады.
Қазақ: «жеті бүзірік әулие — ай!» Әулие ата, «жеті атасын білмеген мұрт» (мұрт - діннен безген кәфир), «жеті нан құдайы», «жеті тиын садақа» деп келеді.
Жеті санының ой - санадан мықты орын алғаны сондай, қазақ, табиғаттан тыс күшті көрсеткісі келсе де «жеті» санының ерекшелігін пайдалана білген. Мәселен, ертегілерде:«жеті басты жалмауыз», «жеті басты аждаһа»...дейді.
Үлкен санамен байланыса қалыптасқан, қалық арасында қатты бағаланып, берік ұстанатын салт жеті атаға дейін қыз алыспау. Мұндай әдет түркі, монғол қалқында да ғасырлар бойы сақталып келген. Бұл ғадет шариат һадисінде де бар екен. Бертін келе алыс-жақындардың өлшемі де осы «жетімен» өлшеніп, әр рудың адамы ең болмағанда жеті атасынан бергі шежіресін білуге міндетті болған. Осыдан «жеті атасын білмеген мұрт еді» деген сөз қалған. Көп жағдайда осы «жеті өлшеммен өлшеп, осы үлгіде пішіп, ежелден кедей, тұқым-тұқымынан бері қарай дәнеңе көрмеген жарлы болса: «жеті атасынан түк көрмеген», «жеті атасынан көргені қорлық», «жеті жасынан жарлы-жақыбай», «жеті атасынан жарымаған»,- деп отырған. Енді бірде: «жетім жеті жердің тәрбиесін көрген», «жеті атасынан жетілген азамат», «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің»,-сияқты саналы қағидалар қалыптасқан. Ал, егер үрім-бұтағынан бері қарай боп жатқан байлық, ақындықты айтқысы келсе, «жеті атасынан қара көк» (шынжыр балақ, шұбар төс, бай манап, шонжар)десе, бірде «жеті атадан негізі тойған» «батырлық, байлық жеті атасынан келген», деп келеді. Ата-бабасынан бері қарай ақындық дарыған кісіні: «жеті атасынан ақындық қонған», «жеті атасынан жетілген»,- дейді. Осындай үлкен саналылықпен қалыптасқан, қалық арасында қатты бағаланып, толық ұстанатын салт-дәстүр қазақтың ары мен сана сапасынан, жұлдызнамалық есебінен туғаны анық.
Ғалым С.Кеңесбаевтың айтуынша, осы тіркестерден «жеті» дәл жеті мағынасында айтылып тұрған жоқ, жеті деген сөз 7 сан есіммен лексикалық мағына жағынан (адекватты) барабар, тепе-тең емес; бұл соңғы (фраза) тіркестегі «жеті» сөзі о бастан, ежелден, қашаннан, арғы атада, ең алғаш белгілі бір сөз өзінің дәл мағынасында айтылса, қоғамдық, жалпы экономикалық даму кезеңдерінде, ол сөз өзгере, құбыла келіп, бастапқы тікелей мағынадан айырылып калып та отырады.
Алғашқы дәуірде «жеті» шекті, дәл сан болса, бертін келе «шексіз» немесе тиянақсыз, әйтеуір бір «көп сан» ретінде айтылып кеткен. Бұл тәрізді құбылмалы, өзгерісті, тілдің лексикалық саласының басқа тарауларынан да байқаймыз. Көптілді білетін, көптеген қалықтардың, әдет-ғұрпын білетін полиглот (сөзжұтқыш) кісіні қазақ, «жеті ғылымның тілін біледі»— дейді; мұндағы «ғылым» - «білім» мағынасында емес, «ел», «жұрт» мағынасында; бұл сөз тілімізге араб тілі арқылы келген грек сөзі, грек тілінде «ықлым», одан арабша, одан казақ тілінің (фонетика) дыбыстық заңы бойынша қатар келген екі дауыстының бірі түсіп қалып, қатаң дыбыс дауыстының әуенімен ұяндап «қылым» орнына (ғ) ғылым болып отыр. Бұл ықылым («ғылым») о баста қилы» (әр қилы) деген сөзден өзгеріп алынған болу керек», - деп түсініктейді ғалым С.Кеңесбаев. Ал, негізін ойлап қарасақ «жеті» атадан бері де, орташа есеппен 70 жастан алсақ - та, 490 жыл өмір өтеді. Оның үстіне жеті ел тілін бір-бір ғылым деп білсек артық емес, ол да уақытша мөлшер. Қазақ тілінде «жеті атамнан (жеті мұстанымнан) мұндайды (пәлені) көргем жоқ»,— деген сөз бар. Яғни «атам заманнан», «ешкашан», «ешбір уақыт», «көп заманнан» деген сөз ұғымдары бар екенін аңғару қиын емес. Немесе біреуді түгін қалдырмай, үрім-бұтақтан бері қарай, «сыбап, балағаттайды: «жеті атаң...», «жеті мұстаныңнан...», «жетпіс жеті атаңнан» т.б. деп құлатады.
Жеті саны: Бұрынғы қазақ һандығының қоғамдық құрылымы жеті сатыға бөлінген: ауыл, арыс, ата аймақ, ұлыс, ру, жүз, һандық.
Ауыл - ең жақын, қандас он үйелменнен тұрады. Оны Ауылбасы басқарады.
Ата аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Оның басшысы Ақсақал деп аталады.
Ру - он үш, он бес аймақтан тұрады. Оны Ұлыс басы басқарады.
Арыс бірнеше рудан құралады.Басшысы - Би.
Ұлыс бірнеше арыстан құралады. Билеушісі - Сұлтан.
Жұз құрамына бірнеше ұлыс кіреді.Билеушісі - һан.
һандық үш жүзден тұрады. һандықтың ең үлкен әміршісі- һақан, иаки - Ұлы һан.
Қазақтың таным түсінігіндегі «Жеті ата» дәстүрлі салтсанасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны ата-әжесі, одан қалса әке-шешесі, аға туыс, жекжаты үйретіп, жаттатуға тиісті. Басты себебі: қазақта Жеті атаға дейін қыз алыспайды. Жеті атаға дейін бір атаның баласы, туыс болып есептелінеді. «Жеті ата» (баладан бастауын - «Жеті пұсты» деп те атайды) былай таратылады: