Кэролайн Уилсон Алтон Гриззл Рамон Туазон Кваме Акьемпонг Чи-Ким Чун медиa және ақпaрaт тық сaуaт тылық: ОҚытушыларға көмекші қҰР


ПЕДОГОГИКAЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК



Pdf көрінісі
бет61/158
Дата06.10.2022
өлшемі5,13 Mb.
#151884
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158
Байланысты:
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18

 ПЕДОГОГИКAЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК
 ТAПСЫРМAЛAР
«Өркениет тудырған көптеген идеялардың ішінде ең мықтысы адамдар өздерін 
өздері басқара алады деген пікір болды. Бұл пайымды қолдау бағытында онша 
түсінікті емес ақпарат теориясы, журналистика ұсынылған болатын. Олар енді 
бірге даму мен құлдырауды бастан кешіріп келеді». 
Билл Ковaч және Том Розенстил, «Журналистика негіздері»
Пікір білдіру еркіндігі немесе сөз бостандығы деп танымал ұғым адам әлеуетін толық 
жүзеге асыруға керекті фундаментальді құқықтардың бірі және басқа құқықтар мен 
еркіндіктің, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізі болып саналады. Алайда пікір 
білдіру еркіндігі ақпаратпен, идеялармен тиімді бөлісетін жалпы көпшілік алаңдарынсыз 
өмір сүре алмайды. Осы жерде мұндай алаңдарды ұсынуда медиа маңызды рөл ойнай 
бастайды. Алайда бұл мақсатты жүзеге асыру үшін медиа мемлекеттік немесе үкіметтік 
бақылаудан тәуелсіз болуы керек. Өз кезегінде, реттеуден еркіндік журналистерге 
этикалық нормаларды сақтауды міндеттейді. Оларды реттеу үшін журналистика стан-
дарттарын анықтайтын кәсіби этика ережесі жасап шығарылған болатын. 
Егер оқуды ұйымдастырушы орынды деп сaнaсa, ол педагогтарға журналистерден 
сұхбат алып, олардың журналистиканың демократияны жандандыру мен қолдаудағы 
рөлі туралы пікірлерін анықтауға тапсырма бере алады. Сұхбат беретін журналистер-
ден ұлттық және халықаралық масштабта медиа шешуші рөл атқарған оқиғаларды 
мысал ретінде келтіруді және медиа иелері мен қоғам қызығушылықтары арасындағы 
келіспеушіліктерді реттеу үдерісін сипаттауды сұрау керек. Әрі қaрaй, педагог-
тар медианың нақты рөлін, медианың жұмысының әдісін және олар көтерген негізгі 
мәселелерді қамтитын 2 бет көлемінде баяндама дaйындaулары керек.
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Оқытушыларға «сөз бостандығы» және «баспасөз еркіндігі» тақырыбындағы термин 
эволюциясын зерттеп, төмендегілерді қамтитын есеп дайындау қажет:

тарихи дата эволюциясындағы «сөз бостандығы» және «баспасөз еркіндігі» 
терминдерінің теория және практика жүзінде қолданылуы;

баспасөз еркіндігі мен демократияға елеулі үлес қосқан медиа агенттіктердің ат-
тары мен журналистердің есімдері;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет