Кертаева г. М. Педагогикалық деонтология негіздері қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата18.03.2017
өлшемі5,43 Mb.
#11892
  1   2



КЕРТАЕВА Г.М.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ДЕОНТОЛОГИЯ

НЕГІЗДЕРІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КЕРТАЕВА ҒАЛИЯБАНУ




ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ДЕОНТОЛОГИЯ

НЕГІЗДЕРІ

Павлодар 2011
Б

БК 7472



Баспаѓа С. Торайѓыров атындаѓы Павлодар мемлекеттік

университеттіњ ѓылыми кењесі ±сынѓан
Пікір білдірушілер:

п.ѓ.д., профессор Г.Ж. Меңлибекова

п.ѓ.д., профессор

ISBN

К 32 Кертаева Ғ. М.

«Педагогикалық деонтология негіздері: оқу құралы. / Кертаева Ғ. – Павлодар, 2011. – 298 бет.


Ұсынылып отырған оқу құралында «Педагогикалық деонтология негіздері» пәнін оқуға және оқытуға қажетті материал ұсынылады. Бұл оқу құралы теориялық және диагностикалық бөлімдерден тұрады. Педагогикалық деонтология жаңа зерттеліп келе жатқан ғылымның бірі, сондықтан оның ғылым ретіндегі дәлелдемелеріне, алғышарттарына, мән-мағынасына көбірек көңіл бөлінген.

Оқу құралы университеттер мен педагогикалық институттардың, колледждердің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және мектеп мүғалімдеріне арналған.

.

ISBN


© Кертаева Ѓ. М., 2011

© С. Торайѓыров атындаѓы

Павлодар мемлекеттік университетітет



Мазмұны

Алғы сөз

5

Ақпараттық-теориялық бөлім

6



Педагогикалық деонтология - ғылым

7

1.1

Деонтология ұғымы

8

1.2

Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары

12

1.3

Педагогикалық деонтологияның пәні

48

1.4

Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және ұстанымдары


52

1.5

Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары

61

1.6

Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы

64

2


Ұстаздың деонтологиялық даярлығы және оның қалыптасуы
2.1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы


79
79

2.2

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы

88

2.3

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру

108

Диагностикалық бөлім

115

1 Кәсіби дайындықты анықтауға арналған сауалдама

(авторы Л.Н. Кабардова)


2Уәждемелік - қажеттілік ортадағы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тұғырнамасын диагностикалау әдісі

(авторы О.Ф.Потемкина)





3Тұлғаның бағыттылығын анықтау әдістемесі

(авторлары В.Смекал мен М.Кучер)






4 Ерікті өзіндік реттеуді анықтау әдістемесі

(авторлары А.Г.Зверков, Е.В.Эйдман)






5 Коммуникативтік бақылау деңгейін зерттеуге арналған әдістеме.

6 «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі (авторы В.Р.Овчарова)






Қосымшалар

134

1Бала құқықтары туралы Конвенция

2 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы






3Асыл ой




Қолданылған әдебиеттер тізімі




Бұл еңбегімді егемендігіне ие болып,

еркіндікке қол жеткізген елімнің,

Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігінің 20 жылдық

мерейтойына арнаймын.
Алғы сөз

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңында «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетiстiктерi негiзiнде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шындауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» деп атап айтылған.

Мектеп - мемлекет, қоғам мен тұлғаның білімдік мүддесін қанағаттандыруға бағытталған жүйе. Егеменді Қазақстан Республикасының алдында тұрған міндеттер жас буындардың интеллектуалды әлеуетіне, дене және психикалық денсаулығына, әдептілігі мен сыпайылығына ерекше қамқорлық ету жөнінде ойландырады. Бұл тұрғыда ұстаздың басты міндеті – оқушылардың денсаулығы мен жан саулығын сақтап, нығайтуға; табиғатына сай интеллектуалды дамытып, бiлiм сапасын халықаралық дәрежеге жеткiзуге; адамгершiлiкке тәрбиелеуге; тәлiм-тәрбие үдерісін ұлттық негiзде құруға белсенді болу. Осының бәрін іске асыру - ұстаздық қызметтің ең ұлы жүктемесі, ең маңызды ісі, ең киелі парызы, педагогикалық деонтологияның талабы.

Мұндай міндетті іске асыру үшін ұстаздың кәсіби парыздылығына сәйкес арнайы даярлығы болу керек.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихимызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету – деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаздың қолынан ғана келеді.

Бұл ұлы парыздың жетелеуiмен жұмыс атқару үшiн ұстаз тұлғасының өне бойы кәсiби шеберлiгiне қоса отаншылдық сезiмiне, ұлттық намысқа толы болуы қажет. Бұл парыздылықты болашақ ұстаз бойында болдыру, ойына сiңiру үшiн педагогикалық оқу орындарының жалпы тәрбиелiк жұмыс жүйесiнде деонтологиялық даярлық мәселесіне көп көңiл бөлiнуi қажет. Осы iс бағыты бойынша тегеурiндi қимыл жасауды қолға алу – заман талабы. Сондықтан педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісіне батыл бетбұрыс керек.

Аталмыш мәселенің аспектілерін зерттейтін ғылымның бірі – педагогикалық деонтология. Ұсынылған оқу құралында ғылымның пайда болу алғышарттары, міндеттері, ұстанымдары, функциялары, зерттеу әдістері мазмұндалған және ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мазмұны, оны қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталған.



Бұл оқу құралындағы теориялық және тәжірибелік материал шынайы дамуы мен өз кәсіби қызметін жетілдіруде қызығушылық танытқан студентке, сонымен бірге өз кәсіби парызын адал орындауға ынталы білім беру жүйесінің барлық қызметкерлеріне пайдалы болады деп үміттенеміз.


Ақпараттық-теориялық бөлім


1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕОНТОЛОГИЯ - ҒЫЛЫМ

Ғылым туралы, оның белгілері туралы ғалымдардың ой-түйіндеріне тоқтала кетейік:

И.П.Фарманның [16] зерттеулеріне сәйкес ғылымның бар жоғын келесі көрсеткіштер арқылы дәлелдеуге болады: жан-жақтылық, жалпымағыналылық, жүйелілік, ұтымдылық, рационалдық, шексіздік.

Я.Х.Закин [17], Н.Р.Рашидов [17] ұсынған ғылымның жүйелілік сипаттамасы бойынша кез келген ғылымның маңызды белгісі болып жалпылық, ғылыми деректердің дәлелденуі және білімдер жүйесінің тұрақтылығы саналады.

А.Х.Маслоу [18], И.П.Фарман [16], Я.Х.Закин [17], Н.Р.Рашидов [17] және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінде ғылым табиғат, қоғам, сана дамуының нақты заңдылықтары туралы сенімді және жалпыланған білімдер жүйесін құрайды, өзіндік әлеуметтік және тарихи алғышарттары, зерттеу нысаны, ұғымдар құрылымы бар.

Ғалымдардың ой-пікіріне сүйеніп, педагогикалық деонтологияны ғылым деп тұжырымдауымызға толық негіз бар, себебі ол педагог маманның кәсіби мінез-құлқы жөнінде жалпыланған білімдер жүйесін құрайды, сонымен қатар пайда болу алғышарттары, зерттеу нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, ұғымдар жүйесі бар және белгілі қызмет атқарады.

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да

мектебінің қандай негізде құрылуына барып

тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға

/қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек,

келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев



1.1 Деонтология ұғымы
Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие:

- «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті, logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» [1];

- «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология «адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде түсіндіріледі [2];

- Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде» деонтология «[грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім] – 1) этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім; 2) кәсіби міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге қатысты)» [3];

- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология «(грек тілінен deon - парыз, және logos - ілім) – тұжырымдама, парыз ұғымымен байланысты мәселелер қарастырылатын әдеп теориясының бөлімі» [4];

- «Оксворд түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың мінез-құлқы мен әдептілігін зерттеумен айналысатын ғылым» [5];

- «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» [6].

Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады.

21 жасында И. Бентам өлгеннен кейін денесін анатомиялық тәжірибе жасатуға беруін талап етіп, кейін тек қаңқасы қалғанда өз киімдерін кигізіп, басымен қосып, көрнекті жерге шығарылып қойылсын деп аманат жазады, «барлық адамдарға ескертпе ретінде әрбір адам тек тірі кезінде ғана емес, қайтыс болғанда да пайдасы тию керек...» , деп ой түйеді [7].

И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс» (1938 ж.) [8] атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп айтқан болатын. . Ғылымның басқа салаларындағы осындай көзқарасты ұстанған адамдар аз болмады. Медицинаны әдепсіз елестету мүмкін емес. 1946 жылы совет онкологиясының негізін қалаушы Николай Николаевич Петров хирургиялық әдеп жөнінде кітап жазады, КСРО-да әдеп жөнінде кітаптың басып шығарылуын мүмкін еместігін түсініп, қолжазбадағы «әдеп» терминін белгісіз бір «деонтология» терминімен алмастырады [7]. Н.Н.Петровтың замандастары мен ізбасарлары естеліктерінде: «Николай Николаевич сөздерді алмастыру мәлім болған жағдайда, ол түрмеден қайтып оралмайтынын анық түсінсе де, тәуекелге бел буды. Сол кездегі цензордың (баспа орындарын бақылау) Н.Н.Петровқа қарағанда сауатсыз болуы кітапты жетістікке жеткізді» [7]. Осылайша бұрынғы Кеңес үкіметінде қазіргі уақытта тек медицинада ғана емес, «адам-адам» жүйесінің түрлі аспектілерін қарастыратын көптеген ғылым салаларында қолданылатын «деонтология» термині алғаш рет пайда болды .

Алайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды.

Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды: медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады:

- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым [10] (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, , А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.);

- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім [11] (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо, Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.);

- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді [12]. (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.);

- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді [13] (Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева, т.б.);

- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы ретінде анықталады [14] (Н.М.Блохин, В.М.Горшенев, Ю.А.Романов, т.б.);

- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқы, парыздылық талаптарының, нормаларының, принциптерінің жүйесі ретінде; БАҚ қызметкерлерінің жауапты мінез-құлқының құқықтық және этикалық нормаларының жиынтығы ретінде, журналисттік парыздылық пен міндеттемелер және осы міндеттемелерді олардың қандай деңгейде ұғынуына қарамастан орындау нормалары ретінде (Е.П.Прохоров, Ю.М.Батурин, Я.Н.Засурский, К.Крисченс, М.Трейбер, К.Норденстренг және т.б.) анықталады [9].

Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сұрақтар


  1. «Деонтология» ұғымы нені білдіреді?

  2. Деонтологияның қандай салалары бар?

  3. Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ белгілері қандай?

  4. Сіздің ойыңызша, кәсіптік деонтологияны зерттеу медицина қызметкеріне ме, әлде болашақ ұстазға маңызды ма? Ойыңызды ортаға салыңыз.

  5. Уильям Джеймстің: «Алғашқы кезеңде жаңа теория ешбір мағынасыз не қисынсыз болып көрінеді, кейін бұл ойды қабылдай отырып, оның ешбір ерекшелігі жоқтығы айтылады. Ақыр соңында бұрын қарсы пікір білдірген ғалымдар аталмыш теорияны мойындап қана қоймай, оны өздері ашқандарын айтып бағады» деген пікірін деонтология ғылымының пайда болу тарихына жатқызуға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.


Тапсырмалар

  1. «Деонтология» терминінің бұрынғы кеңестік кеңістігінде пайда болу тарихы туралы баяндаңыз.

  2. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: деонтология, мән, мазмұн, пайда болу тарихы, медициналық деонтология, педагогикалық деонтология, психологиялық деонтология, әлеуметтік деонтология, құқықтық деонтология, ғылым, кәсіби-этикалық қағидалар, кәсіби-этикалық ұстанымдар, дифференциация, мінез-құлық, парыз, міндет, педагогикалық қызмет. Қажеттілік туындаса, түсіндірме сөздігін қолдануға болады.

  3. Деонтологияның бір саласы жайлы баяндама дайындаңыз (медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік деонтология)

  4. «Деонтология» ұғымына тірек-сызба жасап, түсіндіріңіз.

  5. Филемон: «Адам екеніңді ешқашан ұмытпа» деген екен. Қандай жағдайда адам өзінің адам екендігін ұмытып кетеді деп ойлайсыз? Филемонның пікірі мен ұлы суретші Гойидің «Сон разума рождает чудовищ» суреті арасында қандай ортақтық бар?

  6. Кітапхананың тақырыптық каталогы мен Интернет қорын пайдаланып, пән бойынша библиографиялық әдебиеттер тізімін жасаңыз.


1.2 Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары
Тәрбиенің іс-әрекет түрі ретінде қалыптасуының маңызды факторы мен алғышарты болып ерте замандағы адамдар арасында материалдық қарым-қатынас эволюциясы, осы қарым-қатынасты адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тапсыру арқылы дамыту мен қолдау қажеттілігі болды [19].

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің кейбір этикалық, деонтологиялық қағидаларының өзгерісіне әкелді.

Мемлекетімізге жеке кәсіби қызмет атқаратын бір жақты мамандар ғана емес, ғылыми білімі терең, рухани дүниесі бай, өз кәсіби парызын саналы түрде орындайтын, жан-жақты дамыған, белсенді, адамгершілігі мол адамдар қажет. Қоғам сұранысы «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін маман тұлғасына, оның ішінде ұстаздарға ерекше маңызды талаптар қояды.

Қазіргі таңда аталмыш салада қызмет ететін әрбір маман кәсіби біліктілік пен іскерлікті меңгеріп қана қою табысты қызмет үшін жеткіліксіз екенін жақсы түсінеді. Бұл үшін көптеген ептіліктер қажет, соның ішінде: тәрбиеленушінің жай күйін ұғып қана қоймай, оны тыңдағанда ести білу, қарым-қатынастағы серіктестігінің эмоционалды жай-күйін байқау, өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі. Бұл келелі міндеттерді іске асырудың жолдарын ашу педагогикалық деонтология еншісінде.

Педагогикалық деонтологияның пайда болуының бірнеше алғышарттарына тоқталып, сипаттама беруді жөн көрдік.

Этикалық-философиялық алғышарттар. Қоғамның даму үдерісінде белгілі бір әлеуметтік топтар тұтастығын сақтап қалу үшін адамдардың қарым-қатынастарын реттеуде, олардың іс-әрекеттерін келісімге келтіруде нақты қажеттілік пайда болады. Адамдармен тіршілік әрекетінің түрлі саласында қарым-қатынасқа түскен кезде, әр адам белгілі бір ұстанымдар мен ережелерді басшылыққа алады. Адамның қоғаммен қарым-қатынасын және оның мінез-құлқын реттеу үшін мораль қажет. И.Т.Фроловтың басшылығымен шыққан «Философиялық сөздікте» берілген анықтама бойынша: «мораль – бұл парыз бен рухани құндылықтар құрметіне ие болған жеке-дара, адами және риясыз уәжділік негізіндегі адамның мінез-құлқы мен қоғаммен қарым-қатынасын реттеудің құндылықты-бұйрықты түрі» [20].

Идеологтар моральдың мәнін білімділік деңгейінің мәнінен әлде қайда төмен екендігін және қазіргі заманда бұл құбылыстың әрі қарай дамуы күшеюде деп түсінеді. Сонымен қатар, олар білімділік пен адамгершілік арасын жіктеп, сәйкессіз санаттарға жатқызған. Әрине, жеке білім моральды дамыта алмайды, ал мораль білімнің орнына жүре алмайды. Қоғам дамуының теориясы бойынша білім, ғылым мен мораль сананың және іс-әрекеттің әр түрлі аясына жатады және әртүрлі әлеуметтік қажетсінуден пайда болған. Ғылым қоршаған ортаны танып-білудің, оны адам қажетіне сәйкес өзгертудің амалы болса, мораль – қарым-қатынасты реттеуші, жеке адамның қылықтарын басқалардың қылықтарымен, белгілі бір қоғамның немесе таптың мүдделерімен сәйкестендіретін әлеуметтік күш. Сонымен қатар, әрбір кәсіп адамның жан дүниесіне әсер етіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, қабілеттерінің дамуына шарт түзеді. Сондықтан әрбір мамандықтың кәсіптік моралі, деонтологиялық сипаты бар деуге болады. Мораль – адамның өзін-өзі, өзінің табиғатын білуі, дейді философтар. Мораль – күнбе-күндік көпшіліктің дүниетанымының формасы. Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.

Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі, өйткені адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас формаларын сақтауы тиіс. Мораль ұстанымдары мен ережелерін орындау қоғамдық парыздылыққа негізделген. Күнделік өмірде оның ұстанымдарын бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бірақ оның әсері құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейе бермек. Келешекте адамға көпшіліктің мадақтауынан, қолдауынан, не олардың наразылығы мен лағынетінен артық әсер ететін еш нәрсе болмақ емес. Қазір де кейбір қылмыс жасаған адамдар өзін көпшіліктің талқысынан гөрі заңмен сотталғанын оңай көретінін айтуда. Біздің елімізде заң жүзінде жазаланған адамдар, мораль жағынан да қолдау таппайды. Олай болса, бұл құбылыс екеуінің арақатынасының жақындап бара жатқандығының айғағы. Педагогикалық мораль ұстаздың барлық іс-әрекеттеріне енушi адамгершiлiк қатынастың көрiнiсi болып табылады. Ол мұғалiмнiң қылықтарын педагогикалық іс-әрекеттің сипатына сәйкестендірудің объективтi қажеттiлiгі ретiнде пайда болған. Баланың өмiрлiк тәжiрибесiнiң жоқтығынан ол үлкендер тарапынан әдiлетсiздiк құрбаны болып қалуы мүмкiн. Оның жаны мен тән әлемiн сақтап қалуға деген қоғамның ұмтылысынан педагогикалық мораль туындап отыр. Сонымен қатар, мектепте үлгiлi жұмыс атқарудың ең маңызды шарты ретiнде мұғалiм беделiн қорғау, парыздылық санасын, яғни деонтологиялық нышанын арттыру талабы да педагогикалық моральда орын алған. Сөйтiп педагогикалық моральда ұстаз еңбегiнiң дәстүрлерi мен өзінділік ерекшелігін ашатын, онсыз оқу-тәрбие үдерісі бола алмайтын ережелер мен нормалар бекiтiлген. Педагогикалық моральдың басқа кәсiптік мораль түрлерiнен ерекшелiгi – жоғары белсендiлiгi. Педагог өзiнiң адамгершiлiкті тәжiрибесiн балалар мен ересектерге, яғни осы тәжiрибеден сусындағанын басқа бiреуге қалдырады, олар – басқаларға т.с.с. Егер осы алып-беру тiзбегi қысқа болса, педагогтың моральдық әсері шамалы дегендi бiлдiредi. Бiрақ моральдық реакция тiзбегi күрделенген сайын педагог моралiнiң белсендiлiк деңгейi жоғарылайды. Бұл - педагогикалық этиканың құбылыстарының өзара байланысқан диалектика заңдарының әсерi көрiнетiн арнайы кәсiби ерекшелiгi.

Негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, міндет, парыз, абырой, әділеттілік, адамгершілік, әдептілік, өмір мақсаты және т.б.

Моральмен қатар адамның мінез-құлқы мен қоғамдық қатынастарын әлеуметтiк тұрғыда бақылап, реттеудің амалы – құқық. Мораль құқықтан бұрын пайда болды және онсыз да өмір сүре береді. Құқық та, мораль да заттардың әділетті тәртібі туралы түсінік қалыптасқан қоғам қалауын білдіретін нақты талаптар мен қағидалардың, ұйғарымдар мен ережелердің жиынтығы болса да [20], қалыптасу жолдары мен жүзеге асыру тәсілдерінде айрықша айырмашылыққа ие. Негізінен, «құқық мемлекетпен заңдастырылып, бекітіліп, қамтамасыз етіледі» [20]. Құқықтық нормалар қатаң түрде нақты құжаттамалық пішінмен бекітіледі. Құқыққа қарағанда мораль «қоғамдық өмір барысында бей-берекет пайда болады» [20].

Мораль құндылықтары мен талаптары қоғамдық пікір күшінің, адамның жеке сенімінің қолдауына иеленеді. Олар ешбір жерде тіркелмеген, тек қоғамдық санада өмір сүреді, кейде насихаттау мен белсенді түрде ендіру мақсатында түрлі «Кодекстерде» сызба түрінде жазылады. Оған қоса мораль талаптары мәжбүрлеу арқылы іске аспайды, себебі оның міндеті негізінде жазалау қорқынышы емес, ерікті қабылдау жатыр. Моральдың құқықтан басты айырмашылығы уәжділік сипатында анық көрінеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, құқық адамның мінез-құлқын сырттай реттеуші болса, мораль оның өзін-өзі реттеуші ішкі күші болып табылады. Яғни құқықтан моральдың ерекшелігі – «бірнеше элементтерден тұратын, күрделі жүйелі, сан алуан құрылымды құбылыс» [20]. Зерттеушілер (Г.Н.Кузьменко, И.Т.Фролов және т.б.) моральдың екі өзара дербес құрылымдық элементін бөліп қарастырады: сана және адамгершілікті мінез-құлық. Олардың теорияларына сәйкес, сана - идеалдық, ал адамгершілікті мінез-құлық - заттық іс-әрекетті білдіреді.

Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейеді. Сонымен, егер келешек өркениет дамуымен елестесе, онда моральдық ұстанымдар заңнан гөрі күшті бола бермек. Осыдан адамгершiлiктi-этикалық сана сезiмсiз, моральсыз ешқандай заң, тағы басқа қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаулар, құқық қорғаушылар адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя алмайды.

Философияда сана тасымалдаушысына байланысты екіге бөлінеді: даралық және қоғамдық. Даралық сана – белгілі бір адам санасы, үш негіздемелік құрамдас бөлігі бар: рационалды, эмоционалды және еріктік [21].

Рационалды бөлігі құндылық, мұрат, мақсат, парыз, әділет туралы таным мен түсініктерден құралған. Оның көмегімен адамның мінез-құлқы қалыптасады. Алайда ниетті белгілі бір қызмет түрін іске асыру және ұйымдастыру, қатысушылармен араласу, өзін-өзі тану, осы саладағы көптеген қызметті меңгеру үдерісі күйзелістері мен талпыныстары арқылы іс-әрекетке айналдырады. Тек рационалды және эмоционалды бөліктері ғана сенім тудыруға қабілетті.

Сананың рационалды аймағы танып білуге негізделсе, эмоционалды аймағы ойлау мен сезінуге негізделген. Таным құбылыстың объективті мәнін бейнелесе, сезімділік сол құбылыстың субъект үшін мәнін, қажеттілігін көрсетеді. Сонымен сана құрылымы таным мен түйсіну немесе парасат пен сезімнен тұрады. Таным дегеніміз – құбылыстардың шын объективті мәндерінің бейнесі болса, субъект үшін оның маңызы эмоция арқылы беріледі. Таным процесінде эмоцияның (сезімталдық) орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарау - осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Осы сияқты педагогтың парыздылық, адамгершілікті санасының рационалдығы өзіндік мәнімен қоса эмоционалды үдерістерге әсер ету мәні бар:


  • біріншіден, дүниетанымның біртұтас бейнесін құрастыру негізінде эмоцияны бағыттайды, оған дұрыс бағдар береді;

  • екіншіден, бар тәжірибені жинақтай келе өзіндік эмоция жолын дұрыс таңдауға әсер етеді.

Сананың рационалды және эмоционалды аясының өзара тәуелділігін растайтын мектеп өмірінде толып жатқан көріністер баршылық, мысалы:

  • оқушыны кемсіту, оны жан күйзелісіне ұшырату (сананың эмоционалдық бөлігі) оның танып білу процесін тежейді, оқуға деген ынта-ықыласын жояды (сананың рационалдық аясындағы салдары);

  • керісінше, оқу үдерісіндегі психологиялық жайлы жағдай (сананың эмоционалдық аясы) оқушының интеллектуалдық әлеуетін толығымен пайдалануға мүмкіндік береді (сананың рационалдық аясындағы салдары);

  • мұғалімнің эмпатиясы төмен, сезімділігі жұтаң, бойын таптаурын билеген болса (сананың эмоционалдық аясы), онда ол болып жатқан педагогикалық жағдаятқа сын тұрғысынан мән бере алмайды, оның маңыздылығын сезбейді, дұрыс әрекет жасай алмайды (сананың рационалдық аясындағы салдары);

  • керісінше, педагогтың жоғары эмпатиясы, ішкі сенім мен кәсіби парыз сезімінің бар болуы, әр оқушымен тіл табыса алуы (сананың эмоционалдық аясы) оқушының жан дүниесін түсінуге, табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады (сананың рационалдық аясындағы салдары) т.б.

Жоғарыда көрсетілген, сананың рационалды және эмоционалды арақатынастарының жалпы қағидалары, педагогикалық психология мен деонтологияның бірқатар аса маңызды мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуде үлкен мәні бар. Нақты әрекеттерде көрінетін сананың эмоционалды және рационалды құрамдас бөліктерінің жүзеге асырылуы адамның ішкі және сыртқы жағдайларға қарамастан өзінің мақсатты қызметін саналы түрде өзін-өзі анықтау және реттеуін білдіретін даралық сананың еріктік бөлігіне байланысты. Ең алдымен, сананың бұл түрлері олардың күнделікті өмірінде саналуан қисын, күш және маңызбен араласып іске асатынын әр педагог өзінің қызмет тәжірибесінде естен шығармағаны абзал.

Біздің байқауымызша, салмақты мінезді балалар (сангвиниктер мен флегматиктер) сананың рационалды және эмоционалды үйлесімінің салыстырмалы түрін, немесе парасаттың салмақтылығын қалайды. Холериктер мен меланхоликтер логикалы есті іс-кимылдарын эмоцияларымен айқын түрде басып тастауларымен сипатталады. Сондықтан оқушылардың жасқаншақ, өзіне-өзі сенімсіз, өкпешіл болуы осыған байланысты. Мұндай балалар орынсыз мұғалімнің айтқан әрбір сөзін өзінше түйіп, жан қысылуына тап болады.

Сонымен педагогикалық деонтологияның психологиялық мәселелері санадағы рационалдық (ұтымдылық) пен эмоционалдықтың (сезімділік) қатынастығы жағынан қарастырылып, педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалық қызметте айқындалатын эмоционалдық үдерістерге де әсер ететіндігі ашылды. Даралық сана құрамындағы барлық құрамдас бөліктің өзара әрекеті қызмет атқаруды, осы салаға, орындайтын қызметіне, маман ретінде өзіне және басқа қатысушыларға қатысты тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Адамның мінез-құлқы өзіне жарасымды болып, бақылауды қажет етпеген жағдайда ғана осындай нәтижеге жетуге болады. Сана-сезім – «адамның өз қызметі мен мінез-құлық уәжі, талабы, сезімі және білімін бағалауы және сезінуі жүзеге асатын сана деңгейі. Тұлғаның өзін-өзі бақылауы, ұйымдастыруы, бағалауы және өз ойын білдіруі сана-сезімге негізделіп жасалады» [22].

Сана-сезім мен даралық сана – бір ұғым емес, даралық сана – «әлеуметтік ортада қалыптасқан түсініктер, ережелер, мұраттардың құрылу нәтижесі. Сондықтан түсінік, ереже және мұраттар қоғамдық санада қалыптасып дамиды» [22]. Қоғамдық сана иесі болып нақты бір қоғамдастық саналады, оның даралық санаға тән ерекшеліктері бар. Бірақ адамның жеке дара өмірінің барлық көріністері қоғамдық сана еншісінде емес және даралық санада түсініктер мен құндылықтардың күрделі әлемі бекітілуі екіталай. Екі сана түрінің арасындағы айырмашылықты жоққа шығаруға талпыну керек, себебі олардың жиынтығы «дәлелді және әлеуметтік маңызы бар саналы» әрекеттерден құралған адамның адамгершілікті мінез-құлқын айқындайды.

Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және оның осымен байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы – эмоционалдықтың өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейінен алып қарағанда, белгілі жағдаяттағы адамның көңіл-күйінің толқуы адамгершілік қатынастың ең маңыздысы болып саналады. Адамның өзінің кез келген қылығына адамгершілік тұрғыдан беретін бағасы ретінде оның ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады, өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады.

Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – кәсіби парыздылық санасы, деонтологиялық даярлығы. Педагогикалық парыздылықта ұсақтық жоқ, ол кез келген қателікке қатаң да, кешірімсіз, ол бала жүрегін, жан дүниесін жаралайтын шөгірді байқамай өтпейді. Сондықтан ар мен тәртіптілік, кеңпейілдік пен ізгілік, тектілік пен ықылас, өнегелілік пен әдептілік тәрізді баланың өмірі мен денсаулығына, жан саулығына тікелей әсер етуші қасиеттер мұғалімдердің мінезінде әрдайым болуы қажет. Мораль тұлғаның қоғамдағы бағыт-бағдарлануының ең икемді тәсілдерін қарастырады. Оның көмегімен адам өмірдің беймәлім тұстарында әрекет ете алады. Тіпті рационалды білім мен жинақталған тәжірибе тұрғысынан алып қарағанның өзінде, өмірлік жағдаяттардың қалай дамып өзгеретінін алдын ала болжаудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, мораль адамға нақтылы нысандарды ұсынады. Оларды таңдау кезінде адамгершілік сезім мен моральдық интуицияның алатын рөлі ерекше зор. Ал педагог қызметінің бір ерекшелігі – беймәлім жағдаяттардың көбінде. Көп күрделі жағдайларды шешуде педагогқа кәсіби тәжірибесінен басқа адамсүйгіштік ізгілікті сезімдері де үлкен көмек көрсетеді. Бірақ педагог тұлғасының санасы рационалды сана феноменінің қатысуынсыз өркендемейді. Жеке тұлғаның адамгершілігі қоғам жасақтаған адамгершілік нормалары мен талаптарын білмей қалыптаспайды және моральдық рефлексия мен өзіндік рефлексияны шеттетпейді.

Моральдың синонимы ретiнде тәжiрибеде «этика» деген сөз қолданылады. Ал этика шындап келгенде, мораль туралы, оның теориясы туралы ғылым. Бұл ғылымның рөлi әлеуметтiк-практикалық қолдану аясында өте маңызды, өйткені, ол адамға өнегелi тәрбие беру мәселелерiн қамтиды. Этикаға қоғамдағы белгілі бір топ, не белгілі бір саладағы мамандар, кәсіпкерлер ұжымының моралi, олардың мiнез-құлық, жүрiс-тұрысын және әдептiлiгiн анықтайтын тәртiп ережелерiнiң жиынтығы жатады [21].

Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиевтың «Әдеп және жантану» атты оқу құралында «әдептану (этика) – адамгершiлiк пен имандылықтың сан алуан түрлерi мен нормалары туралы iлiмдер жүйесi. Ол (әдеп) әр этностың қоғамдық санасының бiр құрамдас бөлiгi ретiнде адамгершiлiктiң қоғамдық қатынастар жүйесiндегi орнын анықтайды, оның табиғаты мен iшкi құрылымына талдау жасап, әлеуметтiк құқық ережелерінің жиынтығы түрiндегi қызметiн айқындайды, өркениет тарихындағы адамгершiлiк принциптерiнiң пайда болу, даму жолдарын зерттейдi, оның әртүрлi жүйелерiн теориялық жағынан негiздейдi» деп, кеңінен анықтама берген [15]. Ұ. Асылов пен Ж. Нұсқабайұлының «Әдеп: инабаттылық дәрістері» атты еңбектерінде «Әдептанудың түпкі мақсаты: адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды үйрету, жас буынға тура жолды – әдептілік жолын көрсету; қоғамдағы ең жақсы адам – әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ» деп, әдеп үдерістерінің тарихына тереңінен тоқталып, алғашқы қауымдық құрылыстың мүшелерінің мінез-құлық, мүдде, тілек және т.б. сияқты бір-бірімен санасу қажеттілігінен бүгінгі күнгі тәрбиенің тарихы-ұлттық, жалпыадамзаттық негіздерін имандылық тұрғыдан қарастырған [21].

Сонымен жоғарыда келтірілген ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйеніп, мораль – этиканың зерттеу объектісі деп қорытуға болады. Диалектикалық және тарихи философиялық пайымдау заңдарын қолдансақ, онда этика моральдың пайда болуын, оның адамзаттық сипатын, қоғам дамуындағы рөлін ғана ашып қоймай, жеке тұлғаның адамгершілікті санасын қалыптастыру жолдарын да көрсетеді.

Адамгершiлiкке қатысты тәрбие мәселелерiн шешу этиканың әлеуметтiк-тәжiрибелiк қолдану саласы болып табылады. Адамгершiлiк өзiмен-өзi жеке болмайды, ол қашанда бір көрiнiсiмен белгiлi болады және ешқандай құбылыстар сферасымен шектелмейдi. Қысқаша айтқанда, адамгершiлiк қасиетi бар кiсi кез келген қиын, күрделi, шектен шыққан жағдайларда, бойындағы қасиетiн сақтай бiледi және қасиетiн көрсете біледі.

Адамгершiлiктi тәжiрибе жеке тұлғалар арасында елiктеу, жұқтыру, сезiндiру, сендiру сияқты әсерлесу түрлерiмен біреуден біреуге алмасады – сайып келгенде, мұның бәрі тәрбиемен ұштасып жатады.

Бiрақ қайырымсыздық, қатыгездік, рақымсыздық тағы басқа адамгершiлiкке қайшы әрекеттер де осы жолдармен тарайтынын естен шығармау қажет және бұлардың тарауы оңай, тез болатыны мәлiм. Сондықтан халық арасында «оңбаған өнеге оңай өрiс алады» деген пiкiр туған. Оңбаған өнерге жетелейтін жағдайлар қазiргi заманда баршылық: таршылық, сауатсыздық, тұрмыс-тiршiлiктегi түрлi қиындықтар, т.с.с. Мұндай жағдайлар адамның жүйке жүйесiнiң «жұқаруына», яғни төзімділігінің төмендеуiне себепкер болады. Соңғы кезде невроз, жүрек ауруы, қан қысымының тұрақсыздығы, асқазан аурулары т.б. жан саулығына байланысты психосоматикалық аурулар саны күрт көбеюi байқалады. Бұл - қарым-қатынас саласын санациялау (тазалау) қажет деген белгі.

Адамгершiлiктi-этикалық сана сезiм - адамдар арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаудың бір түрi. Адамның әрбiр iсi мен сөзi әртүрлi дәрежеде не зиян, не игi келтiрiп, не жамандыққа, не жақсылыққа баулиды. Ештеңе iстемеудiң де, қол қусырып отырудың да өз таңбасы болады. Мұның бәрiне баға берушi, ең сезiмтал бақылаушы – моральдық, адамгершiлiктiк сана сезiм. Сана сезiмде бүкiл адамзаттың мыңдаған жылдар бойы тарихи тәжiрибесiнiң белгiсi болады және оған қазiргi қоғам мен заманның ерекшелiгi әсер етедi. Соған сәйкес әр адам өзiне, әлеуметке, адамгершiлiкке сай баға берiп, талаптар, мiндеттер жүктейдi. Мұнда мораль қоғамдық сана сезiмнiң ерекше түрi ретiнде адамдардың қоғамдағы қарым-қатынастарының ең маңызды бағыттаушысы, реттеушiсi болады. Адамгершiлiктi-этикалық сана-сезiмді дамыту, жетілдіру, қалыптастыру деонтологияның еншісінде.

Этика педагогикалық, психологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттелген нысан болғанмен, түбегейлі деонтологиялық зерттеулерге зәру. Деонтология – этикалық теорияның тарауы, онда моральдық талаптар, ережелер, мәселелер мен әлеуметтік қажеттіліктердің адамгершілік формасына тән ерекшелік ретіндегі жалпы борыштылық мәселелері қарастырылады. Кейін деонтология этикалық аксиологиядан, яғни ізгілік пен зұлымдықтан, тұтастай моральдық құндылықтар теориясынан ерекшелене бастады. Адамгершілік әлеуметтік заңдар талабын, соның ішінде қоғам мен адамның қажеттіліктерін бейнелейтін борыштылық жеке мінез-құлықта, жалпы қағидада, мінез-құлықтың жинақталған ұстанымдарында, моральдық және қоғамдық мұратта әртүрлі көрініске ие болады. Деонтологияның зерттейтіні де – осы формалар мен олардың арақатынасы. Сондықтан деонтологияны этиканың ерекше теориялық түрі емес.

Қорыта келе, деонтология – парыздың, моральдық талаптар, көрсеткіштер мен әлеуметтiк қажеттiлiктiң адамгершiлiкке тән түрi ретiнде жалпы мiндет мәселелерiн қарастыратын этикалық теорияның бөлiгi. “Педагогикалық” деген сөзбен қоса «педагогикалық деонтология» деген сөз тiркесі мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыз ұғымын құрастыратын этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығын іске асыруын қамтамасыз ететін ғылым.

Педагогикалық этика - педагогикалық деонтологияның теориялық негізі. Педагогикалық деонтология – педагогикалық этиканың жеке мамандыққа тән моральдың ұстанымдары мен қағидаларын, ерекшеліктерін қарастыратын бөлігі. Педагогикалық мамандықтың бірнеше түрі болуына, олардың міндеттері мен еңбек жағдайларының айырмашылығына байланысты деонтологиялық талаптардың да өзгешеліктері бар. Сол себепті педагогикалық этиканың жалпы ұстанымдары мен ережелерінің мазмұндары өзгеріп, деонтологиялық талаптар адамгершіліктік ережелер аталып, түрленіп, белгілі бір педагогикалық қызмет аясында практикалық іс-әрекетті реттеуші рөл атқарады. Педагогикалық этика педагогика, психология, философия ғылымдарының түйісуінен туған ғылым. Яғни педагогикалық кәсіптің өзіндік моралі, этикасы, деонтологиясы бар.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-адамгершілік сана-сезімдерін қалыптастыруды педагогикалық этика негіздерінен бастаған жөн. Педагогикалық этиканы пән ретінде оқыту студенттерді кәсіптік этиканың осы саласының негізгі мәселелерін түсіне білуге жетелейді. Мұнда міндетті түрде педагогикалық этика мен педагогикалық деонтологияның өзара айырмашылығы мен ұқсастығына көңіл бөлу қажет.

Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этиканың негіздеріне сүйенетіні белгілі. Бұл - мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы.


Оны 1- суреттегі сұлбамен көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет