Кертаева г. М. Педагогикалық деонтология негіздері қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


– сурет. Мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы



бет2/2
Дата18.03.2017
өлшемі5,43 Mb.
#11892
1   2

1 – сурет. Мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы


Ойымызды түйіндесек, педагогикалық деонтология – ұстаздық парыз туралы ғылым, ұстаздың iс-әрекетiнiң саналы, адамгершiлiк компонентi. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына деген адалдығы мен кәсiбiне сәйкес саналы әдеп, құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенi жатады.

Жоғарыда келтірілген философиялық ой-тұжырымдар мен педагогикалық топшылауларды сараласақ, педагогикалық деонтология этиканың, жеке мамандыққа тән педагогикалық моральдың ұстанымдары мен ережелерінің ерекшеліктерін қарастыратын бөлігі болып, ұстаздық қызмет аясында практикалық іс-әрекетті реттеуші рөл атқарады.


Тарихи-әлеуметтік алғышарттардың негізі әртүрлі қоғамдық-экономикалық кезеңде ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар мен олардың орындалу барысындағы қарама-қайшылықтармен байланысты.

Ұстаз қызметіне, оның жеке тұлғасына, мінез-құлқына қойылатын нақты тарихи-әлеуметтік талаптар тарихи жағдайлардан туындайды, қоғамдағы саяси құрылым, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, ұлттық дәстүрлер білім жүйесін қалыптастырды.

Ұстаз мамандығының көп ғасырлық тарихы бар, оның мәні мен мағынасы заманға сай өзгеріп отырды. Бұл мамандықтың қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қара күш еңбегінен бөлінуіне байланысты адамзаттың алғашқы қауымы ыдырауы кезінде пайда болды.

Көне заманда (Ежелгі Месопотамия, Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия және т.б.) ұстаздар әлеуметтік сатының жоғары деңгейінде тұрған. Мектепті басқару, оқушыларға қажетті кесте-сұлбаларды жасау, жаттығулар жазу сол кездегі оқытушының міндеті еді. Ірі «кесте үйлерінде» (сол кездегі мектептер солай аталды) жазу, есептеу және сурет салу сабағының мұғалімдері қызмет етті. Мұндай білім беру мекемелерінде арнайы меңгеруші тәртіп қадағалады. Оқыту ақылы түрде жүргізіліп, төлемақының көлемі оқытушы беделіне байланысты болды. Педагогтың ерекше назарына ие болу үшін ата-аналар оқытушыға сый-сыяпат тарту ететін.

Көне Мысырда ұстаз мамандығы әлеуметтік дәулеттің кепілі ретінде қарастырылды. Папирустарда «Әрқашан басшы болатындай ұстаз лауазымынан басқа лауазым жоқ екенін байқа, есіңнен шығарма» сияқты пікірлер жиі кездескен.

Көне мысырлықтар сөзуар емес, мұқтаждық, өмір тауқыметі мен адам тағдырының ауыр соққыларына берік адамды аса қадірлеген. Осындай қадір тұту астарында оқыту мен тәрбиелеу жатты. Тек ерекше дарынды балаларға ғана білімге жолы ашық болған. Бұл мектепте оқушы, ең алдымен, тыңдай білу мен тіл алуды үйренуге тиісті еді. «Тіл алу – адамда бар ең жақсы қасиет» қанатты сөзі сол кезде танымал қолданысқа иеленді. Оқытушы «Ықыласты бол, менің сөздеріме құлақ сал, менің айтқандарымды естен шығарма» деп, оқушылардың назарын аударған. Оқушыларды тыңдату үшін жазалар қолдану қажет деп саналды. Ұстаздар оқушыларды үнемі ұрып, жазалап отырды. Көне папирустардың бірінде жазылған «Бала әрбір теріс қылығына жауап беруге тиіс, сондықтан да оларды үнемі ұрып отыр» деген сөз мектепте ұран ретінде қолданылды [26].

Көне Қытайда ұстаз мамандығы зор құрметке ие болды, себебі білім алу – аса маңызды іс. Әке есебінде саналған тәлімгер оқушыны түрлі тапсырмаларды дербес шеше білуге үйретуден жалықпаған.

Антикалық Жерорта теңізі әлемінде ұстазға деген көзқарас ерекше еді. Мәселен, Көне Грецияда педагог (сөзбе-сөз жетекші) дәулетті отбасылардың ұл балаларын бақылайтын ерекше құл ретінде саналды. Көп жағдайда шаруашылыққа жарамсыз құл тәрбиеші болып тағайындалды, сондықтан мінез-құлқының қырлары кері әсерін тигізді. Оқытушылардың еңбекақысы аз, әлеуметтік мәртебесі өте төмен болды.

Б.з.д. ІІІ ғ. Ежелгі Римде балалар тәрбиесін тәлімгер-құлдарға тапсырған. Бала күтуші құлдар 4-5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиеледі, оқуға, жазуға және есептеуге үйретті. Олар тек ауқатты азаматтардың отбасында болды, қалған римдіктер өз балаларын алқалы жиынға жіберіп отырған. Сол кезде Рим қоғамында педагог кәсібі өте төмен мәртебеге иеленді. Ал І-ІІ ғғ. римдік педагогикалық ойлар өз дамуының шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңнің өкілдерінің бірі - Сенека ( б.з.б. 4- б.з. 65 жж.) мектеп жүйесіндегі «формализмді» сынап, оның жанды емес, ақылды ғана дамытатынын дәлелдеді. Оның ойынша, білім беру дербес жеке тұлғаны тәрбиелеуі керек. Сенеканың «Мораль тақырыбындағы хаттары», «Луцилиюға арналған адамгершілік хаттары»  еңбектерінде адамгершілік тәрбие мәселелері кеңінен қарастырылады.

Орта ғасырдағы Қытай елінің педагогикалық дәстүрлерінің негізінде  отбасылында қоғамдық тәрбие жатыр. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге негізделген кез келген отбасында белгілі бір этикалық ережелер сақталған. Олар жер бетіндегі адамгершілікті бақылап отыратын құдай бар деп сенген. Тәрбиелік  қатынастар отбасының  кіші мүшелерінің үлкендерді сыйлау және құрметтеуінен басталды.  Адам тәрбиесі туралы алғашқы ойлар Конфуций, Мэнцзы, Сюнцзы еншісінде. Б.з.б. ІІ ғ.- б.з. ІІ ғ. ежелгі Қытайда конфуцийлік ілім ресми идеологияға айналып, білім беру мен тәрбие үдерісінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл кезеңде қоғамда оқыған адамның беделі өсті, кәсіби білігін арттыруға мүмкіндік берді. Қытайда алғашқы мектептер б.з.б. 3 мыңжылдықта пайда болды. Мектептер сян және сюй деп аталды. Сян мектебі соғыс өнеріне, Сюй мектебі «алты өнерді», яғни мораль, жазу, санау, музыка, садақ ату және ат баптауды үйретті. Чжоу кезеңінде (б.з.б. ХІ- ІІІ ғғ.) Госюэ - жоғары шенеуліктер мектебі, Сансюэ - орта шенеуліктер мектебі жұмыс істеп, иероглифтерді жазуға үйретті. Ежелгі Қытай – адамзат баласының жетілуіне, білім беру саласының дамуына ықпал еткен өркениеттердің бірі. Алғаш рет  философиялық ойлардың дамуы барысында тәрбие мен оқыту мәселесінің теориялық мәнін ашуға қадам жасалды.

Ал Батыс Еуропада монахтар мен сопылар жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болып, діни және шіркеу мектептерінде ұстаздық қызмет атқарды. Оған қоса шағын мектептерде шіркеуге қарсы шыққан әрекеттері үшін қуғынға ұшыраған әлеуметтік мәртебесі төмен оқытушылар да болған [24]. Қайта өрлеу дәуірінің XV ғ. бастап XVII ғ. ортасына дейін бастауыш мектептердің діни оқытушылары орнын кәсіби оқытушылар алмастырды, олардың мәртебесі өсті. Бұрын «мектеп қаражаты», ортақ қауымның заттай тауары мен өнімінен қаржыланса, XVII ғ. аяғынан бастап оқытушының төлемақысы қауым қаржысынан төленді. Бұл – мектептің шіркеуге тәуелді еместігінің нышаны.

Сол кезеңде оқытушылардың кәсіби деңгейі, әсіресе кедей отбасыларына арналған мектептерде өте төмен еді. Ұстаздық қызметті кездейсоқ адамдар, яғни қолөнерші, әскербасылар және т.б. атқарған, көбінің арнайы білімдері болмады. «Көптеген оқытушылар тіпті жазу да, оқу да білмеген» деген деректерді біз XVII ғ. француз мектептері жөніндегі құжаттардан біле аламыз. Осындай жағдай барлық жерге тән болды.

Ұстаздық қызметке байланысты белгілі конституциялық өзгерістер XIX, XX, XXI ғғ. енгізілді.

Батыс Еуропа елдерінің көптеген мектептерінде дін сабақтары оқытылғандықтан, ұстазды шіркеу қызметкерлері тағайындады.

Ал Англияда жеке меншік мектептердің беделі жоғарылай түсті. 1870 жылға дейін білім беру мекемелері жеке тұлғалардың қаражатына тәуелді болған. Мектеп заңнамалары білім беру саласындағы жеке бастамашылықты қолдады. Оқушыларға білім беруге кепілдік беретін кез келген тұлғаның мектеп ашуға мүмкіндігі болған. Жеке меншік мектептердің оқытушылары мен құрылтайшыларынан (ұйымдастырушы) педагогикалық дайындық жөнінде ешбір куәліктер талап етілмеген. Мұнда оқытушы-мамандардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Бұл жастардың оқытушы мамандығына деген қызығушылығының төмендігі және қызметтегі ұстаздардың өз жұмысынан кетуіне байланысты жағдайлармен түсіндірілді. Мектептегі оқушылар білімінің төмен деңгейі, сыныптағы оқушылар санының тым көптігі, төлемақы мөлшерінің аздығы басты себепке айналды.

Францияда 1852 жылдан бастап оқытушылар мемлекеттік қызметкер болып саналды, оларды үкімет орындары тағайындады. Мектеп ережесі әскери тәртіпке пара-пар келіп, оқытушылардың еркін әрекет, жаңа бастама жасау мүмкіндіктері шектелді.

Португалияда заң жүзінде ұстаздарға тек бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуға тыйым салынды. Бастауыш мектеп ұстазының өзі магистр болуға міндеттелді.

Испанияда ұстаздар оқушыларға дауыс көтеруге, оқушылардың оқуына қатысты туындаған қиыншылықтар жөнінде ата-аналарына шағым жасауға құқысыз болды. Керісінше, үлгерімі төмен балалар үшін ұстаздар жауап берді.

Жоғарыда келтірілген деректерге қарасақ, қоғамның, мемлекеттің педагог мамандығына деген қажеттілігі мен сұранысының заман талаптарына сай өзгермелі екендігі байқалады.

Қазіргі заманның ерекшеліктеріне көңіл бөлсек, міндетті түрде деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаз ғана қоғам қажеттілігіне сай болары анық.

Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары ұстаздың кәсіби тұлғасына парыз тұрғысынан қойылатын талаптардың өсуінде жатыр. Деонтология – парыз ұғымыиен негізделетін ғылым, сол себепті бір сәт атақты ойшыл, педагог ғалымдардың ой-тұжырымдамаларына назар аударайық.

Шығыс педагогы әрі ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479) дұрыс тәрбиені адам болмысының адамгершілік жетілуі деп көрсетті. «Қоғамның тұрақтылығын тәрбие анықтайды» деген тұжырым жасады, қоғам және табиғаттың ролін анықтауға тырысты. Оның ойынша, адам табиғаты дұрыс тәрбие барысында идеалды адам тәрбиелеудің материалы болады, жан-жақты тәрбиеленген адам төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек: адамгершілік, саналылық, ақиқатқа деген ұмтылыс, әділеттілік, бай рухани мәдениет иегері және т.б. [25]. Ежелгі конфуциандық ережелерге сәйкес оқушының ұстаз алдындағы парызы таудан да биік, теңізден де терең болып саналған және иемото (педагог) беделі даусыз болған [29].

Ежелгі Рим ғалымы Квинтиллиан (42 ж. – б.з. шамамен 118 ж.) «Шешендік өнерге нұсқау» атты еңбегінде «оқытушы жоғары білімді, ұстамды болып, балаларды сүйіп, оларды жете түсіне білуі қажет, мақтау мен жазалаудың шамасын біліп, ең бастысы, өз іс-әрекетімен, жүріс-тұрысымен оқушыларға үлгі болуы керек» деген. Ол «адам болмысы жағымды негіздерден құралады» деген пікірге қосылып, «дұрыс  педагогикалық нәтижеге жету үшін адамның табиғи мейірімділігі мен тәрбие үдерісін біріктіру керек» деген тұжырым жасады [27].

Ұстаздың кәсіби парызы жөнінде Платон: «Егер де етікші олақ болса, мемлекет оның салдарынан көп зардап шекпейді, мүмкін адамдардың кейбіреуі жақсы аяқ киім кимейтін шығар, ал егер де ұстаз өз міндеттерін нашар орындаса, онда елімізде білімсіз, надан және бұзақы адамдар саны көбейеді» деген [28]. Ол бүкіл халықтық тәрбиені, мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын жақтады. Мектепке дейінгі тәрбиеде ойынның рөлін жоғары бағалап, әңгіме әдісінің балаларға ұғынықты, түсінікті түрде жеткізілуіне мән берді, жан-жақты тәрбиеге баса назар аударған.

Педагогикалық мәселелерді қарастырған ғұлама ғалым, философ Әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) педагогикалық тұжырымдамасы – дидактика мен тәрбие теориясы мәселелерін қамтитын іргелі жүйе. Оның тәлім-тәрбие жөніндегі ойлары теориялық жағынан кез келген педагогикалық ілімге негіз бола алады, әсіресе барша адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясына айналды. Жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстаным басты қағида ретінде ұсынды.

Әл-Фараби педагогикалық ұғымдарға анықтама беру арқылы педагогика ғылымының негізін салушы екендігін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту - адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылықты дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа, білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. Әл-Фарабидің мұрасында «білім беру» де қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара ұқсас [30].

XVI-XVII ғ.ғ. Украина мен Беларуссия мектептерінде ұстаздың кәсіби парызы келесі сипатқа ие болған: «дидискал немесе оқытушы - тақуа, момын, дана, ақылгөй, төзімді әрі ұстамды, әрдайым көмекке ұмтылушы, әрқашан ізгілікті жақтаушы» [31].

Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланың бастан-ақ бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық рөлiнің маңыздылығын түсiндi. «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасауы қажет. Сонда ғана оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын [32].

Чех педагогы Я.А. Коменский (1592-1670 ж.ж.) ұстаз кодексін жасады, ұстаз мамандығының өте құрметті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны жоғары бағалады: «Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Бұл – мұғалімге, оның ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас. Ұстаз әр уақытта да беделді, белсенді шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі әрі білімді, еңбексүйгіш болуы керек. Оның ойынша, адам ақылының, «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шыңдалатын шеберханасы, оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық — мектеп [33].

Ағылшын философы, педагогі Дж.Локктың (1632-1704 ж.ж.) ойынша, тәрбиелеудің басты мақсаты – арасатты, есті және барлық жамандықтардан балаларды сақтайтын, қамқорлық жасай алатын дана, ақылгөй тәрбиеші дайындау. «Үлкен ұстамдылықты, сабырлықты, нәзіктіктілікті, ынталылық пен қайырымдылықты қажет етеді» деген пікірді ұстанған Джон Локк тәрбиеде оң нәтижеге жету үшін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру және мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтармен күресу қажеттігіне тоқталды [34].

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо (1712-1778 ж.ж.) баланың табиғи жетілуін жақтады, оның қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеп, тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық) сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Ол баланың айналадағы ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі білімді меңгеру үдерісінен туындайтынын атап көрсетті. Қолөнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысу таза, адал еңбек жалғасы екендігіне көңіл аударды [33].

Швейцария педагог-гуманисі И.Г.Песталоцци (1746-1827 ж.ж.) оқыту кезінде «баланың жүрегін жылытуға, ойын дамытуға» ұмтылды, балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына әсер етуде моральдық өсиеттерді айтумен шектелмей, балалардың бойында моральдық сезімдерді дамыту, адамгершілік бейімділіктерді қалыптастырудың қажеттігіне тоқталды. Оның ойынша, тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту, сонымен қатар балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске асуға тиіс.

Песталоцци мұғалімнің рөліне ерекше мән берді. Мұғалімнің тек қана білімін балаларға беруде қызметі мен жауапкершілігі жоғары, ол баланы сүйе білуі тиіс, өзін балалардың анасы ретінде сезініп, оларды тәрбиелеу және дамытуға міндеттенеді [35].   

Неміс педагогі А.Дистервег (1790-1866 ж.ж.) «Ұстаздың сана-сезімі» мақаласында «педагогтың қызметі және оның мамандығы оған белгілі бір таңба қалдырады, оның дүниетанымын және адамдарға деген қатынасын дамытады, одан бір ерекше тұлға қалыптастырады» деген. Ол бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті, жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті. Оның ойынша, мектептің мақсаты — азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу. [36].             

Педагогтің кәсіби мінез-құлық қалпына А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов сияқты ХІХ ғғ. прогрессшіл орыс демократтары да өз үлестерін қосқан.

А.И.Герцен (1812-1870) ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің ауызша баяндауының тиімділігін, артықшылығын айтып, оның терең білімді қамтамасыз етуге, оқушылардың ойлау белсенділігін оятуда әсері мол екендігін ескерткен. Оқу-тәрбие үдерісінде мұғалімге өте жоғары талаптар қойды [33].

Н.Г.Чернышевский (1828-1889 жж.) «жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуында өмір жағдайы, қоршаған орта және тәрбие басты рөл атқарады, сонымен қатар адам жақсы немесе жаман азамат болып тумайды, жағдайға немесе алған тәрбиесіне байланысты қалыптасады» деп түсіндірді. Ол жалпы білім берудің төрт негізгі бөлімін тәрбиенің жалпы мақсатына қарай бөліп көрсетті: ақыл-ой, адамгершілік, дене және эстетикалық тәрбие, оның ішінде жетекші орынды шәкірттерді табиғат және қоғам туралы терең және жан-жақты білім негіздерімен қаруландыру мақсатын қоятын ақыл-ой тәрбиесіне берді. Адамгершілік тәрбиесінің міндетіне оқушыларда жағымды сезімдер мен ұмтылыстарды, барлық жақсылық пен әдемілікке күшті сүйіспеншілікпен қарауды игертуді жатқызды. Адамгершілік тәрбиесін Отанына және халқына сүйіспеншілік, адамға, еңбек адамына құрметпен қарау, еңбекті бағалау және алдына мақсаттар қоя білу қабілеттілігімен байланыстырды [25].

Н.А.Добролюбовтың (1836-1861 ж.ж.) ойынша, ұстаз парызы «беделді, адамгершілік тұрғысынан адал, балаларға деген сүйіспеншілігімен қатар, олардың жеке мүдделерін құрметтеуде». Ол шәкірт сенімін қалыптастыруда ақыл-ой білімімен қатар, адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берді, негізгі адамгершілік қасиеттерге патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен қарау, табандылық, турашылдық және т.б. қасиеттерді жатқызды. Оқушылар арасында саналы тәртіп қалыптастыру үшін Н.А.Добролюбов төмендегілерді атап көрсетті: мұғалімнің шәкірттерге ерекше қамқоршы болуы, көңіл бөлуі, оқушыларды дер кезінде міндеттерімен таныстыруы, мұғалімнің оқушыларға қойған талаптарын, табандылық және бірізділік, кішіпейілділік пен қамқорлық қатынастардың ұштасуын қамтамасыз етуі, оқушылардың тәртіпті орнатуға ынталылығы [25].

Этика мен деонтологияның дамуына маңызды үлес қосқан К.Д.Ушинскийдің, П.П.Блонскийдің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің және т.б. еңбектері педагогикалық деонтологияның теориялық негіздерін салуға септігін тигізді.

К.Д.Ушинский (1824-1870 ж.ж.) өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалім рөлін жоғары бағалады. Оқыту мен тәрбие үдерісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдірілгенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес”.


Мұғалімнің жеке басы - бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас баланың жаны үшін жасалған күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай “күн көзінің жарқын сәулесі” болуы үшін педагог нақты белгіленген жалпы және педагогикалық таным меңгеруі қажет, соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қаруланған болуы керек. Осындай сенімсіз нағыз тәрбиеші болмай, қарапайым шенеунік деңгейінде қалады. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский келесі пікір білдірді: «мұғалімде педагогика және психология саласында білімі, теориялық тәжірибесі болу керек. Бірақ оған тек қана терең білімі жеткіліксіз. Сенімі қатал, терең және жүйелі адам болу керек. Шығармашылық шабытта сенімсіз жұмыс істеуге мүмкін емес. Адамзатты тәрбиелеуге басты жол сендіру және сендіруді тек қана сендіру арқылы жүргізу керек. Тәрбиелеуші сендірусіз қандай да тәрбиелеу әдістері жақсы болса да, шындығында ешқандай күші жоқ, өлі күйінде қалады» [37].

Педагогикалық деонтологияның пайда болу тарихында П.П.Блонскийдің (1884-1941жж.) ойлары өте маңызды. Ол тарихи ұстанымдарды мектептің өмірімен сәйкестендіруді, оқытудың өндірістік еңбекпен үндестігін, оқыту мен тәрбиенің өзара сабақтастығын маңызды жеке тұлғаны жан-жақты әрі үйлесімді дамыту ұстанымы ретінде көрсетті.

Қазақтың көрнекті ғалымы, тарихшы, этнограф және ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) ұстаз «білімі мол, адамгершіл, әсерленгіш, оқушыларға жақсы өнеге көрсететін және өз елінің патриоты» болуы тиіс деп тұжырымдаған [39].

Бұл көзқарасты қазақтың ірі педагог-ағартушысы Ы.Алтынсариннің (1841-1889 ж.ж.) пайымдаулары толықтырды: «Жаңа салынғалы жатқан ғимараттың құндылығы іргетасының беріктігіне байланысты болса, қазақ мектептерінің болашағы ұстазға байланысты». Ұстаз тұлғасына мол үміт артып, қазақ педагог-ағартушысы былай деп жазған: «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» [40].

Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің көзқарастарымен қазақтың ақыны, философы Абай Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.) көзқарасы үндес. Оның айтуынша: «Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең». «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» деп, ұстаздың өзі адами құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам, қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан-тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеуді мақсат ететін маман иесі болуы керек деген талап қойған.

Ойшыл Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға. ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз, әрине, өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі, ісі, қимылы, киіну мәнері, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануы тиіс.

Ал Ә.Сәтбаевтың ойынша, «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді...» [42].

Ұстаздар өзінің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін жете түсінуі тиіс. Бұл жөнінде С.Көбеев «Кейбір педагогикалық мәселелер» атты мақаласында: «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деген [39].

Педагогикалық деонтологияның ғылым ретінде дамуына В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970 ж.ж.) педагогикалық ойлары да әсер етті. Ол «Мектептің жас директорымен әңгіме» еңбегінде былай деп жазды: «Егер педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз». Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» еңбегінде: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деп, ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін терең білгенде ғана мүмкін екендігін айқындайды [45].

Қазіргі заман ғалымдары дәл осы пікірді ұстанады. Мысалы, С.Соловейчик (1930 ж.) «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін» айтады. Оның ойынша, «педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып–тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек»[46].

Мұғалім жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Жоғарыда сипатталған тұжырымдамалар ұстаз тұлғасына қойылатын заманауи талаптарға сәйкестігін көрсетеді. Бұған дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейік.

Орта ғасырлық мектептерде тәрбиелеу үдерісінде дiннiң ерекше рөл атқарғанын байқауға болады. Дiннiң уағыздауы бойынша адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, VI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған. Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай-ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ-жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi. Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды. Батыс Еуропа мектептерінде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды [33].

Сонымен, педагогиканың көптен бері топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi қазіргі заман талаптарына сай педагогикалық деонтология деп қайта жаңғырып, жаңа мазмұндалуына себеп жағдайларды атап айтсақ:



біріншіден, баланың жан дүниесiне зиян келтiрмей әсер ету тақырыбына арналған көптеген ғылыми, ғылыми-публицистикалық еңбектер педагогикалық деонтологияның «Зиян келтірме!» ұстанымының көкейтестілігі күннен күнге артқанын дәлелдейді;

екiншiден, педагогикалық деонтологияға қазiргi кезде асыра көнiл бөлiнуiне себепкер болған, көкейтестілігін түсiндiретiн төмендегідей әлеуметтік жағдайлар:



  • заманымыздағы болып жатқан көп өзгерiстердiң iшiнде адамның денсаулығына деген назардың өсуі. Әсіресе, баланың жан саулығына, тән саулығына деген көзге түсер қоғамдағы бетбұрыс. Денсаулықтың арқауы - салауатты өмiр салты дер болсақ, ол өзі – адам бойындағы күнделiктi тыныс тiршiлiгiнен байқалатын ақыл-ой парасаты, сезiм, қимыл-қозғалысы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы сияқты тағы басқа жоғары деңгейдегi саналы қасиеттi көрсететiн тұлғаның өмiр сүру үрдісінің көркем бейнесi. Олай болса, мұғалiмнiң кәсiби сауаттылығына, жалпы салауаттылығына, оның қарым-қатынас құру мәнерiне өзiнiң және оқушының денсаулығы тәуелдi екендiгi күмән тудырмайды;

  • өмiр шарттарының өзгеруіне, құндылықтардың ауысуына байланысты мемлекеттiң, әлеуметтiң, ата-ананың мектепке, мұғалiмге қоятын талабының жоғарылауы;

  • халықтың ақпараттану мүмкiншiлiгiнiң өсуiнде. Заман талабы бойынша жарық көрiп жатқан ғылыми еңбектер, iзгiлiктi жұмыс iстеп жатқан әртүрлi оқу орындары, ондағы ұстаздардың парыздарын өнегелi еңбек ету арқылы өтеуi туралы радиохабарлар, телекөрiнiстер, газет, журнал бетiндегi мақалалар бiлiм беру сапасына деген белгiлi бiр жоғары сұраныс қалыптасуына жетелейдi. Мұғалiмдердiң iс-әрекетiндегi деонтологиялық факторлардың рөлiн «керi» ақпардың әсерi де айқын көрсетедi. Мысалы, жалпы бiлiм беру саласындағы, соның iшiндегi жеке мектептер тұрмыс-тiршiлiгiндегi жiберiлген түрлi олқылықтарға байланысты шағым хаттар, сыни мақалалар, радио-телехабарлар өз әсерiн тигізбей қоймайды. Педагогикалық ұжымдағы мұғалiмдердiң балаға деген сезiмталдығы, ақ ниеті, кiшiпейілдiлігi – олардың деонтологиялық мүмкiндіктерiнiң ең маңызды белгiсi. Мұның бар-жоғын халық пiкiрiнен білуге болады. Халық пiкiрi – қай кезде болсын мекеменiң, ұжымның жұмысының нақтылы көрсеткiшi;

үшіншіден, педагогикалық деонтология қағидаларының мазмұны мен қолдану әдiстемесiндегі ерекшелiктерді бiлiм беру саласының әртүрлi нысандарда ескеру қажеттілігі туындайды. Мысалы, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп және жоғары оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру мүмкінділігі әртүрлі. Сондықтан педагогикалық деонтологияның қолдану нысанына байланысты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.

Сонымен соңғы кезде айқын көрiнiс беретін бiлiм беру жүйесiндегi құндылықтардың өзгеруі педагогика саласы ғалымдарын педагогикалық әдеп және педагогикалық деонтология мәселелерi жөнiнде тереңнен ойлануға итермеледі. Педагогикалық этика саласында зерттеулер болғанымен, педагогикалық деонтология туралы түбегейлі ғылыми еңбектер жоққа жуық (К. М. Левитан). Дегенмен педагогикалық әдеп пен педагогикалық деонтология жөнiндегi кейбір жұмыстарды талдау барысында төмендегідей көзқарас қалыптасты.

Мысалы, К. М. Левитанның «Основы педагогической деонтологии» деген оқулығына көңiл бөлейiк. Егер бiлiм берудің негiзгi мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру емес, оның дамуына жәрдемдесу болса, онда бала – субъект, деонтологиялық талап бойынша педагог оның құқықтарын өз кәсiби қызметiнде есепке алуы керек. Аталмыш еңбекте педагогикалық деонтологияның өзектілігі баланың құқықтары мен қажеттiлiктерi, тарихи сұраныстар, әлеуметтiк тапсырыстар, сондай-ақ бiлiм саласында болып жатқан күрделі жағдайлармен байланысты екені байқалады. Мысалы, «Қазiргi заманғы әлеуметтiк жағдай мұғалiм алдында оқудың төмен меселдігі және оқушылардың бiлiм сапасының төмендігі, бiлiм мен тәрбие арасындағы алшақтық, рухани мүдделердiң жұтаңдығы секiлдi жаңа, күрделі проблемаларды қояды. Бұл жағдай мектеп мүғалімінің жан-жақты жетiлген тұлғасын талап етедi, өйткенi үнемi өзгермелі кәсiптiк жағдайларда мұғалiмнiң негiзгi «қаруы» – оңтайлы педагогикалық шешiмдердi табуға септiгiн тигiзетiн тұлғалық қасиеттері, оның жалпы кәсiби кемелденуi болып табылады»[47]. Бiлiм беру негiзiнде жатқан үдерістер көп жағдайда әртүрлi ұстанымдағы субъектiлер арасында пайда болатын бағдарлы-мақсаттық және стильдiк сипаттамалармен анықталады. Мұнда бiр тұлғаны екiншi бiр тұлғаның әрекет жасауы арқылы дамыту жүйесі қалыптасқан. Осыған орай бұл еңбекте педагогтың маңызды кәсіби қасиеттерi мен тиiмдi педагогикалық стильдердiң әртүрлi жiктемелерi келтiрiлген. Осы мақсатта К. М. Левитан педагог тұлғасының бiлiм, қабiлет, мiнез бағдарлылығы мен түрлi икемдiлiктері (гностикалық, жобалық, ұйымдастырушылық және т.б.) бойынша ғылыми моделін құрастырып, педагогикалық деонтология педагогтың кәсіби іс-әрекетті нормалаушы фактор ретінде ұсынған. Алайда деонтологиялық ұғымдар жүйесі кеңінен қарастырылмаған, болашақ педагогтардың бойында деонтологиялық нышандарды қалыптастыру тетігіне айтарлықтай көңіл бөлінбеген

Әлеуметтік-психологиялық алғышарттар. Н.В.Жутикова «Учителю о практике психологической помощи» еңбегінде педагогикалық деонтология ұғымына қарым-қатынас психогигиенасы тұрғысынан түсінік қалыптастырған. Бұл еңбектегі ұғымдар тiзбегi төмендегiдей:
Гигиена → Психогигиена → Қарым-қатынас психогигиенасы → Деонтология → Педагогикалық деонтология
Қарым-қатынас психогигиенасының қолдану саласына сай ерекшелiктерi мен түрлерi бар [48].

«Гигиена» сөзі «тазалық» сөзімен пара-пар. Дегенмен гигиена тек адам денсаулығын сақтауға бағытталған тазалықты және онымен байланысты тәжірибелік әрекеттерді ұстану ғана емес, бұл түсінік медицинада осы ғылымның маңызды бір саласын айқындау үшін қолданылады. «Қазіргі энциклопедиялық сөздікте» көрсетілген анықтамаға сүйенсек, гигиена – «өмір мен еңбектің адам денсаулығына тигізетін әсерін қарастыратын және ауруларды алдын-алуға, тіршілік етудің оңтайлы шарттарын қамтамасыз етуге, денсаулықты нығайту мен өмірді жалғастыруға бағытталған медицина саласы» [57].

Онда қарым-қатынас психогигиенасы деген терминге төмендегідей түсіндірме-талдау жасалды. «Гигиена» деген сөз бiрден өзiне сәйкес қалыптасып қалған сабын, су, таза киiм, т.с.с. тазалыққа байланысты бейнелерді көз алдына келтіреді. Бiрақ гигиена – тазалық не соған байланысты денсаулық сақтау тәжiрибесi ғана емес, бұл iргелi медициналық ғылым, оның бiрталай ғылыми-зерттеу институттары бар. Онда қоршаған ортаның адамға әсерi, түрлi ауруларды, эпидемияларды болдырмаудың мәселелерi зерттеледi. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техника қызметтерi, профилакторийлар, денсаулық бөлмелерi, психологиялық сергiту бөлмелерi, т.б. осыған сәйкес түсiнiктер арқылы гигиена адам өмiрiнде өзіндік орынға ие болды. Жалпы гигиенаның бiр саласы – психогигиена. Психогигиенаның басты мiндетi – адамның жүйке жүйесiнiң, жанының саулығын қалыптастырып, сақтау. Ол психопрофилактикамен (жанға төнген қауіптің алдын алу) және психотерапиямен (адамның жанына дәрi-дәрмексiз шипалы әсер ету) тығыз байланыста. Психогигиенаның бiр саласы – қарым-қатынас психогигиенасы. Бұл – психологиямен тығыз жанасқан медициналық ғылым. Қарым-қатынас заңдылықтары және оларды саналы басқару әдiстерi психология ғылымының аясындағы түсiнiктер болғанымен, басшылыққа медицина ғылымының «Зиян келтiрме!» ұстанымы алынады. Яғни қарым-қатынас психогигиенасы қоғам, топ және жеке адам жүйке жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты насихаттап, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады [58, 59]. Мұны мектеп тәжірибесінде күнделікті пайда болатын көптеген жағдайлар мен статистикалық деректер дәлелдейді. Мысалы, Павлодар облысы балалар құқығын қорғау департаментінің мәліметтері бойынша, 2008 жыл ішінде 326 шағым, өтініш, ал 2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін 124 өтініш келіп түскен. Олардың 23%-ы мектептегі балаларға қатысты [53]. Қазақстан Республикасының саясатшылары мен әлеуметшілерінің қауымдастығы 2007 жылы өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 70 % бала өз құрбылары тарапынан, ал 38 %-ы ұстаздар тарапынан зорлық-зомбылық көреді екен [53].

Оқытушының баланы жазалау мақсатында күштеп шешіндіру жағдайлары да тіркелген. Тіпті балалардың бұзақы қылығы үшін балабақша тәрбиешісі басқа балалардың көзінше баланың киімін күштеп шешіп, ұялтуға тырысқан. Кей балаларда бұл қорқынышты жазаның түрі сөйлеу аппаратының бұзылуына (кекештену) әкеп соқты. Дәл осындай жазалаудан кейін реактивті психоз диагнозымен балалардың ауруханаға түсу фактісі тіркелген. Психиатр дәрігерлер мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін және оның салдары бала денсаулығына кері әсерін тигізетіндігі жөнінде дабыл қағуда [54].

Әр жыл сайын жағдай үдеп барады. «Қазақстан балалары» республикалық бағдарламасында келтірген статистикалық көрсеткіштерге сәйкес жасөспірімдердің (12-18 жас) жылдық алдын-алу медициналық тексерісінің нәтижелері бойынша медициналық тексеруден өткен балалар санының 53%-ы ас қорыту жүйесі мүшелерінің ауруы, көру, сүйек пен бұлшық ет жүйесі, дем алу, жүйке және эндокриндік жүйесі ауруларынан азап шегеді. Қазақстан Республикасы бойынша 2005-2006 жылғы жеке сыныптар мен топтардағы балалардың (14 жасқа дейін) ортақ ауруға шалдығуы 1- кестеде көрсетілген [53].
1 – кесте. Қазақстан Республикасындағы балалардың (14 жасқа дейінгі) ортақ аурулары


Аурулардың басты топтары

2005 жыл

2006 жыл

Жаңа қалыптасқан ісіктер

80,9

82,1

Қан аурулары және бала иммунитетінің төмендеуі

3645,3

6003,6

Эндокриндік аурулар, зат алмасу мен ас қорыту органдарының бұзылуы

1518,4

1776,1

Психикалық ауруға шалдығулар мен мінез-құлықтың бұзылуы

239,3

262,2

Жүйке жүйесінің аурулары

2669,3

2752,7

Тыныс алу мүшелерінің аурулары

55451,4

54507,7

Ас қорыту мүшелерінің аурулары

6289,3

6775,1

Тері мен тері асты жасушасының аурулары

5373,1

5279,7

Сүйек-бұлшықет және дәнекер ұлпасының аурулары

1242,7

1321,8

Жарақаттану мен уланулар

3719,3

3320,5

Бұл сұлбадан балалардың ауруға ұшырауы жылдан-жылға өсіп келетінін байқадық. 14 жасқа дейінгі оқушылар арасында ауруға ұшырағандардың саны 19,3% құрайды, бұл көрсеткіш жыл сайын артуда. Балалардың ауруға шалдығу себептерінің бірі – қарым-қатынас психогигиенасы талаптарының бұзылуы.

Педагогикалық деонтология - қарым-қатынас психогигиенасын білім, тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануды зерттейтін педагог мамандардың әдебі туралы ғылым. Деонтологияның дербес қағидалары, нормативтерi, ережелерi әрбiр мекеме және мамандық ерекшелiгiмен анықталады. Бiрақ бәрiнде «Зиян келтiрме!» ұстанымы сақталуы хақ.

Бұл пікір даусыз болғанымен, кейбір сыңаржақтық та байқалады: біріншіден, педагогикалық деонтологияны тек қарым-қатынастағы әдеп ережелері тұрғысынан қарастыру оның толық мәнін ашпайды; екіншіден, этика мен деонтология ұғымдары теңестіріліп, жалпылық пен жекелік түсінігіндегі айырмашылықтары ескерілмеген.

Этика адамдардың алдына моральдiк талаптар қоятын жағдайлармен байланысты және оны дербес, саналы таңдауға көмектеседi. Тек осы таңдау арқылы «жақсылық істегенім», ал басқаны таңдағаным «жамандық істегенім» деген ұғымға ғана сүйенуге болады. Кәсiби педагогикалық қызметтiң айрықша ерекшелiгі педагог қызмет ету барысында басқа адамға (оқушыға дейлiк) не жақсы, не жаман, не пайдалы, не зиянды әсер етіп отырғанын анықтау жауапкершiлiгiн өзiне алуында. Демек педагогикалық деонтологияда пайда болатын негiзгi этикалық мәселе – осы жауапкершiлiктiң шектерiн, яғни педагогикалық кiрiсу шектерiн белгiлеу.

Мысалы, дәрiгерлiк әдепте (этикада) медициналық араласуға науқастың ресми (құжатты) келiсiмiн алу ережелері бар. Егер науқастың ойлау қабiлетi шектеулi болса, мұндай келiсiмдi туысқандары немесе басқа жақын адамдары бередi. Ал мектептегі, әсіресе мектепке дейiнгi жастағы баланың жауапты шешiм қабылдау тұрғысынан түсiну қабiлетi үнемi шектеулi. Дегенмен бұл жағдайда педагогикалық ықпал мен медициналық әсердің ұқсастығы шектеледі, өйткенi педагогикалық ықпал бiр жолғы сипатта емес, әрдайым баланың мектептегі өмiрiнiң барлық жақтарына араласумен теңеседі. Мұғалім әрбiр дауыс көтеруге, тыйым салуға немесе мақтауға, басқа да ұсақ әрекеттеріне ата-аналардың келiсiмiн сұрауы мүмкiн емес. Бірақ мұндай әсер етулердiң нәтижесi шамалы ғана болмайды. Осыдан педагогикалық деонтологияның негізгі қағидасы шығады: егер мұғалімнің шешiм қабылдауда бостандығы шексiз болса, онда оның қабылдаған шешiмдерiне жауапкершiлiк мөлшерi одан әрмен жоғары болу керек.

Педагогикалық еңбек аясындағы өзіндiк құндылықтардың ажырамас бөлiгi болып табылатын моральдық бағдарланудың ерекшелiктерi бар. Оның бірі – педагогтың көп әрекеттерiн сырттан ешкiм бақылай алмайды, көбiнесе ол өзінің іс-әрекетiне өздері ғана бағалаушы бола алады. Сондықтан ұстаздың моральдық барометрi – педагогикалық парыздылық ары. Я. А. Коменский «Законы хорошо организованной школы» деген еңбегінде: “Бала тәрбиесін ешқашан білімсізге сеніп тапсыруға болмайды, адамгершілік құлығы жағынан жаман кісіге тіпті де сеніп тапсыруға болмайды, тақуалық құлығы мен ары күдікті кісіге – сеніп тапсыруға әсте болмайды»,– деп айтуы педагог тұлғасындағы “моральдық барометрдің” мәні мен мағынасын жеткілікті түрде білдіреді. Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі мынадай: оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. В.А.Сухомлинский: «Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан кейін қуанып мәз болады,… – мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады» деген екен. Педагогикалық қателердiң, бiлiксiз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзi (кейде бiрнеше жылдан кейiн, ересек болған кезiнде) және оның жақындары көріп жатады. Мұғалім оқушы тұлғасын қалыптастырушы деген пікір жоқ емес. Бұл үдерістің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет кешіп өтуге болмайтыны сияқты оқушы әр уақытта бір өлшеммен қанағаттана алмайды.

Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі – оның қолында нәтиже өлшеуіші жоқтығы. Оның ең басты жұмысы — оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұнын өзі оңай емес. Сонымен қатар баланың даму жолы соншалықты күрделi, өте көп факторлы болғандықтан, жеке педагогикалық әсер мен жеке тұлға дамуының нақты мөлшерлерi арасындағы себеп-салдар байланысын анықтау оңайға соқпайды. Тәрбиешінің бойында бала тұлғасының дамуына ол қай кезде жақсылық, ал қай кезде жамандық жасауға бейімді болып тұратынын анықтау мүмкiншiлiгiнің болуы міндетті. Мұнда оның басшылыққа алатын негiзгi құндылығы – жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту құндылығы. Сол себепті педагогикалық қызмет қағидаларын заң саласынан гөрi педагогикалық деонтология призмасынан қарастыру мәндi деген қорытынды жасадық.



Қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаудың тағы бір басты амалы – құқық, яғни үкiмет тарапынан анықталатын, адамдардың жүрiс-тұрысындағы құқықтық ережелер. Бұл – көпшiлiктiң заң ретiнде қабылданған ықтияры, елде, қоғамға және оның мүшелерiне зиян келтiретiн тәртiпке, мiнез-құлыққа тосқауыл қояды. Бiрақ заң қандай қатал болса да, адамдар арасындағы қарым-қатынасты толық қамти алмайды. Әрбiр айтылған сөз бен iстелiнген iске заңды бақылау жүргiзу мүмкiн емес. Сонымен адамгершiлiктi-этикалық сана-сезiмсiз, моральсыз ешқандай заң, аталмыш қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаулар, құқық қорғаушылары адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя алмайды.

Жоғарыда айтылғандарды келесі сұлба жүзінде көрсетуге болады.


Қарым-қатынас саласындағы нормативті нұсқаулар


Әлеуметтік бақылау және оның құралдары

Қарым-қатынас психогигиенасы

Құқық

Адамгершiлiктi- этикалық сана-сезім самосознание

Заңнамалық және нормативті-құқықтық актілер



Мораль ережелері


Деонтология


Кәсіптік

деонтология



Педагогикалық

деонтология

2 сүрет – Қарым-қатынас психогигиенасы ұғымдары мен әлеуметтік бақылау негізінде педагогиқалық деонтология ұғымына келу жолы



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Сұрақтар


  1. Ғылымға тән қандай белгілер бар? Ғалымдардың ғылым белгісін анықтау жолдарында қандай айырмашылықтарын білесіз?

  2. Неліктен педагогикалық деонтология ғылым деп саналады? Өзіңіздің жауабыңызды ғылымның танымал белгілеріне сүйеніп, түсіндіріп беріңіз.

  3. Конфуций, Сократ және Квинтилианның ойынша ұстаздың кәсіби парызы қандай?

  4. Я.А.Коменскийдің жасаған ұстаз кодексінің мәні неде?

  5. Белгілі ағылшын, француз, швейцар, неміс философтары, ағартушылары, педагогтарының ұстаз тұлғасына қоятын талаптарына көзқарастары қандай?

  6. Педагогикалық этика мен деонтологияның дамуына К.Д.Ушинскийдің, П.П.Блонскийдің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, В.А.Сухомлинскийдің еңбектері елеулі үлестерін қосты. Оның мәні неде?

  7. Психогигиенаның басты мақсаты неде? Және психогигиенаның бiр саласы – қарым-қатынас психогигиенасы жөнінде айтып беріңіз.

  8. Педагогикалық деонтологиядағы тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас мәселесі жөнінде не білесіз? Қысқаша баяндап беріңіз.

  9. Сіздің мамандығыңыз бойынша білім алып жатқан болашақ ұстаздарға қойылатын талаптар қандай?

  10. Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін қандай қағида ұсынды? Оның мәнісі неде?

Тапсырмалар


    1. Төмендегі берілген ғылым қасиеттерінің мазмұнын ашыңдар: жан-жақтылық, фрагменталдық, ортақ мәнділік, жүйелілік, рационалдық, әрбір ғылымның елеулі қасиеттері – жалпылық, ғылыми деректердің тексерілуі, білімдер жүйесінің тұрақтылығы.

    2. «Алғышарт», «педагогикалық этика», «педагогикалық мораль», «парыз», «гигиена», «психогигиена», «қарым-қатынас психогигиенасы», «құқық нормалары», «адамгершілік нормалары», «кәсіби деонтология», «педагогикалық деонтология» түсініктерінің мазмұнын ашыңыз.

    3. Педагогикалық деонтологияның этикалық-философиялық алғышартының мәні мен мазмұны жөнінде айтыңыз.

    4. Педагогикалық деонтологияның әлеуметтік-психологиялық алғышартының мәні мен мазмұнын ашыңдар.

    5. Өздік жұмыс ретінде ұстаздың кәсіби парызы жөнінде айтылған атақты ғалымдардың, педагогтардың пікірлерін жазып алыңдар.

    6. Қарастырылып жатқан тақырып бойынша тест тапсырма (12-15 сұрақ) құрастырыңдар.

    7. Педагогикалық деонтологияның теориялық негіздерін толықтырыңыз.

    8. Осы тақырып бойынша компьютерлік презентация дайындаңыз.


1.3 Педагогикалық деонтологияның пәні
Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіби парыздылығына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым. Бұл – ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес сана-сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн сақтай білу қабілет-қасиеттері жатады. Осыдан педагогикалық деонтологияның пәніне педагог іс-әрекетінің, кәсіби мінез-құлқы мен тәртібінің ресми және бейресми нормалар кешенін зерттеу жатады.

Педагогтың мінез-құлқы кәсіби ойлау мәдениетімен, өз қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра алу қабілеттілігімен, өз іс-әрекетін сыни тұрғыда бағалауымен, өз мүмкіндіктеріне талдау жасауымен, дұрыс шешім қабылдауымен, ұжымда жағымды психологиялық жағдай жасай білуімен және т.б. көрінеді.

Педагогтың кәсіби мінез-құлқы оның өз-өзімен, оқушылармен, әріптестерімен, жалпы ұжыммен қарым-қатынас жасау сипатында көрініс табады.

Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы туралы мағлұматты ұлы Абайдың 15 қара сөзінен бастағанды жөн көрдік: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» [ 41].

Ұстаздың әлеуметтiк ортамен тәрбиеленуi және өзін-өзі тәрбиелеуiмен қалыптасатын маңызды қасиеттерiнiң бiрi – оның жеке тұлғасының дүниетаным сипаты. Жеке тұлғаның дүниетанымы белгiлi мөлшерде оның бағыттылығын, әлеуметтiк бағалы шешiмдерi мен қылықтарының ерекшелiктерiн алдын ала анықтайды. Мұғалiм тұлғасын деонтологиялық негiзде қалыптастыру үрдісінде бағыттылық пен белсенділік маңызды рөл атқарады. Психология гуманистік белсенділіктің маңызды факторы деп жеке тұлғаның болашаққа ұмтылуын, өзін-өзі жігерлендіруін атайды.

Қазіргі кездегі педагогқа көп тапсырмалар жүктеледі, сондықтан бір мезгіл тыныстап, өз ісіне есеп беру үшін оның уақыты да жеткіліксіз. Алайда ұстаз өз бойында келесі әдет-дағдыларды қалыптастыруы тиіс: көрген-білгендерін, оқып-тоқығандарын елеп-екшеп, өз іс-әрекеттерімен қылықтарына талдау жасап, ой елегінен өткізу қажет. Бұл жүйедегі қарым-қатынасты дұрыс орнату үшін ұстаз кәсіби мінез-құлқының жеке дара қалпын өзін-өзі сынау қажеттілігін ескеру керек. Өзін-өзі сынауды жақсы қалыптастырған адам ғана өзіне, өзінің қылықтарына басқа қырынан қарай алады, өзіне әділ баға бере алады. «Дос жылатып айтады» деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек. Өзіне өзі дос болып, өзіне өзі қатал төреші болу – ұстаздың ең қажетті міндеттерінің бірі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халық. Оның жақсылығы сыртқы көрінісінде ғана емес, ішкі дүниесінде, істеген ісінде көрініс табуы керек. Л. Н. Толстой былай деген екен: «Адам математикалық бөлшек сияқты. Онда бөлімінде – адамның өзі жөніндегі пікірі, алымында – адамның құндылығы. Бөлімі өскен сайын бөлшектің мәні азая береді». Бұдан мұғалімнің өзі туралы өзіндік пікірі, өзіндік бағасы әділ болу керектігі туындайды. Өзімшіл, өркөкірек мұғалім қарым-қатынаста демократияшыл стиль ұстанымдарына өзін-өзі бағындыра алмайды. «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» дейді Ыбырай Алтынсарин. Міне, педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы дегенге осының бәрі саяды.

Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасының мәнділігін ғалым, психолог А. Г. Асмоловтың «Экономикалық дамуына көп көңiл бөлiп, мұғалiм мен бала мүддесiн шеттететiн мәдениеттiң өрiсi оңбайды. Бiрақ бәрiнен де қауiптісі – адам баласының жан дүниесiнiң рухани дағдарысы. Мүмкiн бiз бiр кезде ең бай, экономика жағынан барлық игiлiкке ие болармыз, бiрақ оның қажетi не, егер этикалық жағынан ұлтымыз әлем дамуының жабайы деңгейiнде қалса? Ал тығырықтан шығатын жол қайда? Бұл тығырықтан шығатын жол тек қана жалпы адамзаттық нормаларды сақтау және бала әлемiмен өз тiлiнде қарым-қатынас қалыптастыру арқылы ашылады» деген пiкiрi ашады.

Оқушылармен ынтымақтаса отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін қарым-қатынас мәдениетіне айналдыру, соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сол арқылы тәрбиелік үдерісте оқушының жеке басының белсендігін қамтамасыз етіп, әдептілік мінез-құлық нормаларын оның бойына сіңіру, қалыпты дағдыға айналдыру – мұғалімге қойылатын негізгі талап. Баланың білімге деген қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана оқушының еркіндігі көрініс табады. Еркін істеген істің, алған білімнің өрісі кең, табысы мол болады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік «Менін» саналы түрде көрсетуіне мүмкіндік тудырады, өз-өзіне баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзбен қарауға үйретеді. Мұндай қажеттілікке сай қандай қарым-қатынас үлгі бола алады?

Бір 45 минуттың ішінде қаншама жағымды, жағымсыз жағдайлар туындайды. Қас-қағым сәтте соның бәрін алдын-ала болжап, дұрыс шешім тауып, әрекет жасау терең психолого-педагогикалық білім жүйесін, тапқырлықты, көрегендікті, шығармашылықты талап етеді.

Мұғалім қарым-қатынастың әр сәтінде өзінің әрекеттерін саналы бақылауды естен шығармауы қажет. Саналы бақылаудың екі түрі бар: белгілеуші бақылау және реттеуші бақылау.

Белгілеуші бақылау дегеніміз – адамның жан-жақта болып жатқан жағдайды көріп, тыңдау кезінде өзінің іс-қимылдарына сырттай көз тастап, белгілеп, санасында, есінде ұстауы. «Өз ісіне өзі есеп беру» қабілеті осындай бақылауға негізделген.

Реттеуші бақылау адамның іс-әрекеттерін басқарып, қылықтарын өзінің түсінігі бойынша заң және мораль талаптарына сәйкес бағындыра білу қабілеттерінде байқалады. Мұнда мұғалімнің деонтологиялық әлеуетінің мөлшері анықталады.

Қорыта келгенде, оңтайлы қарым-қатынасты болдыру үшін мұғалім тұлғасында:

- сырттан келген мәліметті сараптап, бағалай білу ептілігі;



  • дәл бағыттап, айқын, бейнелі сөйлей білу қабілеті,

  • оқушының (не оқушылардың) көзқарасына, қимыл әрекетіне, мәнеріне қарай оның ішкі сезімдерін түсіне білуі, баланың жүзін оқи білу қабілеті,

  • психологиялық күйін меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңе білу, әрқашан шат көңілді әрі оптимист бола білу қасиеті,

  • өз мінез-құлқын басқара білуі,

  • бақылаушылық, зейінін басқаға аудара білу қабілеті,

  • гностикалық ептілігі,

  • оқушылармен вербальді, вербальсіз қарым-қатынас жасай білу ептілігі болуы қажет.

Түйіндей келгенде, педагогикалық қарым-қатынас өнері мұғалім тұлғасының педагогикалық мәдениеті және қарым-қатынас техникасы деген екі құрастырушы бөліктен тұрады.

Көптеген ғалымдардың (Н.В.Жутикова, Г.М.Кертаева, М.И.Лисина, Л.И.Охитина және т.б.) зерттеулеріне сүйенсек, ұстаздың қарым-қатынастық шеберлігіне байланысты сауалнамалар нәтижесі бойынша олардың көбі өз пәнін түсіндіруімен ғана шектеледі. Басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды. Мысалы, ТМД елдерінің білім беру жүйесіндегі әкімшілік органдары өкілдерімен жүргізілген сауалнамаларға оқушылардың берген жауаптарынан мына үзінділер ең жаманы емес, бірақ ең жиі кездесетін көріністі ашады: «Химия пәні бізге қызықсыз, себебі мұғалім сабақ барысында тақырыптан басқа мәселеге көңіл аудармайды. Одан басқасы оны қызықтырмайды», «Біздің сынып жетекшіміз жаңа мұғалімге бір қыз жөнінде: «Бұл ақымақтан ештеңе сұрамаңдар, бәрібір түк білмейді» депті». Бұл нәтижелерден соң «оқушылар көп жағдайларда ұстаздардың өз пәнін жетік біліп, түсіндіруіне емес, балалармен жағымды қарым-қатынас орната алмайтындығына шағымданады» деген пікір туындайды [65].

Халық даналығында: «Айтушы ақылды болса – тыңдаушы дана болады», «Мұғалімге қатаң болған жақсы. Мейірімді болған одан да жақсы» делінсе, А. П. Чехов: «Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды» деген екен.

Осының бәрі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың демократиялық стилін жақтайды. Бірақ күнделікті тәжірибеде ресми қабылданған еркін демократиялық білім берудің мақсаттары мен жиі кездесетін педагогтардың авторитарлы мінез-құлқының арасында талай алшақтық байқалады. Мұның себебі – педагогтардың оқушылармен демократиялық стильде қарым-қатынас орнатуға айтарлықтай дайындықтарының болмауы. Көбіне педагог оқушыларға айтқан ақылды сөзімен емес, күнделікті жүріс-тұрысымен, мінез-құлқымен әсер етеді. Сондықтан қазіргі ұстаз өсіп келе жатқан ұрпақты авторитарлы, антидемократиялық бағдарлар мен тәртіп әдістеріне еліктетеді. Әрине, ол мұны әдейі мақсатпен істемейді. Тек білгені – сол. Бұл – демократиялық, құқықтық қоғам құрылысына зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Сол себепті педагогтардың оқушылармен еркін, әлеуметтік, демократиялық қарым-қатынас құруға бетбұрыс жасау қажеттілігі – кезек күттірмейтін мәселе.



Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасын қарастырған кезде мінез-құлықтың келесі ережелерін атап көрсеткен жөн:

- мінез-құлықтың ішкі мәдениет ұстанымдарын бұзбау – еңбек ережелерін, тәртіпті бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, жылы шырайлылық пен сүйіспеншілік таныту;

- мінез-құлықтың сыртқы мәдениет ұстанымдарын бұзбау – сыпайылық, әдептілік ережелері, жағымды сыртқы көрінісі (сыртқы тазалық, ұқыптылық, жеке гигиенасын сақтау, далап пен әшекейінде артықшылықтың болмауы). Сыртқы мәдениет ережелеріне сәлемдесу формалары мен әріптестері арасында өзін ұстай білуі, жағдай мен талаптарға байланысты қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі жатады. Ең бастысы, ұстамды және әдепті, өнегелі болу маңызды, өзін-өзі ұстай біліп, басқалардың пікірімен санасу керек. Оқушымен, әріптесімен қарым-қатынас орнатқанда, оның ойындағысын айтуға бөгет жасамауы тиіс [65].

Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипаты.

Педагогикалық ұжымның жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыра білуі сол мектептің әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар сол ұжымның бір-бірімен тіл табысуы мен моральдық-психологиялық ахуалына да байланысты [57]. Егер мекеме қызметкерлері арасында жағымды қарым-қатынас орнатылса, ұстаз еңбегіне әділ баға берілсе, сол жағдайда ғана ұстаздардың жұмыс істеу қабілеттілігі арта түседі. Осындай моралдық-психологиялық ахуалға жөнді көңіл бөлінбейтін ұжымдарда оқытушылар өздерінің барлық күштері мен мүмкіндіктерін сарқа жұмсамайды, өйткені олардың бастамалары мен шеберліктері назардан тыс қалады, алайда осындай жағдайлар оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне жағымсыз әсер етеді.

И.В.Дубровинаның «адамдар бір-бірімен рухани тұрғыда ғана тіл табыса алса, жақсы ұжым бола алады» [58] деген ойын басшылыққа аламыз. Толыққанды ұжымды тек мақсат қана біріктірмейді, тек адамдардың рухани жақындығын тудыратын жағдай өз септігін тигізеді.

Педагогикалық этика мен деонтология мәселелеріне қатысты көптеген басылымдарда педагогикалық ұжым – өздері қызмет атқаратын ісіне барлық күштерін жұмсауға даяр адамдардың тығыз достастығы. Олардың бірігуі «Барлығы да жоғары, сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру үшін!» деген ұстанымға сүйенген және бұл ұран әрбір педагогикалық қызметкердің еңбек тиімділігі мен шығармашылық бағыттылығын қамтамасыз етеді [57].

Педагогикалық ұжымның табысты жұмысы екі негізгі белгіден құралады:


  • барлық қызметкерлердің еңбексүйгіштігі мен еңбек тәртібі;

  • педагогикалық шеберлік пен оқушыларға деген сүйіспеншілігі.

Педагогикалық ұжымның мүшелері бұрыннан қалыптасқан әдет-дағдыларын бағалап, дамыта отырып, жаңадан келген қызметкерлерді өз ортасына тартуы тиіс [10].

Сонымен, мұғалімдер ұжымында еңбек тәртібі мәселесіне өз міндеттеріне жауапты, шығармашылық көзқарасы бар әріптес мұғалімдерге жақсы тәрбиелік ықпал жасау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды және өз тәртібін жақсарту мәселесі ретінде назар аударылуы тиіс.

Педагогикалық ұжым өкілдерінің арасында сенім, ауызбірлік және өзара сыйластық болмаған жағдайда оның ұжым болып қалыптасуы екіталай. Әр ұстаздың жұмыс барысында қандай да болмасын олқылық, ақаулық, кемшілік пен қателіктер жіберетін кездері болады. Бірақ басты ұстанымы – тәрбиелеушінің жан саулығына, денсаулығына зиян келтірмей, оқытып тәрбиелеу қажеттілігі. Ең алдымен, адамгершілік дәрежесі, оның үстіне мұғалімнің, тәрбиешінің еңбек мәдениеті – бұл оның рухани дамуының деңгейі, басты көрсеткіші, оның мінез-құлқының жоғары өлшемі, өмірге деген көзқарас, оның жеке әлеуметтік белсенділігі мен өмірлік мұраттарының мәселесі.

Тұлғаның мәдениет жүйесіндегі қажетсінуін әлеуметтік сапаларын, мінез-құлық және іс-әрекет стилінде көрініс табатын оның даму деңгейімен сәйкестендіреді. Сондай-ақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениетіне, өзін-өзі басқару шеберлігіне, моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптардың да тәлім-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңғырып, жаңа сипат алып отыратыны белгілі. Ағартушы педагог ғалымдардың (А.В.Мудрик, С. Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ә.Табылдиев, К.М. Левитан, И.Д. Демакова, А.С. Белкин, Л.И. Рувинский, Қ. Жарықбаев, Л.Т. Охитина т.б.) еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, зиялылығы сипатына көңіл бөлінген. Олардың пікірінше, педагогтың нәтижелі қарым-қатынасқа дайындығында үйірсектік (общительность), эмпатия және тосындылық маңызды рөл атқарады.

Жанасқыштық – басқалармен өзара әңгімелесу кезінде қанағаттану сезіміне бөлену қабілеті; әлеуметтік жақындық – басқа қоғам мүшелерімен тіл табыса білу, альтруистік тенденцияның болуы. Педагог мінезінде өзіне және айналадағыларға білінетіндей үйірсектіктің болуы оның байланысқа бейімділік әлеуетінің молдығын көрсетеді.

Эмпатия – қарым-қатынас кезінде адамның сезімталдық негізінде басқаны өзіндей түсіне білуі, яғни жағдайды қарым-қатынас жасап тұрған кiсiнiң көзiмен көріп, жан дүниесін түсiне бiлуі.

Тосындылық – дүниені көрінген қалпында қабылдау және оны дәл осы әрбір сәттегі түрімен сезіне білу, бұл қасиет қиялдың даму деңгейіне тәуелді[47].

Қарым-қатынас техникасын игеру үшін оның құрылымын білген жөн:



  • қарым-қатынасты талап ететін мәселенің шарттарын (қарым-қатынас мақсатын, пікірлесушінің тұлғалық ерекшеліктерін, т.б.) жетік білу;

  • қарым-қатынас әрекетінің мазмұнын сауатты жоспарлау;

  • сұхбаттасу амалдарын таңдау;

  • сөйлесу үдерісін сапалы өткізу;

  • қарым-қатынас мақсатына жеткен не жетпегенін көрсететін кері байланыс жасау.

Бұл тізбектің бір буыны босап қалса не болмай қалса, қарым-қатынас көздеген мақсатына жетпейді. Қарым-қатынастың табысты болуы осы тізбектегі әрекеттерді шеберлікпен атқаруына байланысты.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сұрақтар

1. Педагогикалық деонтологияның пәні жөнінде баяндап беріңіз.

2. «Педагог және өзі» жүйесіндегі қарым-қатынасқа сипаттама беріңіз.

3. «Педагог-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынастың ерекшелігін ашыңыз.

4. «Педагог-педагог» жүйесінде қалыптасатын қарым-қатынастың басты мәнісін түсіндіріңіз.

5. «Педагог-ұжым» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жөнінде баяндаңыз.

6. Педагогтың кәсіби мінез-құлқының оның өз-өзімен, оқушылармен, әріптестерімен, жалпы ұжыммен қарым-қатынасында қандай сабақтастық бар?
Тапсырмалар


  1. Әрбір жүйедегі педагогтардың өзара қарым-қатынастары жөнінде айтып беріңіз. Осындай қатынастарды педагогикалық деонтология тұрғысынан дұрыс деп санайсыз ба? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

  2. Бөлім тақырыбы төңірегінде баяндама жазыңыз.

  3. Оқу құралының екінші бөлімінде берілген тестік әдістемелер бойынша «педагог-оқушы» жүйесіндегі Сіздің ұстазбен өзара қарым-қатынасыңыз қандай екендігін анықтаңыз. Алынған нәтижелердің негізінде түзетушілік жұмыстың жоспарын дайындаңыз.

  4. Топ ішінде «педагог және өзі», «педагог-оқушы», «педагог-педагог», «педагог-ұжым» сияқты жүйедегі адамгершілік қарым-қатынасқа байланысты жағдай құрастырыңыздар.




    1. Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және ұстанымдары

Педагогикалық деонтологияда ең бір қиын, ең бір жауапты мәселе – тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесі. Оқушының ерекшелігін ескерген қарым-қатынас оған еркін таңдау мен даму жолдарын ұсынады. Педагогикалық деонтология мен қарапайым педагогикалық әдістерді жетік меңгеру оқушыларға дамытушы әсер ететін психоэмоционалды және психоэстетикалық амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазіргі кезеңде бала жанына сауатты, «зиян келтірмей» әсер етуге білім беру жүйесінде салғырттық байқалады. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты біліктілікпен жасау – этикалық әрі танымдық шығармашылық жұмыс. Баланың жан дүниесін түсіне отырып, ұстаз оның жан-жақты даму жолын білуге ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мінезін, әуестігін, алға қойған мақсатын, көңіл-күйін білу ұстазға баланы жеке тұлға ретінде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге көмектеседі.

Педагогикалық ғылымның дамуы, педагогикалық тәжірибенің толық жетілуі педагогикалық деонтологияға маңызды түзетулер мен өзгертулер енгізеді, себебі ол – формалды түрде шартты емес, қоғамдық қажеттіліктің көрінісі. Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі болып педагогтың түрлі ық ұстанымдар мен ережелерді саналы түрде түсінуі, кәсіби парызының іске асырылуын саналы түрде ұғынуы болып табылады.

Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның кәсіби парызы туралы ғылыми теориясы ретіндегі маңызы өте зор:

- педагогикалық қызметтің ұстанымдары жекешеленбей, әлеуметтік факторлардан алшақтанбайды;

- педагогикалық деонтологияның талаптары басқа адам тағдырына педагогтың қатыстылығына ұстаздың кәсіби санасын білім беру саласында ғана емес, адамның тіршілік ету әрекетінің барлық салаларында әділеттілікті орнату мен кәсіби қызметтегі дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағыттайды.

Педагогикалық деонтологияның міндеттері тек педагогтың кәсіби парыздылығын ашу, кәсіби қызметтің қорытындылары үшін жауапкершілігі, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен қарым-қатынас үдерісі кезінде ұстаздарға қойылатын талаптар мен қағидалар жүйесін анықтаумен ғана шектелмей, өз қызметінде бұл шарттарды іске асыру барысында талаптарын анықтауда.

Педагогикалық деонтология шынайы гуманистік ғылым ретінде педагогикалық қызметкерлерге тән тұлғалық қасиеттердің, уәждердің, қылықтар мен түрлі әрекеттердің мән-мағынасын түсіндіреді, осы мамандыққа тиесілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді, кәсіби қызметін ұзақ атқару кезінде олардың өзгеруін алдын алады.

Сонымен бірге педагогикалық деонтология міндеттеріне педагогтың кәсіби мінез-құлқының алғышарттарын қарастыру, кәсіби қызмет үдерісі кезінде пайда болған жағымсыз факторларды, дау-жанжалдарды жою амалдары, педагогтардың білімнің формалды қосымшаларын жоюды, моральдық және кәсіби-маңызды қатынастарды жете түсінудің белсенділігін ояту мен ынталандыру бағыттарын айқындауды, тұлғаның деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеу, ұстаздың алдын ала қалыптасқан кәсіби қызмет ұстанымдарының мәнін айқындауды, педагогикалық мамандықтың беделін жоғарылатуды зерттеу жатады.

Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттері:

- педагогтың кәсіби мінез-құлқы ұстанымдары мен ережелерін зерттеу;

- педагогтың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру, реттеу, бағалау;

- педагогтың кәсіби мінез-құлқын анықтайтын сыртқы, ішкі факторлар жүйелерін зерттеу;

- педагогтың маңызды қасиет-қабілеттерін, кәсіби қарым-қатынас аясында педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірін-бірі қабылдауын, бағалауын зерттеу;

- педагогтың жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қызметінің кәсіби талаптарына сәйкестігін зерттеу;

- педагогикалық қызметте болатын қате іс-әрекеттердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларын жою.



Педагогикалық деонтологияның қызметі. Басқа ғылымдар сияқты педагогикалық деонтология белгілі бір қызметтер атқарады:

  • ұстаз тұлғасын кәсіби талаптарға сай болуға ынталандырар күш;

  • педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік әрекетін тудыратын қабілет;

  • ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекетін реттеуші амалы;

  • педагогикалық деонтология оқушының денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей, табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесудің жолы.

Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары.

Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары – бұл педагогтың кәсіби әрекетінде басшылыққа алатын, парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші талаптар.

Деонтологияның педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі ұстанымдарын айқындау үшін Токиода болған ІV Бүкіләлемдік конгресте қабылданған ғаламдық биоэтиканың постулаттарын келтіре кетейік:


  1. Жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін (personal autonomy) мойындау, яғни әрбір адам өзіне, өзінің жан дүниесіне, эмоционалдық жағдайына қатысты мәселелерін өзі шешуге құқылы;

  2. Қоғамдық игілікке рұқсат білдіретін әділеттілік (justice);

  3. Адамға зиян келтірмей әсер ету этикалық тұрғыдан дұрыс екенін білдіретін Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымы;

Заманауи биоэтикада Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымының мағынасы кеңейіп, «зиян келтірмек түгіл, игілік жаса» делінеді. Педагогикалық деонтология ұстанымдарын ғаламдық биоэтика ұстанымдарын басшылыққа алып құрастыруды жөн көрдік. Біздің пайымдауымызша, мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымға саяды:

  1. Оқушының (тәрбиеленушінің) денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;

  1. Барлық жүрiс-тұрысымен, ой-өрiс, iс-әрекетімен осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзiндiк бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу;

  1. Оқушының үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

  2. Осы ұстанымдарды бұзудан пайда болатын зиянды салдарды жоюға бүкiл жан дүниесі, сана-сезiмімен ынталану.

Яғни педагогикалық деонтология ғылымы бойынша, ұстаздық әсердiң ең негiзгi мақсаттары: оқушының денсаулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.

Педагогикалық деонтологияның ұстанымдарын мектеп мұғалiмдерi не болашақ мұғалiмдер қорқытусыз, паралаусыз кәсiби парыздану ықпалымен игерiп iске қосып жатса, бұл надандықтан кетiп, өркениеттiкке жақындағанымыздың дәлелi бола алады.



    1. Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары

Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесіне педагогикалық деонтология, деонтологиялық ұстанымдар, деонтологиялық даярлық, деонтологиялық дайындық, деонтологиялық тәлім-тәрбие, деонтологиялық талаптар, деонтикалық модальдық, деонтологиялық қарым-қатынас, деонтологиялық келіс, деонтологиялық позиция, деонтологиялық кредо, деонтологиялық әлеует жатады.

Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және осыған байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы эмоционалды өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейі тұрғысынан белгілі жағдайдағы адамның көңіл-күйінің толқуы – адамгершіліктік қатынастың ең маңыздысы. Өзінің кез келген қылығына адамның адамгершілік тұрғыдан беретін бағасына ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады; өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – педагогикалық парыздылыққа негізделген мінез-құлқы, оны зерттейтін ғылым - педагогикалық деонтология.

Осыдан, педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіптік парызына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым.



Педагогикалық деонтологияның ұстанымы – ұстаздық кәсіпте басшылыққа алатын парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші қағида.

Педагогикалық деонтологияның талаптары – кәсіптік парыздылық ұғымына негізделген ұстаз қызметіне қойылатын талаптар.

Деонтикалық модальдық – деонтологиялық талаптарды білдіретін мiндеттендірулердің (бұйрық, нормалар, ұстанымдар, қоғамдық мұрат т.б.) түрлерiн және олардың арақатысын, іс-әрекеттiң белгiлi бiр нормалар жүйесi тұрғысынан сипаттамалары.

Деонтологиялық өзара қарым-қатынас – педагогикалық деонтология ұстанымдарына негізделген ұстаз бен оқушы арасындағы өзара эмоционалдық байланыс, мінез-құлықтық қатынас.

Қарым-қатынас психогигиенасы қоғамның, топтың, жеке адамның жүйке жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты насихаттаудың, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады. Қарым-қатынас психогигиенасының басты ұстанымы: «Зиян келтірме!»

Деонтологиялық даярлық - ұстаздың кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға санасының, білімділігі мен біліктілігінің дайын болу күйі .

Деонтологиялық тәлім-тәрбие болашақ ұстаздың парыздылық сана-сезімін, мінез-құлқын жетілдіру амалдары.

Деонтологиялық дайындық – ұстаздың деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамыту үдерісі.

Ұстаздың деонтологиялық тұғыры – парыздылық сезіміне негізделген дүниетанымды құраушы наным.

Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімі – өз кәсіби парыздылығына байланысты педагогтың субъективті, еркін және қалтқысыз уәжділігінің негізіндегі ақиқаттың бейнеленуі.

Деонтологиялық кредо – парыздылық сезіміне негізделген қандай да бір іске, мәселеге көзқарас, қатынас.

Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті – деонтология ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын ұстаздардың бойындағы қабілет-қасиеттер жиынтығы.

Ұстаздық парыздылықта ұсақтық жоқ, ол кез келген қателікке қатаң да кешірімсіз қарайды, бала жүрегін, жан дүниесін жаралайтын шөгірді байқамай өтпейді. Сондықтан ар мен тәртіптілік, кеңпейілдік пен ізгілік, тектілік пен ықылас, өнегелілік пен әдептілік тәрізді баланың өмірі мен денсаулығына, жан саулығына тікелей әсер етуші қасиеттер ұстаздардың бойында әрдайым болуы қажет. Мораль тұлғаның қоғамдағы бағыт-бағдарлануының ең икемді тәсілдерін қарастырады. Оның көмегімен адам өмірдің беймәлім тұстарында әрекет ете алады. Тіпті рационалды білім мен жинақталған тәжірибе тұрғысынан алып қарағанның өзінде, өмірлік жағдайлардың қалай дамып өзгеретінін алдын ала болжаудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, мораль адамға нақтылы нысандарды ұсынады. Оларды таңдау кезінде адамгершілік сезім мен моральдық интуицияның алатын рөлі ерекше зор. Ал педагог қызметінің бір ерекшелігі беймәлім жағдайлардың көбінде. Көп күрделі жағдайларды шешуде педагогқа кәсіби тәжірибесінен басқа адамсүйгіштік ізгілікті сезімдері де үлкен көмек көрсетеді. Бірақ педагог тұлғасының санасы рационалды сана феноменінің қатысуынсыз өркендемейді. Жеке тұлғаның адамгершілігі қоғам жасақтаған адамгершілік нормалары мен талаптарын білмей қалыптаспайды, моральдық рефлексия мен өзіндік рефлексияны шеттетпейді.

Осыдан ұстаздық кәсіп мағынасына оның қоғамдық функцияларының мақсаты мен мәселелерін адамтану проблемаларын түсінудегі рөлін анықтайтын жоғары дамыған парыздылық санасы, деонтологиялық әлеуеті енеді.

Ұстаздың деонтологиялық әлеуетінің моделі төмендегідей компоненттерден тұрады:



  1. жеке тұлғалық: кәсіби-педагогикалық бағыттылығы, жоғары деңгейдегі моральдық, деонтологиялық және педагогикалық, қасиеттері мен қабілеттері;

  2. ақпараттық-теориялық компоненті: арнайы, методологиялық, педагогикалық, психологиялық, деонтологиялық білімдері;

  3. іс-әрекеттік компоненті: ұтымды педагогикалық техника мен педагогикалық технология амалдарын іске асыру қабілеттері, педагогикалық шеберлігі.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сұрақтар


  1. Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесі туралы не білесіздер?

  2. Деонтология ғылымы нені зерттейді?

  3. Педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні қандай?

  4. «Парыз» дегеніміз не?

  5. Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары қандай?

  6. Педагогикалық деонтология ұстанымдарының педагогикалық деонтология талаптарынан айырмашылығы неде?

  7. «Педагогтың деонтологиялық кредосы» дегенді қалай түсінесіз?


Тапсырмалар



  1. Қарастырып жатқан тақырып бойынша әріптік диктант құрастырыңыздар.




  1. «Педагогикалық деонтологияның басты түсініктері» тақырыбы бойынша тестк тапсырмалар жасаңыздар.

Педагогикалық деонтология түсінігінің мәнін ашатын нақты мысал келтіріңіздер.




1.6. Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы
Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б.

Педагогикалық деонтологияның философиямен сабақтастығы оның пайда болу алғышарттарын баяндағанда деректі анықталды және ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негіздерін айқындауда, қоғамның әр кезеңіндегі экономикалық формацияларын ескеруде көрініс табады. Философияның диалектика, таным теориясы, герменевтика, экзистенциализм, синергетика т.б. материяның дамуы, ұйымдасуы туралы ілімдер ұстаздың зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал оның деонтологиялық сипатын анықтауда сананың ролін ашып, тәрбиелеу мәселесін шешуде философияның «сананың жалпы қасиеттері», «сананың құрылымы», сананың функциялары» т.с.с. тақырыптарды талдап, іске қосу қажеттігі күмән тудырмайды. Мысалы, философияда «сана біріншіден, адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, оның осы қабілетті білдіретін күйін, үшіншіден, оның мазмұнын, төртіншіден - әлдебір басқарушы механизмді білдіреді» делінгенінен деонтологиялық даярлықты қалыптастыруда парыздылық сананы, сана-сезімді тәрбиелеудің ең маңызды әрекеті екені дәлелденіп, оның ұстаздың іс-әрекетін іштей реттеуші күш екенін айқындайды.

Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы

Философиялық тұрғыдан педагогикалық деонтология мен педагогикалық этика өзара жалпылық пен жекелік қатынасында болады және олардың өзара әрекеттестігі диалектикаға бағынады. Сондықтан оларды жалпылық пен жекелік ретінде біркелкілікке, теңдестіруге мүмкін емес.

Педагогикалық этика – педагогикалық деонтологияның теориялық негізі, өйткені педагогикалық этика ұстаздың кәсіби адамгершілік нормаларын зерттейді, ал педагогикалық деонтология олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар педагогикалық деонтология және педагогикалық этика педагогикалық үдерістің ортақ ізгілік мәселесін шешеді, мысалы, педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні педагогтың кәсіби мінез-құлқы, оның бойында кәсіби-педагогикалық адамгершіліктің ұйымдастырушылығы болып табылса, педагогикалық этиканың зерттеу пәні – педагогтың санасын, мінез-құлқын, қарым-қатынасы мен қызметіндегі моральдік бейнесін реттейтін заңдылықтар, нұсқаулар, ережелер.

Педагогикалық деонтология мен педагогикалық этиканың сабақтастығын қарастыру кезінде, басты назарды осы ғылымдардың алдында тұрған мақсат-міндеттерге аудару керек, мысалы:



  • педагогикалық этика ұстаздың адамгершілік бейнесіне қоғамның қоятын түрлі талаптарын түзеді, ал педагогикалық деонтология осы нормалардың іс-әрекетке ену механизмдерін зерттейді;

  • педагогикалық этика іс-әрекеттің моральдық құндылығын зерттейді, ал педагогикалық деонтология ұстаздың осы құндылықтарды жете түсінуі мен өзінің іс-әрекетін тиісті тәртіпке салуына мүмкіндік туғызады;

  • педагогикалық этика педагогикалық қызметтің этикалық нормаларын қалыптастырса, онда педагогикалық деонтология білім беру сферасында жұмыс істейтін қызметкерлердің іс-әрекеттері мен амал-қимылдарындағы осы нормалар мен ережелерге сәйкестендіру амалдарын зерттейді.

Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы Психология адамның жан дүниесінің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, педагогикалық деонтологияның басты «Зиян келтірме!» ұстанымының теориялық негіздерін, іске асыру амалдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелеп, пайымдауға негіз болады.

Педагогикалық деонтологияның басты мақсаттарының бірі – бала тұлғасының оңтайлы, прогресті дамуын, яғни психикасының мақсатты түрде өзгеруін (ойлау, қабылдау, іс-әрекет т.б.). психологиялық комфортты жағдай туғызу негізінде іске асыру болып табылады. Ондай жағдай туғызу тек психологиялық білімі жоғары деңгейдегі және өзінің іс-әрекетін сәйкесті басқара алатын ұстаздың қолынан келеді. Мұндай жанға жайлы жағдайдың мән-мағынасы психологиялық тұрғыда дәлелденіп, ұстаздың деонтологиялық сипатының сәйкесті көрсеткіштерінің қажеттілігін ашады.

Ғылымның бұл екі саласының сабақтастығы педагогикалық деонтологияның зерттеу міндеттерін іске асыру кезінде психологияның ғылыми ізденіс амалдарын (рейтинг, психологиялық тестлеу, сауалнама жүргізу т.б.) кең қолдану кезінде байқалады.

Педагогикалық деонтология физиологиямен өте тығыз байланыста, өйткені физиология – тұтас ағзаның тіршілік әрекеті және оның жеке бөліктері, функционалды жүйесі жөніндегі ғылым. Баланың психикалық және физикалық дамуын басқарудың механизмдерін дұрыс ұғыну үшін, ең бастысы, жоғары жүйке қызметінің әрекет заңдылықтарын игерген жөн, ал функционалды жүйке теориясы ұстазға және тәрбиеленушінің өзіне тән танымдық үдерістер табиғатын ашып көрсетеді.

Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы бірнеше аспекте байқалады: мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктерінде, қарым-қатынас әрекеттерінде, білімділігі мен кәсіби шеберлігінде, мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, сыртқы бет-бейнесінде. Қазақ халық фольклорында ұстаздық етуші үлкендердің қызметіне зор орын беріледі. Өзі үйренбеген өзгені де үйрете алмайды, үйренгеннің ғана үйретуге хақысы бар. Міне сондықтан да қазақ «Шәкірт болмаған, ұстаз болмас» деген. Рим философы Боэций Аниций (480-524 ж.ж.) «Шәкірт болып көрмеген – ұстаз болып жарытпас» дегенімен сөзбе-сөз дәл келеді.

Ешбір кітаптан оқымай-ақ, ата-бабаларымыз, өздерінің күнделікті тіршілік-тұрмысынан көрген, басынан өткерген жайттарды таразылап, ой елегінен өткізіп, ұрпағын өмірге жарасымды, заман талабына сай салиқалы азамат етіп тәрбиелеуге ұмтылған. Оған септігін тигізетін ұлттық әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген. Ата-салтымыз – халқымыздың ойшылдығынан, данышпандығынан дарыған, ұзақ өмірдің елегінен өткен сарқылмас қазына, асыл мұра.

Қазақ тағылымының педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, көпшілік ұйғарымдары, тәжірибелік қорытындылары: шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа борышты болмау; ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынас жасай білу қабілетінен, көзқарасынан ғибрат белгісі көрініп тұру қажеттілігі; аз сөйлеп, көп тыңдау, салмақты сөйлеу, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; рухына кір салмау, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, өз қатарынан кем болмау, асып-таспау, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның ырысына үлес қосу т.с.с. Осының бәрі деонтологиялық даярлығын қалыптастыру барысында педагогтың бойына дарытуды қажет ететін адамгершіліктік қасиеттер.

Бала тәрбиесi қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделi зиялыларының назарына кенже болмаған. Әбунәсiр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Асан қайғы, Бұқар жырау тiл бiлiмi, философия, астрономия, психология, педагогика саласындағы ғылымның, мәдениеттiң дамуына ықпал етумен қатар сапалы ұстаздықтың мәнін, мағынасын ашып, қоғам кеңістігіндегі орнын көрсете білген.

Бүкіл әлемдiк мәдениетке танымалы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрiм Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсiпбек Аймауытов, Мiржақып Дулатовтардың еңбектерiнiң ұрпақ тәрбиесiне қосар үлесi өз алдына бiр төбе. Онда ұлттық дәстүрдi өз туындыларының негiзгi арқауы еткен педагогикалық, психологиялық тұжырымдары казiргi заман талабымен үндеседі.

Заманымыздың көрнекті ақыны, ауыз әдебиетін адамгершіліктің академиясы деп санайтын Мұзафар Әлімбаевтың «Халық – ғажап тәлімгер» атты туындысы ұрпақтың ертеңін ойлаған барша оқырман қауымға, соның ішінде ұстазға ерекше арналғаны айдан ашық. Онда «Халық педагогикасы тұрмыс-тiрлiктiң ешбiр қырын көзден таса қалдырмайды. Ел-жұрт «үлкеннен - өнеге, iнiден – iзет» күтедi. Үмiт ақталмаса, ел-халық өкпесiн де жасырмайды…ө­йткенi «Халық сынай да бiледi, сыйлай да бiледi». Қара жердiң үстiнде тiрлiк еттiң екен – халықтан ешнәрсе жасыра алмайсың. Ашық-аян тiрлiк ет: адал бол, еңбек ет, дос атан, дос-жаранды сатпа, дүниеқоңыз болма! Мiне, қазақ халқының қадым заманнан бергi адамгершiлiк заңы! Иә, зымыран уақыт зырлай берсiн. «Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды». Даналықтың алғыр ерлерi де, тәлiмгерлерi де бiздiң бiлгiр ата-бабаларымыз екен ғой!.. Өзiне өзгелердiң көзiмен де, өзi көзiмен де қарай бiлу – бiлгiрлiк, көшелiлiк! Халық кереметтей түйiн жасап, жас өрiмдерге ойдан кетпестей өнеге-үлгi ұсынады[106].

Этнопедагогика мен халық педагогикасын оқыту арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәлiм-тәрбие беретiн мамандар даярлай отырып, егемен елiмiздiң мәдениеттi, еңбекшiл де iскер, бойында халықтық бiлiмге негiзделген iзгiлiктi қасиеттерi қалыптасқан «сегiз қырлы бiр сырлы» ұстаз тәрбиелеу – бүгiнгi таңдағы басты мiндет.

Халық педагогикасының әртүрлi жақтарын сөз еткенiмiзде, алдымен соны іске асырар педагог тұлғасына қойылатын талаптар, содан кейін сол талаптарға педагог тұлғасын сәйкестендіру тетігін айқындау мәселесі – қазіргі заманның білім беру саласының күн тәртібінен белді орынға ие.

Сонымен нағыз айтуға тұрар ұстаз болу үшiн тек қана ғылыми-теориялық тұрғыдағы бiлiмдарлықтан басқа, асқан шеберлiкпен, педагогикалық технологияны жетiк игеру, жоғары моральды, санасы кемелденген, өз бойында нағыз белсендi гуманистке сай қасиеттер тәрбиелеуге ынталы мұғалiмнің халық педагогикасынан сусындай білуі – іргелі деонтологиялық қасиет.

Педагог өз ұжымында жоғары этика-деонтологияға сәйкес қарым-қатынастар, зертханаларында, сыныптарда үлгiлi психологиялық ахуал тудыруға әрдайым ынталануы қажет. Мұндай ахуал жалпы педагогикалық ұжымға, жеке оқушыға, мұғалімге өзінің оңтайлы әсерін тигізбей қоймайды. Халықтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді» дегенін деонтологиялық тұрғыдан қарастырсақ, педагогикалық ұжымның, жеке әрбір ұстаздың оқушыға өнеге көрсете алатындай «ұя» болуы талабын қояды.

Халық педагогикасының «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» дегені, педагогикалық деонтологияның ұстаздың адамдығы мен ары ғана оның қызмет барысындағы іс-әрекеттерінің бақылау-бағалаушысы бола алатынына сәйкес ақыл.

Халық педагогикасының бір ғана саласы - мақал-мәтелдердің өзінде бірталай жоғарыда айтылған сабақтастықтың нышанын байқаймыз. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексi, тәрбие қағидасы, атаның артындағы iзбасарына қалдырған өнегелi өсиетi. «Адамға өткен дәуiр бәрi – сабақ» демекші, заманалар тәжiрибесiнен сұрыпталған тұжырымдар кейiнгi ұрпаққа кiтап көзiндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан.



Мақал-мәтелдер болып кең таралған халықтың ақыл-өсиеті педагог тұлғасының деонтологиялық дайындығының барлық компоненттеріне қатысты. Олар педагогты өзіне-өзі сыншыл болуға, қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре білуге т.с.с. кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған. Ұстаздың деонтологиялық потенциалына қатысты мақал-мәтелдер мысалдары 2- кестеде көрсетілген.
2 - кесте Ұстаздың деонтологиялық әлеуетіне қатысты мақал-мәтелдер.

Ұстаздың деонтологиялық потенциалының компоненттері

Соған қатысты мақал-мәтелдер

Жеке тұлғалық компоненті

  • Ұстамсыз ұстаз ұшқалақ шәкiрт өсiрер;

  • ұлылардың бәрi де ұстаз ;

  • ұстазы жақсының ұстамы жақсы;

  • өзін-өзі баға алмаған мал да баға алмас;

  • ақыл - істің арқауы;

  • сабырлылық сақтасаң, жүрек, жүйкең сау болар, шыдамыңнан айырылсаң, ашу саған жау болар;

  • әдепсіздіктің өзі әлсіздік;

  • сөз бен істің нәтижесі – кісілікте, жақсы, жаман атану – кішілікте;

  • өзiн-өзi мiней алмаған, басқаны түзей алмайды;

  • жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат;

  • өзіңе дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды;

  • өзіңді өзің тергей білсең егерде, өз сотыңнан әділ сот жоқ – бөгелме;

  • айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады; т.б.

Ақпараттық-теориялық компоненті

  • биліктің сөзінен біліктің сөзі өтімді;

  • оқыған ғылымы көп, тоқыған білімі көп;

  • надан – нақұрыстан жаман;

  • ақиқаттың арбасы алысқа жетеді;

  • үйге кітап кірмей, құт кірмейді;

  • білім - қымбат, білу - қиын;

  • тәжірибе негізі – ғылым, даналық негізі білім;

  • өзі үйренбеген өзгені де үйрете алмайды;

  • ынталыға оқу жолы әрдайым ашық;

  • ізденуді қойған бас өмір жайлы ойланбас;

  • білмеген бүлдіргенін білмейді;

Іс-әрекеттік компоненті

  • балаңды кешіргенің - ақылын өсіргенің;

  • бақылаусыз бала – бағусыз малмен тең;

  • айта біл, ағат айтсаң, қайта біл;

  • сөзің өтетін жерге өзіңді салма;

  • дөрекі сөз төбелеске бергісіз;

  • жазықсыз жазаланғанның жаны күйеді;

  • білгенді шират, білмегенді үйрет;

  • ақылыңды бүкпе, айтып отыр көпке;

  • іс сапасы тәртіптен, тәртіп сапасы мәде-ниеттіліктен;

  • жүйелі сөз ұғымды, жүрдек көлік ұтымды;

  • терең ойлы адамнан, ұлағатты сөз шығар;

  • тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас;

  • мақсатсыз адам – жоққа тең, шайпау сөз – атқан оққа тең;

  • балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле;

  • он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет.

Оқытудың, бiлiм өсiрудiң түпкi пайдасын қазақ халқы да жете бiлген, жете бағалаған: «Оқу – шала естiнi бүтiн, бүтiн естiнi данышпан қылады». Ендеше, шалағайлықтан, дәрменсiздiктен, орашолақтықтан неге арылмасқа. Наданның азабы – нардың жүгi. Одан неге құтылмасқа. Ендеше, неге оқымасқа неге үйренбеске!

«Ынталыға оқу жолы әрдайым ашық. Бiрақ оқушы шәкiртке жан құштары ғана емес, табандылық керек. Ал үйретушiге ше? Оған да талап, икем-ыңғай қажет. Үйрету – үлкеннен, үйрену – кiшiден. Үйрет, үйрет те, мiндет ет. Яғни үйреткендi талап ет», – деп халық педагогикасы ұстаздық еткеннің өзі әрдайым оқып-жетілу жолында болуын талап етеді.

Ұстаздың деонтологиялық потенциалының жеке тұлғалық компоненті халық әдебінде де іргелі орынға ие. Мысалы, мұсылман әдебінде әділеттілік – іргелі және әмбебап ұлы қасиет. Әділеттілік барлық істе және барлық адамнан талап етілген, әсіресе, қолында билігі бар адамдарда болса екен деп тілейтін қасиет. Шығыста: «Әділ сұлтан дер кезінде жауған жауыннан да жақсы», – деген нақыл бар. Араб дүниесінің күн қақтап, жалындап жатқан сахарасындағы жаңбыры мен жазирасының маңызын білетін кісі бұл сөздің бағасын пайымдай алса керек. Ал мұғалім оқушылар арасында талай билікке ие. Сондықтан халықтың бұл өсиеті ұстаздық етушілер арасында кең таралуы - пайдалы қажеттілік.

Мұсылман халықтарының педагогикалық мұрасы адамның ары, намысы, ұяты туралы ізгі мәліметке бай. Мұғалімнің ар-ұяты алдындағы жауапкершілігі – тек қана оны қоршағандар үшін емес, сонымен қатар барлық қоғам үшін де бағалы құбылыс.

Педагогикалық ар-ұят – бұл мұғалімнің өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ғана емес, сонымен бірге, адал өмір жолына дайындайтын шәкірттерінің мінез-құлқы, іс-әрекетіне жауапкер болашақта іскерлігін дамытуды сезіну дегенді білдіреді.

Тағы сол сияқты халық педагогикасының әдеп әліппесінен педагог тұлғасына қатысты бірталай ақыл-өсиет келтіре беруге болады .

Ұлттық педагогикада ұстаздың іс-әрекетіне қойылатын талаптарды қарастырайық.

Адам тәрбиесiнде зорлыққа есiк жабық. «Аюға намаз үйреткен таяқ» дейтiн әдiстi халық педагогикасы мойындамайды.

«Ықтиярсыз ашқан көздiң нұры жоқ», дегеніне сабақтас пікір педагогикалық деонтологияның белді ұстанымының бiрi болып саналады – баланы зорлықпен оқытпай, оның бiлiмге деген қызығушылығын ояту.

Оқушылардың білімденуге қызығушылығын арттырудың бiрнеше кезеңдерін бөлiп алуға болады:

- адамның табиғаты бойынша кез-келген күтпеген жағдайға реакциясы алғашқыда әуестiк (қызығу, құмарлық) түрiнде көрiнедi;


  • осы жағдайды түсіне білгісі келген тұрақты қызығушылық пайда болады;

  • жоғарғы стадиясы - бiлiмге құмарлық. Мұнда оқушы оқылып жатқан құбылысты тереңiрек зерттеп, түсiнгiсi келедi, сабаққа белсендi қатысады, мұғалiмге сұрақ қояды, көрген-естігенінен мысалдар келтiредi, талдайды, нәтиже шығарады, қосымша әдебиеттер оқиды және т.с.с.

Ұлттық педагогика мен педагогикалық деонтология сабақтастығынан тағы бір мысал:

Ұлттық педагогикада «Адам өз ортасына қарап өседі», «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәрбие алады»;

«Он рет өсиет айтқанша - бір рет өнеге көрсет», «қызым көргенді, ұлым тәлімді» өссін деген ата-аналар, жасы үлкендер, өздерің сондай болыңдар. Сонда кейінгілер жақсылық атаулыны өзі үйренеді.

«Ақымақ ақымақ емес, ақымақты ақымақ қылған ақымақ». Сонда кім? Баланың есті болмай, есер өскеніне оның қасында болған ересектердің, тәрбие бергеннің әмбесі кінәлі. Осы мақалдар тәрбиенің, сайып келгенде, баршаға ортақ екенін танытады.

Халық педагогикасында белгіленген кәсіби моральдың нормалары мен ережелері бала «есер» болмай «есті» болу үшін мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жол ашады.

Ойымызды қорыта келгенде, «Жас бала – жас бір шыбық». Жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең сындырып аласың. «Баланы жастан» деген сөздің мәні осы» (М. Жұмабаев). Баланы адам қылып өсіру үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі – педагогикалық деонтология талабының бірі.

Әрбiр ұлттың ұрпақ тәрбиесі туралы ескiден келе жатқан ғадет-ғұрпы бар. Ұлт тәрбиесi баяғыдан берi сыналып, көп буын қолданылып келе жатқан даңғыл жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуы тиісті. Және әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбиелеуді мiндеттенуі – кәсіптік парызы.

Мұғалімнің кәсіптік парызы - оның адамдық борышы. Деонтологиялық талаптар жалпы адамдық борыштың туындысы.

Сондықтан Шәкәрім Құдайбердиевтiң:

«Адамдық борышың, -



Ұстаздың деонтологиялық әлеуетінің жеке тұлғалық компоненті
Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.


Ұстаздың деонтологиялық әлеуетінің ақпараттық-теориялық компоненті

Т
Ұстаздың деонтологиялық әлеуетінің жеке тұлғалық компоненті


алаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе,

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше.

Жоба тап,

Жол көрсет

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайрылып,


Ұстаздың деонтологиялық әлеуетінің іс-әрекеттік компоненті


Қауымға келмейсің,

Барыңды,


Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,

Шын бақыт –

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің», дегені адал ұстаздық қызметтің мәнгіліктік мәнді екенін өсиет етеді[104].



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырамалар.
Сұрақтар

1. Педагогикалық деонтология мен философияның сабақтастығы туралы айтыңыз.

2. Педагогикалық деонтология мен этиканың сабақтастығы немен айқындалады?

3. Педагогикалық деонтология мен физиологияның сабақтастығы жөнінде не білесіз?

4. Педагогикалық деонтологияның медицинаға кірігуінің (интеграциясының) перспективасы қандай?

5. Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы немен айқындалады?



Тапсырмалар



  1. Қарастырып отырған тақырып бойынша сөзжұмбақтар жасаңыздар.




  1. Осы тақырып төңірегінде сандық диктант жасаңыз (берілген 10 сөйлемге оқушылар жауап береді, егер келісетін болса – 1, келіспейтін болса - 0 қояды).




  1. «Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығының типтері мен түрлері» сұлбасын толтырыңыз:




Педагогикалық

деонтологияның сабақтастығының типтері мен түрлері



Осы түрлер мен типтер

қандай ғылымдарда көрініс табады



басқа ғылымдардың әдістерін қолдану




басқа ғылымдар арқылы алынған зерттеу нәтижелерін қолдану




Ортақ мәселелерді шешу



Бұл екі ғылымның сабақтастығының тағы бір саласын тұлғаның тәрбиелік деңгейін анықтаудан байқауға болады: әдептілік уәжденген әрекеттерден, саналы және импульсивті мінез-құлық жүйесінен, таптаурынынан, дағды мен ептілігінен және пайымдауларынан байқалады. Бұл педагогтардың балалармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарының жетістігі көрсеткіші ретінде оқушылардың психикасы мен дүниетанымындағы өзгерістердің болуында. Басқаша, педагогикалық қызметтің нәтижелері тәрбиеленушілердің психологиялық мінездемелерінің өзгерістермен диагностикаланады деуге болады.


2 Ұстаздың деонтологиялық даярлығы және оның қалыптасуы
Педагогикалық іске және ғылымға

саналы қабілеті бар, жалпы халыққа

қажеттілігін түсіне отырып, ісінен

қанағаттануды сезінетін адамдарды

ғана тарту керек.

Д.И. Менделеев


2.1 Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы
2020 стратегиялық жоспары бойынша Қазақстан 2020 жылға дейін қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болуы керек. Ол үшін оны іске асыратын адам капиталының бәсекеге қабілелеттілігін арттыру мәселесі шешуін күтуде. Осыған орай қазақстандықтардың интеллектуалдық әлеуетін, кәсіптік құзырлығын, рухани байлығын, жан саулығы мен тән саулығын қамсыздандыру әрекеті - кезек күттірмейтін мәселенің бірі

Еуропа аймағындағы жоғары білім беруге қатысты ережеде (Лиссабон, 1997ж.) «жоғары білім беруді жетілдірудің және кемелдендірудің кілті, ол адамзат қоғамының баға жетпес мәдени және ғылыми жетістігінің көрсеткіші, әрі әлемде бейбітшілікті бекітудің, халықтар мен елдер арасындағы өзара түсіністіктің негізі» екендігі көрсетілген. [127].

Соңғы кезде қоғамның дамуына байланысты кәсіби білім берудің алдына қойылған міндеттерінің мазмұны да айтарлықтай өзгерді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес «білім беру жүйесінің басты міндеті – жан–жақты дамуға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге, жеке тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастыруға жағдай жасау» болып отыр [128].


Қазіргі қоғамда аталған өзгерістермен қоса, рухани құндылық орнына біртіндеп материалдық құндылық басымдылық танытып келе жатқаны байқалады. Мұның дәлелі ретінде соңғы кезде қаржылық мәселелер адам өмірі мен денсаулығынан, тіпті бас бостандығынан да жоғары қойылып жүр, мәселен: қалтасы қалың науқас адамнан айырылып қалмас үшін жалған диагноз қоятын немесе тым қымбат дәрілерді жазып беретін дәрігерлерді кездестіруге болады; көлемді қаражат алу үшін белгілі бір оқиғаны «қажетке сай» өңін айналдырып жазып, қоғам арасына іріткі салатын тілшілерді (журналист) де кездестіре аласыз; білім беру кезінде репетиторлық қызмет көрсетіп, арнайы қаражат табу мақсатында кей материалдарды жартылай ғана оқытатын мұғалімдер де табылады; көлемді пұл алу үшін дәулетті адамның өтініші бойынша дені сау адамды «психикасы бұзылған науқастарды емдеу» орнына жіберетін психологтар бар; мемлекет тарапынан қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардан ақша түсірудің жолдарын табатын әлеуметтік қызметкерлер де болады. Ең қауіптісі, аталған мамандар еш арланбайды да, оларға тәртіп сақтау қызметкерлері де оң қабақ танытады, өйткені өздері де бұл тұрғыдан осал емес.

Сондықтан бүгінгі күні мамандарды даярлаудың мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгерту өзекті мәселеге айналды, әсіресе «адам-адам» жүйесіндегі мамандарды даярлаудың кәсіби білім беру жүйесін қайта құру қажет. Болашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру - кезек күттірмес мәселе. Яғни, кәсіби білімнің аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде деонтологиялық санасын тәрбиелеу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігінің маңызды көрсеткіші бола алады. Сонда ғана студент грант пен ата–аналар қаражатын қандай «тауарға» жұмсау керек екенін білетін болады, яғни сессияны «ақша беріп жабу» арқылы бір нәрсеге екі рет ақы төлеп, еш пайда ала алмағанын түсінеді. Керісінше, әрбір оқытушыдан, профессордан мүмкіндігінше көп білім алуға тырысады, олардың білімдендіру еңбегіне сын тұрғысынан талап қояды. Яғни, студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын тәрбиелеуді көздейді, іске асырады.

Сонымен, «адам-адам» жүйесіндегі маман даярлауда батыл бетбұрыс керек.

Бұл әрекет ұстаз тұлғасын қалыптастыруда әсіресе маңызды. Өйткені ұстаз – болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Көптеген азаматтық қасиеттердің адам бойына ұялауы мектеп ұстаздарының жұмысымен ажырамас байланыста.

Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санасын өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар. Адамзаттың қазіргі жағдайы, оның болашағы осы мәселелердің ұтымды шешіміне тәуелді. Ал осының бәріне мұғалім тұлғасы сипатының қатысы бар.

Ұстаз неғұрлым ел, отан, халық алдындағы борышын саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге жан-жақтан пайдалы болатыны күмән тудырмайтын айғақ.

Осыны түйiндей келе, өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бірге едәуiр саяси-экономикалық, әлеуметтік нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негізгі міндеттері – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті сіңіру, оқушыларды өз бетінше және шығармашылықты ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілдерін меңгерту, өміршеңдіктерін арттыру, т.б.

“Өмір сүру, – деп жазды С. Экзюпери, – демек, баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің, қоғамымыздың болашағын үйлесімді тәрбиелеуге тиіс. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды” – деп, ал К. Г. Паустовский “Бақыт білімпазға келеді. Білімді әрі тәрбиелі адам ғана көре алатын жер көркін надан адам еш уақытта көрмейді” – деп, мұғалімнің шеберлігіне болашақтың бақыты тәуелді екенін білдіреді.

Ұстаздың кәсiптiк санасының өзгеруiне, әдеп жүйелерiн сұранысқа сәйкес құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық даярлығына, деонтологиялық әлеуетіне және сыртқы түрткі болған жағдайлар мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты

Алайда, болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының ғылыми-педагогикалық негізін айқындауда қарастырылған іргелі ғылыми жұмыстарда деонтология педагогикалық мәселе ретінде арнайы зерттелмегені байқалды. Бірақ, педагогиканың баяғыдан топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi заман талаптарына сай «педагогикалық деонтология» деп, қайта жаңғырып жаңа мазмұндалып келе жатқаны хақ.

Олардың белгілері:

- біріншіден, баланың жан дүниесiне зиян келтiрмей әсер ету тақырыбына арналған көптеген ғылыми, ғылыми-публицистикалық еңбектер (В. А. Сухомлинский, Ю. П. Азаров, “А. А. Дубровский, В. С. Ротенберг пен С. М. Бондаренко, В. И. Слуцкий В. Ф., Шаталов, Ш. А. Амонашвили, т.б.) педагогикалық деонтологияның “Зиян келтірме!” ұстанымының көкейтестілігі күннен күнге асуда екенін дәлелдейді;

- екiншiден, педагогикалық деонтологияға қазiргi кезде асыра көңiл бөлiнуiне себепкер болған, өзектілігін түсiндiретiн әлеуметтік жағдайлар, атап айтсақ:

1) заманымыздағы болып жатқан көп өзгерiстердiң iшiнде адамның денсаулығына деген назардың өсуі. Әсіресе баланың жан саулығына, тән саулығына деген көзге түсер қоғамдағы бетбұрыс, денсаулық технологияларын көздеген мектептер, балабақша, жазғы сауықтыру орталықтарының санының өсуі, т..с.с. Денсаулықтың арқауы салауатты өмiр салты дер болсақ, ол өзі адам бойындағы күнделiктi тыныс тiршiлiгiнен байқалатын ақыл-ой парасаты, сезiм, қимыл-қозғалысы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы сияқты тағы басқа жоғары деңгейдегi саналы қасиеттi көрсететiн тұлғаның өмiр сүру үдерісінің көркем бейнесi. Олай болса, мұғалiмнiң кәсiптік сауаттылығына, жалпы салауаттылығына, оның қарым-қатынас құру мәнерiне өзiнiң және оқушының денсаулығы тәуелдi екендiгi күмән тудырмайды;

2) өмiр шарттарының өзгеруіне, құндылықтардың ауысуына байланысты мемлекеттiң, әлеуметтiң, ата-ананың мектепке, мұғалiмге қоятын талабының жоғарылауы;

3) халықтың ақпараттану мүмкiншiлiгiнiң өсуi. Заман талабы бойынша жарық көрiп жатқан ғылыми еңбектер, жаңадан ашылып, iзгiлiктi жұмыс iстеп жатқан әртүрлi оқу орындары, ондағы ұстаздардың мамандыққа сай парыздарын өнегелi еңбек ету арқылы өтеуiнiң үлгiлерi туралы радиохабарлар, телекөрiнiстер, газет, журнал бетiндегi мақалалар бiлiм беру сапасына деген белгiлi бiр жоғары эталонды сұраныс қалыптасуына жетелейдi. Мұғалiмдердiң iс-әрекетiндегi деонтологиялық факторлардың рөлiн “керi” ақпардың әсерi де айқын көрсетедi. Мысалы, жалпы бiлiм беру саласындағы, соның iшiндегi жеке мектептер тұрмыс-тiршiлiгiндегi жiберiлген түрлi олқылықтарға байланысты шағым хаттар, сыни мақалалар, радио-теле-хабарлар өз әсерiн қалдырмай қоймайды. Халық пiкiрi, қай кезде болсын, мекеменiң, ұжымның жұмысының нақтылы көрсеткiшi. Педагогтар ұжымындағы мұғалiмдердiң балаға деген сезiмталдығы, ақ ниеті, кiшiпейілдiлігi – олардың деонтологиялық мүмкiншiлiктерiнiң ең маңызды белгiсi. Мұның бар-жоғы халық пiкiрiнде көрініс табады;

- үшіншіден, педагогикалық деонтология қағидаларының мазмұны мен қолдану әдiстемесiндегі ерекшелiктерді бiлiм беру саласының әртүрлi объектiлерiнде ескеру қажеттілігі. Мысалы, балабақшада, бастауыш мектепте, орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру мүмкіндігі әртүрлі. Сондықтан педагогикалық деонтологияның қолдану объектісіне байланысты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік және рухани өмір саласында, сонымен қатар білім беру саласында да қайта құрулар жүріп жатыр. Білім берудің болмысына бүкіл адамзаттың болашағы тәуелді. Осыған байланысты педагогикалық мамандар даярлауға, соның ішінде ұстаздың кәсіби қызметті жүргізуге даярлығын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық» («ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды.

Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді:

- теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру;

- тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.

Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады» [62].

М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және т.б.), сонымен бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес психологиялық күйі де көрінеді деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі бір уақыт аралығында сапалы қызмет атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы. [63]

Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық, мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады [64].

Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама береді: «Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі» [65].

В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан - психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал екінші жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде анықтайды [66].

«Әлеуметтік педагогика сөздігінде» қандайда қызмет түріне кәсіби даярлықты «өзін белгілі кәсіби қызметке қабілетті және дайындалған, оны мақсатты орындай алатын жеке тұлғаның субъектілік күйі» ретінде қарастырады [61].

Қорыта келе, болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының әртүрлі аспектілерін ашатын, «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсінігінің бірталай сипаттамалары мен ұстаздың кәсіби дайындық мәселесін зерттеудің көптеген тәсілдері бар. Оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады:


  1. жеке–тұлғалық сапалармен сипатталатын дайындық ретінде қарастырылатын, қызметінің ерекшелігіне негізделген тұлғалық даярлық;

  2. мамандығына сәйкес іс-әрекетке қажетті психиканың мүмкіндігін жұмылдыра алу ептілігінде көрініс табатын қызметтік даярлық;

Біздің ойымызша, барлық жоғарыда келтірілген ұстаздың кәсіптік сапасының қырларын шыңдауда, қалыптастыруда оның парыздылық санасының жетілу деңгейін көтеруде деонтологиялық даярлығы ерекше басым рөл атқарады. Бірақ педагогикалық этика саласында зерттеулер болғанымен (В. И. Писаренко, И. Я. Писаренко, А. Н. Иванова, Э. Г. Костяшкин, Ю. П. Азаров, Г. И. Белякова, В. А. Сухомлинский, Ш. А. Амонашвили, Э. И. Шыныбекова, И.Е.Синица, т.б.) педагогикалық деонтология туралы түбегейлі ғылыми еңбектер жоқтың қасы.

Осының салдарынан бүгінгі күні білім беру саласында түрлі кәсіби сауатсыздықтың шеті шығып жатуы байқалады: мысалы, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың психологиялық тұрғыдан келіспеуі, технологиялық реті бұзылуы, орынсыз қолданылуы және т.б. Небір атаулы технологияны, әлде біреудің сабақ ұйымдастыру ұсынысын жаппай, күштеп білім беру үдерісіне ендіру де кездеседі. Оған дәлел болар мынадай жайттар: барлық мектептерде, сыныпта, сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сабақтың тақырыбына, сабақ кестесіндегі орнына, тағы басқа жағдайларға мән бермей, «ұжымдық оқыту», «сын тұрғысынан ойлау», «деңгейлі оқыту», т.б. технологияларға, әдістерге ауытқу болып жатады. Сонымен қатар, ақылы жәрдем, жеке меншікті білім беру жүйесі, т.с.с. жаңаша тұрмыстық, нарықтық қатынас көрінісі ұстаздық кәсіптің адамгершілік деңгейіне күйзелісті әсерін тигізіп, гуманистік жаратылысына қайшы келетін тұстары да баршылық. Мысалы, білім алуға, алған білімді пысықтап, жаттықтыруға ақылы жәрдем жоқ кезде мектеп оқушыларының үлгерімі сабақ сапасы мен оқушы қабілет-қасиетіне, талабына сәйкес болды. Сол кезде де алтын медаль иелері, оқу үздігі, пәндік олимпиадалардың жеңіскерлері болды. Ал қазіргі кезде бұл атақтың бірі де, ол түгіл жәй үлгерімнің өзі де арнайы ақылы бапкерсіз, жаттықтырушысыз (репетитор) бала маңдайына қонбайтын бақ сияқты.

Болашақ мұғалім дайындығында осындай, т.б. «дерттердің» басын ашып, деонтологиялық тұрғыдан көзқарас қалыптасатын болса, онда бұл мәселелер деонтология ұстанымдарын іске қосу негізінде шешіледі демекпіз.

Осыдан мұғалімнің жеке тұлғалық мінез-құлқына, сана-сезіміне сәйкесті әсер ететін арнайы деонтологиялық дайындық қажет.

Жоғарыда айтылған отандық және шетелдік ғалымдардың әртүрлі көзқарастарында оқушылардың жан саулығы мен тән саулығына «Зиян келтірме!» ұстанымына негізделген, олардың табиғатына үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызудың жолдары мен тәсілдеріне әрдайым ізденісте болатын парыздылық санасы туралы мәселелер қарастырылмаған. Міне, педагогикалық деонтология осы мәселелерді зерттейді. Деонтология ұстанымдарына сәйкес кәсіби міндеттерді орындау үшін ұстаз өз бойында қандай білімділік, іскерлік, дағдылар, қабілет-қасиеттер болу керек екенін білуі тиіс. Айтылған күй ұстаздың деонтологиялық даярлығы ретінде анықталады (оқу, ғылыми-әдістемелік, энциклопедиялық әдебиеттерге толық талдау жүргізгенде «ұстаздың деонтологиялық даярлығы» термині бір де бір философиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б. анықтамалық баспаларда кездеспейтінін байқадық).

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы – кез келген білім беру мекемелерінің оқыту-тәрбиелік үдерісінің тиімділік шарттарының бірі. Ұстаздың деонтологиялық даярлығы – бұл ұстаздың кәсіби парыздылығына, біліміне, қабілеттілігіне, дағдыларына сәйкес білім беру, тәрбиелеу қызметтерін орындауда сана-сезімінің дайындық күйі. Кәсіби сана-сезімінің даму деңгейі, кәсіби қызметінде міндеттерді тани білуі оның дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады. Басқалай айтқанда, бұл - ұстаздың ғылыми-теориялық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық дайындықтан, сонымен қатар жеке тұлғаның кәсіби қабілеттілігінен, кәсіби маңызды қасиеттерінен тұратын тұлғасының интегративті сипаттамасы.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы кәсіби құзыретінің даму деңгейін, құндылық бағдар басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің, деонтологияның, әлеуметтік өмір заңдылықтардың, Конституцияның және тағы басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және меңгеру деңгейін сипаттайды.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы тек қана педагогикалық деонтологияны білу және түсінумен шектелмейді, сонымен бірге білім беру мекемелердің әртүрлі салаларына оны енгізу бойынша белсенді жұмыс жасауды да білдіреді. Осының нәтижесінде ұстазда деонтологиялық интуитивизм пайда болады, яғни кәсіби парыздылық түсінігінен немесе алдындағы логикалық бастамасынан (мейірімділік борышты орындауынан құралады) тәуелсіз болып есептеледі. Деонтологиялық интуитивизмге сәйкес имандылық міндеттердің әлеуметтік қажеттіліктер бойынша негізі жоқ, олар өз беттерімен, мәңгілік және тәуелсіз екені анық.

Басқа сөзбен айтқанда, ұстаздың деонтологиялық даярлығы - бұл ұстаздың қызметі барысында өзіндік сана-сезіміне айналатын, санасының (деонтологиялық санасы) позитивті кәсіби күйі. Ұстаздың деонтологиялық сана-сезіміне өзінің мінез-құлығының уәжін түсінуі, рефлексияның пайда болуы, кәсіби борышын түсіне біліп, әрекет жасауы жатады.

Мұғалімнің деонтологиялық сипатын жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай білім алу парыздылық сана сезім, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып табылатын парыздылық месел (уәж) мен кәсіптік мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен, болашақ педагогтың мінез-құлқындағы кәсіптік этикаға деген тұрақты көзқараспен, өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады.

Егер деонтологияны маманның кәсіптік парызға негізделген мінез-құлқы, тәртібі туралы ғылым дейтін болсақ, онда оның деонтологиялық даярлығы - бұл кәсіби іс-әрекетте парыздылықты міндеттенуді қамтитын сананың күйі.

Сананың реттеушілік функциясы бойынша деонтологиялық сана «адам-адам» жүйесіндегі маманның қызмет барысында кәсіптік парызына негізделген нормалар, ұстанымдар мен ережелерге сәйкес барлық іс-әрекетін, тәртібін, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын реттеуші күш бола алады. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан маманның кәсіптік іс-әрекетіне, қызметінің сапасына арнайы сырттан бақылаушы, тексеруші (инспектор, директор, проректор т.с.с.) керегі жоқ. Оның бақылаушысы – парыздылық сана сезімі. Ондай маман қарым-қатынастың, қызметінің әр сәтінде өзінің әрекеттерін саналы бақылауды естен шығармайды. Саналы бақылаудың екі түрі белгілі: белгілеуші бақылау және реттеуші бақылау.

Белгілеуші бақылау дегеніміз адамның жан-жақта болып жатқан жағдаятты көріп, тыңдау кезінде өзінің іс-қимылдарына сырттай көз тастап, белгілеп, санасында, есінде ұстауы. «Өз ісіне өзі есеп беру» қабілеті осындай бақылауға негізделген.

Реттеуші бақылау адамның іс-әрекеттерін басқарып, қылықтарын өзінің түсінігі бойынша заң және мораль талаптарына сәйкес бағындыра білу қабілеттерінде көрінеді. Мұнда, міне, маманның деонтологиялық әлеуетінің мөлшері көрініс табады.

Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін сипаттайтын жалпы көрсеткіштер:


  • «оқушының жан саулығы мен денсаулығына зиян келтірме!» атты киелі қағиданы іске асыратын жоғары ұстаздық мәдениетті құруға ынталылығы;

  • кез-келген жағдайды әділ бағалау, өзінің және бөгде біреудің көзқарасын дұрыс түсіне білу, өзінің қарым-қатынас әрекеттеріне сыни қарауға икемділігі;

  • қызметінің әрбір саласына және ұқсас салаларына қатысты жедел ақпараттана білуі, пассионарлық индукцияны (басқа адамдарға өзінің идеялары мен көңіл-күйін жұқтыру), педагогикалық шеберлікті меңгере білуі, өз бойында жалпы және арнайы-кәсіби интеллектті, ой-саналылықты тәрбиелеуі.

Мұндағы интеллект – зеректілік, саналы, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті, кез-келген ақпаратты талдау-таразылауды қамтитын ақыл-ой функцияларының тұтастығы. Сондықтан, жоғарыда келтірілген келеңсіздіктердің алдын алу үшін және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп-өнуін қамыту үшін білім беру саласының басты рөлі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Бұл - заманымыздың ең өзекті мәселесі.

Ал интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін болашақ мамандардың деонтологиялық санасын тәрбиелеу қажеттігі туады. Өйткені деонтологиялық сана - өзіндік ойлау, кез-келген іске шығармашылықпен қарау, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне білу, қарама-қайшылықтарды жоюда болжамдар құра білу, білімге деген белсенді құштарлықпен оны сауатты игеру мүмкінділігімен сипатталатын тұлғаның интеллектуалдық мәдениетін қамсыздандырады.

Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін қалыптастыру өмір бойы жүреді. Бірақта бұл үдерісті жас кезінен бастау керек, себебі қазақ философы Зейнолла Серікқалиұлы «Бүгінгі студент келешекте сапалы қызметкер болу парызын белгілі бір сала бойынша жанына жайлы күн көріс қамына мамандану деп сезінсе, ел басшысы болуды атқамінерлікке баласа, онда арам шөбің не, алаяғың кім бәрібір, дәл өзімізден аумаған қосаяқты пенденің бірі деп шүкірлік етеміз де, арамзамен ауыз жаласып жүріп-ақ адаматқа (кентаврға) айналған тіршілік жұрағаты құқында ғұмыр кешкен бола береміз»[105] деп, мұғалімнің санасын деонтологиялық тұрғыдан тәрбиелеудің мәні мол екендігін ескертеді.

Сондықтан, ең алдымен, болашақ ұстаз өз пікірінің дұрыстығына жеке тұлғалық сенімділік қасиетін тәрбиелеу керек, яғни өзіндік бағалы бағдарына сәйкес саналы әрекет жасауға мүмкіндік беретін өз танымы қалыптасуы қажет. Болашақ ұстаз деонтологиялық дайындық нәтижесінде қабылдайтын сана-сезімі оның педагогикалық сана-сезімнің жоғарғы көрінісі болады, сонымен қатар кәсіби парызына қарым-қатынасын көрсетеді. Жоғарыда айтылғанның дәлелі ретінде К.Д.Ушинскийдің сөзін келтірейік: «Мұғалімнің педагогика және психология саласында білімі, теориялық тәжірибесі болуы керек. Бірақ оған тек қана терең білім жеткіліксіз. Өзіне-өзі сенімді адам болуы керек. Сенімсіз шығармашылық шабытта жұмыс істеуге мүмкін емес. Адамзатты тәрбиелеудің басты жолы - сендіру. Тәрбиелеушінің сендірусіз тәрбиелік әдістері жақсы болса да, ешқандай әсер етпейді, әлсіз күйінде қалады» [37].

Ұстаздың қалыптасқан ішкі нанымы кәсіби қызмет үдерісінде деонтологиялық кредоға («кредо (лат. тілінен сredo – сенемін, сенімдімін – сенім, көзқарастар, өмірге көзқарасының негізі») айналады - ол кәсіби парыздылығын түсіну негізінде қызметтік әрекеттерге талаптар қалыптастырады және мінез-құлықтарына ішкі реттеуші күш болып табылады.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы деонтологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Олардың қалыптасуы:



  • педагогикалық деонтологияның негіздерін меңгеру деңгейіне;

  • педагогикалық деонтологияны жете түсіну деңгейіне;

  • педагогикалық деонтологияның ерекшелігіне;

  • әрбір ұстаздың жеке тұлғалық қайталанбас шығармашылық дарашылдығына байланысты.

Сонымен педагогикалық кәсіп мағынасына ұстаздың қоғамдық функцияларының мақсаты мен мәселелерін адамтану проблемаларын түсінудегі рөлін анықтайтын жоғары дамыған парыздылық санасы, деонтологиялыќ нышаны енеді.

Бұл жүйенің («деонтологиялық сана, деонтологиялық сана-сезімі, деонтологиялық сенімі, деонтологиялық кредо») бір элементінің түсіп қалуы ұстаздың деонтологиялық дайындығының қалыптаспауына әкеледі.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығының қалыптаспағаны олардың қызметіндегі олқылықтарынан көрініс табады, нақтырақ айтар болсақ:

- тәрбиешілердің, ұстаздардың кәсіби парызын түсінбеуі тәрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас құрай алмауынан, олардың көңіл-күйін түсінбеуінен, оқушылардың белсенді дамуына барлық күшін жұмылдыра алмауынан байқалады;

- ұстаздың кәсіптік санасының қалыспағандығы, яғни кәсіби «Мен» концепциясының жоқтығы кәсіби-деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің деонтологиялық сеніміне және кредоға айналуына мүмкіндік бермейді.

Осыдан мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерден бастап, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, колледж мұғалімдерін, жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамын, яғни білім беру жүйесіндегі барлық қызметкерлердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру қажеттігі туады.



Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
Сұрақтар

  1. «Дайындық», «ұстаздық қызметке дайындық», «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсініктеріне анықтама беріңіздер. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ашыңыздар.

  2. Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде «ұстаздық қызметке даярлық», «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсініктерін қарастыруда қандай көзқарастар бар?

  3. «Ұстаздың деонтологиялық даярлығы» ұғымының анықтамасы қандай?

  4. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» түсінігіне анықтама беріңдер.

  5. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» және «адамның өзіндік сана-сезімі» түсініктерін салыстырыңыздар. Ұқсастығы, айырмашылығы неде?

  6. Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің мазмұны қандай?

  7. «Деонтологиялық сенім», «деонтологиялық кредо», «деонтологиялық іс-әрекет» дегеніміз не?

  8. Ұстаздың деонтологиялық даярлығы қалыптаспағанының көрсеткіштері қандай?

Тапсырмалар



  1. Өмірден деонтологиялық даярлығы бар ұстаздың, тәрбиелеушінің мінез-құлқының ерекшелігін ашатын мысалдар келтіріңіздер.




  1. Параграф мәтінінде ең мән көтерер сөздерді іріктеп, рет-ретімен қойыңыз.




  1. «Ұстаздың кәсіби парызы» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер, өлеңдер жинап, тақырыптық жинақ жасаңыздар.

Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаздың оқушысының немесе оның ата-анасының атынан шығарма жазыңыздар.



2.2 Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадыда жақсы сақтайтын, … еш нәрсені ұмытпайтын…, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп…, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» деп, ғұлама ойшыл Әл-Фараби ұстаз тұлғасына деген талапты көрсеткен.

Қазақтың хәкімі Абай Құнанбайұлы ұстаздық еткен адам тұлғасына көп көңіл бөліп, олардың біліктік мінездемесі мыналардан құралады дейді:

«1)батыл; 2) жарылқаушы (өзіңді және өзгені); 3) мейірімді; 4) сүйікті; 5) кешіруші; 6) қорғаушы; 7) айыпты жабушы; 8) қызық беруші; 9) пайда беруші; 10) басқарушы; 11) кірсіз, жаны таза; 12) негізі бар; 13) күнәсін біліп, оны тазарта алушы және т.б.. Мұнда Абай жалпы ғылымнан қуат алған ізгілікті, парасатты адамның тұлғалық моделін жасаған» [106].

«Әр баланың жүрегіне жол тап, біреуін жылы сөзіңмен баура, екіншісіне сәл-пәл қатаңдау бол, үшіншісіне әлденені өзің жасап көрсет, … әр балаға нақтылықпен қара» деп халық педагогикасы да ұстазды міндеттейді.

Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттер болуы тиiс? Педагогикалық қызметтiң табысты өтуiн қамтамасыз ететiн мұғалiмнiң мiнезiнде қандай қасиеттер, тұлғасында қандай қабiлеттерi мен моральдық көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, мектептің мұрат-мұқтаждығын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Неге парыздану керек?

Ұстаз қандай болуы керек? – деген сұраққа жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев төмендегідей пікір білдірген екен. « Менің ойымша:


  • біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек;

  • екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет;

  • үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімі бар, мәдениетті болуы қажет;

  • төртіншіден, ол өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет;

  • бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс;

  • алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып отыратын болуы қажет;

  • жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және саналы болуын көздеп жүргізетін адам болуы қажет.

Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сырт бейнесі арқылы да, оқытушылық ісі, адамгершілік қасиеті арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас ұстауы арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болу керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады”[107].

Педагогикалық деонтология тақырыбына өзінің бірталай еңбектерін арнаған педагог-ғалым К.М. Левитан өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша ұстаздың тұлғалық сапасын деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер иерархиясын төмендегідей қылып құрастырған: 1) өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білімі; 2) сол білімдерін, дағдыларын оқушыларға жеткізе білуі; 3) талап ету ептілігі; 4) оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі; 5) жалпы эрудициясы; 6) тілектестігі; 7) әдептілігі; 8) қызықты сабақ ұйымдастыра білуі; 9) мамандығына деген сүйіспеншілігі; 10) шыдамдылығы; 11) балаларды түсіне білуі; 12) балаларға деген сүйіспеншілігі; 13) әділеттілігі; 14) өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы; 15) әзіл-оспақты түсіне білуі; 16) техникалық оқу құралдарын қолдана білуі; 17) ұстанымдылығы (принципшілдік); 18) ашықтылығы; 19) жақсы мұқамы (дикция – сл. І том); 20) еңбексүйгіштігі; 21) сабырлығы; 22) артистігі; 23) музыкалық қабілеттері; 24) сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі; 25) эмоционалдығы; 26) адал ниеттілігі[104].

Карл Роджерс ұжым басқаратын тұлғаның төмендегідей ерекшеліктерін іріктеп алған: жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі); рефлексиялық қабілеті (өз басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру); эмоционалды сензитивтілігі (сезімділік); эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік); ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы және өздігінен болдыра білуі[60].

Сонымен ғалымдардың бір бөлігі мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігін, баланы жақсы көру сезімін асыра айтса, екіншілері, ұстаз сипатының ең алдыңғы қатарында кәсіби парыздылық сезімі болу керек деп санайтындығы байқалады.

Келтірілген ой-пікірлерді талдай келе педагогикалық деонтологияға сәйкес ұстаздың мiнез-құлқының негiзгi iргелi қасиеттерi және iс-әрекет стилi, педагогтық реңкi туралы үш пiкiрге тоқталдық: адамсүйгiштiк (соның ішінде әсіресе балаға деген сүйiспеншiлiк), парыздылық сана-сезiмi (әділдік, парыздылық пен жауапкершілік), бiлiмге, өзіндік ізденіске, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс. Осы үшеуін ең негiзгiсi деп бөлмей, бәрi бiр деңгейде қарастырылғанын жөн деп санаймыз, яғни, адамсүйгiштiк те, бiлiмге деген мәңгiлiк құштарлық та ұстаз парыздылығы деген қасиетке саяды. Соларға қысқаша тоқтала кетейік.

1) Балаға деген сүйiспеншiлiк. Балаға деген сүйiспеншiлiк мұғалiмнiң iс-әрекеттiнде, оқушыға тәлiм-тәрбие беруге арналған түрлi шараларда, қылықтарында көрiнiс табу керек. Ұстаздық сүйiспеншiлiктiң дәл осы тұсын арнайы айтып кеткен жөн. Оған жалпы адамсүйгiш, инабатты, сезiмтал болуымен қатар, өзiнiң алдына келген оқушыға сол сезiмдi дарыта алуы өте маңызды. Мұғалiмнiң кейбiр оқушыларға асқан сүйiспеншiлiктi бiлдiруге, кейбiреуiн жек көруге, басқаларына немкұрайдылықпен қарауға құқысы жоқ. Ұстаздық сүйiспеншiлiктің бәрiне бiрдей болуы да мүмкiн емес, бiрақ бәрiне бiрдей сүйiспеншiлiктi бiлдiру - оның ұстаздық парызы.

2) Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі. Бұл екеуі ұстазға ауадай қажетті қасиеттер. Парыздылық пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Парыздылыќты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс, бұрыстығын түсіне білу – адамға үлкен қуаныш шабыт-жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің парызы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісінің жанына мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды[15].

Басқа мамандықтағы адамдарға қарағанда ұстаздың кәсіптiк парыз сезiмi кемелденген және ерекше кәсіптік деңгейге дейiн машықталған, тәрбиеленген болу керек. Парыздылық мiндет ұстаздан асқан дәлдiктi, барлық iстерiнде ұқыптылықты, iскерлiктi, жауапкершілікті талап етедi.



3) Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығына қажымай-талмай бiлiмдерiн толықтыру, дағдылар мен машықтарын дәлдендіру, өзiнiң сыртқы көрiгiне көп көңiл бөлу, т.с.с. саяды. Яғни бiлiмiн толықтыруға, әрi қарай оқуға, өзiн жетiлдiруге жалыққан мұғалiм, ұстаздық етуден қалады, бұл қатты айтылған сөз болса да, шындығына дәлел болатын кейбiр жағдайларға тоқтала кетейiк:

  • заман ағымы жыл сайын демеймiз, күн сайын адамдарды өзгертедi, ал бала, қорғасын сияқты, заманның өзгеруiне өте бағынышты екенi белгiлi;

  • психология, педагогика ғылымдарында технологиялық, теориялық жаңалықтар желiсi үдеу алып келедi;

  • қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқан даму өзгерiстерден ақпараттану екпiнi асуда, т.с.с.

Ұстаз осының бәрінен хабардар болып, өзінің соларға қатысын қалыптастырып, оқушылардың болашағына ұтымды әсер ете білуі қажет. Сондықтан ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайын болуы – оның µте мањызды кәсіптік міндеті.

Ұстаздың өзін-өзі танып білуінің кепілі оның деонтологиялық даярлығы екенін төмендегідей көрсеткіштері дәлелдейді:



  • µзiн-µзi танып бiлуінің мән- мағынасын ашып, әдістерін игеруге ынтасы;

  • µзiнiњ деонтологиялық даярлық бейнесiн жобалаудың жолдарын білуі;

  • µзiнiњ мінез-құлқына, iс-ќылыѓына талдау жасау әдіс-тәсілдерін игеріп, рефлексия жасауға дағдылануы;

  • µзiн-µзi танып бiлуінің педагогикалық жағдаяттарды ұтымды басқаруға септілігін айқындай білуі;

  • басқаны өзіне сендіру өнеріне үйрене білуі;

  • µзiн-µзi жетiлдiру, µзiн-µзi басќару, жігерлендіру әрекеттерінің теориялық негіздерін білуі;

  • өздігінен білімін жетілдіруді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылауы;

  • өзін-өзі тәрбиелеуді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылай білуі;

  • оқушыны, тәрбиеленушіні өзін-өзі танып-білуге үйретудің әдіс-тәсілдерін игеруі;

  • өзін-өзі танып-білу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасай білуі т.б

4) Әділдік. Ұстаз қызметінің ерекшелігі сонда, ол қашанда бір шешім қабылдап, біреуді мадақтап, екіншіні даттап жатады. Сондықтан адам баласының ең аяулысы ары мен мұраты, әділдікті бойына сіңіру - ұстаздық парыз. Әділдіктің мағынасы туралық, дұрыстық, шындық дегенді білдіреді де, одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің обалына қалу жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің, әдеп-инабаттың негізі болып саналады.

5 Сапалы сөйлеу икемділігі.

Оқыту барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу әрекеттерiнiң даму процесiне мұғалiмнiң қолданатын сөздерi, сөйлеу мәдениетi, мұқамы, техникасы, шапшаңдығы, сөздерiнiң әсерлiгi, бейнелiлiгi, қарқындылығы шешушi ықпал ететiндiгiн назардан тыс қалдыруға болмайды. Мұғалiмнiң ауызекi сөйлеуi - оның кәсіби шеберлiгiнiң өте маңызды элементi және педагогикалық iс-әрекетiнiң негiзгi құралы. Балаға әсер етудiң негiзгi үш құрылымдық бөлiгi бар: жұқтыру, елiктету, сендiру. Осылардың бәрi мұғалiмдердiң тiл меңгеру деңгейiмен тiкелей байланысты. Сондықтан оқушылардың сөйлеуiнiң дамуына мұғалiмнiң өзiнiң сөйлеу мәдениетiнiң әсерi өте зор.

Осыны ескере отыра, әр мұғалiм өзiнiң сөйлеу қабiлетiн қажымай-талмай жетiлдiру жолында қыруар жұмыс атқару керек. Бұл iсте елеулi көмекшi құрал бола алатын Л.И.Рувинскийдiң редакциясымен “Педагогика” баспасынан шыққан “Учителю о педагогической технике”, Б.Ц.Бадмаев пен А.А.Малышевтың “Психология обучения речевому мастерству”, М. Балақаевтың “Тiл мәдениетi және қазақ тiлiн оқыту”, Т. Қордабаевтың “Жалпы тiл бiлiмi” т.с.с. атты әдебиеттер.

Сонымен қатар мұғалiм сыныпта тіл ұстартудың мәнi туралы әңгiме жүргiзiп, сабақ сайын оқушының сөйлеу мәнерiн тасадан тыс қалдырмай, дұрыс-бұрыстығын байқап, жiберiлген теориялық, грамматикалық, стилистикалық қателерге саналы көңiл бөлуге, бiртiндеп оқушыларға өз қателерiн өздерiне тапқызып түзетуге үйретуге жалықпауы керек. Осы қасиеттер ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компонентінің негізін құрайды, сондықтан оларға аса көңiл бөлiну қажеттiлiгi күмән тудырмайды.



Қорыта келгенде, мұғалімнің деонтологиялық қасиеттерін дамыту үшін және оған өзін-өзі тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау үшін «идеал» мұғалімнің үлгісін жасау қажеттігі туады. Осы мүддеге жоғарыда келтірілген педагог-ғалымдардың зерттеулері арналғанын көрдік. Әртүрлі зерттеулер нәтижесін жинақтай келгенде «идеал» мұғалімнің үлгісі мен «орташа» мұғалімнің үлгісінде көп айырмашылық көрінбеді. Айырмашылық тек мұғалімдерде сол қабілеттердің табысты жұмыс істейтіні айқын көріністе болуы, ал орташа күйде жұмыс істейтін мұғалімде солғын болуы.

Оның себебін біз төмендегідей анықтадық: мұғалімдердің бар қабілеттерін табысты жұмыс істетуші деонтологиялық әлеуетінің әр мөлшерде болуы.

Бұл жерде әлеует (потенциал) (лат. Potentia – күш, куат) – жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктер, қабілеттер жиынтығы ретінде қарастырылады[109]. Деонтологиялық әлеует анықтамасынын төмендегідей нұсқасын ұсынамыз: деонтология ұстанымдарын басшылыққа алып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын қабілет-қасиеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті дегеніміз – алдарына келген оқушыларға қатысты педагогтардың құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктері мен қабілеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті - оның деонтологиялық даярлығының басты көрсеткіші, тұлғалық қасиеті.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы төмендегідей негізгі компоненттерден тұрады: тұлғалық, ақпараттық-теориялық, іс-әрекеттік.



Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті.

С. А. Рубинштейн «тұлға тұтастығы дегеніміз – оның құрылымының бірлігі және тұтастықтың негізі болатын жүйелi қасиеттері»[75],– деп санаған.



В.А.Сластенин, В.П.Битуев, Л.М.Фридман, Б.М Теплов пікірлері бойынша, педагог тұлғасының құрылымында бұл рөлді кәсіби педагогикалық бағдарлық атқарады. Сондықтан кәсіби-педагогикалық бағыттылық пен жалпы және педагогикалық қабілеттер «жеке тұлғалық компонентінің» құрылымдық бөліктері болып алынды.

Кәсіби-құндылық бағдарда бекітілген ұстаздың педагогикалық қызметке деген көзқарас жүйесі – кәсіби-педагогикалық бағыттылығының негізі болып табылады.

Тұлға сапасы – даратүрдің (индивид) мінез-құлқында, жүріс-тұрысында әртүрлі жағдаяттарда ұзақ уақыт бойы қалыптасып, іс-әрекетте білінетін сипат.

Мұғалім тұлғасының iшкi мағынасы, субъективтiк сипаты - оның жан дүниесінің iс-әрекетiнiң нәтижесi. Бұл әрекет арқылы сыртқы әсер жеке тұлғаның санасынан, субъективтiлiгiнен өтiп, өңделiп, сезiнiп, түйсініп, практикалық iс-әрекетте қолданылады. Индивидтiң бойында қалыптасқан, тәрбиеленген қасиеттер жүйесi оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында субъективтiк түрде (идеялары, мүдделерi, бағалықтары, бағыттылығы, т.с.с.) көрініс табады.

Ұстаз тұлғасының даму үдерісін оның әлеуметтік күштері сипаттайды. Атап айтқанда, кәсіптік рөлін атқаруға пайдалы қабілеттері, мұқтаждығы, білімі, біліктілігі, әлеуметтік сезімдері.

Болашақ ұстаздың әлеуметтiк ортамен және өзін-өзі тәрбиелеуiмен қалыптасатын маңызды қасиеттерiнiң бiрi – жеке тұлғасының дүниетаным сипаты. Жеке тұлғаның дүниетанымы белгiлi мөлшерде оның бағыттылығын, әлеуметтiк бағалы шешiмдерi мен қылықтарының ерекшелiктерiн алдын ала анықтайды. Мұғалiм тұлғасын деонтологиялық негiзде қалыптастыру үдерісінде бағыттылық пен белсенділік маңызды рөл атқарады. Психология гуманистік белсенділіктің маңызды факторы деп жеке тұлғаның болашаққа ұмтылуын, максималды өзін-өзі жігерлендіру деп санайды.

А. Маслоу «адамға өзін-өзі жігерлендіру үшін қажетсінудің бес негізгі түрі керек» деп жазған:



  • физиологиялық қажетсіну (тамақ, сусын, ұйқы, т.б.);

  • қауыпсіздікті қажетсіну (тәртіптілік, сенімділік, қорғаныс және басқа);

  • контакт пен сүйіспеншілікті қажетсіну;

  • қадірлеуді, сый-құрметті, өзін-өзі сыйлауды қажетсіну;

  • өзін-өзі жігерлендіруді қажетсіну.

Бұл негізгі қажетсінулердің иерархиялық моделі бойынша А. Маслоу адам белсенділігінің маңызды факторы – өзін-өзі жігерлендірудің көптеген жағдайларда реалды уәж (мотив) бола алмайтынын «адамдардың басым көпшілігінде төменгі деңгейдегі қажетсінулердің қанағаттанбағандығы» деп түсіндіреді. «Өзін-өзі жігерлендіру соңғы нәтиже түрінде өте аз адамдарда кездеседі, бірақ адамдардың басым көпшілігінде үміт, ынта, құштарлық, талаптану, ұмтылу түрінде болады» дейді ол[108]. Қорыта айтқанда, деонтологияның талаптарына сәйкес болу үшін ұстаз ең алдымен өзін-өзі жігерлендірудің жолына түскені жөн. ¤зін-өзі жігерлендіру үшін жеке тұлғада белгілі құндылықтардың, қасиеттердің жиынтығы болуы қажет. Солардың көмегімен педагог өзінің даму және жігерлену жолында бағыт-бағдар болатын іс-әрекеттің, мінез-құлықтың үлгісін құрастыра алады. Мұндай үлгі мұғалім санасына кәсіптік құндылықтарға ұмтылыс жасау сезімін ұялатады, ісіне адал, шығармашылыққа, ізденіске дайын және моральдық тұрақтылық, қызмет қиындығына төзімділік қасиеттеріне ие болуға жетелейді. Бұл қасиеттер білім, дағды, ептіліктердің олқылықтары болса, орнын толтыра алады және оларды жетілдіруге түрткі болады.

Деонтологиялық даярлыққа ұмтылыста дара-психологиялық алғышарттардың орны бөлек. Бұлардың қатарына жалпы және жоғарыда қарастырылған педагогикалық қабілеттер жатады. Бұл қабілеттер қызметі қажетті әдіс-тәсілдерді игерудің жылдамдығында, беріктігінде, тереңдігінде байқалады. Жалпы қабілеттер жеке тұлғаның психо-физиологиялық дамуымен анықталады. Оларға темперамент, мінез, интеллект жатады. «Педагогикалық қабілеттер деп тұлғаның кәсіби-педагогика талаптарына сай және сол іс-әрекетті игеруде табысқа жеткізетін психологиялық дара ерекшеліктерінің жиынтығын айтуға болады. Педагогикалық қабілеттер мен педагогикалық іскерліктің айырмашылығын айтар болсақ: педагогикалық қабілеттер – тұлғалық ерекшеліктер, ал педагогикалық іскерлік – жоғары сапада атқарылған педагогикалық іс-әрекеттің жеке актілері (бөліктері)»[109].

Адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, оның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс-әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, арнаулы қабілеттердің шарықтап дамуына жетелеуші күш – парыздылық, яғни деонтологиялық әлеует.

Қабілеттер – адамның жеке тұлғалық айырмашылықтарында көрініс табады. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Адам бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол арқылы дамып отырады. Ол әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділіктен де көрінеді. «Бейімділік – адамның әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі» [39], – деп жазады академик Т. Тәжібаев.

Педагогика ғылымының докторы, профессор М.Ә.Құдайқұлов адамның жеке басының жетілу ерекшеліктері, іс-әрекеті мен қабілеті және шеберлігі мәселелерін зерттеумен көп жылдар бойы айналысып келеді. Онда ол “...адамның іс-әрекетінің жетілуі оның рухани әрі физикалық қабілетіне де байланысты. Өйткені адамның барлық қызмет түрлерінің шығу көзі саналы еңбек болып есептеледі. ...Қабілеттілік пен ебдейлікті бір-біріне тұтастай теңестіруге болмайды, олар бірін-бірі ұдайы толықтырып тұрады деп түсінгеніміз жөн. Жалпы алғанда, адам қабілетінің белгілері ебдейліктен бұрын пайда болады. Сондықтан қабілеттілік, жеке адамның әлі де меңгерілмеген білімдер, ебдейліктер мен дағдыларды қабылдау мүмкіндіктерін көрсетеді”[110] деп, адамның іс-әрекетінің оның қабілеттеріне, санасының даму деңгейіне тәуелділігін айқындады.

Бірнеше эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде адамның интеллектуалдық қабілетін нысанды қимылдардың жүйесі есебінде қарастыру ұсынылады. Соның негізінде «өзінің психологиялық тетігі жағынан қабілет жалпы алғанда тек сенсорлы ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды, нысанды іс-әрекеттер» деп, қорытуға болады.

Қабілеттің Б. М. Теплов мынандай үш белгісін атап көрсетеді:


  1. бір адамды екінші адамнан ажырататын оның жеке психикалық ерекшеліктері;

  2. белгілі бір іс-әрекетті не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға байланысты ерекшеліктері ;

  3. тұлғаның білімі, дағдылары мен іскерлігі емес, оларды тез әрі жеңіл меңгеруге жәрдемдесетін ерекшеліктері[111].

Сонымен қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Педагогикалық қабілеттер топталып, конструктивтік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық деп аталады:

  • қонструктивтік қабілеттер – педагогикалық үдерістерді алдын ала болжап, жобалап дұрыс құруын қамсыздандырады;

  • коммуникативтік қабілеттері – тәлім-тәрбие үдерістегі тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасты қамсыздандырады;

  • ұйымдастырушылық қабілеттері – оқушылардың оқулық және басқа, сыныптан тыс іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруды қамсыздандырады және педагогикалық үдерістегі олардың өзара әрекеттестіктерін ұйымдастырады.

Қабілеттер ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компонентінің құрамына кіреді.

Өткен ғасырдың ортасында Б.Т.Ананьев, А.Г.Асмолов Л.И.Рувинский, В.А Кан-Калик, Д.М. Гришин, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, С.Н.Карпова, М.Ә.Құдайқұлов, Н.Елікбаев Г.К.Нұрғалиева және басқа зерттеушілердің еңбектерінде қабілет проблемасын ғылыми тұрғыда түсіндіру мәселесі бойынша аса маңызды істер орындалды. Бұл ғалымдар қабілет мәселесін ең алдымен тұлғаның іс-әрекеті мен тығыз байланысты қарастыру қажет деп санады. Себебі адам субъект есебінде өзін іс-әрекеттері арқылы көрсете алады, қабілет деп аталатын оның психикасының ерекшеліктері іс-әрекеттер барысында дамып, интеллекті жоғарылайды. Қабілеттің дамуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Ұстаздың қабілеті жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ұйымдастырғыштық болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам - тіршілік иесі, сондықтан ол табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл болып, бұл күштер әлеует мен қабілет түрінде өмір сүреді. Осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында әлеует туралы айтқанымыз жөн. Әлеует - адамға тумыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгі. Әлеует - қабілеттің ойдағыдай дамуына себептер шарттарының бірі. Қабілетті дамытатын ең негізгі, басты факторы – еңбек. Адам неғұрлым еңбексүйгіш болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамиды. Қабілет те, әлеует да іс-әрекет кезінде байқалады. Әлеует – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа бітетін жүйке жүйе қызметінің ерекшелігі. Қабілет – бағдарлы іс-әрекеттер барысында дамиды, соған сәйкес адамның интеллекті жетіледі.

Белгілі ғалымдар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев анықтамасы бойынша, «интеллектілік – жоғарғы сезімдердің бірі. Мұндай сезімнің түрлеріне таңсықтану, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңаны сезу, болжау, т.б. жатады. Бұл айтылғандар білім алу барысында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады», – делінген[15]. «Адамның көңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, – білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байќайды»[112]. Интеллектілік сезімдер адамның сана-сезімінен мықтап орын тепсе, оның шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда адам асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

Психологтар интеллект ұғымын бірнеше бағытта зерттегені белгілі: жалпы ақыл-ой қабілеттерінің психофизиологиялық нышаны ретінде, интеллектуалдық іс-әрекеттің эмоционалдық және мотивациялық реттеушісі ретінде[113], когнитивтік стиль[114], «ойша іс-әрекет жасау қабілеттері»[115] ретінде В. А. Якуниннің пікірі бойынша - интеллект педагогикалық қызметтің табыстылығын анықтайтын ең маңызды фактор[116]. Қазіргі психологтардың пайымдауынша, интеллекттің үш түрі бар: 1) жалпы интеллект – кез келген іс-әрекеттің табыстылығын қамтитын, 2) кәсіптік интеллект – белгілі бір кәсіп бойынша іс-әрекеттің табыстылығын қамтитын, 3) әлеуметтік интеллект – тұлғааралық қатынаста көрініс табатын.

Қорыта келгенде, педагогтың деонтологиялық даярлығы жоғары деңгейде болуы оның интеллекті тұтас дамыған күнде ғана мүмкін. Яғни, тек қана ақыл жеке түрде жоғары деңгейлі деонтологиялық даярлықты, не педагогикалық шеберлікті қамсыздандыра алмайды. Теориялық ойлау қабілеті артық бола тұра, кейбір мұғалімдер практикалық тұрғыдан педагогикалық мәселелер шешуге шорқақ болатыны белгілі. Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңінен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Ақыл – ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ақылы бар кісіге «иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен» деген Абай[41]. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білімі бардың бәрі бірдей ақылды бола бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдаланып, қорыта білумен байланысты. Ақылдың бір көрінісі – парасаттылық. Парасаттылық – педагогикалық деонтологияның маңызды нышанының бірі. «Ақыл - парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш…» деп ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқан[30].

Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым. Әдетте, бұл сөз тілімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасап: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Соған байланысты терминалогиямызда парасат сөзі орыстың «разум» атауының орнына алынып жүргенімен, олардың мағыналары барлық уақытта бірдей, бір-біріне сәйкес келе бермейді. Парасат сөзі жастардан гөрі, көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, ересек жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылады. Сөйтіп, ол жеке тұлғаның интеллектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г. Мабли (1709-1785): «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішінде ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат» – дейді.

Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінәратсыздық, салиқалылық пен мейірімділік, ізгілік пен кең пейіл тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа артықшылықтарына қарамастан, ұшқалақ, күйгелек, шалкес мінезді адамдарды парасатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның кемелдігінің толысқан белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет, инабаттылығының, кең бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді деп түйіндейміз.



Сан құбылып, кейде алай-түлей, бұрқ-сарқ қайнап жататын тіршілікте адамның парасат биігінде қалуы үшін, ақыл мен мінезге қоса, үлкен ерік-жігер керек. Сонда ғана адам қанды бұзатын, әдеп, ізет шеңберінен шығаратын ашу-ыза, артық сөз бен әрекетке билік бермей, салтанатты, салиқалы қалпын сақтай алады[21]. Әрине, мұндай қасиет ұстазға ауадай қажет. Педагогикалық оптимизм, толеранттық, креативтілік, тағы басқа жоғарыда ескертілген қасиеттерге парасаттылық негіз болады. Осының барлығы ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненттеріне жатады.

Ой топшылай келгенде, жалпы қабілеттер педагогикалық қабілеттерде сәулеленіп көрініс тауып, олардың дамуына негіз болады.

Ұстаз тұлғасының деонтологиялық даярлығының ақпараттық-теориялық және іс-әрекеттік компоненттерін қалыптастыруы, педагогикалық деонтология талаптарына сәйкестенуді қажетсінуін анықтайтын кәсіби-құнды бағдарының даму деңгейінің туындысы болып табылады.



Деонтологиялық даярлықтың ақпараттық-теориялық компонентіне жан-жақты білімділігі жатады. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мұғалімнен жалпы мәдениеттік, арнайы, психолого-педагогикалық білімдерден сауатты болуды талап етеді.

Ұлы Әл-Фарабидің айтуынша, «білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым… білім жолына түскен жан деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек»[117] дейді ол. Білім – ақыл ісі, ғылымды көбейтудің құралы, өнер қажеті. Ақыл – дүниедегі пайдалы мен залалды біле тұғын, сөзін ұғатұғын қасиет. Әр нәрсенің өлшеуін білу – үлкен іс, құнды бағдар, ескерулі өнеге». Ойшылардың осыған орай пікірлері үндес «Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз білім» (Ф. Бэкон), «Білім - мақсат емес, қару» (Л. Толстой), «Тек білімді ғана жарықтың түнекті қуаты секілді, надандықты құртады» (Ежелгі үнді нақылы), «Білім мен даналық - адам көркі» (Ә. Науаи). Білім – көрген-естігеннің мән-жайын білу, танымақ нәрсенің бағытын түсіну, әрекетті жүзеге асырудың тәсілдерін табу, әрі тарату. Білім – құбылысты тану, адамның өзін тану, адамды тіршілікпен таныстыратын тәсілдерге және оларды меңгеруге үйрету. «Адамды ойлай білуге үйрету, Т.Эдисон айтпақшы, өркениеттің аса маңызды міндеті». Бұл – ақылдының үлкен арманы мен ардағы. Тек ол үшін Абайдың айтуынша, «білгенге жол бос, болсайшы қол бос, талаптың дәмін татуға» [107] дерлік жағдай мен талап болса демекпіз.

Ұстаз тәлім-тәрбие үдерісін сауатты атқару үшін, жоғары және арнайы педагогикалық біліктілік міндеттерінде белгіленген талаптарға сай білім мен төмендегідей білім берудің психологиялық, педагогикалық, деонтологиялық, этикалық негіздерін білуі қажет:


  • оқыту үдерісінің мәнін, оның заңдылықтары мен ұстанымдарын;

  • оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің құрылымы мен ерекшеліктерін, оларды ұтымды ұйымдастырудың әдістерін;

  • білімді қабылдаудың психологиялық негіздерін;

  • оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мән-мағынасын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін;

  • өзінің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесін талдау-таразылау әдістерін;

  • сабақта психологиялық комфортты жасауға қажетті қарым-қатынас құрудың психолого-педагогикалық негіздерін;

  • тәрбие теориясының негіздерін; т.б.

Сонымен бірге ұстаздың жалпы эрудициясы жоғары деңгейде болуы, елде болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, олардың түсіндірмелерін, қажетті нормативті құжаттардың мазмұнын жете білуі, мәдениет, ғылым, техника салалары бойынша жан-жақты білім иегері болуы талап етіледі.

Ұстаздың кәсіптік білімінің ерекшелігі оның кешенділігінде, яғни педагогикалық шеберлік деңгейі педагогтың ғылым мен тәжірибенің сан алуан саласынан білім жинақтап өзінің тұлғалық дәулетіне айналдыруына және оларды кәсіптік іс-әрекетінің, өзіндік жетілуінің құралы ретінде қолдана білуіне байланысты.

Сонымен ұстаздың деонтологиялық даярлығының ақпараттық-теориялық компонентін арнайы ақылақтық, деонтологиялық, методологиялық, педагогикалық, психологиялық білімдері анықтайды.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығының іс-әрекеттік компонентіне педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы жетік игеріп, ұтымды игере білуі жатады.

Педагогикалық технология мен педагогикалық техниканы игеру деңгейі педагогикалық шеберлігіне тәуелді.

Педагогикалық технология термині 60-жылдардан бастап кең қолданылуда. В. Беспальконың айтуы бойынша, «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның құрамдас бөлігі ғана»[118].

Педагогикалық технологияның теориясы мен практикасының арасындаѓы дәнекерлігін өз еңбектерінде В. Монахов, К.Я. Вазина, Е.П. Ильин, А.С. Белкин, т.б. түсіндіреді. Онда кез келген ұстаздық іс-әрекеттің біртұтас төмендегідей технологиялық реті қарастырылған:


  1. педагогикалық жағдаяттың диагностикасын жасау (танып білу, талдау), мақсаттар қою;

  2. педагогикалық қарым-қатынасқа жәрдемдес болар мазмұн, әдіс-тәсілдер түрлерін таңдау;

  3. педагогикалық қарым-қатынасты, өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  4. кері қатынас жасау, іс-әрекеттің барысындағы нәтижелік бағалау, түзетулер жүргізу;

  5. қорытынды диагностика жасау, яғни талдап-таразылап педагогикалық өзара әрекеттестіктің қорытынды нәтижелерін бағалау;

  6. жаңа мақсат, міндеттер қою.

Сонымен, педагогикалық технологияға мұғалімнің гностикалық, болжау-жобалау, конструктивтік, ұйымдастырушылықтық, коммуникабельдік, рефлексивтік икемділіктер жүйесі кіреді. Ұстаздың меңгеруіне міндетті психологиялық, педагогикалық икемділіктердің толық тізімі жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын талаптарда «біліктілік мінездеме» ретінде қолданылады.

Педагогикалық үдерісті сауатты атқару икемділігі мұғалімнің педагогикалық техниканы игеру деңгейіне де байланысты. Педагогикалық техника ұғымын жан-жақты зерттеу барысында (Л.И.Рувинский, А.Кан-Калик, А.В.Мудрик ж.б.) «өзін-өзі басқарудың және оқушылармен педагогикалық мақсатқа лайық қарым-қатынасты ұйымдастыруға бағытталған ықпалды жасаудыњ әдістері мен амалдары» деген анықтама қалыптасты. Педагогикалық техника тек қызметтік рөл атқарады, сондықтан ол оқушылармен қарым-қатынасқа бейімделмейінше, терең кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер мен икемділіктер болмайынша пайдаѓа аспайды.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығының компоненттері оның педагогикалық қызметіндегі дербестік іс-әрекет стилінде көрініс табады. Әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің дербестік іс-әрекет стилін анықтау – оның деонтологиялық әлеуетінің, кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңызды шарты болып саналады. Дербестік іс-әрекет стилі ұғымына адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес табысты еңбекті қамсыздандыратын міндеттер, әдіс-тәсілдер, тактикалар жүйесі жатады. Мысалы, екі педагог бірдей жағдайда нақты бір әдісті қолданғанымен, нәтиже түрліше болады. Мұның өзі мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас стиліне байланысты. Қарым-қатынас стилі дегенді педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері, деп түсіндіріледі.

Ұстаздың жеке тұлғалық сипаты табиғатынан әртүрлі болуына байланысты оның іс-әрекетінде дербестік стиль байқалады, мысалы:



  • жүйке жүйесі жігерлі, жоғары ынталы ұстаздар айтарлықтай табысқа шешімдерінің шапшаңдығымен, экспромттылығымен, дербестігімен жетеді;

  • жүйке жүйесі жігерлі, бірақ ынтасы төмен, аса салмақты ұстаздар табысқа жету үшін өз шешімдерін тағайынды дайындықпен, асықпай, едәуір ойлана, ұстамдылықпен атқарады;

  • табиғатынан жүйке жүйесі әлсіз типті ұстаздар табысқа ерекше сезімталдығымен, тапқырлығымен, оқушылардың ішкі дүниесін түсіне білуімен жетеді.

А. К. Маркованың түсіндірмесі бойынша, ұстаздың іс-әрекет стилі педагогикалық қызметке қойылатын талаптарға оның мүмкіндіктерінің сәйкес келуіне байланысты ерекшеленеді. А. К. Маркова мен А. Я. Никонованың айқындаған оқыту іс-әрекетінің стилдерінің топтамасын келтіре кетейік: эмоционалды-импровизациялық, эмоционалды-әдістемелікті, парасатты-импровизациялық және парасатты-әдістемелікті. Бірінші мен төртінші өзара қарама-қарсы стильдер[119].

Эмоционалды-импровизациялық стильге ие ұстаздардың іс-әрекетін жоғары деңгейдегі шапшаңдық, оқытудың көп әдістерін қолдана білуі, оқушылардың шығармашылықты, белсенді әрекеттеріне дем бере алуы сипаттайды. Мұндай ұстаз қайталау, пысықтау, білімді бақылау әрекеттерін «ұсақ-түйек» санап, мән бермейді, көбіне сабақта қызықты материалмен (жадыхат) шұғылданып, өзгесін оқушылардың өздеріне іздестіруді ұсынады. Ол өз іс-әрекетіне рефлексия жасауға, нәтиже шығаруға көп көңіл бөлмейді.

Парасатты-әдістемелікті стильде жұмыс істейтін ұстаз оқытудың нәтижесіне бағдарланады, ол педагогикалық үдерісті анық жоспарлап, басқарып отырады. Қайталауға, пысықтауға, оқушылардың білім, дағды, икемділіктерін бақылауға көп көңіл бөледі. Жұмыс темпі баяу, оқыту әдістерінің спектрі шамалы, рефлексиялық қабілеті дамып жетілген болады.

Эмоционалды-әдістемелікті және парасатты-импровизациялық стильдер жоғарыда жазған екеуінің орта аралығында болады.

Деонтологиялық даярлығын асыру үшін ұстаз өзінің жүйке жүйесінің ерекшелігін біліп соған сәйкес дербес қарым-қатынас стилін қалыптастырғаны жөн. Сонымен қатар өзін-өзі жан-жақты танып-біліп, табысты қызметке сәйкес жетілдіруі қажет. Ұстаздың дербес стилін білу мектеп әкімшілігіне де пайдалы. Табиғатына сәйкестенбейтін іс-әрекет стилін мұғалімге зорлап міндеттеу ойлаған нәтижеге жеткізбейді.

Сонымен, ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру идеясы педагогтың:



  • жеке тұлғалық қасиеттеріне (Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, В.П. Битуев, Ю.Н. Кулюткин, В.И. Писаренко, Н.В. Кузьмина, К.Оразбекова, т.б.);

  • іс-әрекеттік сипатына (Платонов К.К., Щербаков А. И., Маслоу А., Кротов В.М., Добрович А.Б. Фридман Л.М, Леонтьев А.М. т.б.);

  • кәсібилігіне (Занков Л.В., Сластенин В. А., Хмель Н.Д., Калюжный А.А., Ш.Абдраман т.б.);

  • адами мінездемесіне (Сухомлинский В.А., Азаров Ю.П., Блага К., Шебек М.Я., Бейсенбаева А.А., Төлеубекова Р.К., т.б.) әсер етуге сүйенеді.

Қызметінің ерекшелігіне сәйкес ұстаз тұлғасының деонтологиялық сипаттамасын оның деонтологиялық даярлығының компоненттері арқылы ашу, педагогтың этико-деонтологиялық сипатына сәйкес қасиеттердің, әсіресе, пайдалы дегендерінің тањдалуы, ±стаздыњ деонтологиялық даярлығын қалыптастыру м‰мкін екендігін кµрсетеді.

Адамзат ұстазға арналған өте көп педагогикалық "кеңестердi", "рецептердi" сақтаған. Соның ішінде, ең маңызды кеңес – мұғалімнiң қоғамдағы өз орнын анықтай білу қажеттілігі.

Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сыртқы бейнесі арқылы да, өзінің ұстаздық ісі, адамгершілігі арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас орнатуы арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болуы керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады. Мұғалім бойында мұның бәрін болдыруға жетелейтін құдіретті күш – парыздылық сана-сезімі, деонтологиялық әлеуеті.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Сұрақтар


  1. «Құрылым» ұғымының анықтамасы қандай? Құрылымның үлгіден айырмашылығы неде?

  2. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үшін қандай қажеттіліктер негізгі болып саналады?

  3. Болашақ ұстаздың қарым-қатынасында қажеттіліктер қалай көрінеді?

  4. Кәсіби қызмет саласында жоғары нәтижелерге жету үшін қажеттіліктердің ролі қандай?

  5. Болашақ ұстазда қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруы қандай уәжбен іске асады? Оларды сипаттаңыз.

  6. Кәсіби қызмет саласында жоғары нәтижелерге жету қажеттілігін қанағаттандыру қандай уәжбен іске асады? Оларға сипаттама беріңіздер.

  7. Педагогикалық қызметте көмекші уәждер қандай? Оларды сипаттаңыз.

  8. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстазда қандай қызығушылықтар басым болу керек? Оларды сипаттаңыз.

  9. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымында эмоциональды-жігерлі компонентін сипаттаңыз.

  10. Мазмұнды-операциялық компоненттің құрамына кіретін әрбір құзыреттерді сипаттаңыз.

Тапсырмалар
1 Келесі тақырыптар бойынша реферат жазыңыздар:

  • «Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы қажеттіліктер және уәждер»;

  • «Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы педагогикалық құндылықтар»;

  • «Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы сезімталдық»;

  • «Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы негізгі компетенция түрлері».

2 Параграф мәтінінде негізгі ұғымдарды анықтап, белгілі ретпен орналастырыңыздар.


3 Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаздың үлгісін сипаттаңыз.
4 Осы тақырыпқа компьютерлік презентация жасаңыз.
5 «Білім беру саласындағы деонтолог» мамандығына презентация дайындаңдар және өткізіңдер. Осы мамандықтың мақсаты және міндеті, оның тарихи кезеңдері, қызмет ету әдістері, бұл мамандықтың қажеттілігі туралы айтып беріңіздер. Педагогикалық қызметті іске асыру үшін білім жүйесін, қабілеттіліктерді және дағдыларды баяндаңыздар.
6 Осы параграфтың мазмұнын жоғалтпай, мәтінді қысқаша баяндаңыз.
7 Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаздың жұмысынан мысалдар келтіріңіздер. Олардың деонтологиялық даярлығы бар деп санаудың себептерін ашыңыз.
8 Томас Гордоның айтуы бойынша, ұстаздың «мінсіз тұлғасына» байланысты сегіз миф бар. Әрқайсысына өз бағаларыңды беріңдер.

  1. .1 Жақсы ұстаз сабырлы, асықпайды, бір қалыпты болады. Әрқашан шыдамды және жағымсыз эмоцияларды ешқашан көрсетпейді.

  2. .2 Жақсы ұстаздың бөтен ойы жоқ. Ол үшін балалардың бәрі бірдей – қаралар да ақтар да, білімді де білімсіз де, қыздар да ұлдар да.

  3. .3 Жақсы ұстаз оқушылардан жағымсыз эмоцияларын жасыра алады.

  4. .4 Жақсы ұстаз сыныпта тұрақты тәртіпті және сабырлықты сақтауды қамтамасыз ете алады.

  5. .5 Жақсы ұстаз әрқашан да жақсы. Ол ешқашан ештеңені ұмытпайды, оқушыларға біресе жақсы, біресе жаман болып көрінбейді. Қателіктер жасамайды.

  6. .6 Жақсы ұстаз балаларды «жақсы көретіндер», не «жаман көретіндер» деп бөлмейді.

  7. .7 Жақсы ұстаз кез келген сұрақтарға жауап бере алады.

  8. .8 Жақсы ұстаздар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бірлікке болады.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалай түсінесіз? Барлық уақытта сондай болу мүмкін бе? «Жақсы» ұстаздың бейнесі адамнан көрі періштеге ұқсап кеткен жоқ па?
9 Оқушының тағдыры көбінесе ұстаздың жеке тұлғалық сапасына, кәсіби шеберлігіне байланысты. Ұстаз өмір бойы өзінің идеалы ретінде еске алатын жақсы оқушыларды тәрбиелей алады, сонымен қатар өзінің оқушыларының тағдырын, ойын және қабілетін де бұза алады. Ресей халық суретшісі және мұғалім А.А. Мыльников айтқан: «Ұстаздық мамандығы қатыгез. Өмір бойы ұстаз болуы мүмкін, бірақ нағыз Ұстаз бола алмауы да мүмкін. Тек қана оқушы педагогты «Ұстазым», деп атай алады. Сіз туралы жаман айтпағаны мәнді емес, жақсы айтпағаны қорқынышты». Осы ойды қалай түсінесіндер?
10 Мына сұрақтар бойынша пікірталас өткізіңдер:

  • «Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстаз», «тәжірибесі мол ұстаз» және «шебер-ұстаз» - бұл түсініктерді синоним ретінде қарастыруға бола ма, әлде айырмашылығы бар ма?

  • Ұстаздың деонтологиялық даярлығы қалыптасу мүмкін бе, егер өзінің мектептен көңілі қалған болса?

  • Ұстаздардың деонтологиялық даярлығын жоғалту мүмкін бе?



2.3 Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру түсінігіне негіз болатын ойшылдардың ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы Әл-Фараби болды. Әл-Фараби «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Мұнда Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. 1 Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан арнайы тәрбиеге тәуелді. Сонымен Әл-Фарабидің бұдан мың жылдан бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ дей отыра, біз оларға ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі негізделеді демекпіз.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай білім алу парыздылық сана сезім, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып табылатын парыздылық месел (уәж) мен кәсіптік мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен, болашақ ұстаздың мінез-құлқындағы кәсіптік деонтологияға деген тұрақты көзқарасымен; өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады.

С.И.Ожеговтың «Толковый словарь русского языка» кітабында «қалыптастыру» термині «белгілі бір түрге келтіру, аяқтау» деген мағынаны береді. [87]. Ш.Т.Таубаеваның айтуындай бұл түсінік тар мағынада (даму үдерісі мен нәтижесі), белгілі шекке дейінгі кең мағынада (қалыптасу үдерісі) пайдалануына қарамастан, педагогикада әлі де болса қалыптаспаған педагогикалық категория [88].

Осыған орай, педагогикалық мамандықтағы студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оған болашақ кәсіби қызметіне сәйкес парызының мазмұнын игертіп, түсіндіре отырып, санасын тәрбиелеу. Яғни, осы парызға сәйкес студенттің болашақ қызметі аясында міндеттерін орындауы оның ішкі сарынының, сезімдерінің, сенімдерінің, ойларының негізінде жүреді.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығына кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға қажетті білім, біліктілік деңгейі, санасының дайын болу күйі жатады. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан жағдайда мұғалім өз мінез-құлқын, әрекеттерін парыздылық сезімге бағындыра алады. Ұстаздың деонтологиялық даярлығын жүзеге асыру үшін оның жеке тұлғалық мінез-құлқына, сана-сезіміне сәйкесті әсер ететін арнайы деонтологиялық дайындық қажет.

Ұстаздың деонтологиялық дайындығына - деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамту, санасын жетілдіру, тәрбиелеу әрекеттері жатады.



Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құрылымы философияның сана, сана-сезім туралы қағидаларына сүйене анықталады.

Осыдан, ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың мақсаты: егемендігіне ие болып еңсесін көтеріп жатқан халықтың денсаулығын сақтауына әрдайым күресте болатын, өзінің кәсіптік парызына тұла бойы берік, еліміздің игілігіне ауқымды үлес қосатын ұл-қызын тәрбиелеп, өсіретін ұстаз тұлғасын дайындау. Оның бойына ұстаздық қызметтің гуманистік сипатына сәйкес адамгершілікті-психологиялық қасиеттер дарыту, ғылыми-тәжірибелік ізденіске жалықпайтын, қажымай-талмай өзінің жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін жетілдіруге бейімделген, кәсіптік санасын, сана сезімін қалыптастыру.

Педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалы қызметте айқындалатын эмоционалдық процестерге де әсер етеді. Бұл әсерлер барлық бағыттарда жүреді. Ең әуелі, бірыңғай мақсат пен моральдық сананың барлық элементтерінің тұтастығын қалыптастырады. Сонымен қатар педагогтың моральдық санасын қалыптастыру үдерісінде рационалды білім мазмұны мен адамгершілік көңіл-күй ескеріледі. Бұл күрделі үдеріске сәйкесті тәлім-тәрбие беру саласындағы күнделікті қарым-қатынас кіреді. Осының салдарынан:


  • педагог тұлғасы санасының сана асты деңгейі қалыптасады;

  • мұғалімнің өзіндік адамгершілік санасы қоғамдағы әртүрлі қолданыс тапқан нормалар мен ұстанымдарды рационалды түрде игереді;

  • ізгілік пен зұлымдық, әділеттік пен әділетсіздік, парыз, ар туралы білуі болашақ ұстаздың санасы мен мінез-құлықтарын деонтологиялық талаптарға сәйкестендіреді;

  • тұлғаның жан-жақты дамуының нәтижесінде олардың білімдері сенімге айналады.

Бұл үдеріс - адамгершілік талаптарының және олардың өзіндік мәнін түйсіну қажеттілігін әрі қарай саралайтын құбылыс. Басқаша айтқанда, сендіру дегеніміз – білім мен сезімнің қорытпасы. Сондықтан ұстаздың сене және сендіре білуі оның мінез-құлқының тұрақты қасиеті болуы қажет. Педагогтың ішкі сенімінен, жүрек әмірінен туындайтын парыздылық санасы, сана-сезімі, яғни деонтологиялық әлеуеті оған баламен ұтымды қарым-қатынас жасауына, оның көңіл-күйін түсініп, бар күшін соның тұлғалық дамуына жұмылдыруына көмектеседі.

Адам тіршілігінің салмақты құндылығының бірі – сана. Сананы тудыратын объективтік шындық. Сана – түйсік мүшелері арқылы объективтік шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Ол үшін адам көп нәрседен хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда адамның санасы сыртқы дүниенің бейнелеуінің нәтижесі. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Білім практикалық қызмет үшін аса қажетті. Материалдық, практикалық қызмет - адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуының, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ. Объективтік дүниетаным санаға түрткі болады. Сана - объективтік дүниенің адам миында пайда болған субъективтік бейнесі, ол белгілі бір дәрежеге жеткенде өзіндік санаға, яғни сана-сезімге айналады. Сана-сезімге адамның өзі жайлы ойлай алатын өзін-өзі сезе білетін, өзін-өзі танитын, өзіне-өзі баға беретін, өзінің ісін өзі елекке салатын, өзін басқамен салыстыра білетін, өзін-өзі реттей білетін қабілеттер кіреді.

Ұстаз санасы болып жатқан құбылыстың мәнін объективті бейнелеу үшін оны бағалай білу керек, содан кейін жағдаятқа сәйкес эмоция тудыру арқылы жоғары сапалы сезіне алады. Сонда ғана деонтологиялық әлеуеті негізінде ұстазда сәйкесті жүріс-тұрыс мәдениеті пайда болады. Яғни кез келген жағдаятқа адамгершілікті реакция тудыра білуі, моральды интуициясының қалыптасқанының нәтижесі. Осыдан қызмет аясында қоғамдық моральдың нормалары мен ұстанымдарын білуі ұстазға өзіндік мәні бар маңызды қағида болып табылады.

Қорыта келе, ұстаздың деонтологиялық даярлығына сәйкес санасының қалыптасуы төмендегідей бөліктерден тұрады:



  1. Қоғамдық қызмет аясында, іс-әрекет, қарым-қатынас сферасында шынайы тәжірибені сезіну;

  2. Деонтологиялық нормалар ұстанымдар мен ережелер туралы рационалды біліммен санаға әсер ету, жекелік сана-сезім қалыптастыру;

  3. Білімдерді деонтологиялық нанымға айналдыру.

Мұнда басшылыққа алатын ой-түйін: наным - білімдер мен сезімдердің қорытпасы, сондықтан деонтологиялық наным жүріс-тұрыс уәжіне айналады.

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оның санасына әсер етуді, сана-сезімге дейін жетілдіруді, кәсібіне сәйкес парыздылық сана-сезімін тудыруды көздейді. Мұнда сананың қамтитын екі аймағы да ескеріледі: рационалды және эмоционалды.

Сана объективтік шындықты жалпыға белгілі түсініктер мен категорияларды ұғынумен объективті өмірді, объективті дүниені тікелей тануы арқылы адамның біліміне, мінезіне, ойлау қабілеттеріне, күнделікті өмір жағдайына, тәрбиесіне сәйкес қалыптасады. Осыған орай, болашақ ұстаздың санасына деонтологиялық тұрғыдан әсер етудің төмендегідей жолдары айқындалды.

Онда студенттің:



  • білімділігін асыру үшін, болашақ педагогтың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға қажетті «Педагогикалық этика», «Педагогикалық деонтология негіздері», «Қолданбалы педагогика», «Сабақта психологиялық комфортты жағдай жасау әдістері» атты арнайы курстар оқыту. Соған қоса, барлық пәндерді оқытуда, әсіресе, мамандыққа бейімдейтін арнайы пәндерді оқыту барысында деонтологиялық ұстанымдарды ескеру мүмкінділігін қолдану;

  • мінезінің педагогикалық деонтология ұстанымдарына сәйкес қалыптасуын ескере отырып, педагогикалық оқу орнына талапкерлердің құжаттарын қабылдау алдында олардың психикаларының қасиеттерінің, мінез-құлқы ерекшеліктерінің таңдаған кәсібіне сәйкестігін анықтау және оқыту барысында студенттердің кәсіптік мінезінде деонтологиялық нышандары ұялату үшін жоспарлы жұмыс жүйесін атқару;

  • ойлау қабілеттеріне деонтологиялық даярлықты қалыптастыру процесіне сәйкес әсер ету үшін студенттердің ғылыми-зерттеу, өзіндік ғылыми жұмыстарын педагогикалық деонтологияға қатысты тақырыптарға бағыттау, оқу орнының талаптар жүйесінің мәнін көтеру мүмкінділігін ашу, жас педагогтарды мемлекеттің, халықтың алдында ант беруге даярлау;

  • күнделікті өмір жағдайын деонтологиялық дайындыққа сәйкестендіру үшін университеттің зертханаларында, кафедраларында үлгілі деонтологиялық ахуал жасап, профессор-оқытушы студенттер арасында қарым-қатынасты, студенттердің өзара қарым-қатынастарын оқу орнының қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастарын педагогикалық деонтология талаптарына негіздеу;

  • арнайы тәрбиесіне деонтологиялық тұрғыдан оңтайлы әсер ету үшін педпрактиканы педагогикалық деонтология ұстанымдарына сүйене атқаруды қадағалау, оқу-тәрбиелік іс-шараларды, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды педагогикалық деонтологияға негіздеу, университетте ұстаздық парыздылық тақырыбында пiкiрталастар, семинарлар, кездесулер, ашық (жария) дәрiстер өткiзу, т.с.с. кәсіби-әдептілік, кәсіби-парыздылық тәрбиенің мүмкіндіктерін тудыратын іс-шаралар жүйесін жасау қажет.

Студенттік кезінде жас адамда бірте-бірте өз бетімен іс тындыру, дұрыс әрекет ету қабілеті пайда болады, сонымен бірге онда өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімі де, өмірге деген парасатты көзқарасы да қалыптасады, адамдармен мәнді де баянды қатынас орнатуға, кәсіби міндеттерін бар ынтасымен және шығармашылықпен шешуге ұмтылысы байқалады. Сондықтан да жоғары оқу орындары беретін деонтологиялық тәрбиенің рөлі орасан зор.

Осыған қоса болашақ мұғалiмнiң парыздылық сезiмiн дамыту үшiн, мiнсiз жұмыс ұстанымдарын iске қосуға көмектесетін кейбiр iс-шараларды келтiре кетуге болады.



Ең бастысы, студенттің өз міндеттерін біліп, оларды мүлтіксіз орындауын талап ету. Бұл міндеттер талай педагогикалық әдебиеттерде (Р.В. Овчарова, Е.И. Рогов, Н.Н. Никитина, О.М. Железнякова, М.А. Петухов, К.М. Левитан, Л.И. Рувинский т.б.) талқыланып, қарастырылған. Соларды жүйелей келе және студенттің деонтологиялық жетілу қажеттілігін ескере отырып, төмендегідей педагог-студенттің міндеттерін айқындадық:

  • педагогикалық мамандықтың ерекшелігін түсіне біліп, соған сәйкес қасиеттерді жеке тұлға ретінде бойында тәрбиелеуге үйрену;

  • педагогикалық этиканың, деонтологияның ұстанымдарын танып-біліп, үнемі сақтау;

  • таңдаған мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдысын ұдайы және терең меңгеру;

  • өзінің идеялық-саяси, ғылыми және мәдени деңгейін арттыру;

  • көпшілік-саяси және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру;

  • сабақтарға міндетті түрде қатысу және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көрсетілген оқу тапсырмаларының барлық түрін мерзімінде орындау;

  • қоғамдық-пайдалы енбекке белсене қатысу;

  • жоғары оқу орындарында еңбек тәртібін, студенттер жатақханасында ішкі ережелерді орындау.

Құқылары мен міндеттерін саналы түрде жүзеге асыру – болашақ мұғалімдердің азаматтық және кәсіптік мамандығы бойынша қалыптасуының жақсы мектебі.

Гиппократтың өсиеттерiнде, көне деонтологиялық кодекстерінде дәрiгердiң жүрiс-тұрыс мәдениетiне, оның өзiн-өзi ұстай бiлуiне көп көңiл бөлiнген: дәрiгер денi сау, ұқыпты, таза, жарасымды киiнген, артық көпiрме сөзсiз, сыпайы мәнерлi, ұшқыр ойлы, т.с.с. iзгi қасиеттi болуы қажет. Бала жаны, науқас адам жанындай әлсiз, нәзiк, елiктегiш, жұқтырғыш келедi. Сондықтан педагог өзі өмiр сүріп, еңбек еткен ортаға ықпал етуі дәрiгердiң әсерiнен кем емес.

Осыған орай дәрiгерлердiң Гиппократ анты сияқты ұстаздардыңда жатқа бiлiп, ант ретiнде табынатын мемлекеттiң, халықтың алдында беретiн серттерi болу керек деп ойлаймыз. Әрине, оның мазмұнын көп болып ойланған дұрыс шығар, бірақ мағынасы төмендегідей біз ұсынған мәселелер төңірегінде болары даусыз.

Жас педагогтардың мемлекеттің, халықтың алдында беретін антының жобасы:



  1. Өз мамандығын сүйетiн және ол жер бетiндегi барлық мамандықтардан артық, қасиеттi екенiн түсiнетiн тұлға болуға;

  2. Таңдаған мамандығыма берік болып, оның игілігіне сарқыла берілуге;

  3. Өзгелердің балаға мейірімді қатынастары үшін әрдайым күресуге, баланы түсіне білуге, оның «өзімділігін» сыйлауға қажымай, талмай үйренуге;

  4. Жаңашыл адам үлгісі болуға;

  5. Жоғары адамгершілікті, құлықты, білімді, өз ісіне сенетін, бақытты адам болуға;

  6. Терең және адамгершiлiктi бiлiмнiң жаршысы болуға;

  7. Өз бiлiмiн, білгірлігін жүйелi түрде жаңартып, толықтырып отыруға;

  8. Оқушы үмітін ақтайтын тірегі, ересек досы болуға;

  9. Ұстамды, шыншыл, қатал, бiрақ әдiл, кең пейiлдi болуға;

  10. Балалар психологиясын жетiк бiлiп, жанына, тәнiне зиян келтiрмей оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына жәрдемдесуге;

  11. Оқушылар алдында жоғары абыройлы, беделдi болуға тырысуға;

  12. Белсендi қоғамгер, бiлiм таратушы болуға;

  13. Отаншыл, өз елiнiң нағыз азаматы, ұлтжанды болуға;

  14. Саяси және адамгершiлiк сенiмдердiң белсендi жаршысы болуға ант етеміз.

Ұстаздық тәлім тәрбие беретін оқу орнында профессорлық-оқытушы құрамы деонтологиялық оқытулармен қатар, психологиялық комфорт атмосферасын сақтай отырып, педагогикалық деонтология ұстанымдары мен ережелерін әрбір студенттің жеке нанымына айналдырған уақытта, олар бұл ұстанымдарды сақтау ең негізгі және қажетті екенін түсінген жағдайда ғана осы антты саналы түрде бере алады.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері болатын, болашақ мұғалімнің кәсіптік сапасын арттыруға арналған талай ғылыми ізденістер баршылық. Атап айтсақ:



  • болашақ мұғалімнің білімділігі мен қабілет-қасиеттерін шыңдау (Кузьмина Н.В., Усова А.В., Құдайқұлов М.Ә., Хмель Н.Д., Грехнев В.С., Каргин С.Т., Шадриков В.Д., Успанов К.С., Сманова Г.Т., Зверева В.И. т.б.);

  • студенттерде кәсіби-техникалық бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық негізін қарастыру (Э.Ф.Зеер, Б.К.Момынбаев, Ш.Абдраман, Б.С.Безрукова, Т.В.Кудрявцева Казаков В.Г., Кондратьева Л.Л. т.б.);

  • болашақ мұғалімнің әлеуметтік бейімделу мәселелері (Мұқанова Б.И. Кенесарина З.У., Меңлибекова Г.Ж., Мудрик А.В., Василькова Ю.В., Василькова Т.А., Аминов Н.А., Морозова Н.А., Смятских А.Л., Ильин Г.Л., Лотон Д.т.б.);

  • қазақ халқының педагогикалық мәдениетін ұстаз тұлғасына ұялату мәселелері (Аймауытов Ж., Жұмабаев М., Жарықбаев Қ., Қалиев. С. ТәжібаевТ., Елікбаев Н., Ұзақбаева С.А., Наурызбаев Ж., Оршыбеков Ы. т.б.);

  • педагог-студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру (Әбiлқасымова А.Е., Джакупов С.М., Мажитова Л.Х., Зязин Б.П., Гапонова С.А. т.б.);

  • болашақ мұғалімнің кәсіптік дайындығының теориялық негіздері (Выготский Л.С. , Хофман Ф. , Асмолов А.Г., Хмель Н.Д. Шадриков В.Д., Тригубова Н.Н.т.б.) ;

  • болашақ мұғалімнің жалпы, этикалық, ізденушілік мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері (Хмель Н.Д., Куанышев Ш.Ш., Молдажанова А.А., Таубаева Ш.Т. т.б. );

  • болашақ мұғалімнің кәсіптік дайындығын адамгершілік тұрғыдан талдау (Сухомлинский В.А., Амонашвили Ш.А., Азаров Ю.П., Фридман Л.М., Бейсенбаева А.А.,Төлеубекова Р.К., КалюжныйА.В. Смелкова З.С., Брязгунов И.П. т.б. ) еңбектерінде қарастырылған.

Бұлардың бәрінде ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әртүрлі аспектілері акмеологиялық, аксиологиялық, мәдениетілік, гуманистік, біртұтастық т.с.с. әдіснамалық келістерге негізделген.

Акмеологиялық келістер әрбір студенттің шығармашылық қабілеттерін дамытуға барынша мол жағдайлар жасап, кәсіптілік шыңына жетуге ықпал етудің факторлары мен заңдылықтарына сүйенетін деонтологиялық тәрбиелеуді көздейді.

Аксиологиялық келістер болашақ ұстаздардың моральды санасы және мінез-құлқының сипаты ретінде құндылықты бағдарлығын зерттеп, қалыптастыруға негізделеді.

Мәдениеттілік келіс педагогикалық қызметтің қыр-сырын меңгеру үдерісінде студенттің жеке бас мәдениетінің қалыптасуын естен шығармау қағидаларын негіздейді.

Гуманистік келіс болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда жеке тұлғалық қабілет қасиеттерін адамгершілік нормаларына сәйкестендіріп, әлеуметтік идеология мен имандылықты қамтуға негізделеді.

Тұтастық келіс бойынша болашақ ұстаздарды оқыту, тәрбиелеу және дамытуды педагогикалық қызметінде іске асырудың біртұтастығын қамсыздандырады, педагогикалық үдерістің басқа да қатысушылармен қарым-қатынас жасауды, өз-өзін болашақ ұстаз ретінде сезінуді, кәсіби қызметте әртүрлі рөлдерде бола білуді деонтологиялық ұстанымдарға сәйкестендіріп, мұның бәрі біртұтастық жүйе ретінде ескереді.

Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру келесі ұстанымдарға негізделеді: қалыптастырудың әдістері мен мазмұнының ғылымилық ұстанымы, адамға әсер етудің жаңашылдық пен өзіншілдік ұстанымы, мөлшерлік ұстанымы, кәсіби қызмет тәжірибесін, ғылым жетістіктерін игерудің жүйелілік және бірізділік ұстанымы, студенттердің шығармашылық белсенділігі, саналылығы және дербестік ұстанымы. Оларға қысқаша сипаттама беріп көрелік.

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері мен мазмұнының ғылымилық ұстанымы студенттерді қазіргі заманғы ғылыми білімдермен қамсыздандырып, тәрбиелеу және оқытудың өзара сабақтастығын ашып, сонымен қатар, болашақ ұстазды педагогикалық деонтологияның алғышарттарымен, даму тарихымен, кәсібіне сәйкес парызының мазмұнымен және осы саладағы қазіргі заманғы жаңа идеялармен, белгілі ғалымдардың зерттеулерімен таныстыру болып табылады.

Әсер етудің жаңашылдық пен өзіншілдік ұстанымы студенттермен әрбір кездесуді ерекше есте қалдыруға мүмкіншілік жасайтын болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың құралдары мен амалдарын үздіксіз толықтырып, шеңберін кеңейту болып табылады.

Мөлшерлік ұстанымы кәсіби қызметті іске асыру және ұйымдастыру үдерісінде педагогикалық құралдар мен амалдарды, шараларды қолдануда әрбір әрекеттің шегін біліп, сақтау, мөлшерінен асырмау, эмоцияға артық жол бермеуге, т.с.с. шектеулерге негізделеді.

Кәсіби қызмет тәжірибесін, ғылым жетістіктерін игерудің жүйелілік және бірізділік ұстанымы бойынша жүргізілген жұмыстарға, студенттердің деонтологиялық дайындығын қалыптастыруға қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларға жүйелілік сипат беру, сонымен қатар болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінде бірізділік қағидасы ескеріледі.

Деонтологиялық даярлықты қалыптастыру үдерісінде студенттердің шығармашылық белсенділігі, саналылығы және өзіндік ерекшелігі кәсіби парызды саналы сезініп, алған білімдері мен іскерліктерін жағдаятқа ұтымды қолдануға негіз болады. Сонымен қатар, бұл ұстаным студенттерді оқу және өзіндік жұмыс әдістерімен қаруландыруға, ұстаздық кәсіпке сәйкес парыздылық сана-сезімді бойда болдырып сенімге, нанымға дейін жеткізіп, мінез-құлықтарын, қабілет қасиеттерін реттеуге студенттің өзіндік танымдық белсенділігінің ұйымдастыруға негізделеді.

Студенттердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінде жеткен жетістіктерінің беріктік ұстанымы саналы педагогикалық қызмет жүргізуге және ұйымдастыру кезінде қажетті білімнің, нанымның және қабілеттің, оқып үйрену материалын тұрақты есте сақталу нәтижесін көрсетеді.

Сонымен жоғарыда сипатталған ұстанымдар ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінде ақылменен ескерілсе, нәтиже ойдағыдай болары күмән тудырмайды.

Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру тетігінің теориялық негіздеріне сүйене, оны іске асырудың төмендегідей әдістерін сипаттауға тоқталамыз: түсіндірме-иллюстративті; репродуктивті; мәселелік оқыту; шағын ізденушілік және зерттеу; жеке тұлғаның санасын тәрбиелеу әдістері; студенттердің мінез-құлқын және қызметтік іс-әрекеттерін реттеу әдістері т.б.

Түсіндірме-иллюстративті әдістің негізгі мәні студенттердің білімді дайын күйде игеруін ұйымдастырудан тұрады, оқытушы ақпаратты ауызша (түсіндіру, әңгіме, дәріс) немесе басылым түрінде (кітап, оқулық, оқу-әдістемелік құрал) ұсынады, студент тыңдап, түсініп, жадыда сақтау әрекетін жасайды.

Репродуктивті әдісте оқытушы ұсынған үлгі бойынша (мәтінді қайта айтып беру, репродуктивті жаттығуларды орындау, типтік есептерді шығару) студенттер теориялық материалды, оқу әрекеттерін бірнеше мәрте қайталайды. Мұнда студенттердің іс-әрекеті алгоритмдік сипатта болады, яғни үлгі бойынша ұқсас жағдайларға сай, ережелерге, инструкцияларға сәйкес орындалады.

Түсіндірме-иллюстративті және репродуктивті әдістердің жағымды нәтижелеріне (қабылдау қабілетінің дамуы, есте сақтауды шыңдау т.с.с.) қарамастан болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға бұл әдістердің мүмкіншіліктері шектеулі, өйткені білім алушылардың шығармашылық белсенділігі мен инициативасының дамуына өте аз мөлшерде әсер етеді.

Мәселелік оқыту әдісі бойынша оқытушы студенттердің алдына белгілі бір мәселені қойып, оның шешу жолдарын, үлгісін ұсынады, өздерін соған жұмылдырып, бірге іздестіреді, сол арқылы студенттің ізденушілік қызметін ынталандыруына жол ашады. Мұндай оқыту студенттің ғылыми тұрғыда ой-өрісін кеңістігін кеңейтіп, қоршаған ортаны танып білуге бірден бір ұтымды құрал. Сонымен бірге студенттерді атқарушы әрекеттен шығармашылық, зерттеушілік әрекетке жетелейді, оларға қызметінде қолдана алатын, саналы түрде қабылданған, қолданыс аясы анықталған білімдер жүйесін игертеді. Бұл әдістің артықшылығы міне осында.

Шағын-ізденушілік әдісін қолданған кезде студент оқытушының көмегімен ғылыми зерттеудің жекеленген кезеңдеріне қатысады. Мұнда болашақ ұстаздардың ойлау қызметін өте жоғары деңгейге жеткізу көзделеді. Бұл әдістің нәтижесінде олар теориялық материалды түсініп, қолданыс аясын ашып, шығармашылыққа қолданады.

Зерттеушілік әдіс студенттерге жаңа мәселелерді шешуге бағытталған ізденушілікті, шығармашылықты талап ететін әрекетті сипаттайды. Оқытушы әрекеті студенттердің зерттеушілік қызметін сауатты, ұтымды басқарумен шектеледі. Бұл әдісті қолдану болашақ ұстазға қажетті деонтологиялық құзырлықтарды қалыптастыруға және сол ғылыми ізденістердің өрісін кеңейтіп, іргелі ғылыми немесе ғылыми-практикалық зерттеулерді бастауға жол ашады.

Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын сипаттайтын қарым-қатынастың рационалды аясына әсер ететін жоғарыда жазылған әдістерден басқа жеке тұлғаның санасын тәрбиелеу жұқтыру, еліктету, сендіру арқылы іске асады (дәріс, әңгіме, түсіндіру, этикалық әңгімелесу, тәрбиелік жағдайлар сараптамасы, диспут, өзара ағартушылық әдісі).

Дәріс – дәріскердің теориялық сипатты оқу материалын жүйелі, дәйекті, монологтық түрде баяндауы. Оқытуды ұйымдастыру формасы және оқыту әдісі ретінде дәріс жоғары мектеп үшін дәстүрлі болып табылады. Оның негізінде оқу жоспарының көптеген пәндері бойынша курстар қалыптастырылады.

Әрбір дәрістің жалпы құрылымы мынадай: тақырыпты хабарлау, жоспарымен және өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын әдебиетпен таныстыру, ал одан соң – хабарланған жоспар бойынша дәрісті баяндау.

Дәріске мынадай негізгі талаптар қойылады:

- хабарланатын ақпараттың ғылыми деңгейі жоғары болу керек, өйткені ол, әдетте, әдіснамалық, дүниетанымдық маңызға ие болады;

- дәріс мазмұнды болу керек: ол анық, тығыз жүйеленген және әдістемеленген үлкен көлемді қазіргі ғылыми ақпараттан тұру керек;

- дәрісте айтылатын ой-пікірлер дәлелді болуы тиіс;

- дәлелді фактілердің, мысалдардың, мәтіндер мен құжаттардың саны жетерлік болу қажет;

- дәріс тыңдаушылардың ойлау әрекетін белсендіруге бағытталады, сондықтан онда талқыланатын мәселелер бойынша сұрақтар қойылу керек;

- қойылған мәселелерді шешудің сан алуан түрлері, көзқарастар, ұстанымдар талдану керек;

- негізгі ой желілері, қағидалар түйінделу, қорытынды шығарылу керек;

- енгізіліп отырған терминдер мен атаулар түсіндірілуі қажет;


  • студенттерге ақпаратты тыңдауға, түсінуге және қысқаша жазуға мүмкіндік берілу керек;

  • дәрістің мәтіні бойынша сұлбалы ақпараттың, қысқаша конспектің компьютерлік баламасын алдын ала беріп қою;

- тыңдаушылар аудиториясымен психологиялық комфортты қарым-қатынас орната алу;

- мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен техникалық тәсілдер қолдану керек;

- мәтіннің негізгі материалдарын, конспекті, сұлбаларды, сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, басқа да графиктерді кеңінен пайдалану.

Жалпы теориялық курстың және әрбір жеке дәрістің құрылымы, мазмұны, тақырыптары оқу жоспары бойынша анықталады. Дәріс жалпы теориялық курстың буыны болғанымен, әрбір дәрістің мазмұны ерекшеленіп, логикалық дербестігі болу керек.

Жоғары мектеп тәжірибесінде дәрістердің бірнеше түрі қалыптасқан: кіріспе дәріс, дәріс-ақпарат, дәріс-шолу, проблемалық дәріс, визуалды дәріс, бинарлық дәріс, алдын ала жоспарланған қателіктері бар дәріс, дәріс-конференция, дәріс-кеңес т.б..

Әңгіме – педагогикалық қызмет барысында, оның қатысушыларымен қарым-қатынаста, қызметтің кәсіби саласында тұтынушы, қатысушы, консультант рөлін игергенде кездесетін жағдайларды, оқиғаларды және белгілі бір имандылық ұғымдар сараптамасымен байланыстырып түсіндіру. Әңгімеленген жағдайларға студент бойында жағымды және жағымсыз қатынасын тудыру үшін, оқытушы материалды эмоционал ды түсіндіріп қана қоймай, болашақ ұстаздарды айтылған ақпараттың мазмұнын талқылап, бағалай білуге үйретуі қажет.

Түсіндіру – жеке тұлғаның бойында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру, қажетті мінез-құлықты бекіту, белгілі бір әрекетке дұрыс қатынасын түзу мақсатында эмоционалды түрде, әсерлі сөзбен мәліметтеу әдісі.

Этикалық әңгімелесу – кәсіби қызмет саласында әртүрлі рөлдерін игеруге, оның субъектілерімен қарым-қатынас үлгісін құруға, өзін болашақ ұстаз ретінде танып білуге, білімдерін адамгершілік ұғымдарын нақтылап, тереңдету мен деонтологиялық даярлыққа сәйкес көзқарастар мен нанымдар жүйесін қалыптастыру, әртүрлі жағдаяттарды сараптап, талқылауға сұрақ-жауап арқылы тарту әдісі.

Ерекше тәрбиелік жағдаятты сараптау – кәсіби қызмет барысында кездесетін күтпеген жағдайлар, моральды қарама-қайшылықтардың алдын алу жолдарын сараптау мен көрсету әдістері.

Диспут – студенттерді пікірталас жүргізуге, өздерінің көзқарастарын қорғауға, басқа адамдарды нандыруға, теріс түсініктер мен анықтамалардың түзілуіне қарсы күрес жүргізуге үйрететін әдіс. Диспуттар қоршаған ортадағы, сонымен қатар кәсіби саладағы құбылыстарды сапалы сынай білуге үйретеді.

Өзара ағарту әдісі – деонтологиялық дайярлыққа сәйкесті білімдерін, көзқарастарын, нанымдарын басқа адамдарға насихаттауды мұқтаж ететіндей педагог пен студенттің қарым қатынасын сипаттайтын әдіс.

Студенттердің деонтологиялық даярлығына сәйкес іс әрекеттерін шындауға қажетті арнайы педагогикалық әдістерді (жаттығулар, педагогикалық талап, тапсырма, үлгі, өзіндік бағдарлау, өзіндік сараптама, өзіндік бақылау, т.б. ) қолданған жөн.

Жаттығу – талапқа сәйкес мінез-құлық әрекеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында арнайы қызмет түрін бірнеше мәрте саналы түрде қайталап жасау.

Педагогикалық талап – студенттің ұтымды жеке тұлғалық қасиеттеріне әсер ету үшін оқытушы оның санасына кәсіптік тәртіпті қамтитын, мінез-құлық, жүріс-тұрысты реттейтін қатаң ұсыныс түрде кейбір педагогикалық талаптарды сақтауды ұсынады. Кейде сол талаптар жағымсыз әрекеттердің алдын алуға, тоқтатуға немесе әлсіретуге жол ашады.

Тапсырма беру – студенттерді жағымды әрекеттер жасауға үйрете отырып, деонтологиялық сипатқа қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін дамытатын тапсырмаларды орындауды қажет ететін тәрбиелеу әдісі.

Үлгі көрсету әдісі – сананы тәрбиелеудің нақты бір жолына еліктету. Бұл әдіс соған негізделген. Ұтымды мінез-құлық және қызмет ету үлгілерінің көмегімен студенттің деонтологиялық санасын қалыптастырудың әдісі. Еліктеу арнайы емес ұқсаудан арнайы ұқсауға өтуімен, мінез-құлқының өзіндік бағытын қалыптастыру үшін үлгінің көшірмесін қолданумен, рөлдік ойында өмір сүруге ұқсап бағумен, сыртқы ұқсап бағудан ішкі ұқсап бағумен жүреді. Студенттерге оқытушының өзі, сонымен қатар белгілі ғалымдар, педагогтар, телехабарға, теледидардағы жарыстарға және олимпиадаға қатысушылар үлгі бола алады.

Өзін-өзі бақылау – өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле қарап, өзін-өзі танып білуге жетелейтін әдіс. Педагогикалық қызметті орындау мен ұйымдастыру, оған қатысушылармен қарым-қатынас кезінде өзін болашақ педагог ретінде тану, әртүрлі рөлдерді игеру барысында өзінің жеке тұлғалық қасиеттеріне сыни тұрғыда мән беріп, өзінің өзгеруін, психикалық үдерістерінің мазмұнын, өзінің ішкі дүниесін жалпы көрінісіне мән беруге үйрететін әдіс. Бұл әдістің нәтижелері педагогқа студенттің жекелік мағынасы мен субъективті шындығын түсінуге мүмкіншілік жасайды.

Өзіндік сараптама – жеке тұлғалық даму жоспарына, әлеуметтік талаптарға сәйкес болашақ ұстаздардың саналы өзгеруіне өздерін ұмтылдыратын әдіс. Бұл әдісті қолдану студенттен өзінің мінез-құлқын сынап, оны белгілі бір құндылықтармен салыстыруды талап етеді. Егер өзіндік бақылау – болып жатқан құбылысты бақылау болса, өзіндік сараптама – құбылыстарды бағалау және өзгерістердің себебін анықтау үдерісі.

Студенттердің көңіл-күйі мен ерік-жігерін реттеу мақсатында ұтымды қызметке ынталандыру әдістерін (марапаттау, жазалау) қолдану тиімді.

Сонымен осыған дейін болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері қысқаша сипатталды, енді үдерісті ұйымдастыру түрлеріне көңіл аударайық:

- педагогикалық қызметтің қандай да бір түрін орындаушылардың саны бойынша: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық;

- болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға арналған оқыту түрлері бойынша: студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы, тәжірибелік және зертханалық сабақтар, дәрістер, курстық және дипломдық жұмыстар, кәсіби практика;

-сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралар түрлері: педагогикалық деонтология тақырыптары бойынша пікірталастар мен дискуссиялар, студенттердің, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиешілері мен студенттері, жалпы орта мектеп мұғалімдерінің шығармашылық топтарының жұмыстары, газеттер шығару, ғалымдардың қатысуымен педагогикалық деонтология тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер, әртүрлі деңгейдегі конференциялар, Интернет-конференциялар, педагогтардың кәсіби парызын атқарумен байланысты мәселелер бойынша ғылыми журналдардағы басылымдарды талқылау, педагогикалық деонтология мәселелерімен айналысатын ғалымдар еңбектерінің, кітаптардың, сәйкес тақырыптар бойынша жасалынған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің көрмесі, педагогикалық деонтология тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар, ауызша журналдар және т.б.

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды ұйымдастырудың мұндай түрлері жоғарыда жазылған ұстанымдар талабына сәйкес және оның құралдары мен әдістерін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана тиімді. Әйтпесе, оларды қолдану формальды түрде, кездейсоқ болып, студенттердің санасы мен сезіміне ойдағыдай әсер етпесе, тіпті жағымсыз жағдай тудыра жүруі де мүмкін.

Педагогикалық мамандық студенттерінің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда мына құралдарды қолданған жөн:

- оқудың мәтіндік құралдары (оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, ғылыми-әдістемелік журналдар, т.б.);

- визуалды, көрнекі (муляждар, модельдер, карталар, кестелер, диаграммалар, сызбалар, құрал-жабдықтар, оқу коллекциялары, диапозитивтер, диапроекторлар т.б.);

- аудиалды, дыбысты (дыбысжазушы және дыбысшығарушы аппаратура, т.б.);

- аудиовизуалды (видеожазбалар, кинофильмдер, телехабарлар, бейне- және телевизиондық аппаратура т.б.);

- автоматтық (компьютерлік техника, қолданбалы бағдарламалардың жиынтығы, т.б.);

- іс-әрекет түрлері (оқыту, қарым-қатынас, іскерлік ойын, еңбек т.б.).

Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әртүрлі құралдарын қолданудың артықшылығы олардың көмегімен біртұтас қызметтік ортаны жасаумен, сонымен қатар әрбір студентке өзінің мінез-құлқын саналы түрде таңдаған мамандығына сәйкестендіруге ынталандыруға көмекші екенінде.

Зерттелетін даярлықты қалыптастырудың теориялық негіздерін ашып көрсетуде педагогикалық шарттар анықтамасына да ерекше көңіл бөлу қажет екеніне, көптеген ғалымдар (Л.С.Выготский [73], А.Н.Леонтьев [74], С.Л.Рубинштейн және басқалар) [75] сананы жалпы белгілі түсініктер мен категорияларды түсіну арқылы қоршаған ортаны танып-білдіру арқылы тәрбиелеу, кәсіби, шығармашылық ойлауды дамыту, белгілі бір білімдерді, дағдыларды игертіп, тәжірибелік қызметте қолдануға көңіл бөлу керек екенін дәлелдеген. Өйткені парыз сезімі - деонтологиялық сананың туындысы.

Деонтологиялық сана - өзіндік ойлау, кез-келген іске шығармашылықпен қарау, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне білу, қарама-қайшылықтарды жоюда болжамдар құра білу, білімге деген белсенді құштарлықпен оны сауатты игеру мүмкінділігімен сипатталатын тұлғаның интеллектуалдық мәдениетін қамсыздандырады, кез келген міндетіне парыздық сезім тудырады.

Студенттердің деонтологиялық санасын тәрбиелеу, қажетті, белгілі бір іскерлікті, қабілеттер мен қасиеттерді игертіп, оларды тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында «Педагогикалық деонтология негіздері», «Сабақта психологиялық комфортты жасау әдістері» және т.б. арнайы курстарды ендіру қажет. «Педагогикалық деонтология негіздері» арнайы курсын (3- кестеде) болашақ ұстаздардың өзінің кәсіби парызын саналы орындауға тәрбиелеу мақсатында бірінші курстан бастап оқыту қажет.

3 - кесте «Педагогикалық деонтология негіздері» арнайы курсының тақырыптық жоспары



р/с


Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.сабақ

СӨЖ

1

Педагогикалық деонтология ғылым ретінде

3

3

6

2

Ұстаздың кәсіби мінез-құлқының, жүріс тұрысының этикалық, деонтологиялық нормалары

7

7

12

3

Ұстаздың жеке тұлғасының қалыптасуында кәсіби-тұлғалық дамуы мен өзіндік жетілуі

5

5

12

Барлығы:

15

15

30

1 тақырып: Педагогикалық деонтология ғылым ретінде

«Педагогикалық деонтология» ұғымының генезисі. Педагогикалық деонтологияның пайда болуының алғышарттары. Педагогикалық деонтология ғылым ретінде. Педагогикалық деонтологияның объекті мен пәні. Педагогикалық деонтологияның міндеттері. Деонтологиялық ғылыми зерттеулердің әдістері. Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы. Педагогикалық деонтологияның негізгі категориялары. Білім беру орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық деонтологияның негізгі идеяларын қолданудың әлеуметтік-маңызды нәтижелері.

2 тақырып: Ұстаздың кәсіби мінез-құлқының, жүріс-тұрысының этикалық, деонтологиялық нормалары.

Педагогикалық этика, мораль, құқық және педагогикалық деонтология арасындағы байланыс. Біліктілігі әртүрлі деңгейдегі педагогтардың лауазымдық міндеттері. Педагогикалық деонтологияның талаптары мұғалімнің кәсіби еңбегінің саласындағы рухани санасы, рухани қызметі мен рухани қатынасы ретінде. Педагогтың деонтологиялық кодексі. «Оқытушы-болашақ ұстаз», «болашақ ұстаз-болашақ ұстаз», «болашақ ұстаз-мектеп оқушысы (мектепке дейінгі жастағы бала)», «болашақ ұстаз-мектеп мұғалімі (тәрбиеші)» жүйелеріндегі болашақ ұстаздың деонтологиялық мінез-құлқының ережелері мен қағидалары. Болашақ ұстаздың анты.

3 тақырып: Ұстаздың жеке тұлғасының қалыптасуында кәсіби-тұлғалық дамуы мен өзіндік жетілуі.

Студенттің жоғары оқу орнында және болашақ қызмет аясында тұлғалық және кәсіби өзіндік даму мен өзіндік жетілуі оның деонтологиялық санасын тәрбиелеу және өзінің белсенді тұлғалық позициясына тәуелді.

Ұстаздың кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі және көпжақты, олардың өзара сабақтастығы әлеуметтік-психологиялық факторлармен түсіндіріледі.

Ұстаздың адамгершілігі, саналығы «Зиян келтірме!» ұстанымына негізделіп, алдына келген шәкірттің жан саулығы мен денсаулығын сақтай отырып, оның тұлғасының табиғатына, болмысына үйлесімді дамуын қамсыздандыруда көрініс табады.

Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен деонтологиялық даярлығының көзге түсер көрсеткіші болатын оқушының денсаулығы мен жан саулығының күйінің өзгерісін анықтайтын индикаторлар жоқ. Бірақ сананың рационалды және иррационалды байланыс теориясынан алынған, соның салдары болып саналатын белгілер бар:



  • оқушылар білімінің сапасы;

  • танып білу үдерісіндегі оқушылардың белсенділігі;

  • жалпы даму деңгейінің күйі: мінезінің ашықтығы, ойларын дұрыс айта білуі, қарым-қатынас мәдениеті және т.б.;

  • оқушылардың өмірге деген ризашылығының, ақылдылығының, тапқырлығының асуы;

  • өзін-өзі бағалай, бақылай білуі, соның дағдыларын игеруі;

  • оқушылардың жан саулығы мен денсаулығын сақтай отырып, қоғам өміріне белсенді қатысуы, шығармашылық еңбекке даярлығы.

Мектеп – мемлекет тiршiлiгiнiң айнасы, әртүрлi әлеуметтiк өзгерiстердiң бастапқы түйiнi. Сондықтан жаңа дәуiр талаптарына сай ұрпақ тәрбиелеу үшiн мектептiң болмысына жаңаша көзқарас қажет. Бiздiң пайымдауымыз бойынша, ұрпақты ынжық, ұрысқақ, жасық, жалқау, денсаулығы нашар қылмай – жаны сау, денi таза, еңбекқор, өзiнiң iшкi ресурстарын жаңа жағдайға бейiмдеуге дайын, жаңалыққа реакциясы жылдам, шеберлiк және iскерлiк қасиеттерi дамыған тұлға қылып қалыптастыру үшiн тәлiм-тәрбие үрдiсiн психологиялық тұрғыдан қамсыздандыру дидактикалық ұстанымдар қатарынан өз орнын алу керек. Психологиялық қамсыздандыру ұстанымының деонтологиялық ұстанымдарымен әбден үндестігі оның оқушының психикалық дамуына зиян келтiрмей әсер етуiнде жатыр. Бұл ұстанымдарды бұзу оқушының тұлғалық мүмкiншiлiктерiнiң дамуына кедергi жасаумен қатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына негiз болады. Оған дәлел біздің зерттеуімізден басқа А. А. Дубровскийдің «Открытое письмо врача учителю», И. П. Брязгуновтың «Беседы о здоровье школьников», В. С. Ротенберг пен С. М. Бондаренконың «Мозг. Обучение. Здоровье» т.б. ғылыми зерттеулері.

Ұлы ойшыл Әл-Фарабидiң төмендегi пiкiрi бойынша: “Жан мен тән бiрге дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан - тәннiң тiрлiк қасиетi, адамда қатарынан екi жан болмайды, адамның тәнi де жаны да өткiншi, уақытша. Тән жанның дамуына, оның бiртiндеп қалыптасып, жетiлуiне әсер етiп отырады. Жанның дамуы үшiн тәннiң саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ”[125].

Дана философтың осы айтқан ойларынан шыққан «Жан саулығы жоқ жерде, тән саулығы да жоқ» деген пiкiр бүгiнгi мектептiң өзектi мәселесiне әкелiп тiрейдi. Соңғы зерттеу көрсеткіштері бойынша оқушылардың 60% созылмалы ауруға ұшырағаны, бұл аурулардың көбі психосоматикалық түрдегі болуы және бұл құбылыстың өсу тенденциясы «балалардың тән саулығының осалдығы жан саулығының тапшылығынан» деген ұйғарымды тудыруға негіз болды.

Психологиялық комфорт - оқушының денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер етудің кепілі.

Бұған дәлел бола алатын мектеп өмірінде жиі кездесетін келеңсіз жанға жайсыз жағдай көріністердің мысалдары мол. Психологиялық дискомфортта өмiр сүру балаларды:



  • психосоматикалық сырқаттарға әкелiп соғатын белді фактор;

  • ынжық, ұрысқақ, жасық, жалқау болуына себепші;

  • туберкулездiң кең тарауына, нашақорлық пен маскүнемдiк мәселелерiнiң күннен күнге нығайуына жол ашар амалы;

  • психикалық шыдамдылығын төмендетіп, интеллектуалдық мүмкiндiктерiн азайтып, эмоционалдық топастыққа ұшырататын айғақ деп анықтадық.

Осыған орай Әл-Фараби атындағы Ќазаќ ¦лттыќ университетінің психологтарының зерттеулерінен келтірілген мәліметтер (5-6 сынып оқушыларының 6-26 % ойдағыдай бағаларын ала алмаған салдарынан өзін-өзі мерт қылу ойына шалдыққан, т.б.) бүгінгі мектептің денсаулық сақтау аясындағы теріс әсерін білдіреді.

Біздің тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында алынған (6-11 сыныптарынан 182 оқушы) сауалнамаларға жауаптарынан мектептің денсаулыққа әсері туралы оқушылардың пікірлері 4 - кестеде келтірілген.

4 кесте – Мектептің денсаулыққа әсері туралы оқушылардың пікірлері


Сұрақтар

“Иә”,%

“Жоқ”,%

Мектептің денсаулықты нығайтушы әсеріне сенесің бе?

5,3

88,7

Мектеп денсаулығыңа зиян келтіреді деп ойлайсың ба?

67

12,3

Мектепке шын көңіліңмен, қуана-қуана барасың ба?

23

65,4

Балалық шақты бақытты “балдай тәттi” кез деуге бола ма?

8,1

52

Жоғары сынып үздiк оқушысы Дәулеттің 4 - кестеде келтірілген соңғы сұраққа жауабынан үзiндi: «Қайдан бақытты балалық шақ!?» (дауысынан жан жарасы сезiндi).


«Түске дейiн мектептегi үстемдiк қарым-қатынас әсерi, түстен кейiн – барлық пәндерден үйге берген ұшаң-теңiз тапсырмалар жүгi бойыңды қара басып тұрғаны… Ал кешке ата-аналар да өздерiнiң толып жатқан талаптарын дәл мектептегi сияқты үстемдiк әсермен бiлдiредi. Осылай өтiп жатқан құйынды да, қиын күндер! Оған кiм «балдай тәттi балалық шақ» деп ат қойды екен!?»

Балалардың осылай ашынған ащы үндерiн естiгенде бақытты балалық шақты ұрлағанның бiрi өзiңдей болып, қатты қиналасың.

Дәулеттің жауабы үстемдiк, авторитарлы қарым-қатынастың дискомфортты әсерiн көрсетедi.

«Бақытты балалық шақ!» – бұл әрине көп мәндi ұғым, бiрақ оның белгiлерiн қорытынды түрiнде былай көрсетуге болады:



  • бiрiншiден, материалдық қамтамасыздық;

  • екiншiден, жаңалық ашу мен табыстың қуанышты әсерiне бөленген, өз шамасына сай, жетiстiктi танып-бiлу еңбегi;

  • үшiншiден, үнемi сүйспеншiлiкпен, мейрiмдiлiкпен қарым-қатынас құратын, сүйкiмдi адамдар ортасы.

Мұндай жағдай балалардың психологиялық тұрғыдан азат болуына сеп болады. Яғни баланың жан дүниесiнiң шеңберi кеңейiп, бойына жiгер, тапқырлық, сөз тапқыштық, көтерiңкi көңiл-күй ұялап, бiлiм, iскерлiк және дағдының талай табысына физиологиялық күш құрбандығысыз жетуге, жан-жақты дамуына мүмкiндiк туады.

Қиын ештеңе жоқ сияқты: үлкендер баланың iшкi әлемiн түсiнiп, өздерiнiң педагогикалық iс-әрекеттерiнiң түпкi мақсатын сезiнiп, оған педагогикалық деонтологияның барлық ұстанымдарына сүйенген «қарым-қатынас → оқыту → өмiр тiршiлiгi» арқылы жетуге ынталануы талап етiледi. Ол үшiн баланы қоршаған ересектердiң педагогика, психология, этика, деонтология ғылымдары бойынша сауаттылығы болуы қажет. Ал қазiргi кезде мұғалiмдердiң педагогикалық, психологиялық бiлiмдерi шала сауат деңгейінде, ал ата-аналардың бұл саладағы сауаттылығын «жоқ» деуге болады (орта мәнде).

Мектеп оқушысының денсаулығына қатысты ғылыми еңбектерге жасалған талдауымыз бойынша төмендегiдей бағыттар байқалды:


  • оқушының денсаулығына оқу және оқыту әрекеттерiнiң сипаты мен әдiс-тәсiлдер жүйесiнiң әсерi (В.С. Ротенберг, С.М. Бондаренко, С.М. Мартынов, А. А. Дубровский, Ѓ.М.Кертаева);

  • баланың денсаулығына қарым-қатынас аясының әсерi (Г.А. Жук, В.И. Кожокарь, И. В. Слюгарь);

  • жеке тұлғаның дене жетiлу процесiнде адамның санасы мен мiнез құлқының үйлесiмдi бiрлiкте болу проблемасы (Ш. А. Амонашвили, В. А. Сухомлинский, Роберт Т. Байярд, Джин Байярд, т.б.);

  • мектеп оқушыларының, жұртшылықтың салауатты өмiр сүруiнiң және денсаулығын қорғаудың педагогикалық, психологиялық, медициналық негiзi (Ю. П. Азаров, В. Кумарин, И. П. Брязгунов, т.б.);

  • баланың денсаулығына экологияның әсері (В.Б. Стрельцова, А.А. Дубровский, т.б).

Бiрақ мектеп оқушысының денсаулығының ақауларының мұғалiмнiң деонтологиялық даярлығына тәуелдiлігіне ғылыми тұрғыдан көп көңiл бөлiнбегенi белгiлi.

Бүгiнгi мектеп оқушысының денсаулығына көңiл бөлсек, арнайы өткiзiлген зерттеулер көрсеткiшi бойынша (Ю.П. Азаров, Т.И. Шамова, И.П. Брязгунов, Т. М. Давыденко, А. А. Дубровский және т.б.) 1сыныпқа қабылданған оқушылардың 70–80% денi сауы болса, 11сынып оқушыларының денсаулығы 0% жуық. Сонда бала денсаулығына керi әсер етушi мектеп болғаны ма?

Қорыта келе, мектепте оқушылардың денсаулығына керi әсер етушi төмендегідей факторларды айқындадық:


  • оқу процесiнде сабақтағы психологиялық микроклиматқа дерлiктей көңiл бөлiнбеуi, яғни психологиялық комфорттың тапшылығы;

  • оқушылардың оқулық және басқа жүктемелiктерінің өте жоғары деңгейде болуы;

  • мұғалiмнiң оқушының мүмкiндiгiне сәйкес келмейтiн талаптармен балаларды жан қысылуына жиi ұшыратуы;

  • оқушылардың iс-әрекеттерiнiң бағасы – оларды көбіне бiр-бiрiмен үлгерiм көрсеткiштерi бойынша салыстыруға негiзделгенi;

  • мектеп бағдарламасы бойынша қолданылатын оқулықтардағы толып жатқан олқылықтар;

мектептегi денсаулықты жақсартатын шаралардың босаң ұйымдастырылуы және жалпы бiлiм беру үдерiсiнiң ұйымдастырылуындағы кемшіліктер т.б.

Жоғарыда келтiрiлген оқыту үдерісінің мазмұны мен ұйымдастыруындағы олқылықтар мектептiң жұмыс iстеу жағдайларындағы төмендегiдей факторлармен түсiндiрiледi:



  • ұстаздардың оқушы денсаулығын сақтауға, шынықтыруға бейiмделмеуi, оны кәсіби парызы деп санамауы;

  • ұстаздардың толып жатқан денсаулық сақтау технологияларын кеңінен қолдануға мұқтажданбауы;

  • мектеп мұғалiмiнiң валеологиялық мәдениетiнiң деңгейi төмен болуы;

  • медицина қызметкерлерiнiң оқыту процесiн ұйымдастыруға жеткiлiктi көңiл бөлмеуi;

  • оқушылардың денсаулығына қатысты көрсеткіштерге жалпы мектеп сипаттамасында мән берілмеуі;

  • мектепке спорт, дене шынықтыру жұмыстарын толық қамтитындай қаржы-қаражат бөлiнбеуi т.б.

Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi – тәлім тәрбие беру мекемелерінде педагогикалық деонтологияның «Оқушының (тәрбиеленушінің) денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету» ұстанымының ескерiлмеуi.

Баланың денсаулығына керi әсер ететiн бұдан басқа да факторлар әрине көп: экология, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, тұқым қуалаушылық, зиянды дағдылар, т.б. Бірақ соның iшiнде ең басымы психосоматикалық сырқаттарға әкелiп соғатын фактор – жанға жайсыз жағдайда өмiр сүру. Дәрiгерлер мұны организмге салмақ түсiретiн қорқыныш, жек көру, дәйексiздiк, әртүрлi кикiлжiңдер сияқты керi эмоциялық күштер арқылы түсiндiредi. Медицина тұрғысынан қарастырғанда адам ағзасының әлсiреуiне жол ашатын жағдайлар: тоңу, ашығу, жан қысылуы (қайғыру, қорқу, ренжу, т.с.с.). Ал ағза әлсiреген кезде адамның төңірегінде, тiптi ауыз-мұрнының iшiндегi толып жатқан ауру қоздырғыш микробтардың ең әлдiлерi iске кiрiсе бастап, түрлi кеселге ұшыратады. Бүгiнгi күнде жанға жайсыз жағдайда, жандары қысылып жүрген балалар саны шексiз!

Ғалым-ұстаз Құдайқұлов М.Ә. «Жаңаша ойлай білсең ғана – ұстазсың” атты «Егемен Қазақстан» газетіндегі (02.07.02) мақаласында «Осы уақытқа дейін тағы бір ескерілмей келген мәселе – оқушылардың қорғансыз халі: мектепте де, үйде де олардың ойын тыңдап, жан сезімін түсініп, сырласар адам таппауы; үлкендердің ұрсып, жекіп сөйлесуі; қызығушылық ықыласын не ыза-кегін айтып «ішін босататын» ұйым не мекеменің болмауы; ата-аналардың зорлық-зомбылығы мен әділетсіздігі; тәртіп сақтаушылардың ұрып, қорқытуы... Мұның салдарынан балалар өз үйінен, мектептен қашып, қаңғыбастыққа салынады»[120]. Осы жәйттерді ескеріп, біздер, «зиян келтірмей, жәрдемдесу» қағидасына сүйенетін «педагогикалық деонтология» (медициналық, биологиялық деонтология сияқты) деген жаңа ғылымды дамытуды мақсат етіп, талдау-зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз.

Біздің зерттеулеріміз бойынша, (212 оқушының сауалнамасынан) оқушыларға мұғалімдердің несі ұнамайды деген сұраққа жауаптарынан үзінді келтірейік: «ұрысқақтығы», «жаман сөздермен балағаттаулары», «қол жұмсауы», «оқушыны менсінбеуі», «мазақтағаны», «жөнді сұрақ қоя білмейтіндігі», «өзіне ұнаған баламен ғана жұмыс істейтіндігі», «тәртіпке баға қоятындығы», «тәртіпсіздігі», «көрінгенге завучке шағым жасағандығы», т.б.

Осындай мәлiметтердi қорыта келiп, мектептердегi жалпы психологиялық жағдайды елестетуге болады. Оқушылардың көңіл күйінің жайдарлы болмауының себептерi бiрнешеу: мұғалiмнiң қарым-қатынас жасау үлгісінің жанға жайсыздығы, оқушылардың сабақта «сұрайды-сұрамайды» деп қысылып-қымтырылуы, ұстазына деген iшкi өкпе-ренiштiң салмағы, үлкендердiң үстемдiктi қарым-қатынасы, әдiлетсiздiк қылықтары, оқушылардың өзара келіспеушілігі, т.с.с.

Осының бәрiн болдырмаудың бiр жолы – мұғалiмнiң арнайы деонтологиялық даярлығын қажеттi деңгейге көтеріп, сапалы iске асыру; оның оқушы денсаулығына, жалпы даму деңгейiне деген құштарлығын кәсiби мораль аспектiсi тұрғысынан ынталандыру және мұны оқушы үлгерiмiне әсер ететiн фактор ретiнде бiлдiру.

Деонтологияның “Зиян келтiрме!” ұстанымын назарынан тыс қалтырмай қарым-қатынас қалыптастыратын ұстаз сабағында «кикiлжiңсiз күн көруге» қолы жеткен оқушы, табиғи күшiн құрбан етпей, сапалы бiлiм мен сауатты тәрбиеге ие болары күмән тудырмайды.

Ойымызды топшылай келе, оқушының, тәрбиеленушінің денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету үшін педагог:



  • психосоматикалық ауруларға тосқауыл таба білуі;

  • денсаулықты сақтауға, шыңдауға, нығайтуға әрекеттер жасай білуі;

  • валеологиялық сауаттылықты игеріп, іске қоса білуі;

  • өзінің тұлғалық қасиеттерін (тілектестік, эмпатиялық т.б.) талапқа сәйкестендіре білуі;

  • педагогикалық ұжымда әдептік қағидаларын мұқият сақтай білуі – ең басты қажеттіліктер.

Осының бәріне көмектесетін, бала жанына, тәніне зиян келтірмей әсер етудің маңызды алғышартының бірі – тәлім-тәрбие үдерісінде психологиялық комфортты жағдай тудыру деонтологиялық даярлығы қалыптасқан мұғалімнің қолынан келеді. Психологиялық комфортты жағдай психологиялық түйіспені (контакт) қамсыздандырады, ал психологиялық түйіспе ұтымды психологиялық ахуалдың (атмосфера) болуына жол ашады. Енді осы психологиялық ұғымдарға тоқтала кетейік.

Л. Т. Охитина «Психологические основы урока» деген еңбегінде «Сабақты өткізуде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруын және оқушылардың танымдық әрекетін ұтымды басқара алуын ерекше атап айтып кеткен жөн. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының психологиялық компоненттеріне оның шығармашылық көңіл-күйі мен оқушылармен психологиялық түйiспе орната білуі жатады [99]» дейді.



Психологиялық түйіспе балалардың психикалық дамуындағы ауытқудың алдын алып, жүйке ауруларына тосқауыл қою арқылы, оқушылардың денсаулығын сақтау, нығайту және ұжымдағы психологиялық ахуалды (климатты) тұрақтандыру үшін қажет.

Психологиялық түйіспе деген не? Оны қалай жүзеге асыру керек?

«Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда сәтті дамиды: егер жеткіншектер үлкендердің әрекеттеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетсе; егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе; егер үлкен адам жеткіншекті өзінің ісіне қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе. Сонда барып үлкен мен жеткіншек «қатар» емес, «бірге» өмір сүреді. Бәлкім осындай түйіспені «психологиялық түйіспе» деп атауға болатын шығар?»[121].

Мұғалімдер психологиялық түйіспені оқу-тәрбие процесін өткізуге мүмкіншілік беретін тұрақты психологиялық ахуал деп санайды; ал жоғары сынып оқушылары болса оны бір әсерлі сезім жылулығын тудыратын, көпшілік арасында сирек кездесетін жағдай дейді. Шындап келгенде, психологиялық ахуалды психологиялық түйіспемен теңестіруге болмайды, өйткені бұл - оның басты алғышарты.

С. И. Ожеговтың сөздігінде «түйiспе» мен «психика» деген ұғымдарға төмендегідей түсіндірмелер беріледі: «түйiспе» деген іскерлікті қамтитын, келісілген тығыз байланыс; «психика» – объективті болмыстың адамның сана сезімінде сәулеленуімен болатын көңіл күйіндегі әсерленушілік[122]. Осы түсіндірмелерді қорытқанда, «психологиялық түйiспеге» мынадай анықтама беруге болады: ол адамдарды біріктіріп, өте жақындататын көңіл-күй әсерлену арқасында жоғары деңгейлі келісушілікке сәйкес іскерлікті қамтитын тығыз байланыс.

Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын, жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық сипатын сәйкестендіруі қажет. Балалардың сыртқы көрінісінен, қимыл белгісінен ішкі жан дүниесін түсініп, ойындағысын сезіну үшін мұғалімнің ерекше қабілеті және бай тәжірибесі болу керек.

Осы арада мынандай сұрақ туады: дұрыс болжау-бағалаудың өлшемі қандай? Жеке адамның сыртқы көріністерінен ішкі жан дүниесін дұрыс түсінгеніміздің кепілі неде? Әрине, айқын кепілдік беру оңай емес, бірақ соған ынталанған адамда «өзі білдіретін» бір сезім, қасиет болады. Оны түсіндіретін бір көне қытай ертегісінен үзіндіні келтіре кетейік: «Ескі достар Чанг-цзе және Гуй-цзе көпір үстінде тұрып суда ойнақтап жүрген балықтарға көздері түседі: «Қарашы, мына балықтардың қандай қуанып жүргенін», – дейді Чанг-цзе. «Балықтың ішіне кіріп шыққандай, сен олардың қуанышты күйде екенін қайдан білесің?», – дейді Гуй-цзе. «Мен оны өзімнің суда жүзгенде алатын ләззатымнан, рахатымнан білемін!” – деп Чанг-цзе жауап қайтарады.

Бұл аңыздан қорытынды жасау қиын емес. Балалардың жан дүниесін дұрыс ұғу үшін, мұғалім:


  • біріншіден, өзін баланың орнына қойып, дәл осындай жағдайдағы өзінің көңіл-күйін еске түсіру керек, яғни эмпатиялық қасиетке ие болу керек;

  • екіншіден, өзінің сезім әлемін молайтып, байытып отыру керек;

  • үшіншіден, бала психологиясы туралы терең білімді игеруге, үнемі толықтыруға жалықпауы керек.

Бельгиялық психологтар М. А. Роберт және Ф. Тильман «Психология индивида и группы» атты кітабында бұл туралы «Егер де қоршаған орта баланы дұрыс ұғатын болса, оның бойында әлеуметтік қажетсіну дамиды. Ол ашық жүзді, жайдары, альтруист болып өседі. Өзінің біреуге деген агрессиясын көрсетуге себеп таппайды.

Егер де қоршаған ортадағы адамдар баланы жақсы көрмей, еркелетпей, қатал ұстаса, ол балада қоғамға қарсы агрессиялық көңіл пайда болып, соған сәйкес әрекетке айналады, әлеуметке қарсы сипаттағы қажетсінулер дамиды. Ондай бала тұйық, енжар, жасық болады, не өмір бақи жәбірлік көргендей тәуелсіздікті, бостандықты аңсаған, авантюризмдық нышанды бала болып өседі» дейді[100].

Бірінші жағдай – психологиялық байланыс құрудың алғышарты, алдын ала жақсы жағдай болып саналады; екінші – психологиялық шиеленісуге, невроз ауруларына шалдықтырып, денсаулықтың нашарлауына себеп болады.

Сондықтан әрбір ұстаз оқушының денсаулығына, жан саулығына “Зиян келтірме!” деген деонтологиялық ұстанымды естен шығармай, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта психологиялық жанға жайлы жағдай жасауға тырысу керектігі – ең киелі ұстаздық парыз.

В. В. Кан-Калик жаңашыл педагогтардың қарым-қатынасы туралы еңбегінде былай деп жазады: «В. Ф. Шаталов сабақтарында жанға жайлы, психологиялық комфортты қарым-қатынасты қалыптастырып, оқушыларға өздерін еркін ұстап, ойындағысын, бойындағысын айқын, ашық көрсетуге мүмкіншілік туғызады»[123].

«Психологиялық комфортты жағдай» деген ұғымға тоқтала кетейік. Ғылымда бұл ұғымға тұрақты анықтама қалыптаспаған.

«Комфорт» деген сөз көбіне физиологиялық жайлы жағдайды сипаттауда қолданылады. Психологиялық сөздікте: “Комфорт – қолайлы жағдайлар жиынтығы, яғни жұмыс орнын бағалауының параметрі, оның әр көрсеткіштерінің (физикалық ортаның, сенсорлық және қозғалтушы өрістердің, жұмыс қалпының т.б.) эргономиканың талаптарына сәйкестігін анықтаушы» – делінген. Мұндағы «Эргономика (грек) – еңбек саласындағы адамның функционалдық қабілеттерін зерттейтін ғылым. Қызметкердің жоғары өндірісті, сапалы еңбектенуі, оның соған сәйкес қабілеттерін дамытуға қажетті мүмкіншіліктер мен заңдылықтарды айқындап, солардың талаптары бойынша үйлесімді жағдай жасау»[124].

Сөздіктен алынған анықтамаларды психологиялық тұрғыдан қарастырып, психологиялық комфорттың анықтамасын нақтылауға болады: жан тыныштығын, эмоционалдық еркіндікті қамыту арқасында баланың психикалық дамуына, танымдық қабілеттерінің дамуына жайлы ахуал туғызатын қолайлы жағдайлар жиынтығы.

Осыдан психологиялық комфорт психологиялық түйіспенің құрылымды бөлігі бола отырып, сонымен қатар оның туындауына түрткі болатын қажетті шарт екеніне көз жеткіздік.

Психологиялық түйіспе - ұжымда позитивті психологиялық ахуалды қалыптастырудың алғышарты.

Осындай жанға жайлы жағдай жасау үшін мұғалім өзінің іс-әрекетін оқушының жас ерекшелігіне сәйкестендіріп, психологиялық тұрғыдан қамсыздандыруы қажет екені білінді.

Мұғалімнің әрбір қадамы, әрбір сөзі, қолданған тәсілі оның еркіне тәуелсіз белгілі бір психологиялық мәнге толы және оқушылардың жүрегінде, жан дүниесінде соған сәйкес психологиялық резонанс тудырады. Сондықтан мұғалімге өзінің оқу-тәрбиелік әрекетіне психологиялық талдау, таразылау, таңдау жасау үшін қажет болатын жалпы мағлұматтар мен дағдыларды игеру өте маңызды.

Ұстазға қажетті дағдылардың ең маңыздысы – психологиялық көрегендік. Оны дамыту үшін белгілі бір жағдайда оқушы қылығының динамикасын болжай біліп, жағымды жаққа өзгерте отырып, жағымсыз себептер мен әрекеттерден сақтап қалуға жағдай жасау шеберлігін меңгеруі қажет. Ал бұл үшін оқушының сыртқы көрінісі арқылы ішкі жан дүниесінен қажетті «хабар» ала білу қабілеті керек. Мысалы, психологтардың айтуы бойынша, «ішкі шиеленісушілікті психомоториканың бұзылуынан байқауға болады – дене қимылы тежеліп, басқару тетігі қысылады. Мұндай жағдайға түскен кісінің қимылдары өкпек, қисынсыз, орынсыз, болып жатқан жағдаятқа үйлеспей қалады.

Ішкі жан қысылуын психологиялық өзгеруден байқауға болады: оқушы назарының көлемі тарылып, оның таралуы мен басқа жағдайға ауысуы қиындайды; ол амалдардың орындалу реті мен тәртібін ұмытып, жағдайды дұрыс бағалай алмайды, қорытынды шешімге келуі тежеледі.

Мұндай жағдай вегетативтік жүйке жүйесінің жұмысы бұзылуына байланысты келесі өзгерістермен қатар жүреді: беттің түсі өзгереді (не қызарады, не қуқылданады), дем алуы қысылып, жүрек соғуы жиіленеді, қол, аяғы қалтырайды, денесінде аса тершеңдік пен аузында құрғақтылық пайда болады т.с.с.

Жанға жайлы психологиялық жағдай оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану процестерін арттырады. Танып-білу әрекеті жоғары қанағаттанушылық күйінде өтеді. Психологиялық комфортты жағдай оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде тәрбиелеп, жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын ашады.

Әрбір сабақта оңтайлы эмоциялық орта жасап, танымдық процесін дұрыс бағыттау үшін тереңінен ойластырылған психологиялық ықпал жүйесі қажет. Себебі сезімталдық оның барлық компоненттеріне әсер етеді: түйсігіне, ұғынуына, қиялына, жадысына және ойлауына.

«…Танымдық сезімталдықтан басталады,.. бейімделу кезінде интеллектуалдық «үстемелеу» ғана емес, білімге деген өлшеу де өткізіледі. Пәндік мағлұматтарды сезіммен игеруі де қатар жүреді. Ал танымға жағымды сезімталдық қажет. Білім алу процесі жалын, қорғаныш және үміттің жылулық аурасын тарататын, қуанышты болуы қажет»[125].

Санаға сіңген сезім сарыны жағымды немесе жағымсыз болады. Сезімталдықтың әсері ұғымдылыққа таратылады: көңілі көтеріңкі кісі үшін қоршаған ортаның бәрі көңілге жағымды болып көрінеді, оқу да, шешетін мәселе де, қоршаған адамдар да; ал ашуланған адам тек өзін ушықтандырып, жағымсыз нәрсені ғана байқай отырып, өзінің жайсыз жағдайын ұлғайта түседі.

Міржақып Дулатов бұл туралы былай деген екен «… Жылқы біткен дүлдүл болмайды, құс біткен бұлбұл болмайды, адам баласы да солай. Жұрттың бәрі шешен, әнбоз, ақын, данышпан болып туа бермейді. «Күйсіз көңіл жүгірмейді» деген бар. Дүлдүлге де күй керек, бұлбұлға да жайлы орын көңілді бақша керек. Адам баласы бәрінен де артық күй таңдайды. Тумысында зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді»[126].

Көтеріңкі көңіл-күй есте сақтау процесін арттыра түсіреді. Сезімталдықты жады арқылы бұрынғы бастан кешкен оқиғалар мен соған байланысты ақпарат та есте берік сақталады. Осыдан сезім күйі мен ойлау сапасы арасындағы белгілі бір заңдылықтар байқалады: психологиялық комфортты жағдай танымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Ал психологиялық дискомфортты жағдай оның орындалуын тежейді. Мейірімді, көтеріңкі көңіл-күймен істеген жұмыс қыза түседі. Психологтардың байқауы бойынша, көтеріңкі көңіл-күй еңбек өнімділігін арттыратын құдіретті фактор болып табылады.

Ұстаздың ең басты парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй, жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру.

Мұндағы ең қажеттісі - педагогтың өзінің эмоциялық күйін басқара білуі. Адам жаны жайсыз жағдайға ұшырап, күйзелген кезде, себепті, не себепсіз ашу қысқан кезде жақсылық не басқа оң бағытталған ой-әрекеттерiн жасай ала ма, әрине, жоқ? Өзiнiң керi эмоциялық күйiн сыртқа шығару үшiн ол бiрдеменi лақтырып, сындырып, бүлдiрiп, бiреумен ұрысысып, жаңағы ызасын кез-келген көзiне түскен затқа, не кездескен адамға жұмсайды. Халықтың “битке өкпелеп тонын отқа салған”, не «ит ашуын тырнадан алады» деуi осы жағдайды сипаттайды. Кез келген керi эмоция әсерiндегi кiсiнiң әрекетi осындай. Ал қызғаныш, не көре алмаушылық сезiмiне толы адам басқаны қанауға дейiн барып маңайындағыларды шыдатпайды. Бұл эмоциялық күйлер жағымсыз деп аталады, яғни адамның өмiр сүру деңгейiн төмендететiн ерен күйзелтетін күш болып табылады. Деонтологияның “Зиян келтiрме!” ұстанымы адамның бойында өзi, не маңайындағы басқа адамдардың осындай күйге ұшыраған кезiнде асқан қырағылықтың болуын талап етедi. Әсiресе балалар, жасөспiрiмдер ортасында және олармен қарым-қатынаста. Ересектер көбiне бұл эмоциялық жүгенсiз кетулерiнiң балаға зияны жоқ деп қателеседi. Тiптi анда-санда ата-аналар арасында осындай аффект күйiнiң болуының өзi балалардың өмiр сүру деңгейiн төмендетiп, организмдерiн әлсiретедi. Әсiресе еске сақтайтын жай, балалар маңайындағы болып жатқан жүрiс-тұрыс мәнерiн тез игерiп, соның iшiндегi өте әсерлiсiн оңай қабылдайды. Әрбiр жастың өзiнiң сезiну ерекшелiгi бар, бұл оның бiтiм өзгешеліктеріне тәуелсiз. Кереғарлыққа көп душар болған балалардың психикалық шыдамдылығы төмендеп, интеллектуалдық мүмкiндiктерi азайып, эмоционалық топастыққа ұшырайды. Бұдан артық қандай зиян керек?!

Кез келген кiсiнiң көңiл-күйiн бұзу - оп-оңай, қалпына келтiру - қиын. Мәселе бұл процестер мен адам көңіл-күйінiң физиологиялық тетiгiнде. Жағымсыз күйлер организмнің биохимиялық қорын «жейдi». Ал жағымды эмоциялық күйдi қайта қалыптастыру үшiн сол ысырап болған биохимиялық қордың орнын төлеу қажет… Бұл үшiн уақыт керек! Сол уақыт iшiнде басқа адамдарға ызалы наразылықты, ашуды жұқтырудың тiзбектi реакциясы жедел өтiп жатады…

Жұғымсыз эмоциялық күйлердi агрессивтi күйлер деуге болады: олар бiр адамнан екiншiге оңай ауысып, көпке дейiн жоғалмайды. Сондықтан бiр кiсiнiң жұғымсыз күйi басқа кiсiлермен контактқа келген кезде тек қана оның iсi болып қалмайды. Бiр кiсiнiң басқа кiсiге қатысы оған ғана байланысты емес, яғни мiнез-құлық жеке тұлғалық iс деу – ағаттық.

Егер адам физиологиялық аффект әсерiнде қылмыс жасаса, сот оны еске алғанымен, жауапкершiлiктен босатпайды. Сондықтан әр адам өзiнiң құқықтық және басқа жауапкершiлiк мөлшерiн бiлiп өзiнiң көңiл-күйiнiң көрiнiсiне жауапты болуы қажет. әсiресе, балалар ата-аналарының және жақын ересектердiң сырт көзге көрiнетiн және көрiнбейтiн жұғымсыз сезiмдерiне ұрыншақ. Жұғымсыз сезiмдермен өмiр сүрiп жүрген адам ертелi кештi соның керi әсерiне ұшырайды. Керi әсердiң көбi балаларының сәтсiздiктерiнен көрiнедi: не олардың денсаулығы жиi кездесетiн жүйке жүйесi күйзелуiне тап болып, не әлеуметтiк адаптациялары төмендеуiнен залал шегедi. Кiшiнің үлкенге деген көзқарасында сенбеушiлiк, өкпе, тағы сол сияқты керi әсерге жетелейтiн сезiмдер ұялайды.

Өзiнiң эмоциялық күйлерi мен сезiмдерiнде жауапкершiлiктiң мөлшерiн сезiнген адам бiрнеше есе күшейедi: ол құлдықтан босайды, өз сана-сезiмiне өзi қожа бола алады. Даналық қасиеттер пайда бола бастайды, ал өзiнiң сезiмiн, көңiл-күйiн өзi басқара àлмайтын кiсiге даналық жұқпайды. Сезiмталдықты жүгендей бiлу сезiм әрекетiн жүдетпейдi, не оның азаюына да себепкер болмайды, ол керiсiнше, кез келген психологиялық қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдес және сырттан келген жұғымсыз әсерден қорғаушы болады.

Адамның жан-дүниесiнiң күйiне денсаулығы тәуелдi екенiн бiле тұра, дұрыс қарым-қатынас жолдарын iздеп, соларды игерiп, бойын соған бейiмдеуге тырысу, өзiнен кiшiге өнеге болу әрбiр кiсiнiң мiндетiне айналуы керек. Ал мұғалiмдер мен тәрбиешiлердiң бұл кәсіптік парызы, этикалық нормасы деп есептейміз.

Бiрақ мектеп оқушысының денсаулығының ақауларының мұғалiмнiң деонтологиялық даярлығына тәуелдiлігіне ғылыми, әдістемелік, басшылық тұрғыдан көңiл бөлiнбеуі ағаттық.

Психологиялық комфортты жағдай психологиялық түйіспені (контакт) қамсыздандырады, ал психологиялық түйіспе ұтымды психологиялық ахуалдың (атмосфера) болуына жол ашады. Ұтымды психологиялық ахуал:


  • оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану процестерін арттыруға;

  • оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде тәрбиелеуге;

  • жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын ашуға;

  • танып-білу әрекетін жоғары қанағаттанушылық күйінде өтуге;

  • есте сақтау процесін арттыруға;

  • оқу еңбегін өнімді, сапалы болуына жетелейтін құдыретті фактор болып табылады.

Атап өтілген жағдайлардың салдарынан ұтымды психологиялық ахуал балалардың психикалық дамудағы ауытқудың алдын алып, жүйке ауруларына тосқауыл қою арқылы, денсаулығы мықты, бiлiмi сапалы, адамгершiлiгi мол жас ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.

Ұтымды психологиялық ахуалды мектеп шаңырағына ұялату үшін ұстаздар:


  • «педагогикалық деонтология» курсынан недәуiр дәрiстену;

  • оқу-тәрбиелік әрекетке психологиялық талдау, таразылау, таңдау жасау үшін қажет болатын жалпы мағлұматтар мен дағдыларды игеру;

  • әбігершіліксіз, жан қысылусыз, қорқынышсыз, сыйлы, байыпты, жанға жайлы іскерлікті жағдайда оқыту;

  • психологиялық көрегендікті дамыту;

  • әрбір қадамы, әрбір сөзі, қолданған тәсілі оның еркіне тәуелсіз белгілі бір психологиялық мәнге толы және оқушылардың жүрегінде, жан дүниесінде соған сәйкес психологиялық резонанс тудыратының ескеру;

  • оқушы қылығының динамикасын болжай біліп, жағымды жаққа өзгерте отырып, жағымсыз себептер мен әрекеттерден сақтап қалуға жағдай жасау шеберлігін меңгеру;

  • кәсіптік көңiл-күйiнiң көрiнiсiне жауапты болу;

  • сабақта жалпыға бірдей өзара сыйластық, көңіл қанағаттанарлық жағдай жасау;

  • оқушылардың психологиялық жағдайларын қажетті күйге келтіру;

  • білімді белсенді қабылдауға бағытталған белгілі сезімділік қатынас туғызуды міндеттеніп, сол бағытта өзін-өзі жетілдіру қажет.

Бұл мектепте дамыта оқыту идеясына, ұлттық тәрбие өнегесіне сүйене оқушының өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтерiлуi көзделiп, дені сау, интеллектуалды, дүниетанымы терең, адами қалыптасқан, ұлтының ұлылығын танып, құдiретiн сезiнiп, сыйлайтын тұлға болуының алғышартының бірі болып, ұстаздың деонтологиялық даярлығы айқындалды.

Сонымен жанѓа жайлы жаѓдай – дамытушы ќарым-ќатынастыњ алѓышарты.

Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрi тез толғанып, қайта талпынуға ұмтылдыру керек. Әдiл қойылған баға оқушы мен мұғалiм арасында адамгершiлiк қарым-қатынас орнықтырады.

Оқушы жанына зиян келтірмей қарым-қатынас жасау, оңтайлы әсер ету үшін мұғалім осындай мәліметтерді естен шығармауы қажет.

Сонымен педагогикалық деонтология талаптары бойынша оқушының денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер етіп, табиғатына үйлесімді жан-жақты дамуына жәрдемдесу үшін мұғалім білімді белсенді қабылдауға бағытталған белгілі сезімділік қатынас туғызуды міндеттеніп, сол бағытта өзін-өзі жетілдіруі қажет. Мұның бәрі оның деонтологиялық даярлығына саяды.

Сондықтан психологиялық тұрғыдан қамсыздандырылған мектептің, балабақшаның оқу-тәрбие үдерісіне педагогикалық деонтология ұстанымдарын ендіру - білім беру саласындағы ең елеулі бағыт. Осыған орай педагогикалық ғылымның қарқынды дамуына, әлеуметтік ортаның білім беру қызметіне сұраныс талаптарының жоғарылауына байланысты білім беру саласындағы заңдылықтарға негізделетін, ресми нұсқаулар мен басқа да нормативті құжаттарға сәйкестендірілген Денсаулық кодексі мен педагогикалық кодекстің қажет екені – заман талабы.

Осы мәселелерді шешу мақсатында «Сабақта психологиялық комфорт қалыптастыру» атты арнайы курс ұсынылады, ол екінші курс студенттеріне сабақта психологиялық комфорт қалыптастырудың әртүрлі әдістерімен танысу мақсатында педагогикалық тәжірибеге шығар алдында жүргізілгені жөн.

Әрбір сабаққа бөлінген сағат саны арнайы курстың тақырыптық жоспарында көрсетілген (5 - кесте).


5- кесте «Сабақта психологиялық комфорт қалыптастыру» арнайы курсының тақырыптық жоспары


рс/с


Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәж. сабақ

СӨЖ

11

Оқушылардың денсаулығы мен жан саулығының сабақтағы психологиялық ахуалға тәуелділігі

4

4

8

22

Сабақтағы психологиялық комфорт ұғымы, мән-мағынасы

3

3

8

33

Сабақты психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің әдістемесі

8

8

14

Барлығы:

15

15

30

1- тақырып: Оқушылардың денсаулығы мен жан саулығының сабақтағы психологиялық ахуалға тәуелділігі

Бүгінгі күндегі оқушылардың денсаулық күйі. Денсаулықтың психопедагогикасы. Оқушылардың психикалық дамуы мен мектептегі білім беру процесінің ара қатынасы. Ұстаздың оқушылар денсаулығы мен жан саулығына әсері.

2 – тақырып: Сабақтағы психологиялық комфорт ұғымы, мән-мағынасы

Психологиялық ахуал, психологиялық комфорт және психологиялық түйіспе түсініктерінің мағынасы, олардың бір-бірімен байланысы. Сабақтағы дискомфорттың себептері мен салдарлары.

3 – тақырып: Сабақты психологиялық қамтамасыз етудің әдістемесі.

Пәндердi оқыту барысында оқушы сезiмiн әсерлi бағыттау әдiстемесi, оның түсiнiгі, iске асыратын әдiс-тәсiлдер жиынтығы. Сабақтарда релаксация сәттерін ұйымдастырудың амалдары. Сабақтарда әзiл-оспақ материалды үйлесiмдi қолдану. Тіл ұстарта оқыту әдiстемесi. Білімділіке дағдыландырудың дәстүрден тыс әдiс-тәсiлдерi. Оқуға ынталандыратын амалдар жүйесі.

Арнайы курстарды жүргізумен қатар, педагогикалық деонтологияға сәйкес тәрбиелік амалдарды барлық пәндерді оқыту үдерісіне ендіру қажет. Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығының жетілуіне қажетті белгілі бір іскерлік пен қабілеттерді қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі білім орындарының үздік тәрбиешілері және жоғары дәрежелі мектеп мұғалімдерінің ашық сабақтарына барып, талдап машықтандырудың мәні өте зор. Педагогикалық практика кезінде студенттерге кәсіби парыздылығына қатысты арнайы тапсырмалар жинағын беру оларды деонтологиялық талаптардың қолданыс аясын айқындауға жетелейді. Мысалы, сабақтардың әртүрлі кезеңдерінде (жаңа тақырып талдау, пысықтау, өзіндік жұмыс жасау, бақылау т.б.) педагогикалық деонтология ұстанымдарына сәйкестендірудің мысалдарын жинақтау; практика соңында сабақта психологиялық комфорт жасау және ондағы педагогикалық деонтологияның мәні туралы өзіндік есеп, баяндама, реферат, мақала жазу т.с.с..

Сонымен қатар студенттердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісіне сәйкес кәсіби ойлауын дамыту мақсатында педагогикалық деонтология мәселелері бойынша жүйелі ғылыми-зерттеулер ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу қызметіне, студенттердің өзіндік жұмыстарына арнайы тақырыптамалар ұсыну, біртіндеп болашақ ұстаздарды мемлекет және халық алдында ант қабылдауға дайындау.

Қорыта келе, болашақ маманның деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға жоғарыда ұсынылатын әдістеме сендіру, жұқтыру және еліктету арқылы іске асатын тәрбиелік әсер ету жолдарына негізделеді.



Жұқтыру – эмоционалдық әдіс. «Бойда не бар, соны басқаға жұқтыруға болады, өзіңде жоқты қалай жұқтырасың» демекші жұқтыру үшін оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамының бойында талапқа сай қабілет-қасиеттер болу керек.

Еліктету - шексіз сенімге тәуелді. Егер сенім болса, адам болып жатқан іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа, жүріс-тұрысқа еліктейді. Сондықтан барлық көзге түсер әрекеттерді (қоршаған ортадағы адамдардың тәлім-тәрбиелік қимылдары, қарым-қатынастық үлгілері, мінез-құлық көрсеткіштері, дағды-ғадеттері, т.с.с.) мақсатқа сәйкестендіруді ойластырып, іске асыру, арнайы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру, т.с.с..

Сендіру – бұл ақпараттық әсер ету әдісі, онда дәріс оқу, ақыл айту, әңгімелесу, бағалау, т.с.с. әрекеттердің мазмұндық сипатының ролі басым. Сендіру бәрінен бұрын адамның ақыл-ойына әсер етіп, ой-өрісін белсендіреді. Сонымен қатар ол дәлелденген жағдайларды қабылдауға жәрдемдес ойларды тудырады, сезімдерді де қозғайды. Сендіру әсерін асыру үшін қажетті талаптар тізімін төмендегідей үш бапқа топтауға болады:

  • басқаны сендіру үшін өзі соған сенімді болуы қажет;

  • сендіру ақпаратының мазмұны әртүрлі ой-түйіндерді оятатындай толыққанды болу керек;

  • сендірушінің тілі бай, түсінікті, заманауи, өркендетуші, өркениетті, әсерлі, сәйкесті пантомимикалы болуы керек.

Қорыта келе, педагогикалық деонтология ұстанымдарына орай:

  • жоғары және орта педагогикалық маман дайындайтын оқу орындарына талапкерлерді жүйке жүйесінің, адамгершілікті қасиеттерінің, ынта-ықыласының осы кәсіпке бейімділігіне қарай қабылдау;

  • Мұғалімдік, тәрбиешілік қызметке қабылдау тәртібінде талапкердің деонтологиялық сипатын ескеру;

  • Педагогикалық деонтология қағидаларын мектеп мұғалімінің іс-тәжірибесінен орын алу мәселелерін шешу;

  • Жоғары және орта педагогикалық маман дайындайтын оқу орындарының сәйкес кафедраларында педагогикалық деонтология іліміне басты мәселе ретінде көңіл бөлініп, барлық оқу пәндерінің теориялық, зертханалық, тәжірибелік курстарын тиісті дәрежеге жеткізу;

  • Педагогикалық деонтологияға арналған дәрістер жинағын қалыптастыру, басып шығару, кең қолдануға тарату;

  • Педагогикалық деонтология мәселелерін жүйелі ғылыми зерттелуін ұйымдастыру педагогикалық маман дайындайтын жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің күн тәртібінен орнықты орынға ие болатын мәселесіне айналдыру;

  • Педагогикалық деонтология және оны оқу орындарының тәжірибесіне ендіру мәселесі бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік (халықаралық, республикалық, аумақтық, университеттік, облыстық, қалалық, т.б.) конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлап, жүзеге асыру.

Қазіргі жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында, осы кєсіптік парыздылық мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбейді. Әйтеуір «деонтологиялық талап» демесе де, «міндет» деп кейбір жалпы ұстанымдары кездейсоқ айтылып жатады (Әдепті бол! Жақсылық істей біл! Жауапкершілікпен жұмыс істе! т.с.с), бірақ ешќандай жүйелі әрекет туралы түсінік әлі қалыптаспаған. Бұл жағдайды жµнге салу үшін «адам-адам» жүйесіне мамандарды дайындайтын, соның ішінде әсіресе бала тәрбиесіне қатысты оқу орындарында деонтологиялық дайындықты студенттіњ оқу орнына түскен күнінен бастап оны аяќтаѓанша тасада қалдырмай атқару бүкіл профессорлық-педагогикалық ұжымына жүктелуі керек.

Мұнда деонтологиялық тәрбиенің барлық оқу-тәрбие жұмыстарында көрініс табуы талап етіледі, мысалы, студенттерді практикалық сабақта, педагогикалық практика кездерінде деонтологиялық мәселелерді шешуге тарту, жаттықтыру; барлық пәндерді оқыту барысында кәсіптік этика, деонтологияѓа көңіл бөлу; профессор-оқытушылар ұжымында, олардың студенттермен қарым-қатынастарында зертханаларда, кафедраларда этика-деонтологияға сәйкес үлгiлi ахуал тудыру; студенттердің бастауыш ұжымын бір мақсатқа, бірыңғай ұжымдық пікірге жұмылдыруын, ұйымшыл және тату болуын, қоғамға пайдалы жұмысқа белсене қатысуын қадағалау негізінде деонтологиялық тәрбие беру; студенттердің өз міндеттерін біліп, оларды мүлтіксіз орындауын талап ету; т.б.

Студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын тәрбиелеуді көздейді, іске асырады.

Болашақ маманның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үшін, біріншіден, жоғары оқу орнының барлық тәрбиелік жағдайы және профессор-оқытушы құрамының сипаты аталмыш сапаға сәйкес болуы тиіс; екіншіден, әрбір пәнді оқыту тәртібі төмендегідей мақсаттарға негізделуі қажет:



  • теориялық материалды мазмұндауда ғылым мен білімдендірудің диалектикасының себеп-салдарлық байланыстарын аша отырып, алынған білімнің даму өрісін, әрекет өнімдерін жетілдіруге қажетті жаңашыл көзқарастарды игеруге жағдай жасау;

  • студенттің кәсіптік құзыреттілігін арттырумен қатар тәрбиелік әлеуетін шыңдау және деонтологиялық санасын қалыптастыру;

  • теориялық білім ғылыми ізденіс және ұтымды кәсіптік әрекетке жетелейтін ақпарат ретінде ұсынылуы керек, яғни оқытылатын ғылым саласы кәсіби міндет мазмұны мен талаптарын толық қамтуы шарт;

  • білім беру мазмұнының деонтологиялық құрастырушы бөлігін күшейту;

  • маманның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үшін білімдендіру үдерісін технологиялық тұрғыдан қамсыздандыру;

  • деонтологиялық сана тәрбиесіне сәйкес келетін білім беру ортасын құру.

Бұл әрекеттер студенттердің мамандығының болашағын болжап, бойында соған қатысты қажеттіліктерді болдырудың қамын білім беру кеңістігінде қамтуға жетелейді. Сонда олар жүйелі түрде өзін-өзі тануға, рефлексияны қолданып, кәсіби дамуға ынталанады және болашақ қызметіне сәйкес өзінің жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білімденуге белсенді қатысады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Сұрақтар

  1. «Қалыптастыру», «Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру» ұғымдарын ашып беріңіз.

  2. Болашақ ұстаздың деонтологиялық дярлығын қалыптастыруды қандай әдістермен жүргізуге болады? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.

  3. Педагогикалық мамандық студенттерінің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру қандай ұстанымдарға негізделеді?

  4. Педагогикалық мамандық студенттерінің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздерін түсіндіріңіз.

  5. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру әдістеріне сипаттама беріңіз.

  6. Деонтологиялық даярлықты қалыптастыру үдерісінің түрлеріне сипаттама беріңіз.

  7. Педагогикалық деонтологияның алғышарттары қандай? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.

  8. Болашақ ұстаздың міндеттерін атаңыз.

  9. Болашақта қызмет ететін педагогикалық ұжым мүшелерінің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үшін қандай іс-шаралар жасау қажет?

  10. Оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты тәрбиеленушінің жан саулығы мен адамдық бақыты деп айтуға болады ма? Неліктен?



Тапсырмалар

1 Диагностикалық бөлімде көрсетілген тестілік әдістер арқылы өзіңіздің деонтологиялық даярлығыңыздың қалыптасу деңгейін анықтаңыз. Коррекциялық бағдарламаңызды жасаңыз.


2 Әртүрлі ақпараттық көздерден (әдебиет, оқулықтар, ғылыми-көпшілік әдебиет, мерзімдік басылым және т.б.) педагогикалық түйіспенің 7-10 жағдаятын тауып жазыңыз. Осы педагогикалық жағдаяттарды шешудің үш әдісін табыңыз. Өзіңіз осы жағдаяттарға ұшырасаңыз, не істер едіңіз? Мұнда ұстаздың бақылаушылық, зеректілік, эмпатиялық қабілеттерінің мәні қандай?
3 П.П. Блонскийдің: «Мұғалім – адам бол» деп айтқан қанатты сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
4 Мұғалімдерге сабақ сапалы болу үшін әдістер мен тәсілдерді білу жеткілікті емес, позитивті эмоционалды жағдай құра білу керек. Сондықтан сыныппен психологиялық түйіспе қалыптастыру маңызды. Ол үшін психологтардың ұсынған бірнеше кеңес-ережелері бар. Олармен толық келісесіздер ме? Соларға алып-қосарыңыз бар ма?

Өздеріңе педагогикалық қызметте қажет болатын ережелерді жазып алыңдар.

Атап айтсақ:

- Баланың бар болмысын сіздің ойдағыдай адамгершілік, мәдениет үлгісіне келмесе де табиғатының ерекшелігі ретінде қабылдау;

- Балаларға жауабын білетін (немесе білемін деп ойлайтын) сұрақтарды қоймау. Шындықты олармен бірге іздеу. Кейбір кезде шешімі белгілі мәселелер жағдайын қолдануға болады, бірақ нәтижесінде балалармен бірге білмегендей шешімін табуға талпыну. Олармен бірге шығармашылық және ашқан жаңалық үшін қуанышты сезіну.

- Ештеңені жайдан-жай істемеу. Оқушылардың арасында сіз кез-келген уақытта мұғалімсіз. Қандай жағдай болса да, оның педагогикалық мәні бар. Тапсырмаларға жауап табу үшін сәйкесі жағдаят болдыру немесе пайда болғанды ұтымды қолдану керек. Білім алу жағдаятына қатысқан оқушы нәтижесінде жеке тұлғалық білімді және тәжірибені алып, өзінің жеке қорытындысын тудыра біледі. Сондықтан құр сөзбен түсіндіре бергеннен көрі мұндай әрекеттің мәні артық. Бірақ оқушыға ойлау нәтижелерін сезініп, топшылауға, бағалап, қорытынды шығаруға міндетті түрде көмектесу керек.

- Тапсырма орындауға оқушыға уақытты молынан беріп, асықтырмау. Балалардың екісінің бірі әртүрлі себептермен ересектердің уақыттық талаптарына ере алмайды және әрбір оныншы бала басқаларға қарағанда баяу болып келеді. Мұның психологиялық түсіндірмесі бар.

- Жамандықты жобаламау «Екі аласың, ендігі сыныпқа көшпейсің, «БҰТ тапсыра алмайсың», «Ата-аналарыңды шақырамын» т.с.с. Мұндай әрекеттердің кері әсерлерінен балаға арылу қиын болады. Ондай қарым-қатынас үлгісі балалардың бойында қорқыныш, тәртіпсіздік, аурушаңдық, үлгермеушілік тағы сондай келеңсіз жағдайлар тудыруы мүмкін.

- Жақсылыққа жору, сендіру. Қандай жағдай болса да - балалар жақсы. Сондықтан әр күнді (сабақты) қуанышпен бастап, татулықпен аяқта.


  • Сенімді болу. Сенімсіздік – қауіпті.

  • Ызыңдап сөйлей бермеу. Балаға кейбір уақыттарда өз еркіндігін қолдануға уақыт беру. Онсыз жаны тұншығады.

- Бала құпиясын қадірлеу. Хал-жағдайы, өзіндік бағасы, құрбыларымен қарым-қатынасы туралы сұрақтарды орынсыз, кездейсоқ қоя бермеу.

  • Хал-жағдайын, көңіл-күйін ескерусіз қалдырмау.

  • Мадақтауға, мақтауға сараң болмау.

  • «Сенің ойыңды талқылауға уақытымыз жоқ» деп оқушыға ешқашан айтпау.

  • Қажетсіз ескертулерден сақтану.

5 Зерттеген тақырыпқа компьютерлік презентация жасаңыздар.


6 Зерттеу тақырыбы бойынша осы баптың мазмұнына енбеген мәселелерді түзіңіздер.
7 Параграф мазмұнына нұсқан келтірмей, мәтінін қысқартыңдар.


  1. Әйгілі ғалымдардың, ұлы ойшылдардың және ұстаздардың «Деонтологиялық даярлығы бар ұстаз болғысы келген студенттерге кеңес» тақырыбына айтылған нақыл сөздерін келтіріңдер.





Ұстаздың еңбек жолы өте күрделі,

сондықтан оны алдын ала болжап,

боларын білудің қажеттілігі күмән

тудырмайды. Ең бастысы – ұрпақ

тәрбиелеп, оқыту үшін адамның

өзі қандай болу керектігін ұғыну

керек.


Е.В. Селезнева

Диагностикалық материал
Ұстаздың деонтологиялық даярлығы оның кәсібіне лайықты санасының және осының негізінде біртіндеп тиісті сенімге ауысатын сана-сезімінің қалыптасуымен байланысты. Бұл оларға өз біліктіліктерін жетілдіруде және жұмыс сапасын арттыруда көп мүмкіндіктерге жол ашады, себебі сана-сезімнің реттеушілік ролі тұлғаның кәсіби талаптар мен өзін-өзі тану негізінде кәсіби саладағы өзінің әрекеттерін өз күшімен реттеуіне жағдай жасайды. Бұл жағдайда мұғалімнің кәсіби мінездемесінің диагностикасы жақсы көмекші болып табылады.

Мұғалімнің өзінің кәсіби мүмкіндіктерін дұрыс анықтай алуы оның өзінің педагогикалық әрекеттерін дұрыс бағыттай білуіне жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде мұғалімнің оқу-тәрбие ісіне қатысты туындайтын түрлі мәселелерді шешуінде жоғары жетістіктерге жетуіне әсерін тигізеді. Себебі мұғалім оқушылардың бойында білім жүйесін ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен бірге олардың құндылық бейімділіктерін және тұлғаға тән қасиеттерін де қалыптастырады. Міне диагностиканың қажеттілігі осында.

1 Кәсіби дайындықты анықтауға арналған сауалдама

(авторы Л.Н. Кабардова)

Сауалдаманы жеке адаммен де, топпен де жүргізуге болады.

Нұсқау: сұрақтарды мұқият оқыңыз. Оларды балмен бағалап, әрқайсына үш жауаптан беруіңіз қажет. Бланкіде сұрақтардың нөмірлері цифрлармен, ал үш жауаптың бағандары әріптермен белгіленген. Жауап жауап бланкісінің тиісті бағанына жазылады.

Алдымен сіз өзіңіздің сұрақта жазылғанды қаншалықты жақсы орындайтыныңызды бағалайсыз («а» бағаны):

- әдетте жақсы орындаймын – 2 балл;

- орташа орындаймын – 1 балл;

- нашар орындаймын, мүлдем қолымнан келмейді, ешқашан орындап көргенім жоқ – 0 балл.

Енді сіз бұны орындағанда өзіңіздің бойыңызда пайда болатын сезімдерді бағалайсыз ( «б» бағаны):

- жағымды (қызықты, жеңіл) – 2 балл;

- бейтарап (бәрібір) – 1 балл;

- жағымсыз (қызықты емес, қиын) – 0 балл.

Үшінші жауап сұрақта сипатталған әрекеттің сіздің жұмысыңызда болғанын қалайтын, қаламайтыныңызды көрсетуіңіз қажет («в» бағаны):

- иә – 2 балл;

- бәрібір– 1 балл;

- жоқ – 0 балл.

Сұрақты оқығанда міндетті түрде «жиі», «жеңіл», «үнемі» т.с.с. сияқты сөздерге назар аударыңыз. Сіздің жауабыңыз осы сөздердің мағынасын ескере отырып берілуі қажет.



Сауалдаманың мәтіні

  1. Түрлі мәтіндерден үзінді көшірмелер, кесінділер жасап, оларды қандай да бір белгілеріне қарап топтастыру.

  2. Физикадан лабораториялық жұмыстарда практикалық тапсырмалар орындау (сұлбаларды құрастыру, жинау, олардағы қателерді түзеу, құралдың жұмыс істеу қағидасын қарастыру т.б.).

  3. Өсімдіктің өсуі мен дамуына қажет барлық жұмыстарды өз күшімен шыдамдылықпен ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) орындау (суару, тыңайту, қайта отырғызу т.б.).

  4. Көпшілікке танымалы болатын, назар аударуға тұрарлық өлеңдер, әңгімелер, жазбалар, шығармалар жазу.

  5. Айналадағыларға ренішті, ашуды, нашар көңіл күйді сездірмей, ұстамдылық таныту.

  6. Мәтіндегі негізгі ойдың айтылатын жерлерін белгілеп, олардың негізінде қысқаша конспекті, жоспар, жаңа мәтін құрастыру.

  7. Физикалық үдерістер мен заңдылықтарды үйреніп, физика бойынша есептер шығару.

  8. Өсіп келе жатқан өсімдікті үнемі бақылап, бақылаудың нәтижелерін арнайы күнделікке жазу.

  9. Өз қолыммен ағаштан, матадан, металдан, кептірілген өсімдіктен, жіптерден әдемі заттар жасау.

  10. Біреуге шыдамдылықпен, ашуланбай қажет болса бірнеше рет сұрақтарына жауап беру.

  11. Тіл мен әдебиет бойынша жазбаша жұмыстардың қателерін қиындықсыз табу.

  12. Химиялық үдерістерді, химиялық элементтердің қасиеттерін оқып білу, химиялық есептерді шығару.

  13. Көптеген өсімдіктердің түрлерінің өсу өзгешеліктері мен сыртқы ерекшеліктерін білу.

  14. Аяқталған живописьтік, графикалық туындылар, мүсіндер жасау.

  15. Көптеген адамдармен шаршамай жиі және көп араласу.

  16. Шет тілі сабақтарында сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қою, берілген тақырып бойынша мәтіндер мен құрастырылған әңгімелердің мазмұнын айту.

  17. Қандай да бір механизмдерді жасау (велосипед, мотоцикл), электротехникалық аспаптарды жөндеу (шаңсорғыш, үтік, шырақ).

  18. Өзімнің бос уақытымды қандай да бір жануарларды бақылаумен және күтумен өткізу.

  19. Басқаларға ұнайтындай музыка, өлеңдер жазу.

  20. Басқа адамдарды мұқият, шыдаммен, сөздерін бөлмей тыңдау.

  21. Шет тілі бойынша тапсырмаларды орындағанда мәтіндермен көп қиналмай жұмыс істеу.

  22. Электрондық аппаратураларды іске қосу, жөндеу (қабылдағыш, магнитофон, телевизор, дискотекаға арналған аппаратура).

  23. Үнемі, басқалардың еске салуынсыз жануарларды күтуге байланысты жұмыстарды атқару: тамақ беру, тазалау (жануарларды, олардың торларын), емдеу, үйрету.

  24. Көпшілікке арнап рөлдерде ойнау, біреулерді бейнелеу, өлеңдер мен прозалық шығармаларды мәнерлеп оқу.

  25. Жас балаларды қызықты істерге тарту, ойнату, оларға түрлі әңгімелер айту.

  26. Математика, химия бойынша логикалық байланыс құрып, түрлі заңдарды, формулалар мен теоремаларды пайдалана отырылып есептер шығару.

  27. Құлыптарды, крандарды, жиһаздарды, ойыншықтарды жөндеу.

  28. Жануарлардың түрлері мен тұқымдарын айыру, олардың ерекшеліктері мен дағдыларын білу.

  29. Жазушының, драматургтің, суретшінің дарындылықпен жазған шығармасын да, сәтсіз жасалған дүниесін де анық танып, бұны жазбаша және ауызша негіздеп дәлелдей білу.

  30. Адамдарды қандай да бір іске, шараға ұйымдастыру.

  31. Математиканың формулаларын, заңдарын жақсы білуді және оларды есеп шығаруда дұрыс пайдалануды қажет ететін математикалық есептерді шығару.

  32. Қозғалыс үйлесімділігі мен қолдың ептілігін қажет ететін әрекеттер орындау: станокта, электрлік тігін машинасында жұмыс істеу, ұсақ бөлшектерден жасалған бұйымдарды жинау.

  33. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сыртқы түрі мен мінез-құлықтарындағы аздаған өзгерістердің өзін бірден байқау.

  34. Музыкалық аспаптарда ойнау, көпшіліктің алдында ән айту, би билеу.

  35. Көптеген адамдармен байланысуды қажет ететін жұмыстарды орындау.

  36. Мәліметтерді есепке алу, санау, осының негізінде түрлі заңдылықтарды, салдарларды табу.

  37. Белгілі бір бұйымдарды жинауға арналған қалыпты бөлшектерден жаңа, өзгеше бұйымдар ойлап табу.

  38. Биологияны, анатомияны, ботаниканы, зоологияны арнайы түрде тереңдеп оқу: ғылыми әдебиеттерді оқу, дәрістер, ғылыми баяндамалар тыңдау.

  39. Қағаз бетінде және түпнұсқада киімдердің, шаш қоюдың, әшекейлердің, үй-жайлардың интерьерлерінің жаңа, қызықты үлгілерін жасау.

  40. Адамдарға ықпал ету: сендіру, жанжалдардың алдын алу, келіспеушіліктерді бітістіру, дауларды шешу.

  41. Шартты-белгілік ақпаратпен жұмыс істеу: карталар, сұлбалар, сызбалар құрастыру.

  42. Заттар мен пішіндердің орналасуын ойша елестетуді қажет ететін тапсырмаларды орындау.

  43. Биологиялық үйірмелерде, биостанцияларда, зоологиялық үйірмелерде ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарымен айналысу.

  44. Қалыпты заттың, құбылыстың бойынан ерекшелікті, таң қаларлықты, әсемдікті басқалардан бұрын және жиі байқау.

  45. Адамдардың қайғысын бөлісу (тіпті соншалықты жақын адам болмаса да), олардың басындағы түрлі мәселелеріне түсіністікпен қарап, оларға көмек қолын созу.

  46. Қағаз жұмыстарын мұқият және қатесіз орындау: жазу, көшіру, тексеру, есептеу.

  47. Есепті шығарудың ең оңтайлы жолын (қарапайым, қысқа) таңдау: технологиялық, логикалық, математикалық.

  48. Жануарлармен немесе өсімдіктермен жұмыс істегенде қол еңбегін, ауа райының қолайсыздықтарын, былғанышты, жануарларға тән иістерді қиналмай көтеру.

  49. Жасалатын немесе орындалатын туындыны шыдамдылықпен, табандылықпен жетілдіру (шығармашылықтың кез-келген саласында).

  50. Бірдеңені айту, хабарлау, өз ойын дауыстап жеткізу.

Жауаптар парағы

Кәсіби сала

А - Б

А-Т

А-Таб

А- Ш

А- А



а

б

в



а

б

в



а

б

в



а

б

в



а

б

в

1










2










3










4










5

 

 

 

6










7










8










9










10

 

 

 

11










12










13










14










15

 

 

 

16










17










18










19










20

 

 

 

21










22










23










24










25

 

 

 

26










27










28










29










30

 

 

 

31










32










33










34










35

 

 

 

36










37










38










39










40

 

 

 

41










42










43










44










45

 

 

 

46










47










48










49










50









А-Б – адам – белгі

А-Т – адам – техника

А-Таб – адам – табиғат

А-Х – адам – шығармашылық бейне

А-А – адам - адам



Нәтижелерді өңдеу.

Жауаптар парағындағы әрбір қатар қандай да бір кәсіби салаға келеді. Әріптермен белгіленген қатар әрбір сұрақтың үш жауабын бейнелейді:

- а – өзінің икемділіктерінің бағасы;

- б – өзінің эмоционалдық қатынасының бағасы;

- в – өзінің кәсіби талап-тілектерінің бағасы.
Нәтижелерді өңдеуге кіріскенде, алдымен жауаптардың бланкісін мұқият қарап, жауаптарда «икемділік» деген бағанда «0» деген баға қойылған сұрақтардың нөмірлерін белгілеу қажет. Бұл сұрақтарды өңдеуден толық алып тастау керек. Мысал ретінде бағалардың «0-12-11» сәйкестігін алуға болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші бағалар да тиісті шкала бойынша балдарды санағанда алынып тасталады (эмоционалдық қатынас және кәсіби жағдай). Олар әрбір салаға сапалық талдау жасағанда ғана есепке алынады.

Бұдан әрі әрбір кәсіби саладағы балдардың саны «икемділік», қатынас», «кәсіби жағдай» шкалалары бойынша саналады. Әрбір кәсіби саладағы да, әрбір сұрақ бойынша да (қызмет түрлері бойынша) осы шкалалардағы бағалардың сәйкестігіне мән беріледі.

Таңдалатын кәсіби салала (немесе бірнеше сала) түрлі кәсіби салалардағы «кәсіби таңдау» шкаласы бойынша жиналған балдардың сандарын салыстыру негізінде анықталады.

Жиналған балдардың саны ең көп болған кәсіби салаларға назар аударылады. Осыдан кейін әрбір салада үш шкала бойынша жиналған балдар өзара салыстырылады. Үшінші және төртінші шкалалар бойынша жиналған бағалар саны сынақтан өтушінің шын мәніндегі икемділігін көрсететін бірінші шкала бойынша жиналған бағалар санымен сәйкес келгені қолданады. Мысалы, бағалардың «10-12-11» сияқты сәйкестігі «3-8-12» сияқты сәйкестікке қарағанда дұрысырақ. Себебі бірінші жағдайда сынақтан өтушінің таңдауы оның бойындағы икемділіктермен негізделген болады.

Бұдан әрі жауаптары балл түрінде «2-2-2», сондай-ақ «2-2-1», «1-2-2» болып бағаланған жекелеген сұрақтар талданады. Бұл біріншіден, кәсіби саланы нақты мамандыққа дейін жеткізу үшін қажет. Мысалы, «адам – белгі» саласындағы жұмыс әріптермен, сөздермен, мәтіндермен жүзеге асырылуы мүмкін (филолог, тарихшы, редактор т.б.); шет тіліндегі белгілермен, мәтіндермен байланыстылары (техникалық аудармашы, аудармашы-гид); математикалық белгілермен байланысты (бағдарламашы, математик, экономист т.б.). Екіншіден, бұл бір саланың шегінен түрлі салалардың арасындағы аралық жағдайдағы кәсіптерге шығуға мүмкіндік береді, мысалы, математика мұғалімі («адам – адам» және «адам – белгі» салалары), модельер («адам – шығармашылық бейне» және «адам– техника» салалары).

Сынақтан өтушінің жауаптарының нәтижесі бойынша оның қандай кәсіпке икемі бар екені анықталады.


2 Уәждемелік - қажеттілік ортадағы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тұғырнамасын диагностикалау әдісі

(авторы О.Ф.Потемкина)
Әдіс 80 сұрақтан тұрады: 40 сұрақ «альтруизм – өзімшілдік», «үдеріс – нәтиже» әлеуметтік –психологиялық тұғырнамаларының қаншалықты дәрежеде екенін анықтауға, 40 сұрақ «еркіндік - билік», «еңбек - ақша» әлеуметтік –психологиялық тұғырнамаларының қаншалықты дәрежеде екенін анықтауға бағытталған. Сынақтан өтуші сұраққа жауап берерде, оларға берген жауабына сенімді болса «ия» деп, ал өзіне сенімсіз болса «жоқ» деп жауап беруі тиіс. Әрбір «ия» деп берген жауабы үшін 1 балл беріледі, ал керісінше болған жағдайда - 0 балл болады.

Үдеріске бағытталған адамдар алдымен нәтижеге қол жеткізуді ойламайды, олар көбіне жұмысты тапсыруда кешігіп жүреді, олардың ойының үдеріске бағытталуы нәтиже алуға бөгет болады; олардың бойында іске деген қызығушылық басым болады, ал нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс істеу қажет, оны бұл адамдар соншалықты жаратпайды.

Нәтижеге бағытталған адамдар өзіне сенімді адамдар болып табылады. Олар өз әрекеттерінде қандайда болмасын бөгеттерге, сәтсіздіктерге, қарбаласқа қарамастан нәтижеге қол жеткізе алады.

Альтруистік құндылықтарға бағытталған адамдар, өздеріне пайдасы болмаса да, құрметке ие болуға тұрарлық әрекеттер жасайды. Альтруизм ересек адамда болатын аса құнды қоғамдық уәж.

Бойында өзімшілдік қасиеті шектен тыс болатын адамдар сирек кездеседі. Ал «орынды шамада» болатын адам бойындағы өзімшілдік қасиеті адамға зиянын тигізбейді. Тіпті оның болмауы керісінше зиянды деуге болады. Бұл әсіресе «зиялы кәсіптің» адамдары арасында жиі кездесетін құбылыс. Еңбекке бағытталған адамдар өздерінің барлық уақыттарын еңбектің бір түрімен айналысуға пайдаланады. Олар еңбек еткеннен ғана қанағат алады. Ақшаға бағытталған адамдарда өздерінің дәулетін арттыру басты құндылық болып табылады.

Еркіндікке бағытталған адамдар үшін басты құндылық – еркіндік. Еркіндікке бағытталу еңбекке бағытталумен бірлесе жүреді, «еркіндік» пен «ақшаның» бірлесе болуы сирек кездеседі.



Билікке бағытталған адамдардың бойында басқа адамдарға, қоғамға ықпалын жүргізу басты құндылық болып табылады. Әдістерді пайдаланудың нәтижесі негізінде сынақтан өтушілердің бірнеше тобын анықтауға болады:

  1. Бағыттары үйлесімді жоғары уәжді сынақтан өтушілер тобы. Олардың бойларында барлық

  2. бағыттар анық және тең дәрежеде байқалады.

  3. Бойларында бағыттардың барлығы тым әлсіз байқалатын, уәждері төмен болып табылатын сынақтан өтушілердің тобы.

  4. Бойларында кейбір бағыттар күшті байқалса, кейбір бағыттар әлсіз байқалатын, тіпті болмайтын, бағыттарында үйлесімділігі жоқ сынақтан өтушілер тобы.

Тестке нұсқау: сұрақ сіздің мінез-құлықыңызды анық сипаттайтын болса «ия» деп жауап беріңіз, ал сіздің мінез-құлықыңыз сұрақта айтылғандармен сәйкес болмаса «жоқ» деп жауап беріңіз.
Тестілік материал
1-нұсқа («альтруизм – өзімшілдік», «үдеріс – нәтижеге» бағытталған әлеуметтік – психологиялық тұғырнамалардың қаншалықты дәрежеде екенін анықтау)

  1. Сізді атқарылатын жұмыстың аяқталу кезеңінен гөрі, жұмыс үдерісі көп қызықтыра ма?

  2. Мақсатқа жету үшін бар күшіңізді аямай саласыз ба?

  3. Сізге басқалар өзіңізден гөрі өзгені көп ойлайсыз деген пікірді жиі білдіре ме?

  4. Сіз әдетте өзіңізге көп уақыт бөлесіз бе?

  5. Сіздің қызығушылығыңызды тудырмаған, бірақ қалайда атқарылуы қажет істі көп уақыт бойы бастай алмай жүретін жағдай бола ма?

  6. Сіздің бойыңызда қабілеттіліктен гөрі табандылық басым дегенге сенімдісіз бе?

  7. Сіз үшін өзіңізге сұрағаннан гөрі басқа адам үшін өтініш жасаған жеңіл ме?

  8. Сіз адам алдымен өзін, сонан соң басқаларды ойлауы керек деп есептейсіз бе?

  9. Сіздің қандай да бір қызық жұмысты аяқтағанда оның аяқталғанына өкінетін жағдайларыңыз жиі бола ма?

  10. Сізге мейірімді және қайырымды адамдардан гөрі қандай істе болса да нәтижеге қол жеткізе алатын қажырлы адамдар көбірек ұнай ма?

  11. Сізге адамдар қандай да бір өтініш білдірсе, олардың көңілін қалдыру сіз үшін ауыр ма?

  12. Сіз басқа біреу үшін бірдеңе істегеннен гөрі өзіңіз үшін пайдалы істі атқарғанды ұнатасыз ба?

  13. Сіз ұтыс туралы ойлауды қажет етпейтін ойынды ойнағаннан қанағат аласыз ба?

  14. Сіз өзіңіздің өміріңізде сәтсіздіктерден гөрі жетістіктер басым деп санайсыз ба?

  15. Сіз қандай да бір бақытсыздыққа немесе жайсыздыққа ұшыраған адамдарға қол ұшын беретін жағдайлар жиі бола ма?

  16. Сіз біреу үшін жаныңды салу қажет емес дегенге сенімдісіз бе?

  17. Сіз қандай іске болса да жан-тәнімен беріле алатын адамдарды ұнатпайсыз ба?

  18. Сіздің жұмысты уақыттың жетіспеушілігіне, түрлі бөгеттерге, жағдайдың болмауына қарамастан соңына дейін жеткізіп орындайтын жағдайларыңыз жиі бола ма?

  19. Сіздің әдетте өзіңізге көңіл бөлуге уақытыңыз да, күшіңіз де жетпей жата ма?

  20. Сіз үшін біреуге жақсылық жасау қиын ба?

  21. Сіздің бір мезгілде бірнеше жұмыс бастап, олардың бәрін соңына дейін жеткізіп орындайтын жағдайларыңыз жиі бола ма?

  22. Сіз өз бойыңызда өміріңізде жетістіктерге қол жеткізуге қажет күш жеткілікті деп санайсыз ба?

  23. Сіз басқалар үшін жақсылық істерді мейлінше көп жасауға тырысасыз ба?

  24. Сіз басқаға жақсылық істеген адамның өзі зардап шегеді деп санайсыз ба?

  25. Сіз қандай да бір істі өзіңізді де, уақытты да ұмытып беріле атқара аласыз ба?

  26. Сіздің бастаған істі соңына дейін жеткізіп атқаратын жағдайларыңыз жиі бола ма?

  27. Сіз өмірдегі басты құндылық басқалардың мүддесі үшін өмір сүру дегенге сенімдісіз бе?

  28. Сіз өзіңіз туралы өзімшіл деп айта аласыз ба?

  29. Сіздің бастаған ісіңіздің бір бөлігіне көңіл бөліп кетіп, оны соңына дейін жеткізіп орындай алмайтын жағдайларыңыз бола ма?

  30. Сіз бойында іскерлік қасиеті жоқ адамдардан алшақ жүруге тырысасыз ба?

  31. Сіздің ерекше қасиетіңіз риясыздық дей аласыз ба?

  32. Сіз бос уақытыңызды өзіңіздің құштарлықтарыңыз үшін пайдаланасыз ба?

  33. Сіз өзіңіздің бос күніңізде немесе демалысыңызда біреуге берген уәдеңізді орындау үшін жұмыс істейтін жағдайларыңыз жиі бола ма?

  34. Сіз өзінің қамын ғана ойлай алмайтын адамдарды сөгесіз бе?

  35. Сіз үшін басқа адамды өзіңіздің мүддеңізге пайдалану туралы шешім қабылдау қиын ба?

  36. Сіз пайдакүнемдік ниетте басқаларға жиі өтініш жасайсыз ба?

  37. Сіз қандай да бір істі атқаруға келісер алдында алдымен оның сіз үшін қаншалықты қызықты болатынын ойлайсыз ба?

  38. Сіздің ерекше қасиетіңіз қандай істе болса да нәтижеге қол жеткізуге тырысу дей аласыз ба?

  39. Сіздің ерекше қасиетіңіз басқаларға көмектесе білу дей аласыз ба?

  40. Сіз жақсы сыйақы үшін ғана жұмысты жаныңызды беріп атқара аласыз ба?


2-нұсқа («еркіндік - билік», «еңбек - ақшаға» бағытталған әлеуметтік –психологиялық тұғырнамаларының қаншалықты дәрежеде екенін анықтау)

  1. Сіз өмірде ең бастысы өз ісінің шебері болу дегенмен келісесіз бе?

  2. Сіз үшін өзіңіздің шешім қабылдай алу мүмкіндігіңіздің болуы маңызды ма?

  3. Сізді таныстарыңыз өктем адам деп санай ма?

  4. Сіз ақша табуды білмейтін адамдар сыйлауға тұрмайтын адамдар деген пікірмен келісесіз бе?

  5. Сіз үшін шығармашылық жұмыс өмірдегі рахат алатын басты дүние болып табыла ма?

  6. Сіз үшін өмірдегі қол жеткізуге тұрарлық басты дүние билік пен ақша емес, еркіндік дей аласыз ба?

  7. Сіз ең басты құндылық адамдарға билік жүргізу дегенмен келісесіз бе?

  8. Сіздің достарыңыз ауқатты адамдар ма?

  9. Сіз айналаңыздағы адамдарды қызықты істермен айналыстыруға тырысасыз ба?

  10. Сіз сырттаң келген талапқа сәйкес болмаса да, өз сеніміңізге берік бола аласыз ба?

  11. Сіз билік үшін басты қасиет оның күшінде деп санайсыз ба?

  12. Сіз ақшаң болса бәрін де сатып алуға болады дегенге сенімдісіз бе?

  13. Сіз достарыңызды іскерлік қасиеттеріне қарап таңдайсыз ба?

  14. Сіз басқалардың алдында міндетті болмауға тырысасыз да, қоршаған ортаның талаптарына қарамастан өзіңіздің пікіріңізде қала аласыз ба?

  15. Сіздің талаптарыңызды біреу орындамаған жағдайда оған қатысты наразылықты сезінесіз бе?

  16. Сіз үшін билік пен еркіндіктен гөрі ақша маңызды ма?

  17. Сіз сүйікті жұмысыңызсыз ішіңіз пысып, зерігесіз бе?

  18. Сіз әркімнің заң аясындағы еркіндігі болуы қажет дегенге сенімдісіз бе?

  19. Сіз адамдарды өз еркіңізге жеңіл бағындыра аласыз ба?

  20. Сіз жоғары зияткерліктен гөрі, жоғары еңбекақы пайдалырақ дегенге келісесіз бе?

  21. Сізді өмірде жұмыстың жақсы нәтижесі ғана қуанта ма?

  22. Сіздің өмірдегі қол жеткізуге тырысатын құндылығыңыз еркіндік пе?

  23. Сіз өзіңіздің бойыңызда үлкен ұжымды басқара алатын қасиетіңіз бар деп ойлайсыз ба?

  24. Сіз үшін табыс өмірдегі қол жеткізуге тырысатын құндылығыңыз болып табыла ма?

  25. Сіз үшін билік пен ақшадан гөрі сүйікті ісіңіз құндырақ па?

  26. Сіз әдетте өз еркіндігіңіз үшін күресіп, жеңіске жетесіз бе?

  27. Сіздің билік етуді, басқаруды аңсайсыз ба?

  28. Сіз ақшаны табудың жолы маңызды емес, бастысы ақша болса болды деген пікірмен келісесіз бе?

  29. Сіз демалыста жүріп те жұмыс істемей жүре алмайсыз ба?

  30. Сіз өз еркіндігіңіз үшін көп нәрсені құрбан етуге дайынсыз ба?

  31. Сіз өзіңізді өз отбасыңыздың қожайыны сезінесіз бе?

  32. Сіз үшін ақшаны шектеп жұмсау қиындық тудыра ма?

  33. Сізді достарыңыз бен таныстарыңыз жақсы маман деп бағалай ма?

  34. Сіз үшін сіздің еркіндігіңізге нұсқан келтіретін адамдар ең жағымсыз сезімдеріңізді тудыратын адамдар болып табыла ма?

  35. Сіз үшін Билік басқа көптеген құндылықтардың орнын толтыра ала ма?

  36. Сіз әдетте қандай да бір дүниеге қажет ақшаны жинай аласыз ба?

  37. Сіз үшін Еңбек басты құндылық па?

  38. Сіз таныс емес адамдардың арасында өзіңізді сенімді және еркін сезіне аласыз ба?

  39. Сіз билікке қол жеткізу үшін еркіндігіңізге нұсқан келтіре аласыз ба?

  40. Сіз үшін ең басты күйзеліс ақшаның жоқтығы ма?

«Альтруизм – өзімшілдік», «үдеріс – нәтиже» тұғырнамаларын анықтаудың әдісінің кілті: мәліметтерді өңдеу хаттаманың көлденең жолдары бойымен жасалады. Бірінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Үдеріске бағытталу», екінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Нәтижеге бағытталу», үшінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Альтруизмге бағытталу», төртінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Өзімшілдікке бағытталу».

«Үдеріске бағытталу»: 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37

«Нәтижеге бағытталу»: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38

«Альтруизмге бағытталу»: 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39

«Өзімшілдікке бағытталу»: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40

«Еркіндік – билік», «еңбек - ақша» тұғырнамаларын анықтаудың әдісінің кілті: мәліметтерді есептеу жоғарыдағы әдісте көрсетілгендей жүргізіледі. Бірінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Еңбекке бағытталу», екінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Еркіндікке бағытталу», үшінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Билікке бағытталу», төртінші жолдың оң жауаптарының жиынтығы «Ақшаға бағытталу».



3Тұлғаның бағыттылығын анықтау әдістемесі.

(авторлары В.Смекал мен М.Кучер)


Чех психологтары В.Смекал мен М.Кучердің әдістемесі Б. Басстың бағдарлау сауалнамасының негізінде оған біршама өзгерістер енгізе отырып жасалған. Смекал-Кучер әдістемесі сынақтан өтушінің жұмысымен байланысты немесе сынақтан өткізуге басқа адамдардың қатысуымен ұсынылатын түрлі жағдайларға қатысты ауызша беретін жауаптарына негізделген.

Әдістеменің белгіленуі – адамның:



  • жеке басының (өзіне);

  • ұжымшылдық (әрекеттесуге);

  • іскери (тапсырмаға) бағыттылықтарын анықтау.

Бағыттылықтың үш түрі де бірінсіз бірі жеке, тәуелсіз өмір сүре алмайды, олар өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан диагностика тұлғаның бір ғана жеке бағыттылығын емес, оның бойында қай бағыттылықтың басым екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Сынақтан өтушіге нұсқау: сауалнаманың әр пунктісіне а, в, с әріптерімен белгіленген үш жауап бере аласыз. Әр пунктінің жауаптарының ішінен сіздің көзқарасыңызды білдіре алатын, сіз үшін ең құндырақ немесе шындыққа жақынырақ болып табылатын жауапты таңдаңыз. Жауабыңыздың әріпін «Жауап парағындағы» «Ең көбі» деген бағанадағы сұрақтың нөміріне қарама-қарсы жазыңыз. Осыдан кейін осы сұрақтың жауаптарының ішінен сіздің оң жауабыңызға сәйкес келмейтін жауапты таңдап алыңыз. Тиісті әріпті «Ең азы» деген бағанадағы сұрақтың нөміріне қарама-қарсы жазыңыз. Әрбір сұрақ үшін екі әріпті ғана пайдаланыңыз. Қалған жауапты ешқайда жазбаңыз. Сұраққа жауап бергенде көп ойланып отырмаңыз, әдетте ойға бірінші келген жауап ең дұрысы болып табылады. Жұмыс барысында әлсін-әлсін өзіңіздің жауаптарыңызды қажет бағандарға дұрыс қойып отырғаныңызды, барлық жерде әріптердің қойылуын тексеріп отырыңыз. Өзіңіздің жауаптарыңыздан қандай да бір қате тапсаңыз, оны сіздің жөндегеніңіз анық көрінетіндей етіп дұрыстаңыз.


Сауалнаманың мәтіні
1 Сізді өміріңізде ең алдымен қанағаттандыратын:

а) жұмысыңыздың бағалануы;

в) жұмыстың жақсы орындалғанын сезіну;

с) өзіңізді достарыңыздың арасында сезіну.

2 Егер мен футбол ойнасам, онда мен:

а) ойынның тактикасын белгілейтін жаттықтырушы;

в) белгілі ойыншы;

с) басқа ойыншылардың таңдауымен болған команда капитаны болар едім.

3 Ең үздік оқытушылар – олар:

а) әркіммен жеке тіл табыса алатын;

в) өз пәніне жан-тәнімен берілген және басқалардың оған деген қызығушылығын тудыратын;

с) ұжымда әркімнің өз пікірін қорықпай айта алатындай жағдай туғызатын адамдар.

4 Оқушылар үшін ең нашар оқытушылар – олар:

а) кейбір адамдардың өздеріне ұнамайтындарын жасырмайтын;

в) ұжым мүшелерінің барлығының бойларында жарыс, бәсеке сезімін тудыратын;

с) өздері оқытатын пән өзін қызықтырмайтындай сезім қалдыратын адамдар.

5 Мен достарым үшін мынандай жағдайларда қуанамын:

а) қажет болғанда басқаларға көмек қолын созғандары үшін;

в) қашанда сенімді де адал болғандары үшін;

с) зиялы, жан-жақты болғандары үшін.

6 Ең жақсы дос, ол:

а) кіммен өзара жақсы қарым-қатынас қалыптасса, сол;

в) кімнің мүмкіндігі менен артық болса, сол;

с) кімге сенім артуға болса, сол.

7 Менің мынандай адам сияқты атақты болғым келер еді;

а) өмірде жетістіктерге жеткен адам;

в) шын сүйе алатын адам;

с) ақжарқын және жайдарылық қасиетімен ерекшеленетін адам.

8 Егер мен таңдайтын мүмкіндігім болса мен:

а) ғылыми қызметкер;

в) бөлім бастығы;

с) тәжірибелі ұшқыш болар едім.

9 Балалық шағымда маған ең қатты ұнайтыны:

а) достарыммен ойнау;

в) істерімде жетістіктерге жету;

с) маған қатысты айтылған мақтаулар болды.

10 Маған ең ұнамайтыны:

а) маған артылған міндеттерді орындауда бөгеттердің кездесуі;

в) ұжымда жолдастық қарым-қатынастың нашарлауы;

с) мені бастығымның сынағаны.

11 Мектептің негізгі ролі:

а) оқушыларды мамандықтар бойынша жұмыс істеуге дайындау;

в) оқушылардың жеке қабілеттері мен дербестіктерін дамыту;

с) оқушыларды адамдармен тіл табысуға тәрбиелеу.

12 Маған ұнамайтын ұжым:

а) қалыптасқан жүйесі демократиялық құрылымнан алшақ болатын;

в) көпшіліктің ішінде адам өзінің дербестігін жоғалтатын;

с) әркімнің өзінің бастамасын таныту мүмкін болмайтын ұжым.

13 Егер менің бос уақытым көп болса, мен уақытымды былай өткізер едім:

а) достарыммен бірге;

в) сүйікті істеріммен айналысып және өз білімімді жетілдіріп;

с) алаңсыз демалып.

14 Менің ойымша мен мына жағдайда ең жоғары жетістікке жетемін:

а) келбетті адамдармен жұмыс істегенде;

в) жұмысым өзімді қанағаттандырғанда;

с) менің еңбегім тиісті дәрежеде бағаланғанда.

15 Маған ұнайтыны:

а) достарыммен уақытты көңілді өткізу;

в) айналамдағылардың мені жоғары бағалағандары;

с) орындалған жұмысқа қанағаттану.

16 Егер мен туралы газетке жазса, онда менің қалайтыным:

а) менің орындаған ісімді атап өткендері;

в) мені жұмысым үшін мақтағандары;

с) менің кеңеске немесе комитетке сайланғаным туралы хабарлағандары.

17 Мен жақсырақ оқыр едім, егер оқытушы:

а) менімен жеке тіл табыса алса;

в) мені тартымдырақ жұмысқа итермелесе;

с) талқыланатын мәселелер бойынша пікірталасқа шақырса.

18 Ең жаманы:

а) адамның жеке басын қорлау;

в) маңызды тапсырманы орындаудағы сәтсіздік;

с) достарыңды жоғалту.

19 Менің жоғары бағалайтыным:

а) жеке табыс;

в) ортақ жұмыс;

с) іс жүзіндегі нәтиже.

20 Мынандай істер үшін қуанатын адамдар өте аз:

а) атқарылған жұмыс үшін шын ниетімен қуанатын;

в) ұжымда рахаттанып жұмыс істейтін;

с) жұмысты шын мәнінде жақсы атқаратын.

21 Менің төзбейтінім:

а) дау-дамай мен ерегес;

в) барлық жаңашылдықтан бас тарту;

с) өзін өзгелерден жоғары қоятын адамдар.

22 Менің қалайтыным:

а) айналамдағылардың мені өздеріне дос деп санағандары;

в) ортақ істе басқаларға көмектесу;

с) басқаларға таңдай қақтыру.

23 Маған басшылық ұнайды, егер олар:

а) талапшыл;

в) беделді;

с) қол жетерлік болса.

24 Менің жұмыста қалайтыным:

а) шешімнің ұжымды түрде қабылданғаны;

в) мәселені шешуде жеке жұмыс істеу;

с) бастықтың менің абыройымды мойындағаны.

25 Менің оқығым келетін кітап:

а) адамдармен тіл табысу өнері туралы;

в) белгілі адамның өмірі туралы;

с) «Өзің істеп ал» деген сияқты дүние.

26 Егер менің музыкалық қабілетім болса, мен:

а) дирижер;

в) жеке орындаушы;

с) композитор болар едім.

27 Бос уақытымды:

а) детективтік фильмдер көрумен;

в) достарыммен бірге;

с) өзімнің құштарлықтарыммен айналысумен өткіземін.

28 Бірдей қаржылық жетістіктерге қол жеткізуге болатын болса, мен:

а) қызықты сайыс ойлап табар едім;

в) сайыста жеңер едім;

с) сайыс ұйымдастырып, оны басқарар едім.

29 Мен үшін ең маңыздысы:

а) өзімнің не істегім келетінімді білу;

в) мақсатыма жетудің жолын білу;

с) өз мақсатыма жетуде басқаларды пайдаланудың жолын білу.

30 Адамның мінез-құлықы:

а) басқаларға ұнайтындай болуы тиіс;

в) өз міндетін алдымен орындайтын болуы қажет;

с) оны жұмысы үшін жазғырмайтындай болуы керек.

Нәтижелерді өңдеу. Егер кілтте көрсетілген әріп «Ең көбі» деген айдарға енгізілген болса, онда сынақтан өтушіге осы бағыттылық бойынша «+» деген белгі қойылады. Егер әріп «Ең азы» деген айдар бойынша болса, онда «-» белгісі қойылады. Осыдан соң барлық «+» белгілері саналады да, олар қортынды кестеге қандай кілттің қолданылғанына қарай тиісті Ө, Ә, немесе МШ бағандарына жазылады. «-» саны да осылай саналады. «+» саны «-» санымен қосылады (белгі есепке алынып). Алынған қортынды кестедегі «Жиынтық» бағанына жазылады. Алынған санға 30 қосылады (белгісі есепке алынып). Осы көрсеткіш берілген бағыттылықтың басымдылық деңгейін сипаттайды. Барлық үш бағыттылық бойынша балдардың жиынтық саны тура 90-ға тең болуы қажет.

Жауаптар парағы




№ п/п

Ең көбі

Ең азы

№ п/п

Ең көбі

Ең азы


№ п/п

Ең көбі

Ең азы

№ п/п

Ең көбі

Ең азы

1







9







16







24







2







10







17







25







3







11







18







26







4







12







19







27







5







13







20







28







6







14







21







29







7







15







22







30







8
















23















В.Смекала, М.Кучердің сауалнамасының кілті





Бағыттылық

өзіне (Ө)

әрекеттесуге (Ә)

Тапсырма, мәселе шешуге (МШ)

1 а

11 в

21 с

1 с

11 с

21 а

1 в

11 а

21 в

2 в

12 в

22 с

2 с

12 а

22 а

2 а

12 с

22 в

ф3 а

13 с

23 в

3 с

13 а

23 с

3 в

13 в

23 а

4 а

14 с

24 с

4 в

14 а

24 а

4 с

14 в

24 в

5 в

15 а

25 в

5 а

15 с

25 а

5 с

15 в

25 с

6 с

16 в

26 в

6 а

16 с

26 а

6 в

16 а

26 с

7 а

17 а

27 а

7 с

17 с

27 в

7 в

17 в

27 с

8 с

18 а

28 в

8 в

18 с

28 с

8 а

18 в

28 а

9 с

19 а

29 а

9 а

19 в

29 с

9 в

19 с

29 в

10 с

20 с

30 с

10 в

20 в

30 а

10 а

20 а

30 в

Қорытынды кесте







Ө

Ә

МШ

«+» саны










«-» саны










Жалпы саны










Жинағы











4Ерікті өзіндік реттеуді анықтау әдістемесі

(авторлары А.Г.Зверков, Е.В.Эйдман)

Бұл әдістеме ерікті реттеудің дамуының жеке деңгейінің жалпы бағалауына бағытталған. Ерікті реттеуді адамның түрлі жағдайларда өзін-өзі бақылап ұстауы - өзінің әрекетін, жағдайын, пиғылын саналы түрде басқару қабілеті деп түсінуге болады.

Ерікті түрде өзін-өзі бақылау сауалнамасы 30 пунктіден тұрады. Оның 24-і жұмыс және 6-сы бүркеме пункті. Баста ерікті түрде өзін-өзі бақылау сауалнамасы бір шамадағы нұсқада жасалған болатын, бірақ оның факторлық құрылымының эмпирикалық талдауы нәтижесінде екі тұрақты субшкала белгіленді.

Бірінші субшкала саналы түрде жұмылдыруға болатын әрекетті аяқтаудың энергетикалық әлеуетін сипаттайды. Екінші субшкала – эмоциялық реакциялар мен жағдайларды ерікті бақылау деңгейін көрсетеді. Субшкалалар тұлғаның еріктілік белгілерінің дәстүрлі терминдерінің ішінен «табандылық» және «сабырлылық» дегендерімен аталды.

Нұсқау: сауалнама сіздің өз әрекеттеріңізді, жағдайыңызды және пиғылыңызды саналы түрда басқару қабілетіңізді анықтауға мүмкіндік беретін 30 пікірден тұрады. Егер сіз онымен келіссеңіз, оның нөмірінің қарсысына «ия» деп жазыңыз, келіспесеңіз – «жоқ» деп жазыңыз. Басқа ештеңе жазудың қажеті жоқ. Жауабыңызға сенімсіз болсаңыз басқа таңдау жасауға болады.

Сауалнаманың мәтіні

1 Егер қандай да бір істі орындауда қиындықтар туындап жатса, менің көбіне ондай істі аяқтамай тастай салғым келді. (-В, -Н).

2 Мен өзімнің жоспарларым мен істерімнен тіпті достарымның көңілді ортасында уақыт өткізу үшін де бас тартпаймын. (+В, +Н).

3 Қажет болған жағдайда өзімді қысқан ашуды сыртқа білдірмей ұстау маған қиындық тудырмайды. (+В, +С).

4 Кездесуге келіскен уақыттан кешігіп жатқан досымды күткенде әдетте сабыр сақтаймын. (+В, +С).

5 Мен үшін басталған жұмыстан бас көтеру қиын. (+В, +Н, -С).

6 Мен тән ауыруына өте шыдамсызбын. (-В, -Н).

7 Менімен әңгімелесіп тұрған адамды, оған тез қарсылық білдіргім келіп тұрса да, соңына дейін бөлмей тыңдауға тырысамын. (+В, +С).

8 Мен қашанда өзімнің көзқарасымды қорғаймын.

9 Егер қажет болса мен түні бойы көз ілмей (мысалы, жұмыста, кезекшілікте), ал келесі күні тамаша күйде жүре аламын. (+В, +Н).

10 Менің жоспарларым сыртқы жағдайларға қарай өте жиі өзгереді. (-В, -Н).

11 Өзімді шыдамды адаммын деп санаймын. (+В, +Н).

12 Мен үшін толқытатын көріністерді салқын қандылық сақтап бақылау қиын.

13 Менің бірнеше рет болған сәтсіздіктерден соң жұмысты жалғастыруға өзімді мәжбүр ететін жағдайларым жиі болады. (-В, -Н, -С).

14 Егер маған біреу ұнамаса мен үшін өзімнің оған деген көзқарасымды жасыру қиын. (-В, -С).

15 Қажет болған жағдайда мен өз ісіммен қолайсыз, жайсыз жағдайларда да айналыса аламын.

16 Маған жұмыс істеуге оны белгілі бір уақытта бітіру қажет деген ой қатты бөгет жасайды. (-В, -Н, -С).

17 Өзімді батыл адаммын деп санаймын. (+В, +Н).

18 Мен басқаларға қарағанда дененің шаршауынан тез арыла аламын. (+В, +Н).

19 Баспалдақпен көтерілгенше жаңа ғана кетіп қалған лифтіні күткен дұрыс.

20 Менің жайдан-жай көңіл-күйімді бұзу оңай емес. (+В, +Н).

21 Кейде бір ұсақ-түйек ойымнан шықпай, мазамды алатыны болады. (-В, -С).

22 Маған басқаларға қарағанда жұмысқа немесе тапсырмаға көңіл аудару қиынырақ. (-В, -Н).

23 Мен үшін қайта сұрау ыңғайсыздық тудырмайды.

24 Мен бастаған істі үнемі соңына дейін жеткізуге тырысамын. (+В, +Н, +С).

25 Мені жұмысымнан алаңдату өте оңай. (-В, -Н).

26 Мен кейде өзімнің қалыптасқан жағдайға қарамастан мақсатыма жетуге тырысатынымды байқаймын.

27 Басқалар менің шыдамым мен қазымырлығыма кейде қызығады. (+В, +Н, +С).

28 Мен үшін стрестік жағдайларда сабырлылық сақтау қиын. (-В, -С).

29 Мен біркелкі жұмыс үстінде әрекет түрін, оның кейде жұмыс сапасына нұсқаны тисе де, еріксіз өзгерте бастайтынымды байқаймын. (-В, -С).

30 Кетіп бара жатқан лифтінің немесе көліктің есігі менің дәл алдымда жабылып қалса бұл менің жүйкеме қатты тиеді. (-В, -С).

Нәтижелерді өңдеу. Жиынтық балдарды санағанда тек кілтпен сәйкестік қана есепке алынады. Әрбір сәйкес келген жағдай жиынтық балға тағы бір балл қосып отырады. Кілтпен сәйкес келмейтін жағдайлар есепке алынбайды, жиынтық балл санына әсер етпейді. Осылай есептеудің нәтижесінде ерікті бақылаудың жиынтық балл саны 0-ден 24 балға дейінгі аралықта болады, «табандылық» субшкаласы бойынша - 0-ден 16 балға дейін, «сабырлылық» субшкаласы бойынша – 0-ден 13 балға дейін. Алынған балдар нормативтік көрсеткіштер шкаласының көмегімен қалыпты түрге ауыстырылады. Сауалнаманың кілті: «Е» - ерікті түрде өзін-өзі бақылаудың жалпы индексі, «Т» - табандылық, «С» - сабырлылық.


Ұлдарға арналған нормативтік көрсеткіштер шкаласы


Әдістеме

Нәтиже

Төменгі деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Е

0-9

10-20

21-24

Т

0-4

5-10

11-13

С

0-5

6-13

14-16

Қыздарға арналған нормативтік көрсеткіштер шкаласы




Әдістеме

Нәтиже

Төменгі деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

В

0-7

8-18

19-24

С

0-3

4-10

11-13

Н

0-4

5-13

14-16


5 Коммуникативтік бақылау деңгейін зерттеуге арналған әдістеме

( авторы М.Шнайдер)

М. Шнайдердің зерттеулеріне сәйкес коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары адамдар өздерін үнемі бақылап ұстайды, өзін қай жерде қалай ұстау керек екенін жақсы біледі. Өзінің эмоциясын тізгіндеп ұстайды. Сонымен бірге олар бірден өз ойын білдіруде елеулі қиыншылықтарды кездестіреді, кенеттен туындайтын жағдайларды жаратпайды.

Коммуникативтік бақылауы төмен адамдар бірбеткей және ашық адамдар, бірақ оларды айналасындағы адамдар тым турашыл және жабысқақ мінезді адамдар деп қабылауы мүмкін.

Инструкция: Внимательно прочитайте 10 высказываний, отражающих реакции на некоторые ситуации общения. Каждое из них оцените как верное (В) или неверное (Н) применительно к себе, поставив рядом с каждым пунктом соответствующую букву.

Нұсқау: Қарым-қатынастың кейбір жағдайларына көзқарасты танытатын 10 пікірді мұқият оқыңыз. Әрқайсын өзіңіздің жауабыңызға байланысты дұрыс (В) немесе дұрыс емес (Н) деп бағалап, әр пунктінің қарсысына тиісті әріпті қойыңыз.
Сауалнама


  1. Маған басқа адамдарға еліктеу қиын.

  2. Мен айналамдағылардың назарын аудару үшін ақымақ болып көріне алар едім.

  3. Менен жақсы актер шығар еді.

  4. Шын мәнінде олай болмаса да, басқа адамдарға менің уайымым тым қатты болып көрінеді.

  5. Адамдардың ортасында барлығының назарын менің өзіме аударуым өте сирек болады.

  6. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда көбіне жағдайға байланысты мен өзімді әртүрлі ұстаймын.

  7. Мен ойымның дұрыстығына сенімді болған жағдайда ғана пікірімді қорғаймын.

  8. Ісім алға басуы үшін және басқа адамдармен тіл табысу мақсатында көбіне мен басқалар мені қандай адам ретінде көргілері келсе, сондай боламын.

  9. Мен өзіме ұнамайтын адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола аламын.

  10. Мен сырт көзге бір түрлі болып көрінгеніммен, кейде шын мәнінде басқамын.

Нәтижелерді өңдеу және талдау: 1, 5, 7 сұрақтар бойынша «Н» жауабы үшін және қалған сұрақтардың «В» жауабы үшін 1 балдан беріледі. Жалпы балл саны есептеледі.

0-3 балл - коммуникативтік бақылауы төмен; қарым-қатынаста қызба, ашық, еркін, мінез-құлықы жағдайға қарай көп өзгермейді және ортадағы басқа адамдардың мінез-құлықтарына сәйкес келе бермейді.

4-6 баллов - коммуникативтік бақылауы орташа; қарым-қатынаста тура, басқалармен бүкпесіз шын көңілімен қарым-қатынас жасайды, бірақ эмоциясын тізгіндеп ұстайды, басқалардың мінез-құлықтарымен санасады.

7-10 баллов - коммуникативтік бақылауы жоғары; үнемі өзін бақылап ұстайды, эмоциясын білдіруде өзін-өзі ұстайды.



«Өзін-өзі бағалау» әдістемесі (авторы В.Р.Овчарова)
Нұсқау: тұлғаның ең бағалы қасиеттері туралы әркімнің өзінің белгілі бір түсінігі болады. Адамдар өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде осы қасиеттерді ұстанады. Сіз адамдардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз? Адамдардың бұл сұраққа берер жауаптары да алуан түрлі болады, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижелері де сәйкес келмейді. Сіздің бұл туралы түсінігіңіз қандай? Бұл сұраққа жауапты екі кезеңнен тұратын мына тапсырмалар бере алады.

1 кезең

  1. Қағаздың бетін төрт тең бөлікке бөліңіз. Оларды рим цифрларымен I, II, III, IV деп белгілеңіз.

  2. Адамдардың жағымды қасиеттерін сипаттайтын сөздердің төрт жиынтығы берілген. Сіз берілген сөздердің ішінен өзіңіз үшін ең бағалыларын, маңыздыларын, басқаларының ішінен ерекше бөліп алатындарыңызды белгілеуіңіз қажет. Бұлар қандай қасиеттер болады және қанша болады – оны әркім өзі шешеді.

  3. Қасиеттердің бірінші жиынтығының сөздерін мұқият оқыңыз. Сіз үшін ең бағалы қасиеттерді олардың сол жағындағы нөмірлерімен бірге бір бағанға көшіріп алыңыз. Енді қасиеттердің екінші жиынтығының сөздеріне кірісіңіз. Солай соңына дейін жұмыс істеңіз. Нәтижесінде сіз мінсіз қасиеттердің төрт жиынтығын алуыңыз қажет.

Психологиялық зерттеудің қатысушыларының бұл қасиеттерді бірдей түсінулеріне жағдай жасау мақсатында бұл қасиеттерді кеңірек түсіндіреміз:

І Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарда:

  1. Әдептілік — сыпайылық ережелерін сақтау, инабаттылық;

  2. Қамқоршылық — адамдардың амандығын ойлау немесе сол үшін әрекет жасау; қамқорлық жасау, күту;

  3. Шынайылық — шынайы сезімді білдіру, ашықтық;

  4. Ұжымшылдық — ортақ жұмысты, ортақ мүддені қолдай білу қабілеті;

  5. Қайырымдылық — біреудің ісіне қол ұшын беруге дайын болу;

  6. Жайдарылық — қонақжайлылықпен, қандай да бір қызмет көрсетуге дайын болумен бірлескен мейірімділік, ақжүректік қатынас;

  7. Тілектестік — адамдардың уайымдарына, қайғыларына ортақтасу;

  8. Өнегелілік — адамдардың ортасында өзін-өзі ұстай білуге негіз болатын сезім, адамдардың ар-намыстарына тимеу;

  9. Шыдамдылық — басқа біреудің пікіріне, мінезіне, әдеттеріне өшпенділіксіз қарай білу;

  10. Елгезектік — қайырымдылық, тілектестік, басқаларды жеңіл түсіне білу;

  11. Ақкөңілділік — адамдарға жақсылық тілеу, олардың амандықтарына қажет жағдай жасау;

  12. Жарқындық — іш тарта, жақын тарта білу;

  13. Тартымдылық — сүйсіндіре білу, өзіне тарта білу;

  14. Көпшілдік — басқалармен жеңіл тіл табысу;

  15. Міндеттілік — сөзінде тұру, міндетін орындау;

  16. Жауаптылық — өзінің ісі мен сөзі үшін жауап бере алу;

  17. Ашықтық — сырын жасырмау, адамдармен шынайы болу;

  18. Әділдік — адамдарды шындыққа сай бағалау;

  19. Сиысушылық — ортақ мүдде үшін өз мүмкіндіктерін басқалардың белсенділіктерімен біріктіру;

  20. Талапшылдық — қатаңдық, адамдардың өз міндеттерін, парыздарын орындауын күту.


ІІ Мінез-құлық, жүріс-тұрыс ерекшеліктері:

  1. Белсенділік — қоршаған ортаға, өзіне, ұжымның істеріне қызығушылық таныту, белсенді әрекеттер мен істер жасау.

  2. Тәккапарлық — өзін бағалай білу.

  3. Рақымшылдық — жұмсақ мінезділік, адамдарға жақын болу.

  4. Инабаттылық — адалдық, арамза, қоғамға қарсы қылықтар жасамау.

  5. Батылдық - қорықпай шешім қабылдап, оларды орындау.

  6. Табандылық — өзінің айтқанында тұра білу, қысымға шыдау, тұрақтылық.

  7. Сенімділік— істерінің дұрыстығына сену, жалтақтамау, сенімсіздік танытпау.

  8. Адалдық — турашылдық, қарым-қатынас пен істерде шынайылық таныту.

  9. Жігерлілік — істегі белсенділік, батылдық.

  10. Құлшыныс — күшті ынталану, шабыттану.

  11. Ұқыптылық — өз міндеттерін адал орындау.

  12. Белсенділік — әрекеттің жаңа түрлеріне ұмтылу.

  13. Зиялылық — жоғары мәдениеттілік, білімділік, эрудиция.

  14. Қайсарлылық — мақсатқа жетудегі табандылық.

  15. Шешімділік — тайсалмау, мінездің қаттылығы, ішкі сенімсіздіктерді жеңіп, шешім қабылдай білу.

  16. Ұстанымдылық — түрлі оқиғалар мен түсініктерге қатысты бірбеткейлік, бір көзқарасты, сенімді, қағидаларды ұстану.

  17. Өзіне-өзі сын көзбен қарау – өзінің мінез-құлқын бағалау, өзінің қателіктері мен кемшіліктерін жасыра білу.

  18. Тәуелсіздік — біреудің көмегінсіз, өз күшімен әрекет ету.

  19. Байсалдылық — сабырлы, салмақты мінез

  20. Мақсаттылық — алдына қойылған нақты мақсаттың болуы, соған жетуге тырысу.


ІІІ Іс-әрекеттік:

    1. Байыптылық — істің мәнін терең түсіну.

    2. Іскерлік — істі білу, пысықтық, пайымдылық.

    3. Шеберлік — қандай да бір салада өнердің болуы.

    4. Аңғарымпаздық — түсіне білу, ұғымталдық.

    5. Жылдамдық — амал-әрекеттегі шапшаңдық.

    6. Жинақылық — ықшамдылық.

    7. Нақтылық — үлгіге сай, тек дұрыс әрекет ету.

    8. Еңбекқорлық — еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмысқа құмарлық.

    9. Әуесқойлық — қандай да бір іске толығымен берілу.

    10. Ынталылық — көп уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін әрекетке зейін қою.

    11. Ұқыптылық — орындаушылық, барлық жағдайда тәртіпті сақтау.

    12. Тәртіптілік — қоғам алдындағы парызды түсіну, тәртіпке дағдылану.

    13. Орындаушылық — зер салу, тапсырманы жақсы орындау.

    14. Білуге құмарлық — ақылдың ұшқырлығы, білімге құштарлық.

    15. Тапқырлық — қиын жағдайлардан шығуда жол таба білу.

    16. Жүйелілік — әрекеттерді, тапсырмаларды қатаң тәртіппен, логикалық үйлесіммен орындау.

    17. Жұмысқа қабілеттілік — көп және жемісті жұмыс істеуге қабілеттілік.

    18. Егжей-тегжейлілік — ерекше мұқияттылық.


ІV Ойлау, уайымдау сезімдері.

  1. Сергектік — күшті, энергияны сезіну.

    1. Ержүректік — қорқыныштың болмауы, жүректілік.

  2. Көңілділік — уайым-қайғысыз, қамсыз жағдай.

  3. Шын көңілділік — шынайы ықылас, адамдарға ынталылық.

  4. Қайырымдылық — жақсылық жасауға дайын болу, жаны ашығандықтан кешіру, адамсүйгіштік.

  5. Нәзіктік — махаббатты сездіру, еркелету.

  6. Бостандықты сүю — еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылу.

    1. Ақжүректілік — қарым-қатынастағы шынайылық.

  7. Ынтықтық — құштарланған дүниеге толығымен берілу қабілеті.

  8. Ұялшақтық — ұялу сезімінің болуы.

  9. Толқу — уайымдау, көңілдегі алаңдаушылық.

  10. Шаттану — жан толқынысы, қуаныш, таңдану.

  11. Аяғыштық — есіркеуге, аяуға жақын болу.

  12. Өмірге құштарлық — үнемі қуаныш сезіну, жабырқаушылықтың болмауы.

  13. Сүйішпеншілік — көп адамдарды қатты жақсы көре білу.

  14. Оптимистік — дүниені жарқын сезіммен қабылдау, сәттілікке сену.

  15. Ұстамдылық — сезімдерін білдірмей ұстамды болу.

  16. Қанағатшылдық — арманының орындалғанынан ләззат алу.

  17. Салқынқандылық — сабыр сақтай білу.

  18. Сезімталдылық — тез әсерлену, сезіну, сыртқы құбылыстардың ықпалын жылдам сезіну.


2 кезең

Тұлғаның бірінші жиынтықтан жазып алынған қасиеттерін мұқият қараңыз да, олардың арасынан өзіңіздің бойыңызда болғанын шынайы қалайтындарыңызды тауып алыңыз. Олардың цифрларын дөңгелектеңіз. Енді екінші жиынтыққа, онан соң үшінші және төртінші жиынтықтарға көшіңіз.

Нәтижелерді өңдеу:

1 Өзіңіздің бойыңыздан қанша қасиет тапқаныңызды санаңыз. (Р).

2 Өз бойыңыздан тауып, көшіріп алған мінсіз қасиеттердің санын анықтаңыз да (И), сонан соң олардың пайыздық қатынасын шығарыңыз: өз бойыңызда бар қасиеттердің санын 100% -ға көбейтіп, шыққан санды мінсіз қасиеттердің санына бөліңіз.

3 Нәтижелерді бағалау шкаласымен салыстырыңыз:




жынысы

Өзін-өзі бағалау деңгейлері

Негізсіз төмен

Төмен

Орташадан төмен

Орташа

Орташадан жоғары

Жоғары

Негізсіз

жоғары


ер

0-10

11-34

35-45

46-54

55-63

64-66

67

әйел

0-15

16-37

38-46

47-56

57-65

66-68

69

Нәтижелерді түсіндіру: өзін-өзі бағалау оңтайлы, үйлесімді де, оңтайсыз, үйлесімсіз де болуы мүмкін. Оңтайлы, негізді өзін-өзі бағалау болған жағдайда субъект өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің арақатынасын дұрыс қоя біледі. Өзіне сын көзқарасымен қарайды, өзінің сәтсіздіктері мен жетістіктерін шынайы бағалауға тырысады, алдына іс жүзінде қол жеткізуге болатын мақсаттар қоюға ұмтылады. Қол жеткізген істерін бағалауда өзі ғана бағалап қана қоймайды, оған жолдастары, әріптестері және туған-туыстары қалай қарайтындарын алдын-ала білуге тырысады. Басқаша айтқанда, негізді түрде өзін-өзі бағалау үнемі шынайы шаманы іздестірудің нәтижесі болып табылады, яғни бұл тым асыра бағалаусыз, өзінің жалпы мінез-құлқына, қарым-қатынасына, әрекетіне, күйзелістеріне тым ққатты асыра сынамай қараудың нәтижесі деуге болады. Бұндай өзін-өзі бағалау нақты жағдайлар үшін өзін-өзі бағалаудың ең жақсы жолы болып табылады. Оңтайлы өзін-өзі бағалауға «жоғары деңгей» мен «орташадан жоғары» (адам өзін-өзі бағалайды, өзін сыйлайды, өз-өзіне риза) деңгейлер және «орташа деңгей» (адам өзін-өзі сыйлайды, бірақ өзінің әлсіз тұстарын біледі де, жетілуге, дамуға тырысады) жатады. Бірақ өзін-өзі бағалау оңтайлы болмай, тым жоғарылатылған немесе тым төмендетілген де болуы мүмкін.

Негізсіз өзін-өзі жоғары бағалаудың негізінде адамның бойында өзін-өзі дұрыс танымау, өз тұлғасын және мүмкіндіктерін мінсіз етіп көру, өзінің айналасындағылары мен ортақ істерге тигізер өзінің пайдасын асыра бағалау қасиеттері пайда болады. Бұндай жағдайларда адам өзін, өзінің істері мен қылықтарын қалыпты түрде жоғары бағалауын сақтап қалу үшін сәтсіздіктерге көңіл аудармайды. Өзін-өзі бұлай бағалауға бөгет болатындардың бәрін өзінен алшақтатады. Шынайы өмір бұрмаланып қабылданады, адам оны таза эмоционалдық түрде ғана қабылдайды. Бағалаудың пайдалы жағы толық түсіп қалады. Сондықтан дұрыс жасалған ескертулер мін іздеу мақсатында айтылғандай болып, ал жұмыстың нәтижелерін объективті бағалау – әділетсіз түрде төмендету ретінде қабылданады. Сәтсіздіктер жайсыз жағдайлардың нәтижесі немесе біреудің әдейі істеген ісі ретінде қабылданады.

Өзін-өзі негізсіз жоғары бағалайтын адам бұның бәрі өзінің қателерінің, жалқаулығының, білімсіздігі мен қабілетсіздігінің немесе өзін дұрыс ұстамауының нәтижесі екенін түсінгісі келмейді. Сайма-сайсыздық аффектісі сияқты ауыр эмоционалдық жағдай қалыптасады. Оның басты себебі - өз тұлғасын жоғары бағалау стереотипінің тұрақты қалыптасуы болып табылады. Ал егер өзін-өзі жоғары бағалау иілімді болып, нақты қалыптасқан жағдаймен сәйкес өзгеріп – сәттіліктер кезінде артып, сәтсіздіктер кезінде төмендесе, бұл тұлғаның дамуына әсер етуі мүмкін. Себебі тұлғаға алдына қойған мақсатына жету үшін күш салып, өзінің қабілеттері мен ырықын дамытуы қажет болады.

Кейде өзін-өзі бағалау тұлғаның шынайы мүмкіндіктерінен төмен болуы мүмкін. Әдетте бұл өзіне деген сенімсіздікті, жасқаншақтықты, батылдықтың болмауын, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмау сияқты жағдайларды тудырады. Бұндай адамдар алдарына жетуі қиын мақсаттарды қоймайды, қалыпты мәселелерді шешумен ғана шектеледі, өз-өздерін тым қатты сынайды.

Өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалау өзін-өзі басқару үдерісін бұзады, өзін-өзі бақылауды бұрмалайды. Әсіресе бұл басқалармен қарым-қатынаста байқалады, өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалалайтын тұлғалар түрлі жанжалдардың себебі болады. Өзін-өзі жоғары бағалаған жағдайда жанжал басқа адамдарды менсінбеуден, адамды сыйламаудан, оларға қатысты негізсіз және тым дөрекі сөздер айтудан, өзгенің пікірін тыңдамаудан, тәккапарлық пен менменсуден туындайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар басқаларды өзінің тәккапарлығы мен өз пайымдауларына шүбә келтірмеулерімен қаншалықты кемітіп тұрғанын түсінбейді.

Өзін-өзі төмен бағалаған жағдайда жанжал ол адамдардың тым сыншылдығы негізінде туындауы мүмкін. Олар өздеріне қатаң талап қояды, басқаларға онан да қатты талап қойғыш болады, бір де бір қателікті кешірмейді, басқалардың кемшіліктерін үнемі атап көрсетіп отыруға бейім. Бұл басқаларға жақсылық ойлаудан туындайтын болса да, көптеген адамдардың біреудің үнемі ескерту айтып отырғанына шыдамайтындықтарынан барып жанжал туындайды. Сенің бойыңнан үнемі жамандықты ғана көріп, оны астын сызып айта бергенде, ол адамға қатысты жағымсыз сезімдердің туындайтыны сөзсіз.

Жоғарыда сайма-сайсыздық аффектісі туралы сөз болды. Бұндай психикалық жағдай өзін-өзі жоғары бағалайтын тұлғалардың шынайы жағдайлардан өздерін бөліп, үйреншікті бағалауларын сақтауға ұмтылуларынан болады. Өкінішке орай бұл басқа адамдармен қарым-қатынасты бұзуға әсерін тигізеді. Уайым, реніш және әділетсіздіктер өзін-өзі запа шеккен адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл адамның өзінің көз алдында өзін жоғарылатып, өзін-өзі ақтап алуына ықпал етеді. Өзін-өзі жоғары бағалаудың қажеттілігі қанағаттандырылып, оны өзгертудің қажеттілігі, яғни өзін-өзі басқарумен айналысудың қажеттілігі болмай қалады. Бұл өзін-өзі ұстаудың ең керемет үлгісі емес. Бұндай ұстанымның әлсіздігі бірден немесе біраз уақыт өткен соң көрінеді. Бұл тұлға туралы, оның қабілеттері мен мүмкіндіктері, оның қоғамдағы орны туралы басқа пікірдегі адамдармен арада жанжал туындайды. Сайма-сайсыздық аффектісі — бұл психологиялық қорғаныс, ол уақытша шара. Себебі басты мәселені шешпейді. Ол адамдар арасындағы қалыптасатын жағымсыз қарым-қатынастардың себебі болып табылатын өзін-өзі оңтайсыз бағалаудың түбірімен өзгеруіне әсер ете алмайды. Психологиялық қорғаныс қарапайым мәселелерді шешудің құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, бірақ өмір бойғыға есептелген басты, стратегиялық мақсатқа жетуге жарамайды.

Өзін-өзі бағалау айналадағы адамдардың бағалауының әсерімен қалыптасатындықтан және ал адам бойында әдбен қалыптасқан соң өзгеруі қиын болатындықтан, оны айналадағы адамдардың (құрдастарының, жұмыстағы әріптестерінің, оқытушыларының, туысқандарының) қарым-қатынасын өзгертіп барып өзгертуге болады. Сондықтан тұлғаның өзін-өзі оңтайлы бағалауының қалыптасуы алдымен айналасындағы осы адамдардың оны әділ бағалауларына байланысты болады. Әсіресе өзін-өзі негізсіз төмен бағалайтын адамға өзін-өзі бағалауын жоғары көтеріп, өз-өзіне деген сенімін қалыптастырып, оның өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сенуіне жағдай жасау қажет.

ҚОСЫМША

1- қосымша


БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ


1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады
Кіріспе

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып,


Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында1 және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде2 жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып,
отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің,

әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып,


баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып,
бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып,
баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда)2, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта)2, сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып,
Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді»4 деп көрсетілгенін назарға ала отырып,
балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне5, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері»6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның7 ережелеріне сілтеме жасай отырып,
дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып,
баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып,
әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
І БӨЛІМ
1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.


2-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.


2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
3-бап

  1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.




  1. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.

Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.


4-бап

Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.


5-бап

Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.


6-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.




  1. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.


7-бап

  1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.




  1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.


8-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.

  2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді.


9-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.




  1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.




  1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды.




  1. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.


10-бап

  1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.




  1. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2-тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады.


11-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.

  2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.


12-бап

1.Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.
2.Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген

сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.


13-бап

  1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.




  1. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:

а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе

ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы мүмкін.



14-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.




  1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.

3. Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.


15-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.




  1. Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп (ordre publiс) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір шектеулер қолданылмайды.


16-бап

  1. Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.

Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.
17-бап

Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер:



а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және
мәдени тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар
мен материалдарды таратуын көтермелейді;

ә) әр түрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді;



б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды
көтермелейді;

в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық
тобына немесе жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік
қажеттіліктеріне ерекше назар аударуын көтермелейді;

г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл-
ауқатына залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан
оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді.
18-бап

1.Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады.




  1. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді.

Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
19-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.




  1. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды.


20-бап

  1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы.




  1. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.




  1. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс.


21-бап

Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді және олар:

а)бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі
келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді;

ә) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде қабылдауға болады деп таниды;



б)өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді;

в)бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылады;

г)қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқа елге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
22-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.




  1. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі.


23-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді.




  1. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық, медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.




  1. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық және функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.


24-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде:

а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;

ә) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;



б)дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану
жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ас суымен қамтамасыз ету;

в)бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың
денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету;

г)қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналар мен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және
келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

д)профилактикалық медициналық көмек және отбасы
мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен
қызмет көрсетулерді дамыту.


  1. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді.


25-бап

Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты мойындайды.


26-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.




  1. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.


27-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.




  1. Баланы тәрбиелеуші ата-ана(лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.




  1. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.

Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.

28-бап

1.Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап,
бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп
қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:

а)тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;

ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;



б)әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;

в)білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;

г)оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап
кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.


  1. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін қолданады.

Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.
29-бап

1.Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:



а)жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және
ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;

ә) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;



б)ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және

құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;

в)баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында
дайындауға;

г)қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен
келіседі.
2.Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан
белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.
30-бап

Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.


31-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.


32-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара:

а)жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін;

ә)жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды;



б)осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады.

33-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.


34-бап

Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:

а)баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге
немесе мәжбүр етуге;

ә)бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;



б)бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда
қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
35-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.



36-бап

Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.


37-бап

Қатысушы мемлекеттер:

а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай

адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;

ә) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді;

б)бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан


талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер
деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын қамтамасыз етеді;

в)бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс


жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді;
38-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.




  1. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.




  1. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер олардын ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады.

Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудін барлық қажетті шараларын қабылдайды.
39-бап

Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.



40-бап

  1. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілігі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды.




  1. Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара:

а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді;

ә) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді:

i) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы;

ii) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы;

iii) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, егер бұл баланың жағдайы мен жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім қабылдауы;

iv) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен жеке өзі немесе басқа адамдардын көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар берген жауаптарды зерделеуі;

v) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта қарауы;

vi) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы;

vii) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының өміріне құрметпен қарау.
3.Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе

қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде:

а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас мөлшері белгіленуі;

ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы.


4.Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз ету – әр түрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді.
41-бап

Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:

а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесе

ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының құрамында бола алады.


ІІ БӨЛІМ
42-бап

Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.


43-бап

  1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды орындайды.




  1. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.




  1. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.




  1. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.




  1. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат, Комитет құрамына сайланған болып табылады.




  1. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.




  1. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немсе әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны тағайындайды.




  1. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.




  1. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге сайлайды.




  1. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта қаралады.




  1. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.




  1. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.


44-бап

  1. 1.Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың
    бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке:

а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы;

ә) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді.




  1. Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс.




  1. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1“ә” тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.

4.Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады.




  1. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.




  1. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.


45-бап

Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу мақсатында:

а)мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары - өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның
ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан
жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда
Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;

ә) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы


мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.

б)Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.

в)Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда
қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.
ІІІ БӨЛІМ
46-бап

Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.


47-бап

Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.


48-бап

Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.


49-бап

  1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

  2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.


50-бап

1.Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын
білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының
аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.
2.Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.
51-бап

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.

  2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.

  3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.



52-бап

Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.


53-бап

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитарийі болып тағайындалады.


54-бап

Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.

2 қосымша



Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж.

МАЗМҰНЫ
      Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     


 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) баланың) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 

      2 заңды өкiлдерi - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;

      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала; 
      4) жетiм бала - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала; 
      5) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

      6) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны; 

      7) қамқоршылық - он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны; 

      8) патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны; 


      9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi - өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi; 
      10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар; 

      11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар - мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер; 

      12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

    

  2-бап. Осы Заңның қолданылуы



      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 

      2. Осы Заңның бала құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн нормаларының күшi кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiн толық көлемiнде алған балаларға қолданылмайды. (РҚАО-ның ескертуi: қараңызҚР АК (17-баптың 2-тармағы). 

    

  3-бап. Қазақстан Республикасының баланың


             құқықтары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

   


   4-бап. Балалардың тең құқықтылығы

      1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiлiне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкiлдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 

      2. Некеден және некесiз туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.

     


 5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.

      2. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және олар қолданылмауға тиiс.

 

2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ

    

  6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары



      1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;

      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру; 

      3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
      4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу; 

      5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады. 


      2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және: 

  1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 

      2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға; 
      3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға; 

      4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

      5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген. 

     


 7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi             өкiлеттiктерi

      1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне: 

      1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау; 
      2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн, оның денсаулығы мен имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң басым бағыттарын таңдау; 

      3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау; 

      4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу; 

      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;

      6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
      7) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар шеңберiн айқындау жатады.
      2. <*>

      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:


      1) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттiк, жергiлiктi бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

      3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

      4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жатады.      

      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).


 3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

    


  8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

      1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.


      2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

      3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

      1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
      2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;

      3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;

      4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;

      5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;

      6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
      7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегi тағам өнiмдерiнiң өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi. 

      4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепiлдiк бередi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз ). 

      5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және қалыпты өсiп-жетiлуiне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады. 

      


9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы

      Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы, ал Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. Z980321 56, 86-баптар (4-тармақ), 98-бап (3-тармақ); Z914800 (24, 26, 27, 28-баптар). 

      

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

      1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар. 

      2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады. 

      


11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

      1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар. 

      2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылық iстерiне қатысатын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi. 

     


 12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

      1. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар. 

      2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтiк және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi. 

      13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

      1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (5-бөлiм). 
      2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкiлдерi арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  22-25-баптар)

      Ата-аналар немесе заңды өкiлдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы. 


      3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар. 
      Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы. 

      Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады. 

      

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

      1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

      2. Жетiм баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемелердегi баланың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (9-10-тараулар). 

      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа үй-жай берiлмейiнше олар тұрып жатқан тұрғын үйден шығаруға болмайды. 

      

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

      1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн орта бiлiм, бастапқы кәсiби бiлiм және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 

      2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе бастапқы кәсiби бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн. 
      3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi. 

      4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ). 

     

 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы



      1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. 

      2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. 

      3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және еңбек қатынастарының басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi. 

      4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. 

      Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен. 

     

 17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы



      1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектiң мөлшерi және оны көрсетудiң шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 

      2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады. 


      3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi. 

      


18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу

      1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады. 

      2. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мыналарды: 

      1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн жалпы орта және бастапқы кәсiптiк бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн орта және жоғары кәсiптiк бiлiм берудi; 

      2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi; 

      3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнiң қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiлдi қамтамасыз етудi; 

      4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөнiндегi шараларды; 
      5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi; 

      6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды; 

      7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды. 

      3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады. 

      4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгiн мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар. 

      


19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға  құқығы

      1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. 

      2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi. 

      3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады. 

      4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.

     


 20-бап. Баланың мiндеттерi

      Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

 

4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

      


21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы

      Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

     

 22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары



      Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында , осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие.

    


  23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк
              қолдау

      Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.

    

  24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi



      1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi мен қаржы мүмкiндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
      2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      


25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы

      1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкiлдерiмен бiрге тұруға құқығы бар. 


      2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкiлдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды. 

      3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi. 

      

26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы

      1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар. 

      2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi. 
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

    


  27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (4-бөлiм); Р991346_ ). 

      2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi. 

      3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады. 


      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгiленуi мүмкiн. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (16-тарау);  ). 

      5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген баланың аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi бар болса, олардың бiрге тұруы үшiн жағдай жасалады. 

      

28-бап. Бала асырап алу

      Отбасында өсiрiп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкiн. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (12-тарау). 


29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкiндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс. 

      2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның жеке шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi. 
      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтiп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар. 
      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылықта болады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (131, 132, 137-баптар);  (111-бап). 
      5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (9-10-тараулар). 

      


30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар

      1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтiп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады. 

      Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар қабылданады. 
      Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады. 

      Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. 

      Жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрiсi төмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтiп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштерi жоқ балалар қабылданады. Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, бiлiм беруге және күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз етедi. 

      Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтiп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.

      Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының тәртiбi отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ; Р011613_ ). 
      Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде балалар үйлерi мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi түлектерi, он алты жастан бастап балалар ауылы мен балалар үйлерiнен көшiрiлген тәрбиеленушiлер Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтуi мүмкiн. 

      Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi балалар олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қабылданады. 


      2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ;  ). 
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      


31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары

      1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар. 


      2. Мүгедек бала өзiнiң дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы. 
      3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы. 

      


32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. 

      2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн. 

      


33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек

      1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады. 

      2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  ). 

      3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкiлдердiң мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар. 


7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

      


34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу

      1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды. 

      2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. 

      3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады. 

      

35-бап. Бала және дiн

      1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.

      2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi. 

      


36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау

      1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.

      2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды. 

      3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс. 

      

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

      1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкiлдерi, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. 

      2. Балаға алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 
      3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады. 

      4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 

      5. Балалар мекемелерiнде, бiлiм беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустегi аумақта алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады. 

      


38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

      1. Бала есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де жолдармен таратудан қорғауға тиiс. 


      2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  (132-бап). 

      


39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары

      1. Балаларға арнап нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады. 

      


40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау

      Баланы жезөкшелiкпен айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзгеде нәрселердi таратқандарға, жарнамалағандарға немесе сатқандарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауаптылық белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  132-бап). 

      

41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу

      Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген   құрамаларын құруға тыйым салынады. 


8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

      


42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

      Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдiстерiне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудiң, ұрлап әкетудiң, олармен сауда жасаудың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын елiне қайтару жөнiнде шаралар қолданады. 

     

 43-бап. Баланың заңды өкiлдерi



      1. Баланың заңды өкiлдерi барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлiгi негiзiнде балаларға өкiлдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкiлдерi қорғайды. 

      3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкiлдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 

      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкiлдiк ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi. 

      

44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау

      Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. 

      

45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот тәртiбi

      Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуiне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi iс-шараларды және (немесе) ол қатысатын iс-шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

      

46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама

      Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми басылымда жарияланады.

     

 47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау



      1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.

      2. Баланың тұрып жатқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкiлдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.


9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      


48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi

      1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс. 

      


49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудiң ерекшелiктерi

      Ата-анасы және басқа да заңды өкiлдерi ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс. 

 

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      


50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. 

      2. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегi) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады. 

      Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады. 

      3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.

      4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды.

     

 51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi



      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:

      1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;

      2) баланың негiзгi құқықтарын iске асыру жөнiндегi әртүрлi бағдарламалар әзiрлейдi;


      3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
      4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.

     


 52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi бақылау объектiсi болып табылады.

      3. Бақылау тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) түрiнде жүзеге асырылады.


      4. Жоспарлы тексерулер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiтетiн кестелерге сәйкес жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қаупiн дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiне дереу назар аударуды талап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.

      Тексерудi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауға тиiс.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

     

 53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру



      Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

      


Қазақстан Республикасының      Президентi

3 қосымша

АҚЫЛ ОЙ
1. Ұстаз туралы
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев


Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин


Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

Ұстаз – ұлы есім.

М.Әуезов


Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев


Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой


Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

Бауыржан Момышұлы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

Ғафу Қайырбеков
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский


Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ж.Ж.Руссо


Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский


Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский


Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз

Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Спандияр Көбеев

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін

Серке Қожамқұлов
Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Жүсіп Баласағұни


Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин


Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғабит Мүсірепов


Халыкқа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес, мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұгалім ұмытпауға тиісті.

М.Аринори.


Парыз туралы
Мен кейбір жазушылардың адамның хайуаннан басты айырмашылығы оның бойында адамгершілік сезімі мен ар-ұжданының болуында деген пікірлеріне толық қосыламын... Бұның құдіреті қысқа да болса мәнді «парыз» деген сөздің аясына сыйып-ақ тұр. Ия, адамның кейде көзді ашып- жұмғанша, еш ойланбастан, ал кейде көп ойланып-толғанып барып, әділдік пен парыз сияқты адамға тән сезімдерді терең түсінуінің арқасында қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде өзінің, жақын-жуықтарының өмірін құрбандыққа шалуға дайын болуының, өз өмірін қандай-да бір ұлы істер үшін қиюының астарында адамға ғана тән қасиеттер жатқаны сөзсіз.

Ч. Дарвин

Парыз! Сен асқақ та ұлы сөзсің! Сенің бойыңда адамдардың көңілінен шығарлық ешбір дүние әрине жоқ... бейімділіктердің қайсы болса да өзіңе жасырынып тұрып қарсылық танытады, сөйте тұрып дәл алдыңа келгенде өзіңе ғана бас иеді. Өзіңе тең келер бастауың қайда сенің.... Адамды өзінің алдында шын мәнінде асқақтатар сол ғана...

И. Кант


Адам үшін жүзеге асыруы ең күрделі де қиын іс – парызын өтеу. Себебі ол бізге жақсы істерді бастауымызға түрткі, бастамаларымызға қолдау болатын қолпаштау әкелмесе де, біз оны орындау туралы шешім қабылдауға тиіспіз.

Ж. Лабрюйер


Парыз шыншылдықпен тығыз байланыста. Парызға сенімді адам ең алдымен өзінің сөзі мен ісіне адал адам ретінде танылады. Ондай адамның сөзі мен ісінде шынайылық болады.

Н.В. Шелгунов

Еркіндік өзін өзі сыйлайтын, яғни өзінің азаматтық парызын сыйлайтын адамдар арасында орнағанда ғана пайдалы болмақ.

Ф.М. Достоевский


Парыз сезімі адам бойында рухани күштің қалыптасуына әсер етеді. Іштей қандай да бір үлкен істі тындыруға қабілетті екеніңді сезіну дегеніміз өзіңнің оны іске асыруға міндетті екеніңді түсіну. Міндет - көрінгісі келетін өмірдің берген берекеті.

Ж. Гюйо
«Өзінің мойынындағы парызын ауыр жүк ретінде алып жүріп, оны тек міндет болғандықтан орындайтын адамдардан да бұрын, парыз талаптарын өзінің ішкі құндылықтарымен астастыра алатын, парызын жанын салып, шын көңілімен орындайтын адамдарды шынайы адамгершілігі мол адамдар деп санау қажет.

Н.А. Добролюбов
Мен қаншалықты парызымды зердеме жете сезіне, ұғына алсам, ол соншалықты мені қинамайтын және орындалуы менен құрбандық тілемейтін шындық болғаны.

А.И. Герцен

Өз ойын өзінің парызы заңдылығына сыйдыратын адам адамгершілігі бар адам. Өз парызын орындауға тырысатын адам адам сүйгіш, яғни барлық адамзатқа жақсылық істеуді ойлайтын адам. Өз парызын орындаудағы өзінің әлсіздіктері үшін қызара алатын адам бойында парызды орындауға қажет күш-қуаты бар адам.

Қытай мақалы


Адам табиғат заңдылықтарымен күресуге мәжбүр. Оның адамгершілік парызы – өзінің әрекеті мен ақыл-парасатының арқасында еркіндік алу.

Г. Гегель
Мен өмірімде ізгілік істерді соншалықты шынайы істейтін адамдарды кездестірдім. Олар парыздарын ешбір қиналмай орындайды; олар өз бойларындағы осы бір сирек кездесетін қасиеттерін мақтан етпейді де, тіпті бұны өздері толық түсінбейтін де сияқты көрінеді. Маған өз парыздарын орындағандары туралы әңгімелерін өздерінің шыншылдықтарына өздері таң қалғандай қылып айтатындардан гөрі тап осындай адамдар көбірек ұнайды.

Ш. Монтескье



Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.

2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.

3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.

4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.

5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.

6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.

7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.

8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.

9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001

10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.

11 Медицинская энциклопедия// А.Ф.Билибина, А.А. Грандо және т.б. ред. бойынша – М., 1984.

12 М.А.Гулина Психологическая деонтология. – СПб., 2008.

13 Л.М. Анисимова Социальная деонтология. – Ижевск, 2005.

14 Н.М. Блохин Юридическая деонтология как наука и учебная дисциплина. – Ульяновск, 2004.

15 Жарықбаев Қ., Табылдыев Ә. Әдеп және жантану, Алматы, Қазақстан, 1994.

16 И.П. Фарман Теория познания и философия культуры. – М.: Наука, 1986.

17 Я.Х.Закин, Н.Р. Рашидов Основы научного исследования. – Ташкент: Укитувчи, 1981.

18 А.Х. Маслоу Самоактуализация: ағылшын тілінен аударма. – Мәтіндер. – М., 1982.

19 А.Н. Джуринский История педагогики. – М.: Владос, 2000.

20 Философский словарь// И.Т.Фролов, Г.Н. Кузьменконың ред. бойынша – М.: Советская энциклопедия, 1983.

21 Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998

22 Философия /Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Авторлар коллективі. Редакциясын басқарған Кішібеков Д., Алматы, Рауан, 1991

23 А.С. Кобликов Основы юридической деонтологии. – СПб., 2008.

24 Н.И. Запорожец Книга для чтения по истории средних веков. – М., 1986.

25 П. Монро История педагогики. – М., 1961

26 Ф.Хофман Мудрость воспитания. Педология. Педагогика. – М., 1979.

27 Г.Е. Жураковский Очерки по истории античной педагогики. – М., 1963.

28 Платон. Сочинения: В 3-х т. – М., 1968. – Т.1.

29 С.М. Каиров История развития системы образования Китая// Образование за рубежом. – 2006. – № 2. – С. 19-28.

30 Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. А.-А., 1973.

31 Е.Н. Медынский Братские школы Украины и Белоруссии в XVI-XVII вв. – М, 1984.

32 М.Монтень Опыты. – Л., 1960. – Кн. 3.

33 История педагогики// М.Ф. Шабаеваның ред.бойынша– М., 1981.

34 Дж.Локк Мысли о воспитании и воспитании разума. – М., 1973.

35 И.Г. Песталоцци Избранные педагогические произведения. – М., 1965.

36 А.Дистервег Избранные педагогические произведения. – М., 1975.

37 К.Д. Ушинский Собрание сочинений. – М., 1984.

38 И.М. Козленко Хрестоматия по истории педагогики. – М., 1961.

39 ТәжібаевТ. Баланың психикасының дамуы туралы. //Халық мұғалiмi, 1948, №3

40 Ы.Алтынсарин Мұсылманшалықтың тұтқасы. – Алматы: Қазақстан, 1991.

41 Абай. Қара сөз. Поэмалар, Алма-Ата, ЕЛ, 1992, 62б

42 Ә. Сәтбаев Оқытушы деген кім? // Таң, 1925. - №1.

43 Б.П. Зязин Профессиональное самовоспитание педагога. – А.-А., 1988.

44 А.С. Макаренко Сочинения: В 5 т. – М., 1951. – Т.5.

45 В.А. Сухомлинский Избранные произведения: В 5 т. – Киев, 1979. – Т.2.

46 Н.Н.Никитина, Н.В. Кислинская Введение в педагогическую деятельность: теория и практика. – М.: Академия, 2004.

47 К.М. Левитан Основы педагогической деонтологии. - Екатеринбург, 2002.

48 Жутикова Н.В., Учителю о практике психологической помощи. Книга для учителя. М.,1988. С.74

49 Современный энциклопедический словарь// Т.Т. Ильинаның ред.бойынша- Р/на-Дону, 1997.

50 Большой психологический словарь// Мещерякова Б., Зинченко В. Редакциясы бойынша – М., 2006.

51 Н.В. Жутикова Учителю о практике психологической помощи: Кн. для учителя. – М., 1988.

52 А.Ташимова Недетские проблемы//Версия. – от 16.03.2009 г. – С.7.

53 О реализации программы «Дети Казахстана» на 2007-2011 гг. – Астана, 2008.

54 Н.В.Жутикова Непростительные ошибки учителей и родителей. – М., 2004.

55 А.Чистяков Воспитание гражданина методом доносов// Аргументы и факты, 2006.

56 Н.П. Кирсанов Этика и деонтология в медицине и образовании//Московский комсомолец. – от 27.12.2007 г. – С.20-21.

57 Г.М. Кертаева О психологическом комфорте на уроке. - Алматы, 1998.

58 И.В. Дубровина Формирование личности школьника. – М., 1987.

59 К.М. Кертаева «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп. – Павлодар, 2005.

60 Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития, Москва, Интерпракс, 1995

61 Словарь по социальной педагогике// Авт. – құраст Л.В.Мардахаев– М.: Академия, 2002.

62 Д.Н. Узнадзе Психологические исследования. – М., 1986.

63 Л.А.Кандыбович, М.И. Дьяченко Психология высшей школы. – Мн., 1981.

64 Н.Д. Хмель Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы, 1998.

65 Л.В.Занин, Н.П. Меньшиков Основы педагогического мастерства. – Р/на-Дону, 2003.

66 В.А. Сластенин Формирование социально-активной личности учителя// Советская педагогика. – 1981.- бет 78-85.

67 А.С. Магауова Актуальные проблемы профессионально-мобильной подготовки личности специалиста: материалы международной научно-практической конференции – Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2004.

68 А.Г. Асмолов Психология личности. – М.: Сфера, 2007.

69 Atrinson J., Raynor J. Personality, motivation and achievement. – London, 1978.

70 Х. Хекхаузен Мотивация и деятельность: Пер. с нем.: В 2 т. – М., 1986.

71 Т.В. Кудрявцев Психология творчества - М., 1975.

72 В.Б. Бондаревский Воспитание интереса. – М.: Просвещение, 1961.

73 Л.С. Выготский Собрание сочинений. – М., 1982.

74 А.Н. Леонтьев Деятельность, сознание, личность. – М., 1977.

75 С.Л. Рубинштейн Основы общей психологии. – СПб., 2000.

75 Словарь-справочник по педагогике// Авт. – құраст. Мижериков В.А.; П.И.Пидкасистыйдың ортақ ред.бойынша – М., 2004.

76 В.Д. Шадриков Проблема системогенеза профессиональной деятельности. – М., 1982.

77 И.Ф. Исаев Аксиологический и культурологический подходы к исследованию проблем педагогического образования в научной школе В.А.Сластенина// Известия Российской академии образования. – 2000. – № 3. –23-34 бет.

78 Педагогика/ В.А. Сластениннің ред.бойынша– М., 2007.

79 Н.А. Назарбаев К экономике знаний через инновации и образование: послание Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана. – Астана, 2006.

80 М.И. Кондаков Логический словарь-справочник. – М.: Наука, 1976.

81 Shaping our Own Future in the European Higher Education Area// Convention of European Higher Education Institutions. – Salamanca, 2001. – 29-30 march.

82 Кубесов А. Педагогическое наследие Аль-Фараби, Алма-Ата, Мектеп, 1989

83 А.Д. Александров Проблемы науки и позиция ученого: статьи и выступления – Л., 1988.

84 Б.И. Додонов Эмоция как ценность.– М., 1978.

85 А.Г.Зверков, Е.В. Эйдман Волевая саморегуляция. – М., 2004.

86 Общая и профессиональная педагогика// В.Д. Симоненконың ред.бойынша– М., 2005.

87 Толковый словарь русского языка/ С.И.Ожегов, Н.Ю. Шведованың ред.бойынша– М., 1999.

88 Ш.Т. Таубаева Исследовательская культура учителя: от теории к практике.– Алматы, 2001.

89 В.Г. Асеев Мотивация поведения и формирование личности. – М., 2001.

90 И.В. Имедадзе Проблема полимотивации поведения// Вопросы психологии. – 1984. – № 6. – 29-37 бет.

91 В.Я. Виленский Ценностные ориентации студентов педагогических специальностей. – М., 2005.

92 И.С. Кон Открытие «Я». – М., 1984.

93 П.М. Ершов, П.В. Симонов Воспитание воли. – А.-А., 1984.

94 В.А. Ойгензихт Воля и волеизъявление. – Душанбе, 1993.

95 О.А.Абдуллина, Н.Н. Загрязкина Педагогическая практика студентов: Учебное пособие для студентов пед. ин-тов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М., 1989.

96 Н.В. Кузьмина Методы исследования педагогической деятельности. – Л., 1970.107 Н.Д. Хмель Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы, 1998.

97 Н.Ф.Талызина, П.Я.Гальперин, Д.Б. Эльконин Управление процессом усвоения знаний. – М., 1985.

98 Ю.Азаров Радость учить и учиться. – М., 1989.

99 Л.Т. Охитина Психологические основы урока. – М., 1977.

100 М.А.Робер, Ф.Тильман Психология индивида и группы. – М., 1986.

101 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.

102 С.С. Зорин Проект кодекса чести (этического кодекса поведения) учителя. // Начальная школа, 2005. - №8 С.48-52

103 Словарь иностранных слов, 18-е изд., стер., Москва, С.48, Рус.яз., 1989

104 Құдайбердиев Ш. Шығармалары, Алматы, Жазушы, 1988, 206 б

105 Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы, Алматы, Білім, 1994,147 б

106 Абайдың дүниетанымы мен философиясы. Жауапты редактор Ә.Нысанбаев, Алматы, Ғылым, 1995, 114 б

107 Көбеев С. Кейбір педагогикалық мәселелер туралы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960, 145с

108 Маслоу А.Г, Новые рубежи человеческой природы. /Пер. с англ., Москва, Смысл, 1999, С.12

109Фридман Л.М. Психопедагогика общего образования /Пособие для учителей и студентов, Москва, Институт практической психологии, 1997, 288


110Құдайқұлов М. Қабілеттілік, дағды, шеберлік, Алматы, 1986, С.17-25

111 Теплов Б.М. Способности и одаренность //Психология индивидуальных различий, Москва, 1982

112 Богданов В.А. Системологическое моделирование личности в социальной психологии, Ленинград, 1987

113 Кузьмина Н.В.Формирование педагогических способностей, Ленинград, 1961, С. 10-12

114Богоявленский Д.Н., Менчинская Н.А. Психология усвоения знаний, Москва, АПН РСФСР, 1957, 211с

115 Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества, Москва, Центр «Педагогический поиск», 2000, 144с

116 Якунин В.А. Педагогическая психология, Москва, 1998, С.550 с

117Кубесов А. Педагогическое наследие Аль-Фараби, Алма-Ата, Мектеп, 1989,C.36

118Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии, Москва, Педагогика, 1989. С.45

119 Маркова А.К. и др. Формирование мотивации учения: книга для учителя, Москва, Просвещение, 1990, 132с

120 Құдайқұлов М.Ә. Жаңаша ойлай білсең ғана – ұстазсың. //“Егемен Қазақстан” газеті, 02.07.02

121Вульфов Б.З., Поташник М.М. Педагогическая ситуация. - М.: 1983.- 207 с

122Цырлина Т.В. На пути к совершенству. Антология интересных школ и педагогических находок ХХ века, Москва, Просвещение, 1997, С.50-56

123 Кан-Калик В.А. Тренинг профессионально-педагогического общения /Методические рекомендации, Москва, Центр по проблемам общения, 1990, 32с

124Словарь иностранных слов, 18-е изд., стер., Москва, С.48, Рус.яз., 1989, 624 с

125Философиялық сөздік. /Құр. Нұрғалиев Р.Н., Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б

126 Дулатов М. Шығармалары, Алматы, Жазушы, 1991, 89 б

127 Конвенция о признании квалификаций, относящихся к высшему образованию в Европейском регионе (Лиссабон, 1997 г.) (из интернета)



128 Закон Республики Казахстан «Об образовании»/Законодательство об образовании в РК. – Алматы: Юрист, 2003. – 177с.


1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет