Кешегі кеніш көркем әдебиетте Қазыналы қарашаңырақ



Дата01.01.2020
өлшемі31,5 Kb.
#55380

Кешегі кеніш көркем әдебиетте

Қазыналы қарашаңырақ

Қазыналы Қарағанды өңірінің арғы-бергі тарихынан хабары бар адам осы өңірдің революцияға дейінгі тұрмысы ғылыми зерттеулерде емес, көркем әдебиетте мейлінше көп айтылып, терең сипатталатындығын аңғарар еді. Оның да өзіндік себебі бар деп топшылауға болады. Себебі Қарағанды кеніші ашылып, жер асты мол қазба байлықтары игеріле бастағанға дейін бұл өңір көшпелі қазақтың мекен еткен шұрайлы жері болды. Сарыарқа даласын кезінде басып өткен орыс және шетелдік саяхатшылардың еңбектерінде өте сирек кездесетін деректер болмаса климаты тым континенттік және қуаң келетін өңірді түбегейлі зерттеген кұнды құжаттардың болмағаны анық. Осы олқылықтың орнын қазак жазушы қауымы толтырды десе де болады.

Жалпы қазақ әдебиетінің мол казынасының ішінде Карағанды өңірінің социалистік кезеңге дейінгі және одан кейінгі жылдары аса бір ыждаһаттылықпен, кең панорамада, эпикалық тұрғыда көркем тілмен өрнектелді. Осы орайда қазақ әдебиетінің тарландары қос Ғабеңнің еңбектері ұшан-теңіз. Халық жазушысы, қоғам қайраткері академик, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің өте бай шығармашылық еңбегінің бір шоғыры Қарағандының өткен өміріне қатысты.

Жазушыны 1953 жылы жарық көрген «Оянған өлке» романын қалың оқырман жылы қарсы алды. Ол қазыналы Қарағанды өңірі туралы эпикалық шығарманың бірінші кітабы болатын. Араға 31 жыл салып оның жалғасы саналатын «Жат колында» романы 1984 жылы жарық көрді. Автор осы екі кітабыңда да революцияға дейінгі Қарағанды өңіріндегі халықтың тұрмыс-салтын, еңбегін, ел билеген жуандардың әрекеттері мен елім, жерім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген ұлтжанды азаматтардың арман-мақсаттарын казақ жұмысшы табының калыптасуын көркем тілмен, нанымды бейнелейді. Жазушының бұл шығармасының кейіпкерлері ойдан шығарылғандар емес, шын мәнісінде осы аймақта өмір сүріп, оның алдағы тағдырына азды-көпті өзіндік ықпалын тигізген жандар болды.

XIX ғасырдың екінші жартысы Қарағанды өңірінің ғаламдық өркениетпен тоғысу шағы болды. Сары даланың төсіндегі казынаның хабары сымсыз телефон арқылы орыстарға жетіп, одан әрі Европаны жайлап кетті. Жол қашықтығына қарамастан Сарыарқа төсіне оқымыстылар, орыс және шетел инженерлері бірен-саран болса да келе бастады. Бұл жағдай жер қайыстырған малға ие болып отырған Арканың бай-манаптарын да шапшаң ширатты. Олардың дүниеге деген көзқарасы өзгерді. Ендігі жерде қазақ байлары да нарық заңын ұғына бастайды. Мәселен, Ғабит Мүсірепов соңғы романында Қызылжардан оралған Игілікбайдың жай-күйін былайша баяндайды:«...Енді есептеп қараса мұның байлығы Ушаковтың сарапқа түскен жарнасына әрең жетеді екен. Бес мың жылқы жиырма бес сомнан жүз жиырма бес мың болады да тұрады. Оның ар жағында жалғыз тайың қалмайды. Ушаковтың бір Қарағандыдағы жарнасы жүз жиырма бес мыңға сатылды ғой! Ушаков тағы да он-он бес жерде жарнасыбар адам Игілік бес мың жылқыны байлык санап отыра беріпті. Мұнысы бір жұттық емес пе!» («Жат қолында», А., 1984, 7 бет).

Жұмыр жердің қай пұшпағын мекен етпесін әр адам әлемдік дамудан, ондағы болып жатқан сан қилы оқиғадан бейтарап қала алмайды. Өмірде біреуді біреу есіркеу, елеу деген жоқ. Кім ақылды, кім іскер, кім қалталы, кім күшті —билік соның қолында. Саналы адамның осыны ұққаны ләзім. Міне, «Жат қолында» романында пәуескеге мінген үш адамды Қарағанды—Акбұйрат бағытына _бастап келе жаткан Кенжеғара Балғарин қонақгармен таныса келе бұл үш адамның бірі француз президентінің баласы Клод Эрнст Карно мырзаның инженер, екіншісінің белгілі Рязанов мырзаның өкілі адвокат Людвиг Федорович фон-Штейн, үшінші жолаушының орыс инженері Николай Павлович Касаткин екенін біліп, өзінің небәрі семинарист екендігіне қомсынады. Әңгімелерін тындай келсе Клод Эрнст Карно мырза Америка, Африка, Арабияны көп аралаған адам екен. Міне, темір жолдан, теңіз жолынан мыңдаған шақырым қашықтағы Қарағанды өңіріне оларды әкелген де байлыкқа деген қызығушылық еді.

Ғабең өз шығармаларында қазақгың қарабайыр тұрмысы мен балаң ойының тың үрдіске ұмтылуына сырттан келушілердің қаншалықгы ыкпалы болғандығын да шынайы баяндайды. Қарағанды кеніші осы өңірді мекен етушілердің дүниеге деген көзін ашты.

Қарағандының революцияға дейінгі өмірі дегенде жерлесіміз, халық жазушысы, қоғам қайраткері, _ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғабиден Мұстафин есімін ілтипатпен еске аламыз. Оның «Қарағанды»(1952), (Дауылдан кейін» (1960) романдары мен «Көз көрген» (1963) өмірбаяндық романында кенді өңірдің кешегісі мейлінше толық баяндалады. Ғабиден Мұстафин осы өңірдің тумасы, ол Қарағанды кенішін, Спасск мыс қорыту заводын қолдан тұрғызған еңбек адамдарының ортасында өмір сүрді, олардың қуанышы мен күйінішінің куәсі болды. Өзі де солармен бірге тыныстап, аймактағы өзгерістерді бірге түйсінді. Сондыктан да Ғабиден Мұстафин Қарағандының өткен күндері, ондағы шахтерлердің өмірі, қазақ ауылындағы социалистік өзгерістер, Спасск мыс корыту заводы, Нілді кәсіпорындарындағы ауыр енбек туралы еркін көсіліп, аса зор шабытпен жазады. Көз алдымызға Қарағандының кешегісін елестетеді. Өзінің «Көз көргенінде» жазғандағыдай ол барлық оқиғаның бел ортасында жүреді. Ғабиденнің кейіпкерлері де біздің өмірде болған накты адамдар, автор олардың шахтадағы ауыр жұмысын, мыс қорыту заводындағы бейнетін ғана бейнелеп қоймай осы карапайым еңбек адамдарының болашаққа деген сенімін де нақты жеткізеді.

Жоғарыда айтқандай, Қарағандынын XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың басындағы өмірі туралы тарихи терең зерттеу жоқ десек те, қазак әдебиетінің екі алыбы— қос Ғабең сол олқылықтың орнын өздерінің эпикалық шығармалары арқылы толтырып тұр. Қарағанды өңірі туралы әңгіме қозгаған қай адам болмасын осы екі жазушының бай еңбектерін айналып кете алмайды. Біз өз жерлесіміз Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуын бүрнағы жылы салтанатпен атап өтгік. Жазушыны есте сактау жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асты. Қарағандының бір көшесіне Ғабиден Мұстафин есімі беріліп, оның төріне жазушының мүсіні орнатылды.

Ал Ғабит Мүсіреповтің алдында карағандылықтар әлі күнге дейін ұятты. Әрине, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушыны құрметтен кенде дей алмаймыз. Ол туған Солтүстік Казақстан облысында жазушы атымен бір аудан аталады. Оның есімімен аталатын басқа да театр, мектептер, кала көшелері аз емес, солай десек те шығармашылык. өмірінің кырық жылға жуық уақытын Карағанды тақырыбына арнап, әлемнің санхалықтарының тілдеріне аударылған екі бірдей романды жазған жазушыға Қарағандыдағы бір көшені қимауымызды қалай түсінуге болады. Каланың 70 жылдығы қарсаңында есте болар жай ретінде осыны тағы бір құлаққағыс етуді жөн санаймыз.


Аман ЖАНҒОЖИН,

Ермағамбет ЛҰҚПАН.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет